Бойль-Мариотт заңы. Бұл жағдайда (қысым және көлем тұрақты) болғанда берілген газдың мөлшері оның қысымына кері пропорционал болады.
PV-const, P2/P 1= V1/V2
Гей-Люссак заңы. P-const – бұл жағдайда газ көлемінің өзгерісі температураға тура пропорционал. V1/T1 = V2/T2
Менделеев-Клапейрон теңдеуі. Осы екі заңнан Менделеев идеал газ үшін мынадай теңдеу шығарды. Бұл заң газдардың көлемі, қысымы, температура байланысын көрсетеді. Сондықтан бұл заң біріккен газ заңы деп те аталады.
P *V/T = P0 * V0/T0 P0 * / = R немесе 1 моль газ үшін
P *V = R *T бірнеше моль газ үшін P*V = n *R*T n- моль саны;
n = m / M ; M- молекулалық салмақ
PV=m/M*RT;
M=m*R*T/PV
Лекция № 2
Заттың құрылысы және периодтық заң
Атомның күрделі бөлшек екендігін ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ашылған ірі жаңалықтар дәлелдеді.
1. Электролиз кезінде атомнан электрон бөліну немесе қосылу арқылы химиялық процестер жүру нәтижесінде оң және теріс иондар түзіледі.
2. Катод сәулесі
3.Радиоактивтілік
Радиоактивтілік элементті қорғасын қорапқа салып электр өрісіне қойсақ, бір сәуленің оң полюске, екінші сәуленің теріс полюске, ал үшінші сәуленің ешқайда бұрылмайтынын анықтайды. Оң полюске тартылған сәуленің заряды теріс, яғни электрондар ағымы болып табылады, оны β - сәулесі дейді. Теріс полюске тартылған сәуленің заряды оң, ол гелий атомының ядросы Не болып табылады, α сәулесі дейді. Ешқайда бұрылмай тура кететін сәулені γ деп атайды.
1.3 Атом құрылысы жайында алғашқы теориялар
1903 жылы ағылшын ғалымы Дж.Томсон атом құрылысының электрондық иондық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша атом оң зарядты сфера тәрізді бөлшек, оның ішінде оң зарядты теңестіріп тұратын теріс зарядты электрон орналасқан. Электрон да, сфера да үздіксіз тербелісте болады.
1911 жылы ағылшын ғалымы Резерфорд атом құрылысының ядролық теориясын ұсынды. Ол тәжірибесіне сүйене отырып, келесі атом құрылысын ұсынды. Атомның ортасында оң зарядталған ядро орналасқан, оның айналасында әртүрлі орбита бойынша электрондар үздіксіз қозғалып жүреді, атомның массасы түгелдей ядрода, ядро мөлшері атомға қарағанда 100000 есе аз. Протондар мен нейтрондардан тұратын атом ядросы – оң зарядталған бөлшек, ол теріс зарядталған электрондармен қоршалған.
1913 жылы ағылшын ғалымы Мозли ретген сәулелерінің спектрін зерттей отырып, элементтің рет номері мен рентген сәулелерінің толқын ұзындығы арасында тәуелділік бар екенін тапты.
Атом қасиеті, олардың химиялық қосылыстар түзуге қабілеті атомдардың электрондық құрылымымен анықталады. Өлшемі кіші, массасы үлкен атом ядросын атом массасы жинақталған бөлшек ретінде есептеп, әдетте, химияда атом айналасында қозғалатын электрондар жүйесі қарастырылады. Атомдағы электрон қозғалысын классикалық механика және электродинамика тұрғысынан сипаттау мүмкін емес, себебі шеңбер бойынша қозғалатын зарядталған бөлшек электромагниттік толқын сәулелерін шығарып, энергиясын жоғалтып, ядроға құлауы керек. 1912 ж. дат физигі Н. Бор бұл мәселені қозғалыс кезінде электрондар энергия шығармайтын стационар орбиталар көмегімен шешуді ұсынды.
Дат ғалымы Нильс Бор 3 постулатын ұсынды:
1. электрон ядроны кез келген орбитамен емес , оның энергиясына сай тұрақты орбита бойымен айналады (стационар орбитада айналғанда энергия бөлінбейді немесе сіңірілмейді)
2. электрон бір стационар орбитадан екінші стационар орбитаға өткен кезде энергия бөлінеді не сіңіріледі.
3. энергия үздіксіз емес, тек белгілі бір порция-квант түрінде бөлінеді не сіңіріледі.
Атомның электрон күйі туралы қазіргі кездегі көзқарас
Зерттеулер классикалық механика заңдылықтарына өте ұсақ бөлшектердің (ядро,электрон) бағынбайтынын көрсетті. Мұны кванттық механика түсіндірді.
Кванттық механиканың мәні - микробөлшектердің толқындық және бөлшектік қасиеті болатынын мойындатуда. Атомдарда электрон бөлшектік және толқындық қасиет көрсетеді.Электрон ядроны толқын түрінде бірде жақындап, бірде алыстап белгілі бір толқын ұзындық және жиілікпен айналып отырады. Ол толқын сияқты қозғалып ядро айналасында электрондық бұлт түзеді.Оның ядродан белгілі бір қашықтықта тығыздығы жоғары болады.
Атом құрамындағы бөлшектер
Бөлшектің аталуы
|
Символ
|
Заряд,
салыст бірлік
|
Тыныштық масса
|
|
кг
|
Массаның атомдық
бірлігі
|
протон
|
р
|
+1
|
1,673* 10-27
|
1
|
нейтрон
|
n
|
0
|
1,675*
|
1
|
электрон
|
е
|
-1
|
9,109*
|
0,0005486
|
Достарыңызбен бөлісу: |