Лицензияны және (немесе) лицензияғА Қосымшаны берудің шарттары мен тәртібі



Дата19.07.2016
өлшемі39.5 Kb.
#208957
ҮЗІНДІ

Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы
ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ
БЕРУДІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары

      1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша беріледі.

      2. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (лицензияланатын қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшін мынадай құжаттар қажет:

      1) өтініш;

      2) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.


      Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тізбесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган да белгілей алады.

      3. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

      1) өтініш;

      2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

      4. Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшін лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы органдарға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну жөнінде сауал жібереді.


      Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы органдар лицензиардың сауалының негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді.

      5. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.


      Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар берудің, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтатудың тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы  заңдарына cәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      Ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңымен айқындалады.

      6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).

     43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері

      1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап - отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін (осы Заңның 19-бабы екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда) он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.


      Лицензиар осы бапта белгіленген мерзім ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті.

      2. Егер лицензиар осы Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Заңда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.


      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге міндетті.

44-бап. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым

      Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген кезде алынады.


      Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленеді.
      Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруден бас тарту

      1. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) осы Заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;

      3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

      5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін.
      Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты, сондай-ақ валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілей алады.

      2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.



   46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшан беруден бас тартуға шағымдану

      Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет