K. + F: =K+ :F:-
Қос электронның құрамына кірген бір электронынан айырылып қалғандықтан калий бір оң зарядты ионға айналады: Қозғалыс e = Калийдің бір электронын өзіне қосып алып, фтор атомы бір теріс зарядты ионға айналады: F°+ё= Калийдің оң ионы мен фтордың теріс ионы бірін-бірі тартып калий фторидын түзеді: K+ +F = KF. Екі атомның арасындағы қос электронның сол атомдардың біреуіне толықтай көшуінің нәтижесінде түзілген иондар арасындағы химиялық байланысты иондық байланыс деп атайды. Иондық байланыс арқылы түзілген қосылыстарды иондық қосылыстар дейді. Иондық қосылыстар натрий хлориды (NaCl), кальций сульфиды (CaS), мыс (II) оксиді (CuO), магний нитриді (Mg3N2) т. б. жатады. Иондық қосылыстардың қайнау және қату температурасы жоғары болады, балқығанда электр тогін өткізеді.
1.6 Кванттық теория тұрғысынан қарағандағы химиялық байланыс
Кванттық теория тұрғысынан химиялық ковалентті байланыс түзілу үшін екі атомның орбитальдары белгілі мөлшерге дейін бір-бірімен жақындасып, бірімен-бірі қаптасады. Осының нәтижесінде екі атомның ядроларының арасында молекулалық орбиталь түзіледі және бұл молекулалық орбитальдың тығыздығы жеке атомдар орбитальдарының тығыздығынан жоғары болады. Мұндай теріс зарядтардың тығыздығының артуы екі ядро мен молекулалық орбитальдың арасындағы тартылыс күшін күшейтеді, яғни химиялық байланыстың беріктігін арттырады.
Сонымен молекула түзілу үшін атомдардың орбитальдары бірімен-бірі қаптасып молекулалық орбиталь немесе химиялық байланыс түзеді және осының нәтижесінде энергия бөлініп шығады да, химиялық байланыстың беріктігі немесе молекуланың тұрақтылығы артады. Мысал ретінде сутек молекуласының түзілуін қарастырайық. Сутек атомының орбиталының радиусы 0,053 нм. Егер молекула түзу үшін сутек атомдарының орбитальдары бір-бірімен қаптаспай, тек жанасып қана тұрса, молекула- лардағы атомдардың ядроларының арақашықтығы 0,053×2 = 0,106 нм болар еді (1-сурет).
Бірақ атомдардың орбитальдары бірімен-бірі қаптасатындықтан молекуладағы (H2) ядролардың ара қашықтығы 0,076 нм болады (1-сурет).
1 – сурет. Сутек молекуласының түзілу схемасы
Атомдардың орбитальдарының бірімен-бірі қаптасуының нәтижесінде екі ядроның арасында түзілген молекулалық орбитальдар сигма (ƍ), пи (л)-байланыстары болып бөлінеді. Атомдардың электрон орбитальдарының бірімен-бірі қаптасуының нәтижесінде түзілген ковалентті химиялық байланыс сол атомдардың ядроларының арасын байланыстыратын белдеу с ызығының бойында жатса,оны сигма (ƍ) байланысы дейді (2-сурет).
2 – сурет. ƍ байланыстарының түзілу схемасы
Атомдардың электрон орбитальдарының бірімен-бірі қаптасуы нәтижесінде түзілген ковалентті химиялық байланыс сол атомдардың ядроларын байланыстыратын белдеу сызығына тік бұрыш жасай жатса, оны пи (п) байланысы дейді (3-сурет).
3 – сурет. π байланыстарының түзілу схемасы
Сигма байланысы түзілгенде атомдардың электрон орбитальдары бірімен-бірі көбірек қаптасатындықтан ƍ -байланыстары π-байланыстарына қарағанда мықтырақ болады.
Химиялық байланыстың түзілуін графикалық жолмен де көрсетуге болады. Егер сыртқы қабаттарында спиндері қарама-қарсы бір-бірден электрондары бар А және Б элементтерінің атомдары әрекеттессе, олардың арасында қос электрондық байланыс түзіледі. Осының нәтижесінде А және Б атомдарынан АБ молекуласы түзіледі. Бұл айтылғандарды жалпы түрде былай көрсетуге болады:
4 – сурет. Молекулалардың түзілуі
А және Б атомдары бір элементтің де, әр түрлі элементтердің де атомдары болуы мүмкін. Мысал ретінде сутек, азот және кремний карбиді молекулаларының түзілу схемаларын келтірейік:
5 – сурет.Сутек, азот және кремний карбиді молекулаларының түзілу схемалары
Достарыңызбен бөлісу: |