«Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы



жүктеу 112.25 Kb.
Дата21.07.2016
өлшемі112.25 Kb.
ЖОБА

«Лисаков қаласы әкімдігінің

ветеринария бөлімі» мемлекеттік

мекемесі туралы ережені бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, «Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 7-1/273 бұйрығына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ереженің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 44 Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шараушылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қала әкімі А. Исмағұлов


«Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже


  1. Жалпы ережелер




  1. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар:

Лисаков қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық станция» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

  1. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, заңмен және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  2. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  3. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

  4. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  5. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

  6. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

  7. Ветеринария саласында жұмысын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің басшысы бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер болып табылады, ал өзге лауазымдық тұлғалар мемлекеттік ветеринариялық дәрігер болып табылады.

  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31.

  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі.

  10. Осы Ереже «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  11. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

  12. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 

Егер «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен табыстар әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттiң табысына жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

15. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің миссиясы: ветеринария саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауды жүзеге асыру.

16. Міндеттері:

1)халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

2)жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

3) ветеринариялық- санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

17. Функциялары:

1) жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;

3) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; 

5) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастырады;

6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуді ұйымдастырады;

7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;

8) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекітеді;

9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

10) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

11) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актілерін береді;

12) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады;

13) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;



15) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

16) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу; 

17) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру

18) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;

19) Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауын жүргізуін қамтамасыз ету;

20) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ведомствоның функциялары:

1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;

3) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;

4) ветеринариялық анықтама беру;

5) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша деректер базасын енгізу және одан көшірме беру;

6) Қазақстан Республикасының ведомствасына қойылатын өзге де функцияларды орындайды.

18. Құқықтары мен мiндеттерi:

1)мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін өз құзыреттілігі шегінде тиісті мемлекеттік басқару органдардан және өзге мемлекеттік органдардан, шаруашылық субъектілердің барлық меншік нысанындағы және басқа да ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне;

3) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;

4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.


3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

19. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің басшылықты  «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

20. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесінiң басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі басшысының өкiлеттiгi: 

барлық ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүдделерiн бiлдiредi және мемлекеттiк мекеменiң атынан сенiмхатсыз iс-әрекет етедi;

қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;

қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттерін және олардың жауапкершілік дәрежесін бөледі және бекітеді, бюджеттік қаражаттарды нысаналы пайдалануды қамтамасыз етеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

мемлекеттiк мекеменiң iссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердi оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;

мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiне көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;

заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк етедi;

өзiне заңдарда, осы Ережеде жүктелген және уәкiлеттi орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі басшының өкілеттіктерін орындау ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын басатын тұлға жүзеге асырады.


4. Мемлекеттiк органның мүлкi
22. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

«Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23.«Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.

24.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,  «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.



5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Лисаков қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



«Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жүргізуіндегі ұйымдардың және оның ведомствосындағы тізбесі
Лисаков қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық станция» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
_________________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет