Логика – ойларымызды белгілі бір ретпен – мұқият және батыл түзуі­мізге көмектесетін ережелерге қатысты ғылым. Логика ғылымы ойлау ережелерін қашан және қалай қолдануымыз қажеттігін анықтайды. Метафизика


Гоплит – гректің ауыр қару-жарақ асынған жаяу әскері. Негізінен, дәулетті тап өкілдері, себебі гоплиттер өздерін-өзі жабдық­тауы тиіс болған. Демон



бет5/9
Дата22.10.2022
өлшемі33.16 Kb.
#463216
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін»

Гоплит – гректің ауыр қару-жарақ асынған жаяу әскері. Негізінен, дәулетті тап өкілдері, себебі гоплиттер өздерін-өзі жабдық­тауы тиіс болған.
Демон – бұрыс іс жасағанда іштен үн қататын дауысқа Сократтың берген атауы.
Дельфилік сәуегей – Дельфиде гректер үшін маңызы зор Аполлон құдайының ғибадатханасы орналасқан. Осындағы абыз-әйел өзіне Құдай жіберген хабарларды адамдарға жеткізіп отырған
Мәдени бастаулар
Сократтың жастық шағында Афина өзінің байлығымен, жоғары даму деңгейімен және қуаттылығымен даңқы шықты. Афинаның саяси құрылымы демократиялық болды, қаланы әлеуметтік белсенді ақсүйектер басқарды. Халық барлық дау-дамайды түрлі соттарда шешті. Судьялар жеребе бойынша сайланды, сондықтан шешен сөйлеудің маңызы өте зор еді. Б.з.д. V ғасырда адамдарды иландыру өнерін насихаттаған жиһанкез ұстаздардан. құралған ерекше әлеуметтік топ аса танымал болды. Олар софист – жастарды саяси өмірге дайындайтын кәсіби оқытушы ретінде белгілі еді. Софистер өз шеберлігін кейде белден баса отырып та қолдана алатын. Жалпы алғанда, олар дінге, моральдық қағидаларға немесе өмірлік философиялық көзқарастарға немқұрайды қарады. Софист Протагор: «Адам – барлық заттардың, тіршілікте бардың – бар екенінің және тіршілікте жоқтың – жоқ екенінің өлшемі», – деп үйретті. Адамдар оны «ешқандай тәуелсіз ақиқат болмауға тиіс: бір адамның пікірі қаншалықты дұрыс болса, екінші адамның пікірі де соншалықты дұрыс» деген мағынада түсінді. Сократ софистермен келіспеді және олармен сөз майданына түсті. Ол үшін адамгершілік ұстанымдар қашанда маңызды болды. Ол лайықты азаматтар тәрбиелеуге тырысты.
Платон диалогтарындағы Сократ тұлғасы
Сократ бізге өзінің ешбір жазба жұмысын қалдырған жоқ. Қолымызда ұлы философ туралы мәлімет беретін екі дереккөз бар. Біріншісі – «Сократ өз идеяларымен афиналық жастарды азғындатты» деген айыпты алып тастауға тырысқан, өте қарапайым өмірлік көзқарастарға ие Ксенофонттың естеліктері. Келесі дереккөз: дарынды жазушы және философиялық жүйені алғаш құрушылардың бірі – Платон. Платонның еңбектері бізге диалогтар жиынтығы ретінде жетті. Ол диалогтарда екі адам философия жайлы пікірлеседі. Диалогқа қатысушылардың бірі Сократ болып шығады. Дегенмен Платон жазған мәтін­нің қай бөлігінде Сократ ілімі баяндалып, қай жерінде Платонның өз пікірі берілгенін дәл анықтау қиын. Ертеректегі диалогтарда Сократ ілімі тікелей берілген. Ал кейінгілерінде Платон ұстазының ілімін кейінге ысырып, өз ойларын баяндауға кіріскен делінеді.
Ойлары
Сократ «ізгілік – басты құндылық» деген пікірді ұстанды. Ешқандай сыртқы себеп адамды ізгіліктен айыра алмайды. Сократ бұ дүниелік байлықты елең қылмады. Ол рухани дүниеге қатты қызықты. Сократ әрдайым өзін надан адаммын деп санады; ол ештеңе білмейтінін білгендіктен ғана басқалардан ақылдырақ болды. Бірақ Сократ білім іздеу басқа нәрсенің бәрінен әлдеқайда маңыздырақ және білім жинау жолы арқылы ғана адам ізгі және қайырымды бола алады деп есептеді. Ол сұрақ және жауап әдісін (бұл «диалектика» деген атау­мен белгілі) қолдана отырып, жаңа білім іздеді. Сократ еске түсіру арқылы таным қалыптастыруға үйретті. Бұл ілім бойынша, біз өлмейтін жанымыздың бұрынғы өмірінде игергендерін есімізге түсіру арқылы білім жинаймыз.
Сократ «құндылық», «әділет», «ақиқат» және «әдемілік» сияқты ұғым­дардың ақиқат мәнін сұрақ-жауап әдісінің көмегімен табуға ты­рыс­ты. Философ мүлде бұрыс пайымдарды әшкерелеуден тіпті де қо­рықпады. Басқалардың қате пікірлеріне ымырасыздықпен қарауы оның беделін арттыра қойған жоқ. Алайда ойшыл бұған мән бермеді. Логика осы кезеңде өз дамуының алғашқы сатысында ғана еді. Бірақ Сократ өз пікірлеріне қарсы дәлел айтқан адамды білім-білігімен оп-оңай жеңіп кете алатын.
Сократтың басты пайымы: ізгілік – білімнен, дұрыс іс-әрекет рационалды түсінуден туындайды. Барлық адам ізгілікті қалайды. Ал олар жасайтын кез келген зұлымдық олардың ізгіліктің не екенін білмеуінен пайда болады. Сократ өзінің ештеңе білмейтінінен басқа ештеңені білмеймін деп есептеді. Өзінің негізгі міндеті – білім беру емес, барша адамды өз пікір-пайымдарын сыни бағалауға, сол қорытынды бағалар ақыл-ойдан туындамаған жағдайда олардан бас тартуға жетелеу деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет