1.2 Негізгі түсініктер мен химия заңдары
Атом молекулалық ілімнің негізгі қағидаларын толық мойындайтын XIX ғасырдың орта кезінде жүзеге асты. 1860 жылы болған дүниежүзі химиктерінің I-съезінде атом және молекулалардың нақты анықтамалары берілді.
Атом химиялық қосылыстардағы элементтердің ең кіші бөлшегі.
Атом дегеніміз –оң зарядты ядродан және саны сол оң зарядты теңгеретін электрондардан тұратын нейтрал бөлшек.
Молекула дегеніміз- осы заттың химиялық қасиеттерін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі.
Молекулалары бір элементтің атомдарынан тұратын заттарды –жай заттар деп атайды. Жай заттарға H2, CІ2 ,Na, O2, N2 , Ғе, т. б. жатады. Бір элементтің бірнеше жай заттар түзуін аллотропиялық құбылыс дейді.
Молекулалары әртүрлі элементтің атомдарынан тұратын заттарды –күрделі заттар деп атайды. Мысалы; CuO, H2SO4 , КОН, НСІ т.б.
Күрделі заттарға барлық оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар және толып жатқан органикалық қосылыстар мысал бола алады.
Атомның ең маңызды көрсеткіштерінің бірі оның массасы. Атомдардың шамасы өте кішкентай шама. Мысалы: сутек атомының массасы 1,67* кг, оттектікі 26,60* кг, көміртегі 19,93* . Сондықтан атомдардың салыстырмалы массаларын пайдаланады.
1961 жылы халықаралық келісім бойынша массаның атомдық бірлігі ретінде атомдық массасы 12 –ге тең көміртек изотопы массасының 1/12 бөлігі қабылданды. Көміртек ( С-12 ) атомы массасының 1/12 бөлігі массасының атомдық бірлігі (м.а.б) деп аталады. 1 массаның атомдық бірлігі (1а.м.б.) 1,66* кг тең.
Ar(O)=26,60* /1,66* =16; Ar(H)=1,67* /1,66* =1; Ar(C)=19,93* / 1,66* =12
Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз сол элемент атомы массасының көміртек атомы массасыныкі 1/12 бөлігінен немесе массасының атомдық бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан.
Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз сол зат молекуласы массасының 1 массасының атомдық бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан.
Салыстырмалы молекулалық массаны (Mr) табу үшін молекула құрамына кіретін барлық атомдардың массаларын қосу керек.
Mr ( = 27*2+32*3+16*12=342.
Осыған сәйкес молекулалық массасы 342*1 м.а.б. =342 м.а.б.
Моль –зат мөлшерінің өлшемі. Моль деп көміртек изотопының (12С) 0,012 килограмында қанша атомдар болса, құрамында сонша құрылыстық бірліктері (атомдар, молекулалар, иондар) болатын заттың мөлшерін айтады. Көміртектің 0,012 кг-да 6,02* атомдар болатынын зерттеулер анықталған. Заттың 1 молінде 6,02* бөлшек болады. Бұл санды Авогадро саны деп атайды. Заттың 1 моль мөлшерінің массасы молярлық масса деп аталады, оны г/моль немесе кг/моль көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |