Ұлытау облысы Сәтпаев қаласы Абай атындағы №4 лицей мектебі



бет2/4
Дата22.11.2023
өлшемі1.37 Mb.
#484156
1   2   3   4
Асық ұлттық ойын

Негізгі бөлім





1) Асық ойынының пайда болуы мен оның тәрбиелік мәні
Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында қолданылады.
Асық - қазақтың ықылымнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар,алтайлықтар да ойнады.

Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік ба¬сында орналасатын шымыр сүйек. Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық қасиетті саналады. Ба¬ласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні құрсақ сал¬ғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын деген¬ге саяды. Мысалы, менің есім кіргенде, біздің үйде әке-шешем жиған алпыс асық болған.


Жаугершілік заманда бабаларымыз соғыс стратегиясын, соққы беретін тұс¬ты асықты шашып жіберіп түсіндіріп, жос¬парлаған. Есі кірген қазақ ба¬лаларының ең алғаш ойнайтыны да осы – асық ойыны. Асықтың түр-түрімен балалар мен үлкендер де қызығып ойнаған (асықты қазіргі баспаларда балалар ойыны деп жүр). Бұл жөнінде көркем әдебиеттерде де мысалдар көп. Дәлел ретінде Ы.Алтынсариннің «Асан мен Үсен» әңгімесі [2, 53 б.]. Кезінде үлкендер бұл асықпен иіру арқылы шешілмеген дауларын шешіп ымыраға келген күндері болған.



Н. Жүсіп «Тутанхамонның асығы» мақаласында мысыр патшасы Тутанхамонның ойыншығы асық болағанын айта келе, «Асық ойнау – балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Әркім өз асығын қателеспей тауып үшін түрлі түске бояған. Балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық – кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Асықтарды қаз-қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады» . Сондай-ақ асық ойыны көз мергендігіне, қол буындарының икемді болуына баулиды.
Асықты ше¬бер ойнайтындар бір кенейді көздеп атқанда, сақасын түпте немесе одан кейін ататын кенейіне таман жібереді. Бұл – геометриялық есеп әрі ұқыптылық. Екінші асығын жақыннан атып алу үшін, ұту мақсатында. Оған бала күнімде, ауылда талай куә болғам. Әдіс жағынан келгенде, бұл қырын бильярд ойынымен ұштастыруға болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет