Литература и средства обучения 1 Основная литература



Pdf көрінісі
бет39/71
Дата02.01.2022
өлшемі327.26 Kb.
#453173
түріЛитература
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
ПРОПЕДЕВТИКА ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ И СЕСТРИНСКОЕ ДЕЛО В ТЕРАПИИ

Практическое занятие № 2

Совместно с преподавателем учащийся у постели больного осуществляет осмотр, 

пальпацию,  перкуссиию,  аускультацию  при  заболеваниях  органов  дыхания.  Дают 

оценку состояния больного. Принимают участие в работе пульмонологического от-

17

Ентігу. Пайда болу механизмі. Ентігудің физикалық күшпен байланысы. Тұншығу 



(жүрек демікпесі), пайда болу уақыты мен жағдайы, ұстаманың ұзақтығы жəне оны 

тоқтату.


Жүрек соғуы, жүректің шалыс соғуы. Жүректің шалыс соғуының себептері. Жүрек 

ырғағының бұзылуы (тұрақты, ұстамалы түрде), олардың ұзақтығы, диагностикалық 

мəні.

Қарап  тексеру.  Науқастың  қалпы,  терінің  түсі:  көгеру,  бозару,  беттің  шырайы, 



орталық жəне шеткі көгерудің айырмашылықтары.

Ісіну – пайда болу механизмі, орналасуы, таралуы, көрініс дəрежесі. Анасарка (жал-

пы ісік). Осы өзгерістердің диагностикалық мəні. Шеткі қан тамырларды қарап тексеру. 

Күретамыр соғысы, басқа тамырлардың соғысы. Веналардың ісінуі жəне соғысы. 

Жүрек тұсын қарап тексеру: жүрек дөңесі, жүрек ұшының жəне жүрек соғысы. 

Пальпация.  Жүрек  ұшы  соғысының  пальпациясы.  Сипаттамасы,  күші,  биіктігі. 

Систолалық жəне диастолалық дірілді анықтау. Диагностикалық мəні.

Перкуссия.  Жүректің  салыстырмалы  жəне  нақты  тұйық  дыбыс  шекараларын 

анықтау, тамыр шоғырының шекарасын анықтау. Жүрек конфигурациясын анықтау. 

Жүрек шекарасы өзгерістерінің диагностикалық мəні.

Аускультация.  Жүректі  аускультациялау  əдістері.  Науқасты  əртүрлі  жағдайда 

тыңдау, тыныс алудың əртүрлі фазаларында, тыныштық пен физикалық күш түсіре 

отырып  тыңдау.  Жүректі  тыңдау  нүктелері,  жүрек  қақпақшаларының  кеудедегі 

кескіні. Жүректі тыңдау реті. 

Жүрек аускультациясы кезінде қарынша систоласы мен диастоласының арасындағы 

айырмашылық.  Жүрек  тондары,  олардың  пайда  болу  механизмі.  Негізгі  тондар  (І 

жəне ІІ) жəне қосымша (ІІІ жəне ІҮ) тондар. Жүрек шулары. Пайда болу механизмі. 

Шулардың жіктемесі.

Шудың  жақсы  тыңдалатын  нүктелері.  Шудың  берілуі.  Функционалды  шудың 

органикалық шудан айырмашылығы. Перикардтың, плевроперикардтың үйкеліс шу-

лары. Диагностикалық мəні.

Қан  тамырлар  соғысы.  Самай,  күретамыр,  кəріжілік,  тізаасты  жəне  аяқбасының 

сырқы артерияларының соғысы. Кəріжілік артериясы соғысының мəні. Екі қолдағы 

қантамыр соғысының жиілігін, ырғақтығын салыстыру. Аритмия, қантамыр соғысы 

арқылы  анықтау.  Қантамырлар  соғысының  толықтығы,  кернеулігі,  көлемі,  форма-

сы.  Қантамыр  соғысының  тапшылығы.  Артериялық  қан  қысымын  (АҚ)  анықтау. 

Əдістемесі  мен  техникасы.  Систолалық,  диастолалық,  орташа  жəне  пульстік  АҚ. 

Артериялық гипертензия мен гипотензия туралы түсінік.

Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеудің қосымша əдістері.

Зенртханалық зерттеу əдістері. Ферменттердің белсенділігін талдау, жалпы бело-

кты, белок фракциясын, С реактивті белокты анықтау. Диагностикалық мəні. Холе-

стерин мен липопротеидтерді анықтаудың мəні.

Электрокардиография.  Электрокардиографияның  техникасы. 12 жалғамды  элек-

трокардиограмманы тіркеу (стандартты, кеуделік, бір полюсті). Қалыпты жағдайдағы 

ЭКГ.  ЭКГ  талдау.  Стенокардия  жəне  миокардттың  жіті  инфаркты  кезінде  ЭКГ-гі 

өзгерістер.  Фонокардиография.  Диагностикалық  мəні.  Жүректі  рентгенологиялық 




18

зерттеу. Зерттеудің радиоизотопты əдістері. Осы əдістердің диагностикалық мəні ту-

ралы түсінік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет