Лицензиялау және сертификаттау 050901 «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану»



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ
050901 «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының тәлімгерлеріне тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

Павлодар


УДК 656.13.09 (07)

ББК 39.33. я 7

Л 62

Баспаға С. Торайғыров атындағы ПМУ металлургия, машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік кеңесімен ұсынылды



Пікір сарапшы: техника ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қ. Қарақаев

Құрастырушы: Т.Қ. Құмаров
Л 62 Лицензиялау және сертификаттау негіздері. Тәжірибелік

жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар

/ құрастырушы Т.Қ. Құмаров. – Павлодар : Кереку, 2008. – 40 б.
Әдістемелік нұсқаулықта тәжірибелік жұмыстарын орындауға ұсыныстар беріліп, жұмыстардың мақсаты көрсетіліп, бақылау тапсырмалары келтірілген.

Әдістемелік нұсқаулық 050901 «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес әзірленді.

УДК 656.13.09 (07)

ББК 39.33 я 7


© Құмаров Т.Қ., 2008

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2008

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Қозғалтқыштар және жол қозғалысын ұйымдастыру кафедрасы

ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ
050901 «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының тәлімгерлеріне тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

Павлодар


Кереку

2008



Кіріспе
Курстың нағыз мақсаты болашақ инженерлерді автокөлік құралдарын және бөлік қорын (запчасть) саймандарын сертификациялық сынаудан өткізу және ұйымдастырумен байланысты негізгі әдістері мен қиыншылықтарымен танысу, бұл инженерге өз жұмыс орынында конструктивті және ұйымдастыру шараларын өткізуге рұқсат етеді, нәтижесінде көлік дамуына мүмкіншілік береді және жоғары қауіпсіздік көзі ретінде көлікті пайдалану зардабын төмендетеді.

Пәннің мақсат талаптары маманның квалификациялық мінездемесі білім мен шеберлікке, оның іскерлігін жұмысына сай болуын анықтайды және ведомствалық басқару құжаттарымен таныстыру.

Пән оқу барысының нәтижесінде студент білуі керек:

- өнімді сертификациялау жүйесіндегі негізгі принциптерін;

- халықаралық және ұлттық сертификация жүйелерін;

- автомобильдерді активтік, пассивтік, оқиғадан кейін және экологиялық қауіпсіздіке сертификациялық сынаулары;

- механикалық көлік құралдарын және тіркемелердің сертификация жүйелерін;

- сертификация бойынша мүшелердің және сынау зертханалардың құрылуы;

- сертификация бойынша жұмыс өткізу тәртібі;

- өндеуден бастап техникалық құралдарға еңгізуге дейін инспекциялық бақылау және жол қозғалыс жүйесін басқару;

Студент істей алуы керек:

- көлік құралдарының конструкциясын, механикалық көлік құралдарын және олардың түйіндерін, агрегаттарын активтік пассивтік, экологиялық оқиғадан кейін және от қауіпсіздік позициясынан сұрыптау.

- мәліметтермен қолдану, берілген сәйкестік таңба сертификат лайықтығына;

- автомобиль конструктивтік қауіпсіздік элементтерінің эффектісін бағалау.

- көлік құралдардың әр түрлі көлік және метеорологиялық жол жағдайларына байланысты комплекстік қауіпсіздік шараларын өндеу.

Жұмысты бастар алдында студенттер өздік шартында керекті теориялық курс бөлімдерін оқып шығуы керек, техника қауіпсіздігін және жұмыс орнында еңбекті қорғау ережелерін сақтау.


Тәжірибелік жұмыс 1 ИЖ-2715 автомобильді жолаушы жүк автомобиліне қайта жабдықтау

Жұмыс мақсаты: негізгі басқаратын және нормативті құжаттармен танысу, ИЖ-2715 автомобильді жолаушы жүк автомобильге қайта жабдықтау тәртібін және жүйелілігін анықтау.



Қысқаша теориялық мәлімет
Автомобиль-фургон ИЖ-2715 Ижевск машина жасау зауытында шығарылады 1972 жылдан бастап "Москвич-412ИЭ" базасында ИЖ-2715 автомобиль кузовы (шанағы) тұтасметалды, үстіңгі бөлігі алынбалы, артқы екі ашпалы есіктермен жабдықталған.

Аз тонналық жүк автомобильдердің өлшеуіш параметрлері

Сурет 1 – ИЖ-2715 автомобилі
Жүккөтергіштік, кг 2 кісі, ж/е 350 кг

Өзінің массасы, кг 1100

Алдыңғы өске 580

Артқы өске 520

Толық массасы, кг 1590

Алдыңғы өске 630

Артқы өске 960

Максималды жылдамдық, км/с 115

Тежеу жолы 80 км/с жылдамдықпен 43,2

Д - габариттік ұзындығы, мм 4100

Ш - габариттік ені, мм 600

В - габариттік биіктігі, мм 1760

Б - база, мм 2400

К - Алдыңғы доңғалақ колеясы, мм 1247

К - артқы доңғалақ колеясы, мм 1237

С - Алдыңғы свес, мм 675

Дк- (шанақтың) кузовтың, ішкі ұзындығы, мм 1650

Шк-(шанақтың) кузовтың ішкі ені, мм 1440

Вк- (шанақтың) кузовтың ішкі биіктігі, мм 1170

Вп- автомобиль еден кузовының биіктігі, мм 530

Шд- есіктің ені, мм 1040
Жол қозғалыс тәртібі бойынша «Егер көлік құралдарын қайта жабдықтауы шығарылса (қозғалтқыштарды ауыстыру, кузовтерді, отын бактерін т.с.с.) қолданылған нормалардың және тәртіптің бұзылуы немесе жол қозғалыс ұйымдастыру полициясының рұқсатын алмай және шығаратын кәсіпорынның немесе басқа уәкілдігі бар кәсіпорынның келісімін алмаса көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады».

Көлік құралдардың техникалық жағдайын бақылау оларды пайдалану кезінде МВД РК бұйрығы бойынша 5 сәуір 1993 жылы N-134 «Бекіту туралы тұрғындардын техникалық бақылау мемлекеттік автомобиль инспекциясынан және ереже өткізу мемлекеттік техникалық қарау механикалық көлік құралдарды және тіркемелер» жүктеледі БЖП БІІ.

Айтылған бұйрық бойынша БЖП БІІ бөлімі бақылау жүргізеді:

- мотокөлік құралдар конструкциясын, шығару және қайта жабдықтау өндеуі жобалау құжатынсыз жүзеге асады.

Бұйрық бойынша «Жол полиция қызметінің жұмыскерлері бақылау жүргізгенде берілген ретімен қабылдау тиісті, жол жүру қауіпсіздігіне байланысты стандартқа сай емес көлік құралдарға және қосымша құралдарға пайдалануға рұқсатын бермеу».

Шығарылған немесе қайта жабдықталған көлік құралдар және қосымша құралдар, стандарт шарттарын бұзса, жоба құжатынсыз (жеңіл қайта жабдықтау болмаса) жол полициясымен келіспесе пайдалануға берілмейді.

Қайта жабдықтау бойынша жұмыс тәртібі бойынша анықталады «Көлік құралдар конструкциясын бақылау тәртібі, қайсыларының шығарылуы немесе қайта жабдықтауы жоба құжатынсыз іске асады».

МВД РК бұйрығы бойынша 5 сәуір 1993 жылы N-134 «Бекіту туралы тұрғындардың техникалық бақылау мемлекеттік автомобиль инспекциясынан және ереже өткізу мемлекеттік техникалық қарау, механикалық көлік құралдарды және тіркемелер» N 3 қосымшасында айтылған:

Фургон кузовты (шанақты) автомобильдерге жабдықтармен немесе жүктермен бірге адамдарды тасыйтын болса келесі қауіпсіздік шарттар қолданылады:

- әр адамға отыру орны қараластыруы керек, отыру орындар жол жүру бағытымен орналасуы керек;

- фургон ішіндегі жабдықтар үшкір, жарақатты бұрыштары болмауы керек;

- фургон ішіндегі жүк адамдарға жылжып кетуінен қорғаныс құралдар қарастыруы қажет;

- фургон есігі ішінен және сыртынан ашылуы керек;

- фургон желдетілуі керек, жарықтандыру және жүргізуші кабинамен байланысы болу керек. Фургон сонымен қатар автономды автомобиль типті жылытқышы болу керек;

- шанақ (кузов) биіктігі адамдарды тек қана отырып тасымалдау мүмкіндігін беру керек.

Отыру орындары жол жүру бағытымен орналастыруы тиіс:



  • кіру есігі фургонның артында орналасуы керек, сыртқа ашылып, автомобиль типті құлыппен, поручень және сатымен жабдықталуы керек;

  • фургон шет жақтарында оқиғалы есіктерді 600х800 мм терезе типті, ішінен және сыртынан ашылғандай, желдеткіші, отсөндіргіші және дәрігерлік аптечкасы болуы қажет.

Фургон кузовты автомобильдің сыртқы жарықтық құралдары болуы тиіс, үстінгі габариттік шамдар алдында ақ түсті, ал артында қызыл түсті.

Кузовтың артқы шет жағында жылдамдықтың шегі 60 км/с түсті белгі орналасады.

Автомобильдерді басқа модельдерге және модификацияларға қайта жабдықтағанда ақырғылары зауыт аналогтарына (ұқсас) сәйкес болуы керек.

Бұйрық бойынша «Қайта жабдықталатын, көлік құралдардың бақылауын жүргізгенде, жол қозғалыс қауіпсіздік шаралары бойынша конструкциясы тексеріледі, берілген талапқа сай көлік құралдары пайдалануға жіберіледі».

ЕЭК ООН N 1 ережесі (ГОСТ 8769-75) «Құралдар автомобильдердің сыртқы шамдары автобустардың,
Сурет 2 – Автобус ПАЗ – 672


троллейбустардың, тракторлардың, тіркемелердің және жарты тіркемелердің негізгі стандартта сыртқы жарықтық құралдарға

таралады. Көлік құралдарына тіркемелердің және жарты тіркемелердің қайсылардың максималды жылдамдығы 25 км/с асады,

жолаушыны немесе жүктерді ортақ жол бойымен тасуға қарастырылған, әр механикалық көлік құралда алдында және артында 2 габариттік шам болу керек, көлік құралда шамның орналасуы 1 суретке сәйкес болу керек. Алдыңғы және артынғы үстінгі габариттік шамдары тігінен немесе көлденең бұрыш жазықтығында көрінуі керек 2 суретте көрсетілген.

ЕЭК ООН N 17 ережесі (МЕСТ 28262-89, МЕСТ 24309-90) «Біркелкі жазылуы, көлік құралдардың бекітілуі, отыру орнының мықтылығы және олардың бекітілуі, оларға бекітілетін басжастықшалары орындықтарға қойылуы мүмкін, негізгі ереже М1 категория көлік құралдарына таралу шарты ретінде отыру орнының мықтылығы, басжастықшасы немесе басжастық орналасқан, бұл орындарды бекіту құралдардың мықтылығы.

Бүктелмелі және бүйір жағына қойылған немесе көліктің артына қарап қойылған орындықтарға ереже қолданылмайды.

ЕЭК ООН N 36 (МЕСТ 27815-88) «Автобустар, конструкциясының қауіпсіздігіне ортақ техникалық міндеттер». Жолаушылар бөліміндегі терезе шынылары көріністі жақсы көрсетуі керек. Шынылар сынғанда жарақаттанатын бөлшектері болмауы керек.

Отыру орнының каркастарын кузовқа (шанаққа) бекіту, оларды жөнге салу жүйесі және фиксациясы горизонтальды ұзақ ауырлықты ұстау керек, хабарласатын отыру орындардың моменті 5292 Нм әр жолаушы орнына және аудару бағытына бағытталған. Орындар тағы да қысқа мерзімді өз массаның 20 – ретті ауырлықты ұстау керек. Автомобильдің жолаушылар бөлімінде отыру орнынын спинкасында тұтқалар болу керек.

Автомобильде қосымша есіктер ретінде терезелер және люктер қолдануы мүмкін, арнайы қосымша есік ретінде қолдануға болады. Терезе немесе люк проемі, арнайы қосымша шығу ретінде қарастырылған, өлшемі 600х800 мм кем болмау керек. Қосымша шығу есік ретінде терезе шынылары арнайы құрылғымен жеңіл алынуы тиіс.

Жарықтандыру, желдету және жылу жүйесі МЕСТ 27815-88 сәйкес болу керек.

ЕЭК ООН N 43 (МЕСТ 5727-88) ережесі «Жер көлігіне қауіпсіз шыны». Бұйым берілген стандартқа және техникалық шартына берілген бұйымға сәйкес шығарылуы керек, конструкторлық және технологиялық құжатымен, шарт бойынша бекітілген.

Жер көлігінің желдеткіш терезелері, техникалық есеппен, үш қабатты шыныны пленкада (қалындығы 0,75 мм) дайындалған. Жалпақ бұйымның жазықтықтан және майыстырылған бұйымның берілген пішімнен ауытқуы, техникалық шарттарда немесе нақты бұйым сызбасында көрсетілуі керек. Ашық шеттерде сколдар сынықшалар болмау керек. Өлшемдер және ашық және қозғалмалы жабық шеттер саны, берілген бұйым бойынша техникалық шарттарға сай болу керек.

Көліктердің және трамвайлардың желдеткіш терезелері жарық өткізгіштігі 75 % кем болмау керек, басқа шынылар 70 % кем емес. желдеткіш терезелері жылу тартымы ақ түсті, сары, қызыл, жасыл және көгілдір түстерді көруін бүлдірмеуі керек.

МЕСТ 255478-91 “Автокөлік құралдар. Жол қауіпсіздік қозғалысы бойынша техникалық жағдай талаптары. Тексеру әдістері”. Автокөлік құралдардың тежеуіш жүйесінің нәтижелілігін қондырғы немесе жол сынаулары бойынша тексереді. Сынауларды толық масса немесе масса жабдықтау күйінде жүргізушімен бірге өткізеді. Қондырғы сынауларын инерционды немесе күш тәрізді қондырғыда өткізеді.

Қондырғы сынауларын әдіс бойынша өткізеді, 4-ші міндетті қосымшасында айтылған, ГОСТ 25478-91 көрсетілген.

Жол сынауларын тура, тегіс, жазық, құрғақ жолда цементті немесе асфальтбетонды жабынында өткізеді, үстінде сусымалы денелер немесе май болмау керек. Автокөлік құралының серпімді қаптамалары сынауда өткенде таза, құрғақ болуы керек.

Сынауды аспап көмегімен өткізеді, қайсының талабы 5-ші міндетті қосымшасында көрсетілген, әдіс бойынша, 6-ші ұсынылған қосымшасында айтылған, үстінде көрсетілген МЕСТ 25478-91.

Сынауды өткізгенде екі өлшеуден кем емес анықталған параметрлерін есептейді.

Қондырғыда және жол сынауын, қозғалтқыш трансмиссиядан (күштік берілістен) ажыратылған кезде өткізеді (тек қана қосымша тежеу жүйесі болмаса).

Тежеу жүйесінің жұмысының нәтижелілігі жол сынауларын өткізгенде тежеу жолы немесе қойылған баяулау және қосылу уақыты көрсетеді.

Автокөлік құралдары сынауды өткен деп саналады, егер жұмыс тежеу жүйесі нәтижелілері 1-ші кестеге сәйкес болса.

Кесте 1 – Тежеу жүйесінің нәтижелері




АКҚ категориясы

Бастапқы тежеу жылдамдығы v, км/с

Тежеу жолы Sт, м, артық емес

Анықталған тежеу j, мс2

М1

40

12,2 (14,5)

6,8(6,1)

Жұмысты орындау тәртібі:

1) студент ИЖ-2715 автокөлігінің қысқа техникалық мінездесімен танысу керек;

2) негізгі нормативті және басқару құжаттарымен танысу;

3) автомобильді қайта жабдықтаудың тәртібін және жүйелілігін анықтау. Отыру орындардың орналастыруының сызбасын құрастыру. Оқиғалық есіктердің орналастыруын, жарықтандыру жүйесін, сигнализацияны (дабыл) және салонның желдетуін көрсету;

4) методикасын және сынау тәртібін анықтау;

5) жұмыстың нәтижесін есеп ретінде дайындау.
Бақылау сұрақтары
1. ИЖ-2715 автомобильді қайта жабдықтағаннан кейін қандай сынаулар өткізу керек?

2. Көлік құралдардың сертификациясы дегеніміз не?

3. Автомобиль сертификациясын өткізу тәртібі?

Тәжірибелік жұмыс №2 КамАЗ-5320 автомобильге ершік-тіркеу құралын қондыру

Жұмыс мақсаты: негізгі басқаратын және нормативті құжаттармен танысу, КамАЗ-5320 автомобильге ершік-тіркеу құралын қондырудың тәртібін және жүйелілігін анықтау.



Қысқаша теориялық мәлімет
Автомобиль КамАЗ-5320 Камскі машина жасау зауытында 1976 жылдан бастап шығарылады. Үнемі тіркемемен жұмыс істеуге арналған.

КамАЗ-5320 техникалық сипаттамасы

Жүккөтергіштік, кг 8000

Өзінің массасы, кг 7080

Алдыңғы өске 3320

Тіркемеге 3760

Толық массасы, кг 15305

Бұрылу радиусы, м:ішкі өстің ізі бойынша алд. доңғ. 8,5

сыртқы габариттік 9,3

Жол қозғалыс тәртібі бойынша «Егер көлік құралдарын қайта жабдықтауы шығарылса (қозғалтқыштарды ауыстыру, кузовтарды (шанақ), отын бактерін т.с.с.) қолданылған нормалардың және тәртіптің бұзылуы немесе жол қозғалыс ұйымдастыру полициясының рұқсатын алмай және шығаратын кәсіпорынның немесе басқа уәкілдігі бар кәсіпорынның келісімін алмаса, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады».

Көлік құралдардың техникалық жағдайын бақылау оларды пайдалану кезінде КР ІІБ бұйрығы бойынша 5 сәуір 1993 жылы N-134 «Бекіту туралы тұрғындардың техникалық бақылау мемлекеттік автомобиль инспекциясынан және ереже өткізу мемлекеттік техникалық қарау механикалық көлік құралдарды және тіркемелер» жүктеледі БЖП ІІБ.

Бұйрық бойынша ЖПБ ІІБ бөлімі бақылау жүргізеді:

- мотокөлік құралдар конструкциясын, шығару және қайта жабдықтау өндеуі жобалау құжатсыз жүзеге асады.

Бұйрық бойынша «Жол полиция қызметінің жұмыскерлері бақылау жүргізгенде берілген ретімен қабылдау тиісті, жол жүру қауіпсіздігіне бойланысты стандартқа сай емес көлік құралдарға және қосымша құралдарға пайдалануға рұқсатын бермеу».

Шығарылған немесе қайта жабдықталған көлік құралдар және қосымша құралдар, стандарт шарттарын бұзса, жоба құжатынсыз (жеңіл қайта жабдықтау болмаса) жол полициясымен келіспесе, пайдалануға және қолдануға тиым салынады.

Қайта жабдықтау бойынша жұмыс тәртібі бойынша анықталады «Көлік құралдар конструкциясын бақылау тәртібі, дайындау немесе қайта жабдықтауы жоба құжатынсыз іске асады».

МВД РК бұйрығы бойынша 5 сәуір 1993 жылы N-134 «Бекіту туралы тұрғындардын техникалық бақылау мемлекеттік автомобиль инспекциясынан және ереже өткізу мемлекеттік техникалық қарау механикалық көлік құралдарды және тіркемелер» N 3 қосымшасында айтылған:

Ершікті сүйреткіштер келесі қауіпсіздік талаптарға сай болу керек:



  • борттық және өздігінен аударатын автомобильдерді қайта жабдықтау, цистерналы автомобильдерді ершікті сүйреткіштерге сол маркаға тек қана стандартты ершік құралын қолдану тиіс;

  • ершік құралдың орналасуы артқы белдік бойынша оның сериялық шығаратын сүйреткіш маркасына сәйкес болу керек және сүйреткіштің бұрылуын қамтамасыз ету және жарты тіркеме шквореньнің өсінде айналуын жазықтықта 900 кем болмауы қажет.

Бұйрық бойынша «Қайта жабдықталатын, көлік құралдардын бақылауын жүргізгенде, жол қозғалыс қауіпсіздік шаралары бойынша конструкциясы тексеріледі, берілген талапқа сай көлік құралдары, пайдалануға жіберіледі».

ЕЭК ООН N 1 ережесі (МЕСТ 8769-75) «Автомобильдердің сыртқы шамдары, автобустардың, троллейбустардың, тракторлардың, тіркемелердің және жарты тіркемелердің негізгі стандарты сыртқы жарықтық құралдарға таралады, көлік құралдарына тіркемелердің және жарты тіркемелердің максималды жылдамдығы 25 км/с жоғары жолаушы немесе жүктерді ортақ жол бойымен тасымалдауға қарастырылған әр механикалық көлік құралдары алдында және артында 2 габариттік шам болу керек, көлік құралда шамның орналасуы 3 суретке сәйкес болу керек. Алдыңғы және артқы үстіңгі габариттік шамдары тігінен немесе горизонтальді бұрыш жазықтығында көрінуі керек, 2 суретте көрсетілген.




Сурет 3 – Габариттік шамдарының орналасуы
МЕСТ 255478-91 “Автокөліктік құралдар. Жол қауіпсіздік қозғалысы бойынша техникалық жағдай талаптары. Тексеру әдістері”. Авто көлік құралдардың тоқтау жүйесінің нәтижелілігін қондырғы немесе жол сынаулары бойынша тексереді. Сынауларды толық масса немесе масса жабдықтау күйінде жүргізушімен бірге өткізеді. Қондырғылық сынауларын инерционды немесе күш тәрізді қондырғытерде өткізеді.

Қондырғы сынауларын әдіс бойынша өткізеді, 4-ші міндетті қосымшасында айтылған, үстінде көрсетілген МЕСТ 25478-91 көрсетілген.

Жол сынауларын тура, тегіс, жазық, құрғақ жолда цементті немесе асфальтобетонды жабынында өткізеді, үстінде сусымалы денелер немесе май болмау керек. Автокөлік құралының қаптамасы сынауды өткенде таза, құрғақ болуы керек.

Сынауды аппаратура көмегімен өткізеді, қайсының талабы 5-ші міндетті қосымшасында көрсетілген, әдіс бойынша, 6-ші ұсынылған қосымшасында айтылған, МЕСТ 25478-91 көрсетілген.

Сынауды өткізгенде екі өлшеуден анықталған параметрлерін есептейді.

Қондырғытық және жол сынауын, қозғалтқыш трансмиссиядан ажыратылған кезде өткізеді (тек қана қосымша тежеу жүйесі болмаса).

Тежеу жүйесінің жұмысының нәтижелілігі жол сынауларын өткізгенде тежеу жолы немесе қойылған баяулау және қосылу уақыты көрсетеді.

Автокөлік құралдары сынауды өткен деп саналады, егер жұмыс тежеу жүйесі нәтижелілігі бойынша, егер көрсеткіштер көрсетілуі 2-ші кестеге сәйкес болса.


Кесте 2 – Тежеуіш жүйелерінің көрсеткіштері


АКҚ категориясы

Бастапқы тежеу жылдамдығы v, км/с

Тежеу жолы Sт, м, артық емес

Анықталған тежеу j, мс2

N 3

40

18,4 (21,9)

5,5(5,0)

Ершікті сүйреткіш ЗИЛ-130В1 Лихачев атындағы автомобиль зауытында шығарылады, 1977 жылдан ЗИЛ-130-76 базасында.


Ершік-тіркеу құралына жүктеме, кгс 6400

жарты тіркемеге рұқсат массасы, кг 14400

Өзінің массасы, кг 3860

Алдыңғы өске 2115

Артқы өске 1745

Толық массасы ершік-тіркеу құралына 6400

кгс жүктегенде,кг 10485

Алдыңғы өске 2485

Артқы өске 8000

Бұрылу радиусы, м:

ішкі өстің ізі бойынша алд. доңғ. 7,0

сыртқы габарит 7,6

Тежеу жолы 50 км/с жылдамдықпен 28
Ершікті сүйреткіш МАЗ-504В Минск машина жасау зауытында шығарылады. Негізгі жарты тіркеме МАЗ-504В-МАЗ-93971
Ершік-тіркеу құралына жүктеме, кгс 700

жарты тіркемеге рұқсат массасы, кг 25700

Өзінің массасы, кг 6650

Алдыңғы өске 3800

Артқы өске 2850

Толық массасы ершік-тіркеу құралына 7700 кгс жүктегенде, кг 4500

Алдыңғы өске 4500

Артқы өске 10000

Бұрылу радиусы, м:

ішкі өстің ізі бойынша алд. доңғ. 7,5

Cыртқы габарит 8,5

Тежеу жолы 40 км/с жылдамдықпен 21


Ершікті сүйреткіш КамАЗ-5410 Камский автомобиль жасау зауытында шығарылады автомобиль КамАЗ-5320 базасында. Негізгі жарты тіркеме Ка-мАз-5410-ОдАЗ-9370
Ершік-тіркеу құралына жүктеме, кгс 7700

жарты тіркемеге рұқсат массасы, кг 25700

Өзінің массасы, кг 6650

Алдыңғы өске 3800

Артқы өске 2850

Толық массасы ершік-тіркеу құралына 7700 кгс

жүктегенде, кг 14500

Алдыңғы өске 4500

Артқы өске 10000

Бұрылу радиусы, м:

ішкі өстің ізі бойынша алд. доңғ. 7,5

сыртқы габарит 8,5

Тежеу жолы 40 км/с жылдамдықпен 21
КамАЗ-5410 отыру тягачтың өлшеуіш параметрлері


Сурет 4 – Ершікті-тіркеу құралының орналасуы


Д -габариттік(өлшемдік), ұзындығы, мм 6180

Ш - габариттік ені, мм 2500

В - габариттік биіктігі, мм 2630

Б - база, мм 2840

К - Алдыңғы доңғалақ колеясы (қашықтық), мм 1320

К - артқы доңғалақ колеясы (қашықтық), мм 1237

С - Алдыңғы свес, мм 1275

А - артқы кабина қабырғасынан артқы өске

дейін қашықтық, мм 2810

Г - ершік-тіркеу құралының жылжуы, мм 190

r1- ось саңылаудан ершік-тіркеу құралының

шквореньге артқы кабина қабырғасына немесе

басқа жақын нүктеге дейін қашықтық, мм 1870

r2- сүйреткіш ершіктің артқы габарит радиусы, мм 1800

Вп- ершік-тіркеу құралына дейінгі қашықтық,мм 1280
Ершікті сүйреткіштер жүк автомобильдер модификацияларын көрсетеді. Баздық модельден олар кішкене конструктивті өзгеруімен ерекшеленеді. Қысқартылған рама, тартқыш крюктың болмауы, қосымша отын бактың болуы және қосылғыш түйіндер жарты тіркемемен жұмыс атқарады.

Тіркеме сүйреткішке қарағанда ершік сүйреткіштерде жүк тасымалдағыш бөлмесі жоқ және көлік құралды көлік ретінде өз бетімен пайдалана алмайды. Ершік сүйреткіш тасымалдағанда тек қана жарты тіркемемен автопоезд құрамында ғана жұмыс істей алады. Бұл үшін сүйреткішке ершік-тіркеу құралы қондырылады, қайсысында қармауда жарық өлшемдері бөліну-тіркеу механизмі МЕСТ 12017-81 айтылады.

Ершік-тіркеу құралдардың екі немесе үш босату дәрежелері болады. Ершікті-тіркеу құралы екі босату дәрежесімен жарты тіркеменің шквореньді айналуын жібереді және оның еңкеюін автомобиль-сүйреткішке салыстырмалы тікті жазықтықта, автопоезд өсінің бойымен өтетін, 80 бұрышта. Үш босату дәрежелі конструкция қосымша автомобиль-сүйреткішке және тіркемеге тігінен тербелу мүмкіндік береді, автопоездің өсі бойымен перпендикуляр 30 бұрышта.

Жұмысты орындау тәртібі:

1) студент ершікті -тіркеу құралының конструкциясымен танысу керек;


  1. негізгі нормативті және басқару құжаттарымен танысу;

3) автомобильді қайта жабдықтаудың тәртібін және жүйелілігін анықтау. КамаАЗ-5320 ершікті сүйреткішке қайта жабдықтау. Келесі нұсқаларды қарап шығу:

а) ершік-тіркеу құралын орнату ЗИЛ-130.В1 типті;

б) ершік-тіркеу құралын орнату МАЗ-504.В типті;

в) ершік-тіркеу құралын орнату КамАЗ-5410 типті.

КамАЗ-5320 автомобилінде ершік-тіркеу құралының орналасуының сызбасын құрастыру;

4) методикасын және сынау тәртібін анықтау;

5) жұмыстың нәтижесін есеп ретінде дайындау.

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет