«Ұлы соғыс. Ұлы ерлік. Ұлы Жеңіс» ғылыми-тәжірибелік конференциясы



Дата25.02.2016
өлшемі14.22 Kb.
#20857
«Ұлы соғыс. Ұлы ерлік. Ұлы Жеңіс» ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2015 ж. 5 мамырында ҚР Президенті Мұрағатының Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының қызметкері Әбдуәли Раушан Жеңістің 70 жылдығына орай Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастырылуымен өткен «Ұлы соғыс. Ұлы ерлік. Ұлы Жеңіс» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, т. ғ. д., профессор Х. М. Әбжанов, Ұлы Отан соғысының ардагері, Институтта 1956 ж. мен 1990 ж. аралығында жұмыс істеген тарихшы, т. ғ. к. Н. Е. Едігенов кіріспе сөз сөйледі. Іс-шараға Н. Е. Едігеновтың «Участие казахстанцев в партизанском движении в Белоруссии в годы Великой Отчественной войны» монографиясын қайта басып шығаруды туралады. Ол әскери уақыт тарихы бойынша көптеген зерттеулердің авторы болып табылады.
Институттың бас ғылым қызметкері, ҚР Президенті Мұрағатының Ғылыми кеңесінің мүшесі, т. ғ. к. Қ. С. Алдажұманов «Интеллектуальный вклад Казахстана в Великую Победу» баяндамасын ұсынды. ҚР Орталық Мемлекеттік Ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының өкілдері Мұрағат директоры Г. С. Сәрсенова мен мұрағатшы, т. ғ. д. Е. М. Грибанованың бірлесіп дайындаған «Трудности быта 1941–1945 гг. в официальных документах медицинских научно-исследовательских институтов Казахстана» баяндамасын оқыды және т. б.
Институт қызметкерлері «Қазақстан Кеңес Одағының 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде» жобасы шеңберінде қазақстандықтардың ҰОС қосқан үлесі мәселелеріне қатысты мұрағаттық және ауызша материалдар жинақтау мақсатында ұйымдастырылған Қазақстан облыстары бойынша экспедиция барысында жинақталған материалдарымен бөлісті.
Конференцияның соңында Әбдуәли Раушан мақсаты – кеңестік әскери тұтқындар ауқымды мәселесіне қатысты зерттеулерді ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін көпфункционалды мәліметтер жүйесін құру болып табылатын ҚР Президенті Мұрағатының «Екінші дүниежүзілік соғысының қазақстандық әскери тұтқындары: әдебиеттер, деректер және ақпараттық базасы» іздену-зерттеу жобасы туралы айтты.

СМОТРИТЕ ТАКЖЕ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет