Жол қозғалыс қауіпсіздігінің позициясы бойынша қозғалтқыштарды ауыстыру келесі шарттарды және міндеттерді орындағанда рұқсат беріледі.
-
автомобильдерді қайта жабдықтауы зауыт немесе зауыт сияқты жағдайы бар жерде;
-
раманың өзінде пысыру жұмыстарын өткізуге болмайды;
-
кронштейн тіректердің жаңларын ғана бекіту, зауыт шығаратын бұрандалар пайдалануы тиіс;
-
рамаға қозғалтқышты орналастырғанда еңкею бұрыштарын назарға алу керек;
-
автомобиль ІЖҚ –тың жүйесі жұмыс істелген газдардың шығуы толық өзгереді;
-
ГАЗ-66 автомобильдің қоректендіру жүйесі толық қайтадан жасалады, отын багі ауыстырылады, тазалау фильтрлер, отын багі стандартты түрі ғана қойылады;
-
ІЖҚ суыту жүйесі, радиатор патрубоктердің, термостат және блок цилиндрдің суыту көйлегі қосылу орнында қайта жасалады.
Қозғалтқышты ауыстырғанда автомобильдің динамикалық мінездемелерін ауыстырғаннан кейін және ауыстырудан бұрын салыстыру керек. Автомобильдердің мінездемесін салыстыру үшін есептерлерді өткізу керек және автомобиль динамикасының графигін сызу керек.
Автомобильді негізгі қозғайтын күш, жүргізетін доңғалаққа қосымша, яғни қозғалтқыш жұмыс істегенде жүргізетін доңғалақтардың жолмен әрекеттескендегі тарту күші болып саналады.
Тарту күшін анықтау үшін қозғалтқыштың жылдамдық мінездемесін білу керек, қуаттың әсері Ne және момент Ме тәуелді, иінді біліктің бұрыштық жылдамдығының әсеріне, аналитикалық жолмен параметрлерді анықтау үшін келесі формуланы пайдаланамыз:
; кВт (1)
а, в, с – эмпирикалық коэффициенттер қозғалтқыш типіне байланысты
карбюраторлы а=в=с=1
дизельді а=0,53; в=1,56; с=1,09
We- иінді біліктің бұрыштық жылдамдығының мәні.
Ne анықтағанда We/Wn алады:
карбюраторлы шексіз 0,2....1,2 қадам 0,2
дизельдерге 0,2....1,0 қадам 0,2
Me=1000*Ne/We; Нм (2)
Wn=П*n/30 (3)
n-автомобильдің максималды қуатында айналу саны
Динамикалық мінездеме динамикалық фактор автомобиль қозғалыс жылдамдығына тәуелділігін көрсетеді.
D=(Pт-Рв)/G-еркін тарту күші (4)
D=(Me*Uтр*тр/Rк+Кв*F*V2) /Ga (5)
Uтр=Uк.п*Uр.к*Uг.п; (6)
мұндағы тр=0,83;
Rк=0,5 м доңғалақ радиусы;
Кв=0,6-0,7 – ауа кедергі коэфициенті;
F=4,4 м2 – автомобильдің беттік ауданы;
V=We*Rк/Uтр (7)
мұндағы V- автомобильдің жылдамдығы;
Gа - автомобиль массасы.
Қозғалтқышты ауыстырғанда тежеу және руль жүйесін ауыстыруға болмайды. Бірақ қозғалтқышты ауыстырғанда бұл жүйелер жақсы жұмыс істеу керек.
Тежеу жүйесі педальдан, серіппеден, тартқыштардан, аралық рычагтан, басты тежеу цилиндрден, гидровакумдық күшейткіштен, алты доңғалақ цилиндрден тұрады. Гидровакумдық күшейткіш тежеу кезінде жүргізуші педальға салатын күшін төмендету үшін қолданады. Күшейткіштің жұмысы қозғалтқыш жұмыс істегенде кіру құбырда сиретудің пайда болатына негізделеді. Бұл сиретілу кезінде пайда болатын энергия арқылы жетекте қосымша тығыздық жасайды. Қозғалтқышты ауыстырғанда қозғалтқыштың кіру құбырында саңылау жасалады және оған гидровакумдық күшейткіш құбырлары арқылы гидровакумдық күшейткішің өзі қосылады.
Руль жүргізуші берген бағыт бойынша автомобильдің жүру үшін қолданады. Руль механизмнен, руль жетекшесінен және руль жетекшінің күшейткішінен құралады.
Руль приводының күшейткіші автомобиль жүргізуін жеңілдетеді, қозғалыс қауіпсіздігін көтереді, жүргізетін доңғалақтардан руль доңғалағына берілетін, шеткі түрткіден және соғудан сақтайды. ПАЗ-672 автомобилінің руль күшейткіш жетекшісі гидравликалық. Ол май сорап бачоктан, тарату құралдан, күш цилиндрден және құбырғылардан құралған.
Сорап май қысымын жасау үшін жұмыс істейді. Сорап қозғалтқыштың оң жағынан бекітіледі және иінбі білік шкивінің екі сына түсті қайыс арқылы іске қосылады. Руль жетекшісінің жақсы жұмыс істеу үшін, қозғалтқышты ауыстырғанда оған сай сорап таңдау керек, қозғалтқыш айналымына сай болуы керек.
ПАЗ-672 жолаушы автобус есік жетекшісіне қысылған ауа компрессор қысымы арқылы ашылады.
Компрессор автомобиль пневмо жүйесінде ауа қасымын жасау үшін жұмыс істейді. Компрессор иінбі білік шкиві арқылы іске қосылады. Есік приводының жақсы жұмыс істеу үшін, қозғалтқышты ауыстырғанда оған келетін қозғалтқыш айналымына және есік ашу жұмыс механизм параметріне сай компрессорды таңдау керек.
ГАЗ-66 автомобиль электро жабдықтаулары қозғалтқышты ауыстырғанда толығымен қайта жасалады 12,0В 24,0В ЗИЛ-431410 сызба бойынша (трансформаторлы-түзеткіш блогі). Бұл сызба бүкіл автомобильге 12,0В, ІЖҚ тек қана іске қосу үшін 24,0В. Стартердің токті көп пайдалануына байланысты екі аккумулятор қою керек.
Жұмысты орындау тәртібі:
1) студент ПАЗ-672 автобусының қысқа мінездесімен танысуы керек;
2) негізгі нормативті және басқару құжаттарымен танысу;
3) дизельді қозғалтқыштың түрін таңдау. Таңдауды дәлелдеу. Автомобильді қайта жабдықтаудың тәртібін және жүйелілігін анықтау;
4) методикасын және сынау тәртібін анықтау;
5) жұмыстың нәтижесін есеп ретінде дайындау.
Бақылау сұрақтары
1. Сынау зертханаларына қандай талаптар қойылады?
2. Сертификацияның қандай түрлері бар?
3. Бұл қайта жабдықтауды өткізгенде шуылды және дірілді төмендету үшін сендер қандай шараларды ұсына аласындар?
Тәжірибелік жұмыс 5 УРАЛ-375Д автомобилінің карбюраторлық қозғалтқышын дизельді қозғалтқышқа ауыстыру
Жұмыс мақсаты: негізгі басқаратын және нормативті құжаттармен танысу, УРАЛ-375Д автомобилінің карбюраторлық қозғалтқышын дизельді қозғалтқышқа ауыстыру тәртібін және жүйелілігін анықтау.
Қысқаша теориялық мәлімет
УРАЛ-375Д автомобилінде карбюраторлы 8 цилиндрлі, “V” тәрізді қозғалтқыш ЗИЛ-375 типті, максималды қуаты 132,4 ж.к. (180 кВт.) 3200 айн/мин және максималды айналу моменті 465,8 Н*м (47,5 кгс*м) 1800-2000 айн/мин және бірінші комплекті масса (беріліс қорабынсыз) – 505 кг.
Жүккөтергіштік, кг 5000
Өзінің массасы, кг 7800
Алдыңғы өске 3610
Артқы өске 4190
Толық массасы, кг 13025
Бұрылу радиусы, м:
ішкі остің ізі бойынша алд. доңғ. 10,8
сыртқы габарит 11,4
Тежеу жолы 40 км/с жылдамдықпен 15
Қозғалтқыш ЗИЛ-375
Сетьтегі электр қондырғыларының кернеуі, В 12
Аккумуляторлық батарея 6СТЭН-140М
Стартер СТ2
Сцепление (ілініс) екі дисктік құрғақ
Беріліс сандар:
Беріліс қорабының 6,17;3,4;1,79;1,0;0,78
Үлестіру қорабының 2.15; 1,3
Басты берілісінің 8,9
Руль механизмі екі кіру құрты сектор
Тежеулер:
Жұмыстық барабан арқылы
Тұрақтылық барабан арқылы
Қаптама (Шины) 14,0-20 Rк=555
Жол қозғалыс тәртібі бойынша «Егер көлік құралдарын қайта жабдықтауы шығарылса (қозғалтқыштарды ауыстыру, кузовтерді, отын бактерін т.с.с.) қолданылған нормалардың және тәртіптің бұзылуы немесе жол қозғалыс ұйымдастыру полициясының рұқсатын алмай және шығаратын кәсіпорынның немесе басқа уәкілдігі бар кәсіпорынның келісімін алмаса көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады».
Көлік құралдардың техникалық жағдайын бақылау оларды пайдалану кезінде МВД РК бұйрығы бойынша 5 сәуір 1993 жылы N-134 «Бекіту туралы тұрғындардын техникалық бақылау мемлекеттік автомобиль инспекциясынан және ереже өткізу мемлекеттік техникалық қарау механикалық көлік құралдарды және тіркемелер» жүктеледі БЖП БІІ.
Айтылған бұйрық бойынша БЖП БІІ бөлімі бақылау жүргізеді:
- мотокөлік құралдар конструкциясын, шығару және қайта жабдықтау, өндеуі, жобалау құжатсыз жүзеге асады.
Бұйрық бойынша «Жол полиция қызметінің жұмыскерлері бақылау жүргізгенде берілген ретімен қабылдау тиісті, жол жүру қауіпсіздігіне байланысты стандартқа сай емес көлік құралдарға және қосымша құралдарға пайдалануға рұқсатын бермеу».
Шығарылған немесе қайта жабдықталған көлік құралдар және қосымша құралдар, стандарт шарттарын бұзса, жоба құжатынсыз (жеңіл қайта жабдықтау болмаса) жол полициясымен келіспесе, пайдалануға берілмейді.
Қайта жабдықтау бойынша жұмыс тәртібі бойынша анықталады «Көлік құралдар конструкциясын бақылау тәртібі, қайсыларының шығарылуы немесе қайта жабдықтауы жоба құжатынсыз іске асады».
МВД РК бұйрығы бойынша 5 сәуір 1993 жылы N-134 «Бекіту туралы тұрғындардын техникалық бақылау мемлекеттік автомобиль инспекциясынан және ереже өткізу мемлекеттік техникалық қарау механикалық көлік құралдарды және тіркемелер» N 3 қасымшасында келесі айтылған:
Барлық модельдерде қозғалтқыштарды ауыстыру, жүк автомобильдерде кабиналарын қозғалтқыштармен және кабиналармен берілген марканың келесі модельдерінде ауыстыру. Бұл қайта жабдықтау түрлері тек қана шығару зауытының ұсынысы бойынша ғана іске асады, бұған шартты түрде стандартты отын бактарын қою сыйымдылығы ұқсас моделіне сәйкес.
Бұйрық бойынша «Қайта жабдықталатын, көлік құралдардын бақылауын жүргізгенде, жол қозғалыс қауіпсіздік шаралары бойынша конструкциясы тексеріледі, берілген талапқа сай көлік құралдары, пайдалануға жіберіледі».
Кесте 13 - Қозғалтқыштар тізімі, қайсысы қайтажабдықтауда болуы мүмкін
Қозғалт-
қыш маркасы
|
Қозғалтқыш-тың номиналды қуаты кВт (ж.к)
|
Иінді біліктің айналуы-
ның жиілігі Nmax мин.-1
|
Қозғалт-
қыштың максимал-
ды айналу моменті кгс*м (Н*м)
|
Иінді біліктің айналуы-ның жиілігі Memax мин.-1
|
КамАЗ-740
|
210 (154,4)
|
2600
|
65(637,4)
|
1400-1700
|
ЯМЗ-236
|
180 (132,4)
|
2100
|
68(666,8)
|
1500
|
ЯМЗ-238
|
265 (194,9)
|
2300
|
90(882,6)
|
1500
|
Жол қозғалыс қауіпсіздігінің позициясы бойынша қозғалтқыштарды ауыстыру келесі шарттарды және міндеттерді орындағанда рұқсат береді:
1) автомобильдерді қайта жабдықтауы зауыт немесе зауыт сияқты жағдайы бар жерде;
-
раманың өзінде сваркілеу жұмыстарын өткізу болмайды;
3) кронштейн тіректердің жаңларын, зауыт шығаратын бұрандалармен бекітіледі;
4) рамаға қозғалтқышты орналастырғанда еңкею бұрыштарын назарға алу керек;
5) автомобиль ІЖҚ –тың жүйесі жұмыс істелген газдардың шығуы толық өзгеререді МАЗ-500, немесе Урал-4320-01 сияқты;
6) Урал-375 руль күшейткішінің жүргізуін және тежеу жүйесінің компрессорын өзгерусіз қолдыру, қайта жабдықталған ІЖҚ шкивінен қою орнынан Урал-375 ІЖҚ сияқты;
7) Урал-375 автомобильдің қоректендіру жүйесі толық қайтадан жасалады отын багі ауыстырылады, терең және жіңішке тазалау фильтрлер отын багі стандартты түрін ғана қойяды;
8) ІЖҚ суыту жүйесі радиатор патрубоктердің термостат және блок цилиндрдің суыту көйлегі қосылу орнында қайта жасалады.
Қозғалтқышты ауыстырғанда автомобильдің динамикалық мінездемелеін ауыстырғаннан кейін және ауыстырудан бұрын салыстыру керек. Автомобильдердің мінездемесін салыстыру үшін есептерлерді өткізу керек және автомобиль динамикасының сызбасын сызу керек.
Тарту күшін анықтау үшін қозғалтқыштың жылдамдық мінездемесін білу керек, қуаттың әсері Ne және момент Ме тәуелді, иінді біліктің бұрыштық жылдамдығының, аналитикалық жолмен параметрлерді анықтау үшін келесі формулармен пайдаланамыз:
; кВт (1)
а, в, с – эмпирикалық коэффициенттер қозғалтқыш типіне байланысты
карбюраторлы а=в=с=1
дизельді а=0,53; в=1,56; с=1,09
We- иінді біліктің бұрыштық жылдамдығының мәні.
Ne анықтағанда We/Wn алады:
карбюраторлы шексіз 0,2....1,2 қадам 0,2
дизельдерге 0,2....1,0 қадам 0,2
Me=1000*Ne/We; Нм (2)
Wn=П*n/30
n- автомобильдің максималды қуатында айналу саны, динамикалық мінездеме динамикалық фактор автомобиль қозғалыс жылдамдығына тәуелділігін көрсетеді.
D=(Pт-Рв)/G-еркін тарту күші (3)
D=(Me*Uтр*тр/Rк+Кв*F*V2) /Ga (4)
Uтр=Uк.п*Uр.к*Uг.п; (5)
мұндағы тр=0,83;
Rк=0,5 м доңғалақ радиусы;
Кв=0,6-0,7 – ауа кедергі коэфициерті;
F=4,4 м2 – автомобильдің беттік ауданы;
V=We*Rк/Uтр (6)
мұндағы V-автомобильдің жылдамдығы;
Gа - автомобиль массасы.
Қозғалтқышты ауыстырғанда тежеу және руль жүйесін ауытыруға болмайды. Бірақ қозғалтқышты ауыстырғанда бұл жүйелер жақсы жұмыс істеу керек.
Урал-375 автомобиль электро жабдықтаулары қозғалтқышты ауыстырғанда толығымен қайта жасалады 12,0В-тен 24,0В ЗИЛ-431410 сызба бойынша (трансформаторлы-түзеткіш блогі). Бұл сызба бүкіл автомобильге 12,0В, ІЖҚ тек қана іске қосу үшін 24,0В. Стартердің токті көп пайдалануына байланысты екі аккумулятор қою керек.
Жұмысты орындау тәртібі:
1) студент Урал-375Д автомобилінің қысқа міңездемесімен танысуы керек;
2) негізгі нормативті және басқару құжаттарымен танысу;
3) дизельді қозғалтқыштың түрін таңдау. Таңдауды дәлелдеу. Автомобильді қайта жабдықтаудың тәртібін және жүйелілігін анықтау;
4) методикасын және сынау тәртібін анықтау;
5) жұмыстың нәтижесін есеп ретінде дайындау.
Бақылау сұрақтары
1 Қозғалтқышты ауыстырумен байланысты жүргізілетін қайта жабдықтауда автомобильдің динамикалық мінездемесі қалай есептеледі?
2 Урал-375 автомобильді қата жабдықтағаннан кейін сендер қандай сынаулар өткізесіздер?
3 Автокөлік құралдардың сертификациясының мақсаттары мен талабы?
Әдебиеттер
Негізгі
1 Афанасеьв Л.Л и др. Конструктивная безопасность. – М., 1988. – 258 с.
2 Бондаренко В.А., Якунин Н.Н. «Лицензирование и сертификация на автомобильном транспорте». – М., 2004. – 354 с.
3 Рябчинский А.И. «Международная регламентация езопасности конструкций автотранспортных средств». МАДИ. – М., 1989. – 452 с.
Қосымша
4 ГОСТ 25478 – 91 Автотранспортные средства. Требования к техническому состоянию по условиям безопасности движения. Методы проверки. – М., 1991. – 225 с.
5 Правило ЕЭК ООН N 1 Асимметричные фары ближнего и дальнего света.
6 Правило ЕЭК ООН N 3 световозвращатели – катафоты.
7 Приказ МВД РК от 5 апреля 1993 года N 134. «Об утверждении Наставления по техническому надзору Государственной автомобильной инспекции и правил проведения государственного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов».
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................…3
1 Тәжірибелік жұмыс “ИЖ-2715 автомобильді
жолаушы жүк автомобильге қайта жабдықтау”.....................4
2 Тәжірибелік жұмыс “КамАЗ-5320 автомобильге
ершік-тіркеу құралын қондыру”.............................................10
3 Тәжірибелік жұмыс ГАЗ-66 автомобильдің
карбюраторлық қозғалтқышын дизельді
қозғалтқышқа ауыстыру ....................................................….17
4 Тәжірибелік жұмыс ПАЗ-672 автобусында
карбюраторлық қозғалтқышты дизельді
қозғалтқышқа ауыстыру..........................................................26
5 Тәжірибелік жұмыс УРАЛ-375Д автомобилінің
карбюраторлық қозғалтқышын дизельді
қозғалтқышқа ауыстыру .........................................................34
Әдебиеттер................................................................................40
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ
050901 «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының тәлімгерлеріне тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
Павлодар
Достарыңызбен бөлісу: |