Лкция №1 1 Химия пәні


Атом – электронейтрал бөлшек



бет6/24
Дата25.01.2023
өлшемі1.12 Mb.
#468762
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Лекция об хим

Атом – электронейтрал бөлшек. Ядроның оң заряды оны айналып қозғалатын электрондар зарядтарының қосындысымен бейтараптанады.Атомдағы электрон санына протондар санына сәйкес, ядро зарядына тең. Атомның қазіргі анықтамасы:
Атом –оң зарядталған ядро мен теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек.
Электрон бұлты – ядро айналасындағы кеңістікте электрондардың болу ықтималдығы көп аймақ. Электрон бұлтын атом орбиталі деп те атайды.Атом орбиталі ұяшық түрінде белгіленеді.
Элементтердің химиялық қасиеттерін зерттеу, атомда электрондарьэнергиялық деңгейлерде (орбитальдар) орналасатынын көрсетті.Электронның атомдағы күйін 4 квант сандары сипаттайды.
n – бас квант саны
l- орбиталь квант саны
m– магнит квант саны m
ms - спин квант саны
Бас квант саны
1. Бас квант саны n.-е-ның ядродан қашықтығын,энергиясын анықтайды,яғни энергиялық деңгейін анықтайды. Нақты санмен және әріппен белгіленеді. n
n 1 2 3 4 5 6 7
Деңгей белгісі K L M N O P Q
Деңгей саны артқан сайын электрондық энергиясы да жоғарылайды.
1 деңгейде (n=1)е энергиясы ең төмен n-периодты жүйедегі период нөміріне сәйкес келеді.
2. Орбиталь квант саны l
Ол е-ның энергиялық күйін және пішінің көрсетеді.

Бас

квант санын байланысты оның мәні 0-ден n-1дейін өзгеріп отырады.



1

2

3

4

5

6



1.4 Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және элементтердің
периодтық жүйесі
Д.И .Менделеевтің периодтық жүйесі

XIX ғасырдың екінші жартысында алпыстан астам химиялық элементтер ашылып , олардың қасиеттері және ол элементтердің қосылыстарының қасиеттері зерттелді. Осындай толып жатқан материалдарды бір жүйеге келтіру қажет болды. Көптеген ғалымдар элементтерді жүйеге келтіруге тырысты. Мысалы, неміс ғалымы И.Деберейнер қасиеттері ұқсас үш элементтің ортаңғысының атомдық массасы екі шеткісінің атомдық массаларының орташа арифметикалық мөлшеріне тең екенін айтты. Ағылшын ғалымы Д.Ньюленде элементтерді атомдық массаларының өсу ретімен орнастырғанда жеті элементтен соң сегізіншіден бастап химиялық қасиеттері қайта қайталанатынын байқап, оны октава заңы деп атады. Неміс ғалымы Л.Мейер элементтерді атомдық массаларының өсу ретімен орналастырып ұқсас элементтердің алты тобын жасады. Бірақ аталған ғалымдар элементтердің ұқсас топтарын жасап бір –бірінен жеке қарап, олардың арасындағы ішкі байланысты аша алмады. Сондықтан олар ұқсас және ұқсас емес элементтердің топтарын сипаттайтын теориялық шолу жасай алмады.


Элементтерді жүйеге келтіру мәселесін орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев (1834-1907) шешті. Ол 1869 жылы периодтық заңды ашып, 1871жылы анықтамасын берді және сол заңның негізінде элементтердің периодтық жүйесін жасады. Элементтерді жүйеге келтірудің негізі етіп олардың атомдық массаларын алды.
Д.И.Менделеев сол кезде белгілі химиялық элементтерді атомдық массаларының өсу ретімен бір қатарға орналастырып, олардың қасиеттері белгілі бір элементтердің санынан кейін қайтадан қайталап отыратынын байқады .Элементердің қасиеттерінің өзгеруін және периодты түрде өзгеруін литийден кальцийге дейінгі элементтер қатарынан көруге болады.Элементтің астына атомдық массасы мен жоғары оксидінің формуласы жазылған:
Li Be B C N O F Na Mg Al Si P
7 9 11 12 14 16 19 23 24 27 28 31
Li2O BeO B2O3 CO2 N2O5------------Na2O MgO Al2O3 SiO2 P2O5
S Cl K Ca…….
32 35,5 39 40
SO3 Cl2O7 K2O CaO.....
Келтірілген элементтер қатарында литийден фторға дейін металдық қасиет біртіндеп кеміп, метал еместік қасиет артады және элементтердің қосылыстарындағы валенттілігі бірден беске дейін өседі. Фтордан кейін келетін элемент натрийдің қасиеттерінің фтордан ерекше айырмашылығы бар, бірақ өзінің касиеттерi жағынан литийге ұксас. Атомдық массаларының өсу ретіне карай натрийден хлорға дейiн тағы да металдық қасиет бiрте- бiрте кеміп металл еместiк қасиет арта береді. Хлордан кейін келетін элемент калий тағы да литий мен натрийдің қасиеттері қайталайды.т.т Сөйтіп Д.И.Менделеев элементтердің қасиеттерінің өзгеруі олардың атомдық массаларының өсуіне тәіуелді екеніне дәлелдеп , периодтық заңға мынадай анықтама берді. Жай заттардың қасиеттері, сондай-ақ олардың қосылыстарының пiшiндерi мен қасиеттері элементтердiң атомдық массаларының шамасына периодты түрде тәуелді болады.
Қасиеттерi ұқсас элементтердi бiрiнiң астына бiрiн орналастыру нәтижесiнде шыққан тiк қатарларды Д. И. Менделеев топтар деп атады. Сілтілік металмен басталып нағыз металл емеспен аяқталатын горизонталь элементтер катарын периодтар деп атады. Барлық периодтарды бiрiнiң астына бiрiн орналастырып Д. И. Менделеев элементтердiң периодтық жүйесi деп аталатын кестесін жасады. Периодтық жүйені жасауда Д. И. Менделеев элементтердің атомдық массаларын негізге алумен қатар, олардың қасиеттерін де ескеріп отырды. Кейбiр жағдайларда кестедегі элементтердің атомдық массалары өсу ретімен орналасу тәртібі бұзылғаны байқалады. Мысалы, теллурдын атомдық массасы йодтан ауыр болса да, оны йодтан бұрын, қасиеттері ұқсас элементтермен бiрге, алтыншы топқа орналастырған.
Д. И. Менделеев периодтық жүйені жасауда көптеген қиыншылыктарға кездесті. Себебі ол кезде көптеген элементтер ашылмаған едi, кейбір элементтердiң қасиеттері, кейбiреулерiнiң атомдық массалары дұрыс аныкталмаған еді. Д.И. Менделеев өзi ашқан периодтық заңнын объективтiк шындықты бейнелейтiндiгiне толық сендi және заңнын графикалық көрінісі болатын кесте аркылы кейбiр элементтердiң атомдық массаларын түзедi. Кейбiр ашылмаған элементтердiң табиғатта бар екенiн және олардың қасиеттерiн сипаттап жазды. Ол ашылмаған элементтерге экабор, экаалюминий, экасилиций деп ат беріп, кестеден оларға арнап орын қалдырды. Д. И. Менделеев элементтердiң қасиеттерін болжауда кестедегi сол элементтi қоршаған төрт элементтiң қасиеттерiн негiзге алды. Мысалы, магнийдің атомдық массасы өзін қоршаған төрт элементтiң атомдық массаларының орташа арифметикалық шамасына тең, яғни:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет