Лифтердің құрылғысын пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (ЛҚхпт)


-параграф. Электрлі құрылғылар және қауіпсіз тізбектер



бет5/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.84 Mb.
#131196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4-параграф. Электрлі құрылғылар және қауіпсіз тізбектер
312. Қауіпсіз электрлі құрылғылардың іске қосылуы электроқозғағыштың бас жетегі іске қосуды болдырмауы немесе оның тоқтауын тудырады.

Істеп тұрған электроқозғағыш тізбегіндегі бас токтың ақырғы ажыратқышын қоспағанда қауіпсіз электр құрылғысы қауіпсіз тізбекке қосылады.

313. Қауіпсіз электр құрылғысының құрамына кіреді:

1) осы Талаптың 316-тармағына сай және контактылардың қуатын өшіретін бір немесе бірнеше қауіпсіз түйісулер, осы Талаптың 312-тармағына сәйкес электроқозғағыштың бас жетегі мен лифт тежегішін қосу;

2) 7-қосымшада көрсетілген «электронды компоненттер». Осы Талапқа тиісті «болдырмаудың» алдын-алу, қауіпсіз электр тізбектері және келесі бөлшектер немесе солар тектес:

осы Талаптың 316-тармағы бойынша бір немесе бірнеше қауіпсіз түйісулері, түйісулер қуатын тікелей өшірмейтін, электроқозғағыштың басты жетегі мен лифт тежегішін қосатын;

осы Талаптың 316-тармағында көзделмеген басқа түйісулер;

осы Талаптың 7-қосымшасында көрсетілген, электрондық компоненттер.

Қауіпсіз электрлі құрылғыдан түсетін шығу сигналы, осы тізбекте орналасқан басқа электрлі құрылғылардан келетін сыртқы сигналдың әсерімен өзгермейді.

Электрлі тізбектер тіркеу немесе ұшқын сөндіргіштің сигналын ұстау үшін, тіпті ақауы болған жағдайда қауіпсіз құрылғының іске қосылуында тізбектерге кедергі немесе ажыратуды кешіктірмейді.

Қауіпсіз түйінділер үшін қуатқа деп оқшаулау көзделеді:

1) 1Р4Х тен кем емес корпусын қорғау дәрежесінде – 250 Вольт;

2) 1Р4Х тен кем емес корпусын қорғау дәрежесінде – 500 Вольт.

314. Қауіпсіз электрлі қондырғыда гальваникалық байланыстағы түйісуді пайдалануға, қауіпсіз құрылғының және жұмыс құрылғысы қызметін бірге атқаруға болмайды.

315. Қауіпсіз электрлі құрылғылардағы шығу сигналын беру үшін электр тізбектеріндегі түйісуді ажырататын аппараттар қолданылады. Магнитпен басқаратын түйісулерді (герконьдар) қолдануға болмайды.

316. Қауіпсіз түйісулердің іске қосылуы оны ажыратуға мәжбүрлеу есебінен іске асады. Мұндайда өзара жабыстырылған түйісулер ашылады.

317. Қауіпсіз электрлі тізбекке ақпар жинау жөніндегі құрылғыны қосуға болады. Ақпар жинау жөніндегі құрылғы осы Талаптың 313-тармағына сәйкес қауіпсіз электрлі тізбек талаптарына сай келеді. Электрлі түйістірумен қауіпсіз құрылғыны басқа да электротехникалық құрылғыларды, тек осы Талаптың 302, 305, 324, 325, 330, 332-тармақтарында келтірілген жағдайлардан басқа параллельді қосуға болмайды.

Осы Талаптың 303, 304, 330-тармақтарында көрсетілген режимнен қалыпты жұмысқа ауыстырып қосқаннан кейін, қауіпсіз электрлі құрылғылардың контактыларын ұштастырып, тізбекті ажыратқаннан және басқару жүйесіндегі оның қызметін қалыпқа келтіргеннен кейін кабинаның жүруіне мүмкіндік туады.

Қауіпсіз өшіргіштер түйісулерін параллельді түрде ұшқын өшіргіштерінің элементтерін қосуға немесе коммутацияны арттыруға болады.

Мұндай элементтер қауіпсіз электрлі тізбектердің осы Талаптың 313-тармағына сәйкес келеді.

318. Лифтілердегі қауіпсіз электрлі құрылғыларға жатады:

1) осы Талаптың 320-тармағына сәйкес, шеткі қабаттардағы алаңшаларды (соңғы ажыратқыш) лифт кабинасының өтуін бақылау;

2) осы Талаптың 323-тармағына сәйкес шахта есіктерінің жабылуын бақылау;

3) осы Талаптың 325-тармағы бойынша қайыстардың керілуін бақылау;

4) осы Талаптың 326-тармағы бойынша шахта есігінің автоматты құлыптарының жабылуын бақылау;

5) осы Талаптың 327-тармағы бойынша шахта есігі жармасының жабылуын бақылау;

6) осы Талаптың 328-тармағы бойынша жабдықтарға, апатты есіктерге немесе шахтадағы байқау люктарына техникалық қызмет көрсету үшін шахта есігінің жабылуын бақылау;

7) осы Талаптың 329-тармағы бойынша кабина есіктерінің жабылуын бақылау;

8) апатты есіктің құлпын немесе кабина люгін жабуды бақылау;

9) осы Талаптың 331-тармағы бойынша кабина шапшаңдығын шектеудің іске қосылуын бақылау;

10) осы Талаптың 332-тармағы бойынша кабина шапшаңдығы шектегіштің бастапқы жағдайына келуін бақылау;

11) осы Талаптың 333-тармағы боынша лифті (ажыратқыш, «тоқта» кнопкасы) тоқтату үшін;

12) осы Талаптың 334-тармағы бойынша ұстағыштардың іске қосылуын бақылау;

13) осы Талаптың 335-тармағы бойынша тартқыш элементтердің үзілуі мен біршама қозғалып кетуін бақылау;

14) осы Талаптың 336-тармағы бойынша шапшаңдықты шектегіш арқанының үзілуі немесе созылуын бақылау;

15) осы Талаптың 337-тармағы бойынша теңгермелі арқанның созылуын бақылау;

16) осы Талаптың 338-тармағы бойынша теңгермелі арқанның созылмалы құрылғысының секіруін шектейтін құрылғының іске қосылуын бақылау;

17) осы Талаптың 339-тармағы бойынша кабинаны (алынатын штурвалдың жағдайы) қолмен жылжыту үшін алыну құрылғының жағдайын бақылау;

18) осы Талаптың 340-тармағы бойынша энергошашыратқыш буфер түрінің бастапқы жағдайға келуін бақылау;

19) осы Талаптың 341-тармағы бойынша шахтадан басқару шынжырын өшіру;

20) осы Талаптың 342-тармағы бойынша блоктық бөлмеден басқару шынжырын – өшіру;

21) осы Талаптың 343-тармағы бойынша қызмет көрсету алаңы жағдайын бақылау;

22) осы Талаптыңн 344-тармағы бойынша блоктау құрылғысының жағдайын бақылау.

319. Соңғы ажыратқыштың іске қосылуы былай болады:

1) лифт кабинасының шеткі қабат алаңшаларының деңгейінен өткенде, бірақта кабинаның оның буферлерімен (тіреу) жанасқанға дейін;

2) лифт кабинасының шахта бөлігінен төменгі жағында теңсалмақпен өзара байланысы үшін буфермен (тіреу жабдықталған шеткі қабат алаңшаларының деңгейінен өткенде, бірақта ) осы буфермен (тіреу) жанасқанға дейін;

3) теңсалмақ жүкпен жабдықталған лифт кабинасының шеткі қабат алаңшалары деңгейінен 0,2 м аспайтын жерді өткенде. Буферді кабинада орналастырғанда соңғы ажыратқыш шахтаның тиісті тіреуімен жанасқанына дейін іске қосылады.

Кабинаның (теңсалмақ қысымдағы) буферде болған кезінде соңғы ажыратқыштың түйісуі ажыратылады. Соңғы ажыратқыш іске қосылғанда лифт автоматты түрде «қалыпты жұмыс» режиміне қайтып келмейді.

320. Осы Талаптың 316-тармағы талаптарына сәйкес соңғы ажыратқыштар қозғағыштың тізбек қуаты мен тежегіш ажыратылады. Соңғы ажыратқыштарды осы Талаптың 322-тармағында көрсетілгендей қауіпсіз тізбектерге қосуға болады.

Арқанмен тартатын шкив немесе үйкеліс барабаны бар лифтілерде осы Талаптың 316-тармағына сәйкес электроқозғағыштың бас жетегінің қуат тізбегіне қосылған электрлі қуат тізбегі жетегінің электрлі қуат тізбегінің екі контакторлы катушкасын ажыратуға болады.

Реттегіш жетегі бар тұрақты немесе ауыспалы ток жалғанған лифтінің ажыратқышы іске қосылғанда осы басқару жүйесі үшін лифтінің тоқтауын өте қысқа мерзімде жүзеге асырылады.

321. Лифт басқару тізбегіне жүкшығырды арқанмен тартқан шкиві немесе үйкеліс барабанымен жабдықталған соңғы ажыратқышты қойған кезде бір біріне тәуелсіз екі электромагнитті аппаратты электроқозғағыштың бас тогы – электр тізбегін қосарлап үзу көзделеді. Бұл электромагнитті аппараттардың контактылары электроқозғағыштың бас тогы тізбегіне жүйелі іске қосылуы қажет: мұндайда бас токтың тізбегін осы Талаптың 291-тармағының (3 және 4 тармақшаларының талаптарын сақтағанда) бас токтың бір рет контактысыз құрылғысымен үзуге болады.

Егер жетек тоқтағанда электромагнитті аппараттың бірі немесе контактысыз құрылғы электроқозғағыш бас тогының тізбегін үзбесе, одан кейінгі қозғалыс бағытын өзгертуден кеш болмайтын уақытта лифт кабинасының одан әрі қозғалуына жол бермеуге болады.

322. Лифтінің қауіпсіз тізбегі барабанды жүкшығырмен немесе жұлдызды жүкшығырмен жабдықталса, соңғы ажыратқышты орнатуға болады. Бұл жағдайда кабинаның әр бағытта жылжуында іске қосылатын және тәуелсіз элементтермен жүзеге асатын екіден кем болмайтын соңғы ажыратқыштар орнатылады.

Электрқозғағыш бас тогының электртізбегін қостап үзуді қамтамасыз ететін басқару тізбегінің жеке электромагнитті аппараттарына соңғы ажыратқыштар ықпал жасауы мүмкін. Егер кабина тоқтағанда электромагнитті аппараттардың бірі бас токтың тізбегін үзбесе, лифт кабинасының одан әрі келесі жылжу бағытын өзгертуден кешіктірмей алдын алу керек. Осындай соңғы екі ажыратқышты басқару тізбегіне қосу арқанмен тартылатын шкиві немесе үйкеліс барабанымен жабдықталған жүкшығыры бар лифтіде жүзеге асады. Ондайда теңсалмақты (кабинаны) буферге (тіреу) қондырғанда тартқыш элементтердің салмағына қарай шкивтегі (барабандағы) тартқыш элементтердің тайғанауы болмай қалады.

323. Шахта есіктерінің жабылуын бақылайтын қауіпсіз электр құрылғысы, осы Талаптың 316-тармағына сәйкес қауіпсіз тізбек ажыратылады. Кабинаның қозғалуына жол бермейді, егер шахта есіктері жармаларының бірі жабылмаса, осы Талаптың 145 және 305-тармақтарында көрсетілген жағдайлардан басқа.

324. Қабат алаңшасы деңгейіндегі кабинаның жылжуын қамтамасыз ету үшін шахта есігінің жабылмаған автоматты құлпын осы Талаптың 145-тармағы бойынша кабинаның қабат алаңшасы деңгейінен шамамен 0,2 м болса, автоматты құлыптың жабылуын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғының контактасын ұштастыруға болады.

325. Қайыстың керілуін бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы қайыстың тартылуы әлсірегенде қауіпсіз тізбекті ажыратады.

326. Шахта есігінің автоматты құлпының жабылуын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы осы Талаптың 145-тармағының 3 тармақшасына тиісті жабылмаған есікте қауіпсіз тізбекті ажыратуы керек.

327. Қауіпсіз электрлі құрылғы өзара тікелей байланыспаған және шахта есіктерінің жабылмайтын жармасын осы Талаптың 150-тармағына сай шахта есіктерінің қай бір ашық жармасы болса, қауіпсіз тізбекті ажыратылады.

328. Жабдықтарға, апатты есіктерді немесе байқау люктарына техникалық жәрдем көрсету үшін есіктердің жабылуын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы, осы Талаптың 155-тармағына сәйкес, қауіпсіз тізбектер, олардың ашық кезінде ажыратылады.

329. Кабина есіктерінің жабылуын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы оның ашық кезінде қауіпсіз тізбегін ажыратылады.

330. Апатты есіктің немесе кабина люгінің жабылуын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы, оны ашық кезде қауіпсіз тізбектерді ажыратылады.

«Қалыпты жұмыс» режиміне оралу автоматты түрде жүзеге асады.

«Өрт сөндіргіш құрамдарды тасу» режимінде кабина люгін бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғыны ұштастыруға болады.

331. Осы Талаптың 236-тармағына сәйкес шапшаңдық шектегішінің қосылуын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғысы, төмен кетіп бара жатқан кабинаның тиісті шапшаңдық қарқынына жеткенінше, қауіпсіздік тізбегін ажыратуы тиіс, мұндайда шапшаңдық шектегішінің іске қосылуы жүзеге асады. Нақты жылдамдығы 1 м/с аспайтын лифтіде, шапшаңдық шектегіштің іске қосылғанында басқару тізбегі ажыратылады.

332. Осы Талаптың 237-тармағына сәйкес, шапшаңдықты шектегіштің бастапқы жағдайға келуін бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы шапшаңдықты шектегіштің бастапқы жағдайына келмесе, қауіпсіздік тізбегін ажыратуы тиіс. Аталған құрылғыны, машина бөлмесінен лифтіні басқарғанда ұштастыруға болады, немесе осы Талаптың 126-тармағына сай құрылғылардан ұстағыштардан кабинаны алу үшін.

333. Осы Талаптың 126-тармағының 1 тармақшасына сәйкес, кабина төбесіндегі құрылғы, машина бөлмесіндегі немесе лифтіні тоқтату үшінгі құрылғы қолмен әсер еткенде қауіпсіздік тізбегін ажыратылады.

Құрылғының жұмыс істеуі лифтіні шақырғанда қосақталған және топтық жұмыстағы жинақтаушы басқаруынан басқа, барлық басқару командасы жойылады. Кабина тоқтасымен осы құрылғының іс-әрекетін жойғаннан кейін және жаңа басқару командасын бергеннен кейін қозғалысы қайта жалғасады.

334. Ұстағыштардың істеуін бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы, ұстағыштар іске қосылғанда қауіпсіз тізбекті ажыратылады.

335. Тартқыш элементтердің үзілуін немесе біршама орын ауыстыруын (босауын) бақылайтын электрлі құрылғы, тартқыш элементтердің үзілгенінде немесе біршама орын ауыстырғанда (босауы) қауіпсіз тізбектер ажыратады.

336. Шапшаңдықты шектеу арқанының үзілуі немесе созылуын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы, арқанның регламенттелген мөлшерінен асқанда үзілсе немесе созылса қауіпсіз тізбек ажыратады.

337. Теңестірмелі арқандардың созылуын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы, керілудің әлсірегенінде қауіпсіз тізбек ажыратады.

338. Теңестірмелі арқанның керу құрылғысының ырғып кетуін бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы ырғып кетуін шектейтін құрылғының іске қосылуы кезінде қауіпсіз тізбек ажыратады.

339. Осы Талаптың 171-тармағының 2-тармақшасына сәйкес алмалы салмалы штурвалдың жағдайын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы штурвалды жүкшығырға орнатқанда қауіпсіз тізбекті ажыратуы керек.

340. Энергошашыратқыш үлгідегі буфердің бастапқы жағдайына келуін бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы, егер буфер өзінің бастапқы жағдайына 0,05 м артық келмесе, қауіпсіздік тізбек ажыратады.

341. Шахтада орнатылатын қауіпсіз электрлі құрылғы (құрылғылар), өз бетімен келмеуі тиіс және қауіпсіз тізбек қолмен ажыратылады.

342. Блоктау бөлмеде орналасқан қауіпсіз электрлі құрылғы, өз бетімен келмеуі керек және қауіпсіз тізбек ажыратады.

343. Алаңша жағдайын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы, оны бастапқы (жұмыс жасамайтын) жағдайынан шығарған қауіпсіз тізбек ажыратады.

344. Блокдау құрылғының жағдайын бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғы, тетікті іске қосқан кезде қауіпсіз тізбекті ажыратылады.

345. Осы Талаптың 7-қосымшасында лифтінің электронды жабдықтарының ақауы келтірілген және оны болдырмаудың жағдайы ескерілген.

346. Осы Талаптың 316-тармағына сәйкес, қауіпсіз контактыларды пайдаланғанда контактылардың ажырасу мүмкіндігін еске алмауға да болады.

347. Қауіпсіз тізбектер шығыр схемасы 7-суретте көрсетілгендей талаптар бойынша құрылады.


7-сурет. Қауіпсіз электрлі схема бағасының блок – схемасы


348. Қауіпсіз электрлі құрылғы, оның құрамына кіретін бөлшектер, қауіпсіз электрлі құрылғы болып саналады және осы Талаптың 5-қосымшасына сай тексеруден өтеді.

5-параграф. Электроөткізгіш және электрожабдықтар
349. 460 В аспайтын оқшауланған басқару тізбегінің өткізгіштері, бір лифтіге қарайтындар - жарық беру, сигнал беру, кернеу және басқаларын бірге төсеуге болады (бір шоғыр, бір құбыр, бір қорапта, бір кабельде және тағы басқалар) егер олардың оқшауы ең жоғары қуатқа есептелсе.

350. Электро машиналардың, аппараттардың және клемма жиынтықтарының түйістіретін қысқыштары қолданылатын сымның (кабель) үлгісіне және қимасына сай келсе.

Егер бір немесе бірнеше өшіргіштерді ажыратқаннан кейін кейбір клеммалар кернеу астында қалса, қуат астында болмайтын олар клеммадан алынуы тиіс, ал қуат 50 В асқанда олар маркировкадан өтеді.

351. Лифтінің электрлі жабдықтары стандартқа сәйкес оны реттеуді және қызмет көрсетуді жеңілдететін қажетті символдармен және (немесе) белгілермен жабдықталады.

Контакторлар, реле, балқығыш сақтағыштар және клеммалы шынжыр жиынтықтары, басқару панеліне келетін, электрлі кестеге тиісті маркировкадан өтеді. Сақтағыштың қажетті көрсеткіштері, мысалы оның номиналы мен түрі, сақтағыштың өзінде немесе оның патронында көрсетіледі.

Клемма қысқыштар жиынтығына сай келетін сымдардың, сондай-ақ, электрожабдықтар қысқыштарының маркировкалары болады. Сымдардың маркировкасын түсті бояулармен жасауға болады.

352. Механикалық ақаулардан қорғау үшін кабельдер мен сымдарды қорғау қаптамасы толықтай өшіргіштің немесе басқа құрылғылардың корпусына енуі қажет немесе тиісті тығыздалумен аяқталады.

Кабина есіктері мен лифт шахтасының жабық қаңқалары электрлі құрылғылардың қаптамасы ретінде қаралады. Алайда, бөлшектердің жылжуы себепті немесе қаңқаның өткір жиектері, қауіпсіз құрылғыға жалғанған сымдарға механикалық ақау келу қаупі болғандықтан олардың механикалық қорғаны болады.

353. Қауіпсіз электрлі тізбектерге қойылатын электрлі ажыратқыштардың және басқа алмалы электрлі құрылғылардың құрылымы мен орналасуы, олардың дұрыс орнатылмайтын мүмкіндіктерін, егер осы құрылғыларды теріс орнату лифт жұмысының қауіпті іркілісіне әкелуі мүмкін немесе оларды алып тастау құрал - сайманның көмегінсіз атқарыла жояды.

6-параграф. Жарық және қуат розеткалары
354. Кабинаға, шахтаға және лифт жабдықтарын орналастыру үшін кеңістікке электр жарығын беру қуаты, сондай-ақ, розеткаларға құрал-саймандарды қосу ғимараттың (құрылыстың) жарық алу жүйелерінен болуы мүмкін.

355. Кабинаның жарығы автоматты (ажыратылуы) немесе қолмен істегіш өшіргішпен қосылады.

Кабинаның тиелуін бақылайтын құрылғымен жабдықталған лифтіде жолаушылар кабинада болмаған жағдайда және есіктердің жабық кезінде, кабинаның жарығы автоматты ажыратылады.

Кабинаға тиеуді бақылайтын құрылғы болмаған лифтіде, кабинада адамдар болғанда жарықтың автоматты өшуі жүзеге асады, егер есік жабылғаннан кейін 5 с өткеннен кейін оның қозғалысы басталмаса.

356. Кабинаның жарығын қолмен өшіргіш және кабина төбесіндегі қуат розеткасы, егер олар қажет болса, машина бөлмесінде, ал ол жоқ болса – жабылатын шкафта орнатылады.

Бірнеше лифтілерге ортақ машина бөлмесінде, құрылғыға жақын орналасқан әр кабинаның өз өшіргіші болады.

357. Тасымал шамға, жабдықтарды орналастыратын бөлмелерде, кабина төбесіне, приямкаға немесе кабина астына розеткаларды орнатқанда олардың қуаты 42 В артық болмайды.

358. Электрлі құрал-саймандарды қосу үшін электр розеткаларының қуаты 250 В артық болмайды.

359. Лифт шахтасы стационарлық электр жарығымен жабдықталуы тиіс, шахта есіктері жабық болғанда оның жарық беруді қамтамасыз етуі 50 лк артық болмайды.

Ең шеткі жарық беру аппараттары шахтаның ең биік және ең төмен нүктесінен 0,5 м артпайтын қашықтықта орнатылады.

Шынымен, тормен қоршалған немесе жартылай қоршалған щахтаны стационарлы электр жарық беру аппаратымен жабдықтамауға болады, егер сыртқы жарық шахтаның ішіне қажетті мөлшерде жарық түсірсе.

360. Қабаттағы алаңшалар стационарлы электрлі жарықпен, еден деңгейін 50 лк кем болмайтын жарықпен қамтамасыз етсе жабдықталады.

361. Лифт жабдықтары қойылған бөлмелерге өтетін жер стационарлық электрлі жарықпен, еден деңгейін 50 лк кем болмайтын жарықпен қамтамасыз етсе жабдықталады.

362. Машина бөлмесі стационарлық электр жарығымен жабдықталады, жарықпен қамтамасыз етуі еден деңгейіне 200 лк кем болмаса.

363. Шығыр бөлмесі стационарлық жарық беру аппаратымен қамтамасыз етіледі, блокты (блоктар) жарықпен қамтамасыз етуі 100 лк кем болмаса.

364. Жабдықтарды орналастыру және техникалық қызмет көрсету аумағы стационарлық жарық беру аппаратымен жабдықталады, жабдықтарды жарықпен қамтамасыз етуі 200 лк кем болмаса.

365. Лифт жабдықтары қойылған шкафтың стационарлық жарық беру аппараты болады, жабдықтарға жарық беруі 200 лк кем емес.

366. Басқару құрылғысына стационарлық жарық беру аппараты жарық беруі қажет, панельге жарық түсіруі 100 лк кем болмайды.

367. Кабина стационарлық электр жарығымен қамтамасыз етілуі қажет, басқару аппараттары мен еден деңгейін жарықпен қамтамасыз ету деңгейі 50 лк кем емес.

368. Кабинаның жұмыс кезіндегі жарығы екіден кем емес параллельді қосылған шамдармен жүзеге асады.

369. Кабинаға жарық беруде жұмыс кезіндегі жарық сөніп қалса, бір сағат бойы 16 қуаты бар шамды қуаттауға мүмкіндік беретін зарядтауы бар аппатты қуат көзі қарастырылады. Жұмыс кезіндегі жарық қуаты өшіп қалса, кабинаның апатты жарық беруі автоматты түрде іске қосылады.

370. Кабинаның стационарлық электр жарығын беретін құрылғысын орнатқанда, оған жүк тиегенде немесе түсіргенде ақау алына жол бермеу жағын қарастырылады.



7-тарау. Жүккөтеруі. Кабинаның сыйымдылығы
371. Лифтінің нақты жүк көтеруін алаңның ең пайдалы аумағын ескере отырып белгілеу қажет және төмендегі 1-кестеге сай болады.
1-кесте


Нақты жүк көтергіштігі (кг)

Кабинаның ең көп пайдалы аумағы (м2)

Нақты жүк көтергіштігі (кг)

Кабинаның ең көп пайдалы аумағы (м2)

1

2

3

4

1001

0,37

900

2,20

1802

0,58

975

2,35

225

0,70

1000

2,40

300

0,90

1050

2,50

375

1,10

1125

2,65

400

1,17

1200

2,80

450

1,30

1250

2,90

525

1,45

1275

2,95

600

1,60

1350

3,10

630

1,66

1425

3,25

675

1,75

1500

3,40

750

1,90

1600

3,56

800

2,00

2000

4,20

825

2,05

25003

5, 00

Ескертулері:

1) ең төменгісі лифтідегі бір адамға;

2) ең төменгісі лифтідегі екі адамға.

3) 2500 кг кейін келесі әр 100 кг 0.16 м 2 қосу керек. Екі аралық маңыздағы алаңға түскен жүктемені ұзындық интерполяция арқылы анықталады.

372. Кабинаға тиеу 10 % және одан көп жағдайда және нақты жүккөтергіштен асқанда кабинадан лифтіні немесе лифтіні басқаратын кнопкамен қабат алаңшаларынан жіберу мүмкіндігі жоққа тән. «Машина бөлмесінен басқару» режимінде кабинадағы жүк нақты жүк көтеру массасынан 25 % асса, лифтіні жіберу мүмкіндігі қарастырылады.

373. Кабинаның сиымдылығы жолаушылардың саны бойынша 2-кестедегі көрсеткіштерге сай белгіленеді немесе лифтінің нақты жүк көтеру мөлшерін 75 бөлу, алынған нәтижесін ең жақын бүтін санға дейін жинақтайды, 75 кг – бір жолаушының белгіленген салмағы.
2-кесте


Жолаушылар саны

Кабинаның ең төменгі пайдалы аумағы (м2)

Жолаушылар саны

Кабинаның ең төменгі пайдалы аумағы (м2)

1

0,28

11

1,87

2

0,49

12

2,01

3

0,60

13

2,15

4

0,79

14

2,29

5

0,98

15

2,43

6

1,17

16

2,57

7

1,31

17

2,71

8

1,45

18

2,85

9

1,59

19

2,99

10

1,73

20

3,13

Ескерту: 20 жолаушыдан кейін келесі әр жолаушыға 0,115 м 2 қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет