NH4NO3= N2O+ 2H2O
Диспропорциялық тотығу-тотықсыздану реакциялары жүргенде тотығу дәрежелерi бiрдей бiр элементтiң атомдары әрi тотықсыздандырғыш, әрi тотықтырғыш қызметiн аткарады. Мысалы, қыздырғанда калий хлоратынын бiреулерi электрондарын берiп жiберiп калий перхлоратына, ал екiншiлерi электрондар қосып алып калий хлоридіне айналады:
3KCIO3+KCIO3= 3KCIO4+KCI¹-
Аса маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар
Тотықтырғыштарга электрондар қосып алатын металеместердiң нейтрал атомдары (мысалы, Cl2, О2, S), активтiгi темен металдардың иондары (Ag+, Cu2+, Hg2+, Au+) және элемент жоғарғы тотығу дәрежелерін көрсететін металдар мен металеместердің күрделі аниондары (MnO4, Cr2O3, NO2, CIO3 т.б.) жатады.
Практикада кеп қолданылатын аса манызды тотықтырғыштарға галогендер (Cl2, Вr2, I2, F2), оттек О2, озон О3, калий перманганаты КМnО4, марганец (IV) оксиді МnО2, калий дихроматы K2 Cl2O7, калий хроматы К2СrO4, хром (VI) оксиді CrO3, калий хлораты КсlO3, калий гипохлориты КСlО, кальций гипохлориты (хлорлы известь) Ca(ClO)2, азот қышқылы HNO3, концентрлі күкірт қышкылы Н2SО4, мыс (II) оксиді CuO, күмiс (1) оксиді Ag2О. қорғасын (IV) оксиді РbО, т. б. жатады. Тотықсыздандырғыштарға электрондарын беріп жіберетін металдар мен металл еместер атомдары және кейбiр төменгi зарядты металл иондары (Fe2+, Sn2+) жатады. Аса маңызды тотықсыздандырғыштарға кернеу қатарында сутектен бұрын орналасқан металдар, сутек Н, көміртек С, көмiртек (II) оксиді, күкіртсутек H2S, галогенсутектер, аммиак т. б. жатады. Кейбiр қосылыстар реакцияның жүру жағдайларына карай тотықсыздандырғыш та, тотықтырғыш та бола алады. Бұларга мысал ретiнде күкiрттi қышқыл Н2SО3, және оның тұздарын, азотты қышқыл және оның тұздарын, сутек пероксиді Н2О2 және оның тұздарын (Na2O2, ВаО2) келтiруге болады. Бұл заттар күшті тотықтырғыштармен тотықсыздандырғыш ретiнде, ал күшті тотықсыздандырғыштармен тотықтырғыш ретiнде әрекеттеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |