Лкция №1 1 Химия пәні


Донорлы-акцепторлы және сутекті байланыс



бет15/24
Дата25.01.2023
өлшемі1.12 Mb.
#468762
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Лекция об хим

1.8 Донорлы-акцепторлы және сутекті байланыс

Донорлы-акцепторлы байланыс дайын молекулалардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Молекуланың біреуіндегі атомның дайын қос электроны болады - ол донор, ал екінші молекуладағы атом орбиталі бос болады - ол акцептор. Мұндай екі молекула жақындасқанда, донор өзінің дайын қос электронын береді, ал акцептор қос электронды өзінің бос орбиталына қабылдайды. Осының нәтижесінде донор мен акцептордың арасында қос электронды байланыс түзіледі. Мұндай байланыстың түрін донорлы - акцепторлы байланыс дейді.


Мысал ретінде аммиак пен хлорсутектің әрекеттесуі нәтижесінде аммоний хлоридының түзілу реакциясын келтіруге болады.
N +HCl=N Cl

Молекулалардағы электрондарды көрсету арқылы донорлы- акцепторлы байланыстың түзілу схемасын қарастырайық:
17 – сурет. Донорлы- акцепторлы байланыстың түзілу схемасы
Схемадан көрініп отырғанындай аммиактағы азот пен сутек ионының арасындағы қос электрондық байланыс тек азоттың дайын жұп электронының есебінен түзіледі. Бұл жұп электронды түзуге сутек қатыспайды, ол өз орбиталына оларды қабылдайды. Сонымен қос электронын ортақ пайдалануға берген азот донор, оларды қабылдаған сутек ионы акцептор, ал түзілген байланыс донорлы - акцепторлы болады. Құрамында донорлы-акцепторлы байланысы бар қосылыстарды комплекс қсоылыстар дейді.

Сутекті байланыс. Бұл типті байланыс түзуге химиялық қосылыстардағы сутек қатысады. Полюсті бір молекуладағы сутектің полюсті екінші молекуладағы электртерістігі басым элементке тартылуы арқылы түзілетін химиялық байланысты сутекті байланыс дейді. Мысал ретінде су молекулаларының арасында түзілетін сутекті байланысты қарастырайық. Су молекуласындағы сутектің электртерістігі кем, оттектің электртерістігі басым болғандықтан олардың арасындағы қос электрондар оттекке қарай ауысып полюсті молекула түзіледі. Молекуланың оттек жағы теріс, сутек жағы оң зарядты болады:
18 – сурет. Молекулалардың түзілуі

Судың осындай полюсті молекулалары бір-бірімен кездескенде бір молекуладағы оң зарядты сутек атомы екінші молекуладағы теріс заряды бар оттектің дайын жұп электрондарына тартылып сутекті байланыс түзеді:
19 – сурет. Сутекті байланыстың түзілуі
Сутекті байланыс көп нүктелер арқылы көрсетілген. Сутекті бай таныс кәдімгі химиялық байланыстардан әлсіз болады. Сутекті байланыстың үзілу энергиясы 5-8 ккал/моль, ал ковалентті байланыстардың үзілу энергиясы шамамен 30-100 ккал/моль мөлшерінде болады. Сутекті байланыстың түзілуі, заттардың қасиеттеріне әсер етеді, олардың қайнау, балқу температураларын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет