2H2+ = 2H2O
NaOH + HCІ = NaCІ+H2O
CH4 + 2O2 = CO2+ 2H2O.
Қандай жолмен алынса да су молекуласының құрамында 11,2% сутек, 88,8% оттек болады.
Эквивалеттер заңы
Элементтің химиялық эквиваленті дегеніміз сутек атомдарының 1 молімен қосылатын немесе осы мөлшерін қосылыстан ығыстыратын мөлшерін айтады.
Эквиваленттік масса дегеніміз заттың 1 эквивалентінің г/мольмен алынған массасы. Эквиваленттік массаның Э, атомдардың массасының (А) және элементтің валенттілігінің (В) арасындағы байланысты мына формула көрсетеді. Э = A/B,
ЭNa=23 г/моль/1=23г/моль ;
ЭCa= 40 г/моль /2 = 20 г/моль.
Еселік қатынас заңы
Егер екі элемент бір-бірімен өзара бірнеше химиялық қосылыстар түзсе, онда бір элементтің массасы осы қосывлыстардағы екінші элементтің массаларына бүтін сандар ретінде қатынасады.
Мысалы, О , NО, , N ,
Бұл оксидтерде азоттың бір массалық бөлігіне мынадай оттектің массалық бөлігі келеді: 0,57; 1,14; 1,71; 2,28; 2,85
Мұнда, оттектің массалық бөліктері , өзара бүтін сандар болатыны көрініп тұр. 1, 2, 3, 4, 5
Эквиваленттер заңы былай айтылады: заттардың өзара әрекеттесетін мөлшерлері олардың химиялық эквиваленттеріне тура пропорционал болады.
Мысалы: сутек атомдарының 1г/молі натрийдің 23г/молімен, сутек атомдарының 2г/молі натрийдің 46г/молімен әрекеттеседі. Эквиваленттер заңы атом –молекулалық ілімге сәйкес келеді. Кез келген элементтің белгілі атомы басқа элементтің белгілі атом сандарымен қосылатындықтан, ал әрбір атомның массасы тұрақты болғандықтан, олардың реакцияға қатысатын массалық мөлшерлері де тұрақты, эквивалентті болады.
Авогадро заңы. 1811 жылы итальян физигі А. Авогадро реакцияласушы газдардың көлемдерінің арасындағы қарапайым қатынасты түсіндіру үшін өзінің ғылыми жорамалын ұсынды.
Бірдей жағдайдағы (бірдей температура мен қысымда) әртүрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны да бірдей болады.
Авогадро заңынан мынадай салдар шығады: бірдей жағдайда әртүрлі газдардың бірдей молекулалары бірдей көлем алады. Авогадро заңы идеал газдар мен төменгі қысымдағы және жоғарғы температурадағы реал газдар үшін қолданады. Сонымен, кезкелген газ молі қалыпты жағдайда 22,4л көлем алады.
=N*M1, m2=N*M2, m1/m2 = N*M1/ N*M2 немесе m1/m2 = M1/M2;
Достарыңызбен бөлісу: |