ВасилийАлексеевич Илькоға алғыс айтты, жолда ешқандай уақиға болған жоқ па, деп сұрастырды. Илько алғашқыда қысылып, абыржып қалды. Осы кезде есік ашып, Григорий Васильевич кіріп келді.
Жігіт екен, сіздің балаңыз өжет, пысық бала боп шықты, бәрін ойдағыдай тындырып келді,— деп Цлько үшін Василий Алексеевич жауап қайырды.
Парторгтың мақтағанына Ильконың мерейі өсіп, көңлі көтеріліп қалгандай болды.
Менің жұмысым жаман емес қой... Мақтағаны- ңызға рақмет... Мен жолда бір жайсыз жайды көр- дім,— деді Илько алқына сөйлеп.
Ол Мартыновкадағы бақта Роман Гердюктің жа- сырын, бейсауат жұргенін және оның баласы мен өзі- нің әңгімесін бастан-аяқ баяндап берді.
Ие, бұл онша ұнамды хабар емес екен,— деді Василий Алексеевич қабағын түйіп.— Сақтығың үшін саған алғыс айтамын. Сен жақсы барлаушы, кейін тәуір тергеуші болады екенсің.
Ие, бұл едәуір үлкен жаңалық,— деп күрсінді Григорий Васильевич.— Жарайды, балам, үйге бар, дем ал, Гердюк туралы тіс жарып ешкімге ештеңе деу- ші болма. Мамаңнан басқа тірі жанға ләм деме. Түсі- нікті ме?
Григорий Васильевич есіктен сыртқа беттеген ба- ласына сүйсіне қарады.
Әке, бәрін де ұқтым. Бала да болсам, аңғарам ғой,— деді де Илько шығып кетті.
Бұл оңбаған, жебір тышқандар індерінен шыға бастаған екен,— деді Василий Алексеевич Буряк, қа- бағын түйген қатулы түрде,— бұларды жау келмей тұ- рып, ертерек тұншықтырып тастаған жөн болар. Өйт- песек, олар ертең біздің жалпы ісімізге кеселін тигі- зеді, жеңіске ұмтылған талабымызға бөгет болады.
Ия, жау қайдан келсе, онан келсін, жаудың аты жау, сондықтан жау атаулының қайсысына болса да, рақым болмау керек. Фашистік айуан сияқты ішкі дұшпан да бізге қауіпті.
^Жиырма адамды қару-жарақпен жабдықтап, Васи- лий Алексеевичтің бастауымен екі күн ұдайы олар Мартыновканың ой-шұқырын, барлық қуысын, бау- бақтарын сүзіп шықты. Бірақ бұл іздеудің нәтижесі болмады. Роман Гердюк те, оны жасырушылар да та- былмады.
Осы уақиғадан соң біраз күндер өтті, қаніпезер қор- қаулардың фашистік тобырлары Малый Букринге де баса көкгеп енді. Бұл зұлымдармен бірге әлгі азгын Роман Гердюк те селоға келді. Ол селолық етароста боп тағайындалды — селоны билеп, төстеді, кінәсіз жай халықтың басына әңгір таяқ ойнатып, ойына кел- ген арамдықтарын жасады. Григорий Васильевич Витряктің үйінің құлыбын бұзып, староста оған неміс комендатурасын орналас- тырды, ал өзі селолық советтің үйін алды. Гитлердің сұргылт шинель киген сұр шегірткелері деревняға қа- ра құрттай жабылып кетті. Олар бейбіт халыққа зор- лық-зомбылық көрсетіп, талауға кірісті, маскүнемдік- ке салынды, халыққа жәбір-жапа көрсете бастады. Ертеңінде-ақ басқыншылар «жаңа тәртіп» орнатуға белсене кірісті. Селоның тап ортасына, мектеп қасын- дағы алаңға дар агашын орнатты. Үшінші күні таңер- теңгі онда олар селоның барлық халқын зорлап осын- да айдап өкелді. Міне, осы халықтың көзінше Малый Букриннің ең таңдаулы он екі адамын ешбір жазық- сыз дарга асты. Бет-ауыздарының мылжа-мылжалары шыққан, өн- бойларын қан басқан оларды дар қасына сүйреп әкел- ді. Олар соққыдан аяқтарын тәлтіректеп баса алмайды. Барлығын бір арқанга көгендепті. ¥рып, соққанга, қорлық-жәбірлеушілікке қарамастан олар еңселерін жоғары көтеріп, тайсалмай жүріп келеді, коммунистік қажырлылық, табандылық өмірінің ақтық минуттері- не дейін олардың рухын төмен түсіртпеді. Олар халық- ты көргенде бұрынгыдан да жігерленіп, ақыргы күш- терін жинап, еңсесін көтере жогары қарады.