Лкция №1 1 Химия пәні


Химиялық байланыстардың бағыты және молекулалардың пішіндері



бет13/24
Дата25.01.2023
өлшемі1.12 Mb.
#468762
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Лекция об хим

Химиялық байланыстардың бағыты және молекулалардың пішіндері
Коваленттік байланыстардың белгілі бір бағыттары болады. Байланыстардың бағыттары әрекеттесетін электрондардың типтері мен атомдардың сандарына байланысты. АА немесе АБ типтес молекулалар. Бұл типке бірдей немесе әр түрлі атомдардан құралған және атомдардың арасында бір сигма байланысы бар молекулалар жатады. Мұндай сигма байланыстары екі s-электрон (s- s), екі р-электрон (р-р) немесе бір атомның бір s-электроны екінші атомның бір - р-электронымен (s- р) әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Мұндай байланыстар атомында бір s-электрон немесе бір р- электрон бар элементтер әрекеттескенде түзіледі. Сутек, бірінші негізгі топша элементтері, жетінші негізгі топша элементтері өзара әрекеттескенде бір сигма байланысты молекулалар түзіледі. Бұл молекулалардың пішіндері түзу сызық тәріздес болады. Оларға сутек ( ), хлорсутек (НCl), хлор (C ) м
олекулалары жатады (6 – сурет).
6 – сурет. ( ), хлорсутек (НCl), хлор (C ) молекулаларының түзілу схемасы

А2Б типтес молекулалар. Мұндай молекулалар Б атомының екі р-электроны мен екі А атомының s-электрондары әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Екі дара р-электрондар алтыншы негізгі топша элементтеріне тән. Оттек топшасы элементтерінің екі дара р-электрондарының орбитальдары өзара 90° бұрыш жасай қиылысады (7-сурет).
7 – сурет. Алтыншы негізгі топша элементтерінің екі дара электрондарының р-орбитальдарының пішіні

Алтыншы негізгі топша элементтерінің екі дара р-электрондары s-электрондармен әрекеттескенде түзілетін молекулалардың пішіндері бұрыш тәріздес болады.Мысал ретінде судың молекуласын келтіруге болады (8-сурет).
8 – сурет. Бұрыш тәріздес су молекуласының түзілу схемасы
Сутек атомдарының өзара тебілуі нәтижесінде р-орбитальдары- ның арасындағы бұрыш 90°-тан 105°-қа дейін үлкейеді. А3Б типтес молекулалар. Бұлар Б атомының үш дара р-электрондарымен үш А атомының s-электрондары әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Үш дара р-электрондар бесінші негізгі топша элементтерінде болады. Азот топшасы элементтерінің үш дара электрондарының р-орбитальдары кеңістікте бір-бірімен үшбұрышты пирамида тәріздес болып қиылысады (9-сурет).


9
– сурет. Бесінші негізгі топша элементтерінің үш дара электрондарының р – орбитальдарының пішіні

О
лар 5-электрондармен әрекеттесіп молекулалар түзеді. Бұл молекулалардың пішіндері де пирамида тәріздес болады. Мысалы, аммиак молекуласында үшбұрышты пирамиданың төбесінде азот, ал оның үшбұрышты табанының бұрыштарында сутек орналасады (10-сурет).
10 – сурет. Үшбұрышты пирамида тәріздес аммиак молекуласының түзілу схемасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет