Ұлытау облысы Сәтпаев қаласы Абай атындағы №4 лицей мектебі


) Асық ойнаудың тигізер пайдасы



бет3/4
Дата22.11.2023
өлшемі1.37 Mb.
#484156
1   2   3   4
Асық ұлттық ойын

2) Асық ойнаудың тигізер пайдасы



Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деп баға берiп, жоғары билiкке хат та жазған екен.

Мен өз сыныптастарыма «сен асық ойнайсың ба?» деген сауал қойып көрiп едiм, олардың жауаптары төмендегiдей болды.


25% - білеміз, 68 % - ойнап көрген жоқпыз және қалған 7 %- асық туралы ақпараттары жоқ екенін айтты
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді. Шетелден келген қымбат дәрі-дәрмекті сатып алғанша, балаға әр күні бір сағатты бөліп асық ойнатса, баланың жүйке жүйесі ауруынан айығатын болады. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Іске епті, жауапкершілігі мол жұмыскер шығады.. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, барлық бұлшық еттері қимылдайды. Онда йога мен биде қолданылатын позициялар қолданылады. Фитнес орталықтарына ақша төлеп барғанша, тегін аулада асық ойнаған пайдалырақ. Кү¬нде компьютер алдында отырып, буыны былжырап, толудың аз-ақ алдында тұрған адамдарға бір мезгіл асық ойнатса, құ¬рыш¬тай шынығар еді денелері. Сондай-ақ, баланы бәсекелестікке же¬телеп, та¬лап¬тылыққа тәрбиелейді. Қайт¬кен күн¬де де «ағаларымдай шебер ойнап, ұтам бәрін», – деп талпынады.



Ағаларымыздың асық ойнап журген көрінісі
Асықты тіпті жетіген аспабында да қолданады

3) Асық түрлерінің аталуы мен оны иіру


1 Түйе асығы – бунасын
2 Жылқы асығы – қидасап
3 Сиыр асығы – топай
4 Қой-ешкінікі – кеней
5 Киік асығы – кигат
6 Арқардың асығы – қоңқар
7 Қасқыр асығы – бунақ

Қасқыр асығы басқа малмен жоғарыда аталғандарға қарағанда екеу емес, төртеу болады. Артық екі аяғында екеуден, тек тәйке жағының бір жамбасы кем болады, бір қызығы ұялас үй иттерінде төртеу емес екі асық болады.





Асық иірудің өз атаулары бар



Асықты шиырып-шиырып иірсеңіз, ол сегіз түрлі жағдайда болады: алшы, тәйке, бүге, шіге, қыңжы, тоққа, омпы, шомпы болып жерде жатады, әрине көбінде бүгесі мен шігесі көп болады.





Асықты жерге иірген кезде төрт түрлі қалыпта түседі: алшы – асықтың тік тұрғандағы алшыға қарама-қарсы томпақтау жағы, бүк – асықтың шалқасынан жатқан томпақ беті, шік – бүкке қарама-қарсы асықтың етпетінен жатқан ойық жағы.
в)Асық ойынының түрлері
Асық ойынының түрлері: үш табан, алты атар, шық етер, хан, арқаласпақ, сақа атар, сасыр, құжтәйке, асық иіру, жаппай, шеңбер, омпа, қора, бес қақпай, алшы атар, құмар деп аталады.
Алты атарды алты адам ойнайды. Ол үшін асық ойнайтын алаңды алдымен сызып алады. Алаңның мөлшері алты табаннан 12 табан болып, алаң ортасында кенейлер тігіледі. Әр ойыншы біреуден тігеді.

Шық етерде көп бала ойнаса, өте қызықты болады. Түзу сызыққа қатар тігілген кенейлерді алыстан (бес-алты адам) кезектесіп атады.


«Хан» ойынын қыз-бозбалалар кешке қарай үйде отырып, киіздің үстінде ойнайды. Оған 21 асық керек. Ішінде ең жеңіл асығы киік асығы кигат болса, «хан» болады. Егер, «хан» омпа немесе томпа тұрса, ойынға қатысушылар барлық асықты талапайлап алады. Егер қыңжы болса «ханды» асық ортасына иіреді. Ойын үстінде асықтарды жүптегенде «хан»қалай жатса, солай жатқан асықтарды сұқ саусақпен шертіп отырып тисе ғана алады, бірнеше асық тиіп кетсе, ереже бұзылады.



Арқаласпақты екі бала ойнайды. Олар иіру арқылы кезек алысып, бірінің сақасын бірі атады. Егер сақа тисе әлгі баланы сол араға дейін арқалап апару керек. Бұл ойын көбінесе бір ауылдан екінші ауылға барғанда жолда ермек үшін ойналады.

4)Асық туралы өлең


Өткен ғасырдың басында асық туралы өлеңдер де болған. Бұл өлеңді наурыз мейрамында айтса болады.
Шеки алып қолыма,
Асық ойнап ләй-ләй
Мұнша бала таңқалып,
Тұрсақ ойнап ләй-ләй.
Кешке дейін асықты
Ойнап едік ләй-ләй.
Қызығына ойынның,
Тоймап едік ләй-ләй.
Осы асықпен жетілген,
Батырларым ләй-ләй.
Бұл асықты ойнаған
Ақындарым ләй-ләй.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет