Лифтiлердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы



Дата08.07.2016
өлшемі231.58 Kb.
#185628
Лифтiлердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 3 наурыздағы № 172 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 24, 174-құжат


      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Лифтiлердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2010 жылғы 3 наурыздағы
№ 172 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Лифтiлердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық
регламентi

1. Қолданылу саласы

      1. Осы «Лифтiлердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) лифтiлерге және олардың тiршiлiк циклiнiң үдерiсiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.


      2. Осы Техникалық регламенттiң әрекетi: Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын лифтiлерге, лифтiлердiң қауiпсiздiгi құрылғысына; пайдалануға енгiзiлетiн лифтiлерге; қолданыстағы лифтiлерге; қызмет көрсету мерзiмi өткен лифтiлерге; осы Техникалық регламент қолданысқа енгiзiлгенге дейiн пайдалануға енгiзiлген лифтiлерге; пайдаланудан шығарылуға жататын лифтiлерге қолданылады.
      3. Осы Техникалық регламенттiң әрекетi тау-кен және көмiр өнеркәсiбi шахталарында, кемелерде және өзге де жүзетiн құралдарда, теңiзде барлауға және бұрғылауға арналған платформаларда, ұшақтарда және ұшатын аппараттарда орнатылған лифтiлерге қолданылмайды.
      4. Лифтiлердi бiрдейлендiру Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасы (бұдан әрi - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен, осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген, таңбалау және iлеспе құжаттар бойынша (өзiне нормативтiк және техникалық құжаттаманы қамтитын), белгiлерi мен өлшемдерi, жиынтығында айырып тану үшiн жеткiлiктi болатын көрсеткiштерi мен талаптары бойынша жүргiзiледi.
      5. Сақтануды қажет ететiн негiзгi қауiптi факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:
      1) лифтiлердiң қорғалмаған жылжымалы элементтерi;
      2) шу мен дiрiлдiң жоғары деңгейi;
      3) электр тiзбектегi кернеудiң қауiптi деңгейi және оның жолаушыларға, лифтiнiң қызмет көрсетушi персоналына, лифт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн құрылғыға әсер ету мүмкiндiгi;
      4) лифтiнiң өрт қауiптi және жарылыс қауiптi элементтерi;
      5) лифт кабинасын дайындау кезiнде улы материалдарды қолдану;
      6) қауiптiлiк өлшемдерi лифтiнi жобалау кезiнде анықталады және  жобалық құжаттамада көрсетiледi.
      Қатерлердi азайту жобалау, дайындау, монтаждау, сынау, пайдалану, жөндеу сатыларында жүзеге асырылуы тиiс.

2. Терминдер мен анықтамалар

      6. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамада белгiленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиiстi анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:


      1) бағыттаушылар - кабина, қарсы салмақ немесе теңгерiмдi жүк қозғалысын бағыттайтын конструкцияның қатты элементтерi;
      2) бiр жолғы дайындалған лифт (қауiпсiздiк құрылғысы) - бiр данада дайындалған жабдық
      3) буфер - жылжып келе жатқан кабинаның кабина (қарсы салмақпен) ең шеткi жұмыс жағдайына ауысқан кезде жарақат алу немесе жабдықтың сыну қаупiн төмендететiн деңгейге дейiн баяулау көлемiн шектеуге арналған құрылғы;
      4) диспетчерлiк бақылау құрылғысы - лифт жұмысын қашықтықтан бақылауға және диспетчермен байланыста болуды қамтамасыз етуге арналған техникалық құрал;
      5) жұмыс алаңы — лифт шахтасында стационарлы орнатылған және лифт жабдықтарын жөндеу мен оларға қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындайтын персоналды орналастыруға арналған құрылғы;
      6) жылдамдықты шектегiш - кабина (қарсы салмақ) ұстағыштарын кабина қозғалысы (қарсы салмақ) жылдамдығы белгiленген мөлшерден артқан кезде әрекетке келтiруге арналған құрылғы;
      7) қауiпсiздiк гидроаппараты - гидроцилиндрмен тығыз байланысты және кабинаның құлауының алдын алуға арналған гидравликалық құрылғы;
      8) қызмет көрсету аймағы - осы жабдыққа қызмет көрсететiн персонал орналасатын лифт жабдықтарымен қатар бос алаң
      9) лифт - ғимараттар мен құрылыстарда бiр деңгейден екiншiсiне тiк бағытқа қисаю бұрышы 15о артық болмайтын қатты бағыттаушы бойымен қозғалатын кабинада адамдарды және (немесе) жүктердi тасымалдауға арналған құрылғы;
      10) лифт қауiпсiздiгiнiң құрылғысы - лифтiнi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге арналған техникалық құрал;
      11) лифтiнi жаңғырту - пайдаланудағы лифтiлердiң техникалық деңгейi мен қауiпсiздiгiн Техникалық регламентте белгiленген деңгейге дейiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар;
      12) лифт паспорты - дайындаушы, лифтiнi дайындау мерзiмi мен оның зауыттық нөмiрi туралы мәлiметтердi, негiзгi техникалық деректердi және лифт пен оның жабдықтарының сипаттамаларын, қауiпсiздiк құрылғылары туралы, лифтiнiң тағайындалған қызмет көрсету мерзiмi туралы мәлiметтердi құрайтын құжат;
      13) лифтiге техникалық қызмет көрсету - лифтiнi пайдалану кезiндегi жұмысқа қабiлеттiлiгiн және оның қауiпсiздiгiн сүйемелдеу жөнiндегi операциялар кешенi;
      14) лифтiнi жартылай техникалық куәландыру - құрылымына өзгерiстер енгiзген немесе лифт желiсiн және (немесе) механизмiн ауыстырған кезде пайдаланудағы лифт сәйкестiгiн бағалау;
      15) лифтiнi кезеңдi техникалық куәландыру - пайдаланудағы лифтiнi техникалық жағдайын бағалау;
      16) лифтiнi пайдалану - тағайындалуы бойынша пайдалануды, қарауды, техникалық қызмет көрсетудi, лифтiнi жөндеудi қамтитын тiршiлiк айналымының сатысы;
      17) лифтiнi пайдалануға енгiзу - лифтiнiң тағайындалуы бойынша пайдалануға дайындығын және құжаттамалық ресiмделуiн тiркейтiн оқиға;
      18) лифтiлердiң типтi өлшемдi қатарының типтi өкiлi - техникалық құжаттамасы сындарлы шешiмдердiң бiркелкiлiгiн сақтау мен қауiпсiздiктiң ұқсас құрылғысын пайдалану шартында осы Техникалық регламент талаптарын орындау туралы лифтiлердiң типтi өлшемдi қатарына кiретiн ақпараты бар лифт;
      19) лифтiнi толық техникалық куәландыру - жөнделген лифтiнiң сәйкестiгiн бағалау;
      20) атаулы жылдамдық - лифт қауiпсiздiгiнiң барлық параметрлерiнiң сақталуы қамтамасыз етiлетiн жылдамдық
      21) өрт кезiнде өрт сөндiрушiлердi тасымалдауды қамтамасыз ететiн лифт (өрт сөндiрушiлерге арналған лифт) - адамдарды құтқару, тұтану ошақтарын табу мен сөндiру жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн өрт сөндiрушiлердi ғимараттардың (құрылыстардың) қабаттарына көшiрудi қамтамасыз ететiн жолаушы лифтi;
      22) пайдаланылатын қауiпсiздiк талаптары - лифтiнiң (қауiпсiздiк құрылғысы) тағайындалуы мен оны пайдалану шарттарын ескере отырып анықталатын сақталуы мiндеттi қауiпсiздiк талаптары;
      23) ұстағыштар — жылдамдық белгiленген шамадан жоғарылаған кезде кабинаны (қарсы салмақты) бағыттаушыларда жетектiң тартқыш элементтерi үзiлген немесе жылдамдықты тоқтатуға және ұстап тұруға арналған құрылғы;
      24) шахта есiгiнiң құлпы - шахта есiгiн жабуға арналған құрылғы.

3. Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары

      7. Лифтiлер, егер осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес болмаса және адам денсаулығына, өмiрi мен қоршаған ортаға залал тигiзуi мүмкiн болса, нарықта сатылмайды.


      8. Нарыққа түсетiн және Қазақстан Республикасында пайдалануға берiлетiн лифтiлер тұтынушы құжаттамада белгiленген талаптарды орындаған кезде, дайындаушы белгiлеген барлық пайдалану мерзiмi iшiнде қауiпсiздiк талаптарына жауап беруi тиiс.
      9. Лифтiлердiң тұтынушыларына iлеспе құжаттамада көрсетiлген толық және анық ақпарат ұсынылады.
      10. Iлiспе құжаттама мыналарды қамтуы тиiс:
      1) лифт паспорты;
      монтаждау сызбасы;
      схема элементтерiнiң тiзбесi және жалғанулардың монтажды электр схемасы бар принциптi электр схемасы;
      лифт сертификатының көшiрмесi, өртке қарсы есiктер және лифтiнiң басқа элементтерi;
      лифтiнi қолдануға рұқсаттың көшiрмесi;
      2) пайдалану жөнiндегi нұсқаулық, құрамында:
      лифтiнiң қысқаша сипаттамасы;
      лифтiнi қауiпсiз пайдалану талаптары мен шарттары;
      кезек сайын қарау жүргiзу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, лифтiнi техникалық диагностикалау тәртiбi;
      адамдарды кабинадан қауiпсiз шығарудың әдiстемесi;
      жылдам тозатын бөлшектердiң тiзбесi бар;
      3) лифтiнiң қызмет мерзiмi туралы нұсқау:
      монтаждау жөнiндегi нұсқаулық
      қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар ведомосi - лифтiге тапсырыс берушi оны жеткiзуге келiсiм-шарт жасау кезiнде анықтайтын, жеткiзiлiм жиынтығына енгiзiлуi мүмкiн, қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, керек-жарақтар және материалдар туралы мәлiметтердi құрайтын ведомость;
      лифтiнi жеткiзу жиынтығына енгiзiлген, iске қосуды реттеу жұмыстарына арналған қосалқы бұйымдар жиынтығының ведомосi;
      лифтiмен қоса берiлетiн құжаттамалар тiзбесi.
      Лифтiлер, оның iшiнде басқа елдерден жеткiзiлетiн лифтiлер мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi құжаттамамен жасақталуы тиiс.
      11. Әр лифтiнiң «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысының талаптарына сәйкес жүргiзiлетiн айырымдық таңбасы болуы тиiс.
      12. Лифтiлердiң, жекелеген жинақтау бiрлiктерiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде анық және өшiрiлмейтiн таңбасы болуы тиiс.

4. Лифтiлерге қойылатын қауiпсiздiк талаптары

      13. Лифт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн лифтiнi жобалау, дайындау, монтаждау, пайдалану және кәдеге жарату кезiнде қорғаныс құрылғылары, лифтiнiң тағайындалуын есепке алумен қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн бұғаттау көзделуi тиiс.


      14. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн мынадай жалпы талаптар орындалуы тиiс:
      1) лифтiнiң сипаттамалары осы Техникалық регламентке 2-қосымшада белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс;
      2) лифтiнiң шахтасында машиналық, блоктық үй-жайында және орнатылған лифт жабдығы пайдаланушылар мен бөтен адамдарға тiкелей қолжетiмдi болмауы тиiс;
      3) пайдаланушылар мен бөтен адамдарды лифт жабдығының жылжитын бөлiктерiмен соқтығысу нәтижесiнде жарақат алудан (кесiлу, жаншылу, жарақаттану және дене зақымдары) қорғау бойынша шаралар көзделуi тиiс;
      4) егер шахта есiгi ашық немесе жабылмаған болса, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуге арналған есiк, авариялық есiк, қарау және авария люктерiнiң қақпағы, кабина есiгi жабылмаған болса, кабина қозғалысын тоқтататын немесе болдырмайтын қорғаныс құрылғылары, бұғаттау көзделуi тиiс. Бұл талап кабинаның қабат алаңына жақындаған кезiнде автоматты есiктердi алдын ала ашуға және лифт конструкциясында көзделген тиеу/босату кезiнде кабинаның қабат алаңы деңгейiне дейiн жету режимiне қолданылмайды;
      5) кабинаны персоналдың бақылауымен ауыстырумен немесе кабинаны ауыстырмай эвакуациялау тәсiлдерiмен тоқтап қалған кабинадан адамдарды эвакуациялау мүмкiндiгi көзделуi тиiс;
      6) пайдаланушылар мен өзге адамдар үшiн қол жетiмдi лифт жабдығының адамдарға қауiп төндiруi мүмкiн бұдырлы беттерi болмауы тиiс;
      7) адамдарды тасымалдауға арналған кабинада оның iшiнде электр желiсiнде бөгелiс кезiнде жарықтандыруды қамтамасыз ететiн құралдар көзделуi тиiс;
      8) лифт жабдығы лифтiнi пайдалану болжанатын климаттық, сейсмикалық жағдайларға сәйкес болуы тиiс;
      9) ғимараттың (құрылыстың) қабаттық және шахтаға жанасатын алаңдарынан және кабинадан адамдардың шахтаға құлауын болдырмау жөнiндегi шаралар көзделуi тиiс;
      10) лифтiнiң есiк саңылауының мөлшерi кабинаға және одан қабат алаңына қауiпсiз кiру мен шығуды, кабинаға қауiпсiз тиеудi және босатуды қамтамасыз етуi тиiс;
      11) қабат алаңының табалдырықтары мен кабиналары арасындағы көлденең және тiк арақашықтық кабинаға қауiпсiз кiру мен одан шығуды қамтамасыз етуi тиiс;
      12) кабина мен шахта конструкциясының элементтерi арасындағы арақашықтық кабина қабат алаңы аймағында болғанда, шахта мен кабина есiктерi ашық кезде шахтаға адамның кiрiп кету мүмкiндiгiн болдырмауы тиiс;
      13) кабина және (немесе) шахта есiктерiнiң автоматты жабылатын қозғалысы кезiнде адамның немесе заттың жаншылу күшiн жарақат алу қаупiн төмендететiн шекке дейiн болдырмау немесе азайту жөнiндегi шаралар көзделуi тиiс;
      14) кабина, аспа және (немесе) кабина тiрегi, оларды бекiту элементтерi лифтiнi пайдалану және сынау кезiнде туындайтын жүктемеге төзiмдi болуы тиiс;
      15) адамдарды тасымалдауға арналған лифт кабинасы кезекшi персонал үшiн үй-жаймен екi жақты сөйлесетiн байланыспен жабдықталуы тиiс;
      16) қалыпты жұмыс режимiнде артық тиелген кабинаның iске қосылуын болдырмайтын шаралар көзделуi тиiс;
      17) кабинаның шеткi жұмыс жағдайы шегiнен (қабат алаңынан) тыс кетуiн шектейтiн құрылғылар көзделуi тиiс;
      18) төмен қозғалған кезде кабинаның бастапқы жылдамдықтан артық кету шамасын болдырмайтын құрылғылар көзделуi тиiс;
      19) тежеуiш құрылғылар, ұстауыштар мен буферлер олар iске қосылған кезде жарақат алу немесе жабдықтың сыну қаупiн төмендететiн шекке дейiн кабинаның баяулауын шектеуi тиiс;
      20) адамдар тасымалдауға арналған лифт кабинасының желдеткiшi болуы тиiс;
      21) жабдықтарға қызмет көрсетуге арналған жұмыс аймақтарының техникалық қызмет көрсету, жөндеу жөнiндегi жұмыстарды және лифтiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де техникалық iс-шараларды қауiпсiз орындауды қамтамасыз етуi тиiс;
      22) персоналдың лифт жабдықтарына қауiпсiз кiруi қамтамасыз етiлуi тиiс;
      23) персоналдың шахтадағы жұмыс алаңына және (немесе) кабина төбесiне қауiпсiз кiруi мен одан шығуы қамтамасыз етiлуi тиiс;
      24) шахтадағы жұмыс алаңы және (немесе) кабина төбесi онда жүрген персоналдың салмағын көтеруi тиiс;
      25) шахтадағы және (немесе) кабина төбесiндегi персоналдың жұмыс алаңынан құлау қаупiн төмендететiн шаралар көзделуi тиiс;
      26) техникалық қызмет көрсетудi жүргiзу кезiнде тоқтату және персоналдың кабина қозғалысын басқаруы үшiн басқару пультi көзделуi тиiс. Персоналдың шахта арқылы өтуi қажет болған кезде кабинада жөндеу және қызмет көрсету персоналының қозғалысын басқару және кабинаны тоқтату үшiн басқару пультi көзделуi тиiс. Көрсетiлген басқару пультi пайдаланушылар мен бөтен адамдар үшiн қолжетiмдi болмауы тиiс;
      27) лифт бөлiктерiнiң бақыланбайтын қозғалысы кезiнде лифт шахтасындағы персоналдың жарақаттануын болдырмауға арналған шаралар көзделуi тиiс;
      28) лифт жабдықтарының элементтерiмен белдiкпен, шкивтермен, блоктармен, қозғалтқыштың шығыңқы бiлiгiмен, тегершiктермен, жұлдызшалармен, олардың қозғалысы кезiнде жетектi шынжырлармен персоналдың жарақаттануын болдырмау жөнiндегi шаралар көзделуi тиiс;
      29) қызмет көрсету аймағын жарықтандыру көзделуi тиiс;
      30) пайдаланушылардың, өзге де адамдар мен персоналдың лифтiнi басқару аппараттарына ықпал еткен және (немесе) лифтiнiң металл құрылымдарына жанасқан кезде электр қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар көзделуi тиiс;
      31) кабина жоқ қабат шахтасының есiгi ашылғаннан кейiн тұрғын үй қоры ғимаратында орнатылған лифтiде, кабинаның iске қосылуын болдырмау үшiн шаралар көзделуi тиiс;
      32) шахта есiктерiнiң отқа төзiмдiлiк шегi ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес белгiленедi;
      33) ғимаратта (құрылыста) өрт қаупi туындаған кезде жолаушылардың кабинадан қауiпсiз шығып кету мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн шаралар көзделуi тиiс;
      34) кабина купесiнiң конструкциясында пайдаланылатын жанғыштық, тұтанушылық, түтiндеуге қабiлеттiлiк, жалын таратушылық, жану кезiнде улылық көрсеткiштерi бойынша өрт қауiптiлiктiң туындау қатерiн төмендететiн материалдар қолданылуы тиiс.
      15. Кабинадағы дыбыс деңгейi белгiленген қозғалыс кезiнде мыналардан аспауы тиiс:
      1) барлық типтi және түрдегi жолаушы және жүк қозғалыс-жолаушы лифтiлерi үшiн 55 дБА-дан артық емес;
      2) өндiрiстiк ғимараттарда жолаушылар лифтiлерi үшiн 70 дБА-дан артық емес.
      16. Кабинадағы дыбыс деңгейi барлық типтi және түрдегi жолаушы және жүк жолаушы лифтiлерi үшiн есiктердiң ашылуы және жабылуы кезiнде 60 дБА-дан артық болмауы тиiс.
      17. Кабина еденiнiң дiрiлдi жылдамдығы белгiленген қозғалыс кезiнде 0,06*10-2м/с артық болмауы тиiс.
      18. Мүгедектер мен халықтың әл-ауқаты төмен тобы үшiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн лифтiде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн мынадай талаптар орындалуы тиiс:
      1) кабина мөлшерi, кабина мен шахта есiктерiнiң ойығы кабинадан қауiпсiз кiрiп-шығуды, сондай-ақ кабинада кресло-арба пайдаланушыны жайғастыруды қамтамасыз етуi тиiс;
      2) кресло-арба пайдаланушыны алып жүрушiсiз тасымалдауға арналған лифт кабинасы мен шахтаның есiктерi автоматты түрде ашылуы және жабылуы тиiс;
      3) лифт кабинасы орналасуы кабина мен басқару құрылғыларына пайдаланушының қол жеткiзуiн жеңiлдететiн, тым болғанда бiр тұтқамен жабдықталуы тиiс;
      4) кабина табалдырығы мен қабат алаңы арасындағы көлденең және тiк арақашықтық кресло-арба пайдаланушының кабинаға қауiпсiз кiрiп-шығуын қамтамасыз етуi тиiс;
      5) лифт кабинасы мен қабат алаңындағы сигнал беру және басқару құрылғысының конструкциясы және оны орналастыру мүгедектер мен халықтың әл-ауқаты төмен басқа да тобына қауiпсiздiктi және қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуi тиiс;
      6) көрсетiлген лифт сипаттамалары осы Техникалық регламентке 2-қосымшада белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      19. Өрт кезiнде өрт сөндiрушiлердi тасымалдауды қамтамасыз ететiн лифтiде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн мынадай талаптар орындалуы тиiс:
      1) лифт кабинасының мөлшерi мен жүк көтергiштiгi өрт сөндiрушiлердi өртпен күресуге арналған және (немесе) өрт кезiнде адамдарды құтқаратын құралдармен тасымалдауды қамтамасыз етуi тиiс;
      2) басқару және дабыл беру жүйелерi өрт сөндiрушiлердiң лифт жұмысын тiкелей басқаруымен қамтамасыз етуi тиiс. Лифтiнi басқарудың басқа режимдерi сөндiрiлген болуы тиiс;
      3) лифтiнi басқару режимi, онымен топтық басқару жүйесiмен бiрiктiрiлген басқа лифтiлердiң жұмысына тәуелсiз қамтамасыз етiлуi тиiс;
      4) лифт кабинасы мен негiзгi тиеу-босату (тағайындалған) қабатында кабинаның орналасқан орны мен оның қозғалысының бағыты туралы көзбен шолу ақпараты қамтамасыз етiлуi тиiс;
      5) отқа төзiмдiлiк деңгейi ғимараттардың (үй-жайлардың) өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес белгiленетiн, лифтiлер шахталарының есiктерi өртке қарсы болуы тиiс;
      6) өрт сөндiрушiлердi қабат арасында тоқтап қалған кабиналардан шығару шаралары көзделуi тиiс;
      7) көрсетiлген лифт сипаттамалары осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетiлген арнайы талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      20. Ғимаратта, құрылыста орнатылуға арналған лифт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, оның қауiпсiздiгiне әсер ететiн лифтiлiк жабдықтың қасақана бұзылуы мүмкiн жағдайында мынадай талаптар орындалуы тиiс:
      1) кабина купесiн қоршайтын конструкция, сондай-ақ қабырға, төбе және еден қаптамасы оларды қасақана зақымдау немесе жағу қатерiн төмендететiн материалдардан жасалуы тиiс;
      2) басқару, дабыл беру құралдары, кабина мен қабат алаңын жарықтандырудың конструкциясы болуы және қасақана бұзу немесе жағу қатерiн төмендететiн материалдардан орындалуы тиiс;
      3) шахтаны тұтас қоршау көзделуi тиiс;
      4) машиналық, блоктық үй-жайдың есiктерi, приямка есiктерi, машиналы үй-жайсыз лифтiнi басқару құрылғысының есiктерi (қақпақтары) ашылғаны туралы дабыл бергiш көзделуi тиiс;
      5) көрсетiлген лифтiнiң сипаттамалары осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетiлген арнайы талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      21. Диспетчерлiк бақылау құрылғысына қосылуға арналған лифтiде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн келесi талаптар орындалуы тиiс:
      лифтiден диспетчерлiк бақылау құрылғысына оның жұмысы туралы келесi ақпараттарды беру мақсатында дабылды алып тастау үшiн мүмкiндiк қарастырылуы тиiс:
      қауiпсiздiктiң электр тiзбегiнiң iске қосылуы туралы;
      есiктердiң рұқсат етiлмей ашылуы туралы;
      машиналы үй-жайсыз лифтiнi басқару құрылғысы есiктерiнiң (қақпақтарының) ашылуы туралы.

5. Пайдалану және пайдаланудан шығару кезiнде лифтiге
қойылатын талаптар

      22. Лифтiнi пайдалану кезiнде мынадай талаптар орындалуы тиiс:


      1) лифт лифтiмен қоса берiлген пайдалану жөнiндегi құжаттамаға сәйкес қаралуға, техникалық қызмет көрсетуге, жөнделуге және жетiлдiрiлуге тартылуы тиiс;
      2) лифтiнiң жетiлдiрiлуi жоба бойынша жүргiзiлуi тиiс;
      3) техникалық қызмет көрсету, жөндеу және лифтiнi жетiлдiру лифт иесiнiң лифт қызметiмен және (немесе) мамандандырылған лифт ұйымымен жүзеге асырылуы тиiс.
      Лифтiнi қарау немесе диспетчерлiк бақылау құрылғысы арқылы лифтiнi бақылау лифт иесiнiң лифтiлiк қызметiмен және (немесе) пайдаланатын және (немесе) мамандандырылған лифт ұйымымен жүргiзiледi;
      4) лифтiнi лифт паспортында дайындаушы көрсеткен пайдалану мерзiмi өткеннен кейiн пайдалануға рұқсат берiлмейдi.
      23. Лифтiнiң атаулы жүк көтергiштiгi ең үлкен пайдалы алаңға байланысты белгiленуi және осы Техникалық регламентке 3-қосымшаның 1-кестесi деректерiне сәйкес болуы тиiс.
      24. Кабинаның сыйымдылығы осы Техникалық регламентке 3-қосымшаның 2-кестесi деректерiне сәйкес, жолаушылардың саны бойынша немесе лифтiнiң атаулы жүк көтергiштiк шамасын алынған нәтиженi 75 санына келесi бүтiн санға дейiн жуықтай дөңгелектеп бөлумен анықталуы тиiс, мұндағы 75 кг - бiр жолаушының алынған салмағы.
      25. Лифт лифт иесiнiң лифтiлiк қызметiнiң персоналымен және (немесе) пайдаланатын және (немесе) мамандандырылған лифт ұйымымен:
      1) толық техникалық куәландыруға - монтаждан кейiн;
      2) кезеңдi техникалық куәландыруға - кемiнде 12 айда бiр рет;
      3) iшiнара техникалық куәландыруға:
      қауiпсiздiк құрылғыларын ауыстырғаннан немесе орнатқаннан;
      редукторды, арқан жетектi шкивтi, тежегiш құрылғыны, тарту арқандарын ауыстырғаннан немесе жөндегеннен;
      принциптi электр схемасын ауыстырғаннан;
      басқару шкафын (құрылғысын) ауыстырғаннан кейiн тартылады.
      26. Пайдаланудан шығару кезiнде мынадай талаптар орындалуы тиiс:
      1) пайдаланудан шығару үшiн лифтiнi бөлшектеу мамандандырылған лифт ұйымымен жүргiзiлуi тиiс. Лифтiнi бөлшектеу кезiнде және бөлшектеуден кейiн пайдаланушылар мен бөтен адамдардың машиналық, блоктық үй-жайға, шахта мен лифт кабинасына қол жетiмдiлiгiн болдырмайтын шаралар қабылдануы тиiс;
      2) лифтiнi пайдаланудан шығару және оны бөлшектеу туралы ақпарат персоналға хабардар етiлуi және лифт шахтасы есiгiнiң маңындағы қабат алаңында орналастырылуы тиiс;
      3) қайтадан пайдалануға арналмаған бөлшектелген жабдықтар пайдаланудан шығарылуы тиiс.

6. Сәйкестiктi растау

      27. Сәйкестiктi растау «Сәйкестiктi растау рәсiмдерi» техникалық регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысының талаптарына, сондай-ақ осы Техникалық регламент және пайдалану саласына лифтiлер қатысты басқа да техникалық регламенттер талаптарына сәйкес және мiндеттi сертификаттау нысанында жүзеге асырылады.



7. Техникалық регламенттiң қолданысқа енгiзiлу мерзiмдерi
мен шарттары

      28. Осы Техникалық регламенттiң талаптарын орындау үшiн қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар мен мемлекеттiк органдардың өз құзыретi шегiнде қалыптастырылатын өзге де құжаттары техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген тәртiпте үйлестiрiлуге тиiс.


      29. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өз нормативтiк құқықтық актiлерiн осы қаулымен бекiтiлген Техникалық регламентке сәйкес келтiрудi, сондай-ақ олардың бейiмделген енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
      30. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Техникалық регламентке


1-қосымша       

Осы Техникалық регламенттiң талаптары қолданылатын өнiмдер
тiзбесi

ҚР СЭҚ ТН коды

Өнiмнiң атауы

8428

Жүк көтеруге, алып өтуге, тиеуге немесе түсiруге арналған машиналар мен құрылғылар:

8428 10

— лифтiлер:

8428 10 200 0

— электрмен басқарылатын

8428 10 800 0

— өзгелерi

8431 31 000 0

— лифтiлердiң

8431 39

— өзгелерi:

Техникалық регламентке
2-қосымша   

Лифт сипаттамаларына және қауiпсiздiк құрылғыларына
қойылатын талаптар

1. Сипаттамаларға қойылатын жалпы талаптар

      1) жұмыстың пайдалану режимi кезiнде адамдарды тасымалдауға рұқсат берiлген лифт кабинасының автоматты түрде тоқтауының дәлдiгi ± 0,035 м шегiнде болуы тиiс;


      2) шахта есiктерi, кабина есiктерi, кабина купесiнiң қабырғалары 15 мм артық емес серпiмдi өзгерумен, кез келген нүктеде тiк бұрыш астына төселген оларды 5 см2 шеңбер немесе шаршы алаң бойынша бiркелкi бөлiнген 300 Н-қа тең жүктемеге төзiмдi болуы тиiс. Бұл жағдайда қалдық өзгерiсiне жол берiлмейдi;
      3) адамдарды тасымалдауға рұқсат етiлген шахта және лифт кабинасы есiктерiнiң жарыққа шығатын саңылау биiктiгi 2,0 м кем болмауы тиiс;
      4) механикалық жетектi шахтаның автоматты есiгiнiң жабылуын болдырмау үшiн қажеттi күш 150 Н-тан артық болмауы тиiс.
      Шахта есiгiнiң кинетикалық энергиясы және онымен қатты байланысты элементтер, есiктердiң жабылатын жақтауларының автоматты реверсирленуi қарастырылғанда немесе есiк ойығында болғанында кедергiге әсер етуiне дейiн жабылудың орташа жылдамдығы кезiнде 10 Дж артық болмауы тиiс.
      Реверс болмаған кезде шахта есiгiнiң кинетикалық энергиясы және онымен қатты байланысты элементтер жабылудың орташа жылдамдығы кезiнде 4 Дж артық болмауы тиiс. Жоғарыда аталған талаптар шахта және кабина есiктерi өзара кинематикалық байланысқан конструкцияларға қолданылады;
      5) адамдарды тасымалдауға рұқсат етiлген лифт кабинасы купесiнiң еденiнен конструкциясының төбесiне дейiнгi биiктiгi 2,0 м кем болмауы тиiс.
      Бұл ретте конструкциялық төбеден төмен қарай 0,05 м-ге дейiн шығыңқы элементтер (қабырға шам плафоны, сәндiк элементтер) есептелмейдi;
      6) кабинадан шахта есiгiнiң ашылу аумағында болған пайдаланушыларды еркiн шығару мүмкiндiгi көзделген лифтiде шахта есiктерiн ашу күшi 50 Н-тан кем және 300 Н-тан артық болмауы тиiс;
      7) баяу тежелу ұстағыштарына немесе буферге атаулы жүгi бар кабинаны орнату кезiндегi орташа баяулау шамасы - 9,81 м/с2 артық, жедел тоқтату ұстағыштарына - 25,0 м/с2 артық болмауы тиiс. Баяушамасы оның 0,04 с-тан аспайтын уақыт жағдайында әсерiнде 25,0 м/с2 артық болмауы тиiс;
      8) лифтiлер электр жабдықтарының ток өткiзгiш бөлiктерi ауыспалы токтың 42 В артық және тұрақты токтың 60 В артық кернеуiнде болғанда жанасудан қорғалған, сақтандырғыш жазбаларымен белгiленген және арнайы таңбасы болуы тиiс;
      9) лифтiнi басқару, тiзбегiн қоректендiру, жарықтандыру, тасымалданатын аспапты қосуға арналған розетка, желдеткiш, екi жақты сөйлесу байланысының кернеуi 250 В артық болмауы тиiс.
      Тасымалданатын лампа розеткалары тiзбегiнiң қоректену кернеуi 42 В артық болмауы тиiс;
      10) кабина қозғалысын жұмыстың пайдалану режимi кезiнде барынша көп жылдамдату (азайту) үлкендiгi мыналардан артық болмауы тиiс:
      адамдарға арналған жолаушылар лифтiлерi және жүк тасымалы лифтiлерi үшiн - 2 м/с2;
      емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жолаушылар лифтiлерi үшiн - 1 м/с2.
      Кабинаның шұғыл тоқтаған кезiнде орташа баяулау шамасы 9,81 м/с2 артық болмауы тиiс;
      11) лифт шахталарының өртке қарсы есiктерiнiң отқа төзiмдi шегi болуы тиiс.

2. Мүгедектер мен халықтың әл-ауқаты төмен тобы үшiн
қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн лифтiлердiң
сипаттамаларына қойылатын талаптар

      1) шахта және кабина есiктерi саңылауының жарыққа шығатын енi 800 мм кем болмауы тиiс;


      2) қол жетектi кресло-арбаны пайдаланушы мүгедектердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге арналған үшiн кабина өлшемдерi 1000 мм х 1250 мм (кабина енi х тереңдiгi) кем болмауы тиiс;
      3) шахта мен кабина есiктерiнiң толық ашылу сәтiнен жабыла бастауына дейiнгi уақыт ұзақтығы 2-20 с шамасында реттелуi тиiс;
      4) лифт кабинасының қабат алаңы деңгейiнде тоқтауының дәлдiгi ± 20 мм шегiнде болуы тиiс;
      5) кабинаның жарықтандырылуы кабина еденi деңгейiнде және басқару аппараттарында 100 люкс-тен кем болмауы тиiс.

3. Өрт кезiнде өрт сөндiрушiлердi тасымалдауды қамтамасыз
ететiн лифтiлердiң (өрт сөндiрушiлерге арналған лифт)
сипаттамасына қойылатын талаптар

      1) өрт сөндiрушiлерге арналған лифт шахталары есiктерiнiң отқа төзiмдiлiк шегi ЕI 60 төмен болмауы тиiс.


      Жалпы шахтада өрт сөндiрушiлерге арналған лифтiлердiң басқа жолаушылар лифтiлерiмен орналасуы кезiнде шахтаның осы жолаушылар лифтiлерi есiктерiнiң отқа төзiмдiлiк шегi ЕI 60 төмен болмауы тиiс;
      2) кабина мен шахтаның есiк саңылауының енi өрт сөндiрушiлер үшiн 800 мм кем болмауы тиiс;
      3) құтқарылатын адамдарды зембiлде немесе кереуетте тасымалдауды қамтамасыз ететiн өрт сөндiрушiлерге арналған лифтiлер кабинасының едендерi 1100 мм х 2100 мм кем емес өлшемдi болуы тиiс;
      4) лифт кабинасын ауыстыру м/с жылдамдығы Н/60, мұндағы Н - кабинаны көтеру биiктiгi метрде, формуласы бойынша анықталатын үлкендiктен кем болмауы тиiс;
      5) өрт сөндiрушiлерге арналған лифтiнiң жүк көтергiштiгi 630 кг-дан кем болмауы тиiс;
      6) өрт сөндiрушiлерге арналған лифтiнiң кабина шатырында жүккөтергiштiгi 630 кг лифтiлер үшiн 0,4 м х 0,5 м кем емес және жүккөтергiштiгi 1000 кг және одан артық лифтiлер үшiн 0,5 м х 0,7 м кем емес өлшемде люк жабдықталуы тиiс.

4. Ғимаратта, құрылыста орнатылуға арналған, оның
қауiпсiздiгiне әсер ететiн лифтiлiк жабдықтың қасақана
бұзылуы мүмкiн лифт сипаттамасына қойылатын талаптар

      1) шахта мен кабина есiктерi автоматты түрде көлденең ысырылатын болуы тиiс;


      2) шахта мен кабина есiктерi бекiту элементтерiн қоса, сондай-ақ кабина қабырғасы конструкция элементтерiнiң мен бұзылмауымен жеңiл соққы үшiн маятникпен сыналуға және есiктердiң қалыпты әрекетiне кедергi келтiретiн қалдық деформацияға төзiмдi болуы тиiс. 45 ± 0,5 кг салмақты жеңiл маятниктiң құлау биiктiгi мынадай болуы тиiс:
      бiркелкi төмен әрекеттерге ұшырататын лифтiлер үшiн - 700 мм;
      бiркелкi күштi әрекеттерге ұшырататын лифтiлер үшiн - 1000 мм;
      3) бiркелкi күштi әрекеттермен зақымдалған лифтiлер үшiн қабат алаңы жағынан шахтаға кiрудi болдырмайтын диаметрi 10 мм цилиндр құралы көзделуi тиiс;
      4) басқару түймесi, басқару постылары және дабыл беру құрылғылары 0,2 м биiктiктен құлайтын, бiркелкi күштi әрекеттерге ұшырататын лифтiлер үшiн және 1,0 м биiктiктен құлайтын, баяу бүлдiру әсерiне ұшырататын лифтiлер үшiн салмағы 1,0 кг соғу құрылғысының қатты бүлдiру әсерiнен сыналуы тиiс;
      5) басқару түймесi, басқару постылары және дабыл беру құрылғылары 40 мм биiктiкте, баяу бүлдiру әсерiне ұшырататын лифтiлер үшiн 60 с ұзақтықта және қатты бүлдiру әсерiне ұшырататын лифтiлер үшiн 120 с ұзақтықта жалын тұтануға әсер ететiн тұрақтылыққа сыналуы тиiс;
      6) лифт кабиналары басқару және кабина еденi деңгейiнде аппараттарында жарықтандыруды кемiнде 100 люкс қамтамасыз ететiн стационарлы электр жарықтандыру жабдықтарының бүлдiру әсерiнен қорғалған болуы тиiс.

Техникалық регламентке


3-қосымша     

1-кесте


Лифтiнiң атаулы жүккөтергiштiгi

Атаулы жүккөтергiштiк (кг)

Кабинаның ең үлкен пайдалы алаңы (м2)

Атаулы жүккөтергiштiк (кг)

Кабинаның ең үлкен пайдалы алаңы (м2)

1

2

3

4

1001

0,37

900

2,20

1802

0,58

975

2,35

225

0,70

1000

2,40

300

0,90

1050

2,50

375

1,10

1125

2,65

400

1,17

1200

2,80

450

1,30

1250

2,90

525

1,45

1275

2,95

600

1,60

1350

3,10

630

1,66

1425

3,25

675

1,75

1500

3,40

750

1,90

1600

3,56

800

2,00

2000

4,20

825

2,05

25003

5,00

      Ескертпе:
      1. Бiр адамға арналған лифт минимумы.
      2. Екi адамға арналған лифт минимумы.
      3. 2500 кг-дан кейiн әрбiр келесi 100 кг 0,16 м2 қосу керек. Жүктеменiң аралық мәндерi үшiн алаң сызықтық интерполяция көмегiмен анықталады.

2-кесте


Кабинаның сыйымдылығы

Жолаушылар саны

Кабинаның ең кiшi пайдалы алаңы (м2)

Жолаушылар саны

Кабинаның ең кiшi пайдалы алаңы (м2)

1

0,28

11

1,87

2

0,49

12

2,01

3

0,60

13

2,15

4

0,79

14

2,29

5

0,98

15

2,43

6

1,17

16

2,57

7

1,31

17

2,71

8

1,45

18

2,85

9

1,59

19

2,99

10

1,73

20

3,13

      Ескертпе: 20 жолаушыдан кейiн әрбiр келесi жолаушыға 0,115 м2 қосу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет