Логика ғылым ретінде



бет3/21
Дата18.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#481013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
лекция Логика ғылым ретінде

2.Ұғым түрлері

Ұғымдар әлемі кең және алуан түрлі. Олардың барлығы бір ұғым болғанымен, оларға әрқалай қарау керек, себебі онда баса көрсетілетін және жалпыланатын нәрселер әртүрлі: «қалам» және «қабілетсіздік», «мәңгілік әлем» немесе «мәңгілік қозғалтқы».


Ұғымдардың әр алуан топтары мен түрлерін төмендегідей жіктеп көрсетуге болады:
1) белгілерінің сипатына қарай;
2) ұғым көлеміндегі элементтер санына қарай;
3) көлем элементтерінің сипатына қарай.
I. Ұғым белгілерінің сипатына қарай әдетте:
а) оң және теріс болып бөлінеді.
Оң деп нәрседе қандай да бір сапаның болуын көрсететін ұғымды атайды: «адам», «парасаттылық», «сауатты заңгер», «сараңдық».
Теріс деп нәрседе сол немесе басқа сапаның болмауын көрсететін ұғымды атайды. Олар әдетте «емес», «ма», «ме», «сыз», «сіз» болымсыздық жалғаулықтары арқылы жасалады (сүйкімсіз адам, ақысыз еңбек, бейболмыс).
Формальды логикада ұғымдардың мұндай түрлерге жіктелуі нәрселердің саяси, моральдық және басқаша бағалануы логиканың оң мен теріске бөлуімен сәйкес келмейді. Сондықтан «үлгермеуші емес студент» ұғымы теріс болады, мұнда «оқуда үлгермеу қасиеті жоқ студенттер» түсініледі. Яғни, оқу орны әкімшілігінің көзқарасы тарапынан жақсы студенттер, ал «жолы болғыштық» ұғымы моральдық тұрғыдан алғанда бұл сапаның теріс саналатындығына қарамастан оң болады, себебі мұнда адам сапасы беріліп тұр.
Мұнда сондай-ақ тілімізде «не» немесе «сыз» не «сіз» жалғауларымен қосылып кеткен және оларсыз жеке қолданылмайтын сөздердің кездесетінін ескеру қажет. Яғни, бұл жалғаулар теріске шығару қызметін атқармайды. Осындай сөздермен берілген ұғымдар («адам көргісіз», «көргенсіз» және т.б.) оң болып есептеледі, өйткені олар нәрседе қандай да бір белгілі сапаның, тіпті жағымсыз сапаның болуын сипаттайды.
ә) Салыстырмалы және салыстырмалы емес (абсолютті). Бұл белгілерді қасиет-белгі, қатынас-белгі деп бөлумен тікелей байланысты.
Салыстырмалы деп мазмұнында ең болмағанда бір қатынас белгі кездесетін ұғымды атайды.
Ал салыстырмалы ұғымында бірінің бар болуы екіншісінің де болуын меңзейтін және онсыз мүмкін еместігін білдіретін нәрселер түсініледі («салыстырылады» — деген сөзден шыққан). Мысалы, «талапкер» — «жауапкер», «сот» — «сотталушы», «ата- ана» — «балалар».
Салыстырмалы емес немесе абсолютті деп басқалардан «бөлек», белгілі дәрежеде дербес нәрсе бейнеленетін ұғымды атайды.
«Заң», «табиғат», «жануар». Негізінен салыстырмалы емес ұғымдар мазмұнында тек қана қасиет-белгілер ғана кездеседі.
II. Көлем элементінің санына қарай ұғымдарды бос және бос емес деп бөледі (бөлу негізіне бірінші шекара — нөл мен нөлден үлкен сандар арасы жатады).
Бос деп көлемі бос жиынды құрайтын, яғни өзінде бірде-бір элемент жоқ ұғымды атайды.
Мәңгілік қозғалтқы, дөңгелек шаршы, жезтырнақ, кентавр — мұның бәрі бос ұғымның мысалдары. «Мәңгілік қозғалтқы» және «дөңгелек шаршы» деген ұғымдарға назар аударыңыздаршы. Бұл екі ұғымның да көлемінде бірде-бір нәрсе жоқ. Бірақ ойлап көрсеңіз, көлемдерінің бос болуының өзі мүлде екі түрлі ғой. Дөңгелек шаршы дегенді тіпті ойша елестете алмаймыз, елестету мүмкін де емес, ал мәңгілік қозғалтқыны ойлауға болады, бірақ оған термодинамиканың алғашқы бастауы тыйым салады, себебі ол табиғатта жоқ нәрсе.
Көлемі ең болмағанда бір элементті құрайтын ұғым бос емес деп аталады.
Бос емес ұғымдар жиынында көлемі бір ғана элементтен тұратын ұғымдар арасымен тағы бір сапалық шекара орнатуға болады.
Көлеміне бір ғана элемент кіретін ұғым жалпы ұғым деп аталады. Мысалы, «Кассандра таңбасы» романының авторы, «алғашқы ғарышкер», «екінші дүниежүзілік соғыс».
Көлеміне кем дегенде бірден артық элемент кіретін ұғымды жалпы деп атайды (мемлекет, қылмыскер, президент және т.б.). Сондай- ақ, жалпы ұғымдардың ішінен тіркеуші және тіркеуші емес деген түрлерін атауға болады.
Тіркеуші деп санға бағынатын, көлемі шектеулі жалпы ұғымдарды атайды. Мысалы, «Қазақстан облысы», «М.О. Әуезовтің романы».
Тіркеуші емес — бұл жануар, қылмыскер, кітап деген сияқты көлемі шексіз ұғымдар. Демек, көлем элементтерінің санына қарай бізде ұғымдардың төмендегідей жіктемесі шығады:

Ұғым


Тіркеуші Тіркеуші емес

III. Көлем элементтерінің сипатына қарай: а) жинақтаушы және ажыратушы.


Жинақтаушы — көлем элементтері өздері бірыңғай объектілер жиынын құрайтын ұғымдар.
Ең бастысы, жиындар біртұтас бейнеленеді және жинақтаушы ұғымның мазмұнын оған кіретін әр объектіге таңуға болмайды. Мысалы, жинақтаушы ұғымдар қатарына: «тобыр» жатады, «тобыр» ұғымы көлемінің элементі ретінде бірыңғай нәрселерден — адамдардан құралған жекелеген тобырлар саналады; «кітапхана» — бұл ұғым көлемінің элементтері бірыңғай нәрселерден — кітаптардан құралған неше түрлі кітапханалардан тұрады; парламент, ұжым, шоқжұлдыз, флот және т.б.
Жинақтаушы емес немесе ажыратушылар — бұлар мазмұны тек нәрселер тобына ғана емес, жеке-жеке әр нәрсеге қатысты ұғымдар. Ұғымдардың басым көпшілігі ажыратушылар болып табылады: студент, заң, қылмыскер, адвокат.
Жинақтаушы және ажыратушы ұғымдарға бірдей қарау керектігін байқау қиын емес. Тек әрқашан, шын мәнінде жинақтаушы ұғым көлемінің элементі екенін біліп отыру тиіс. «Кітапхана» ұғымында көлем элементі болып кітаптар емес, кітапханалар есептеледі. Егер, кітапхананы су алып кетті десек, бұл әрбір кітаптың суға кеткенін білдірмейді.
Сонымен бірге, нені осындай ұғым көлемінің бөлігі етіп есептейтініне әрдайым есеп беріп отыру керек. Мысалы, «университет» ұғымы көлемінің бөлігі — бұл университеттің факультеттері емес, осы немесе басқа да университеттер жиыны: заң, экономика, техника, гуманитарлық университеттер және т.б. Мұнда тек пен түрдің айырмашылықтарын, бөлік пен бүтіннің арақатынасын есте сақтау керек.
Дегенмен «жинақтау» феноменінен туындайтын қиындықтар мұнымен бітпейді. Мәселе — сөйлемдерде көптеген ұғымдар жинақтаушы да, ажыратушы да мағынада қолданылуында болып отыр. «Біздің мемлекетіміздің азаматтары қоғамды демократияландыру идеясын қолдайды» деу идеяны әрбір азаматтың қолдайтынын білдірмейді. Автордың пікірінше, олардың оны тұтас алғанда қолдайтынын білдіреді, яғни біздің мемлекетіміздің азаматтары бұл жағдайда жинақтаушы мағынада қолданылып тұр. «Біздің мемлекетіміздің азаматтары заңды сақтауға міндетті» — бұл жерде әңгіме әр азамат жөнінде айтылып тұр, яғни, мұнда біздің мемлекетіміздің азаматтары ұғымы ажыратушы мағынада қолданылған.
ә) Абстрактілі және нақты.
Бұған дейін біз кез келген ұғым дегеніміз абстракция, нәрседен дерексіз екені жөнінде сөз еттік. Бірақ нәрселердің өздері сияқты олардың белгілерін де абстракциялауға болады. Ұғымдар түрлерінің ажыратылуы дәл осыған негізделген.
Көлем элементі нәрселер болатын ұғымдар нақты деп аталады. Мысалы: үстел, музыка, прокуратура.
Көлем элементі осы нәрселерсіз болмайтын қасиет не қатынас болатын ұғымдарды абстрактілі деп атайды. Мысалы: әділеттілік, ана болу, бақыт.
Абстрактілі ұғымдардың көпшілігі жалқы болады: әділеттілік, ақиқаттық, теңдік, ағайыншылық және т.б., өйткені «әділетті болу» адам әрекетінің тек бір ғана қасиеті, «ақиқатты болу» пайымдаудың бір қасиеті, «теңдікте болу» немесе «ағайыншылықта болу» адамдар арасындағы қатынастың бірі. Яғни, бұл ұғымдарды бүкіл адамзат тек бір түсінікте қабылдайды. «Әділеттілік» ұғымы — әділетті іс-әрекеттердің іске асып жатпағанына қарамастан, мұндай қасиет бәрібір кездесетіндіктен ол жалқы болып табылады.
Кейбір абстрактілі ұғымдар жалпы болып келеді. Мысалы, «түс» ұғымы. Бұл ұғым көлемінің элементі болып: қызыл, көк, жасыл және басқа қасиеттер есептеледі. Ендеше, ұғым бір мезетте абстрактілі де, жалпы да болуы мүмкін, өйткені оның көлеміндегі элементтері бірден артық.
Ұғымға логикалық сипаттама беру дегеніміз — нұсқалған әртүрлілік бойынша оның қандай болып табылатынын көрсету. Ұғымның логикалық сипаты оның мазмұны мен көлемін нақтылауға көмектеседі, пікір білдіру кезінде ұғымды неғұрлым дәл қолдану дағдысын қалыптастырады.

3.Ұғымдар арасындағы қатынас


Ұғымдар мен жиындар көлемін қарастыра келе, бір нәрсе бір мезетте түрлі ұғымдар көлемінің элементі бола алатынына біздің көзіміз жетті. Сонымен, Әбу Насыр әл-Фараби бір мезетте: «адам», «ер адам», «философ», «орта ғасыр ойшылы» және басқа да көптеген ұғымдардың элементі болып табылады. Ұғым өз мазмұнында қандай да бір жалпы белгілерге ие болғандықтан анықталған қатынастарға түсетінін осы қарапайым деректің өзі-ақ көрсетеді. Бірақ ол жалпы белгілердің болмауы да мүмкін, онда бұл да анықталған қатынас. Сондықтан ұғым негізін ең алдымен салыстырмалы және салыстырмалы емес деп бөледі.


Егер олардың мазмұнында ең болмағанда ортақ бір белгі болса ұғым салыстырмалы деп аталады.
Ұғымдар мазмұнында бірде-бір ортақ белгі кездеспесе салыстырмалы емес деп аталады.
Біз салыстырмалы емес ұғымдарға тоқталмай, салыстырмалылық қатынасын кеңірек қарастыруға тырысамыз. Мұнда ұғымдар қатынасын көлемі бойынша қарастырған дәлірек болады. Ұғымдар арасындағы қатынастар түріне қойылатын бірінші шек — сыйыспалы және сыйыспайтын деп бөлу болып табылады.
Сыйыспалы деп көлемдері кем дегенде ортақ бір элементке ие ұғымдар аталады.
Егер ұғымдар көлемінде ортақ бірде-бір элемент болмаса, олар сыйыспайтын деп аталады.
Сыйыспалы ұғымдар үш түрлі жағдайда болуы мүмкін, сондықтан сыйысудың 3 типін көрсетеді. Біріншіден, екі ұғымның көлемі түгелдей сәйкес келуі мүмкін.
Егер бұл ұғымдардың көлемдері бірдей элементтерден тұрса, екі ұғымды теңмаңызды, теңкөлемді немесе тепе-тең деп атайды.
Теңмаңызды ұғымдарға мысалдар: «адвокат» (А) және «қорғаушы» (В); «шаршы» (А) және «теңқабырғалы тікбұрыш» (В); «қылмыс» (А) және «заңды жазаланатын әрекет» (В).
Көлемі бойынша ұғымдар арасындағы қатынасты Эйлер шеңберімен бейнелеу өте ыңғайлы.



Біреуінің көлемі түгелдей басқасының көлеміне кіретін, бірақ оны толық қамтымай, тек оның бөлігін құрайтын ұғымды бағыныңқы ұғым деп атайды. Мысалы, «қылмыс» (А) және «қасақана жасалған қылмыс» (В) осындай қатынаста болып табылады. Бірінші ұғымның көлемі екіншіге қарағанда кеңірек: қасақана жасалған қылмыстан басқа тағы да қасақана жасалмаған қылмыс немесе абайсыз жасалған қылмыстар бар.





Үлкен көлемді және басқа ұғымдар көлемін қамтитын (А) бағындырушы, ал аз көлемді және басқа ұғымның бөлігін құрайтын (В) бағыныңқы деп аталады.


Бағыныңқы қатынасына мынадай тектүрлік ұғымдар жатады: «медицина қызметкері» (А) және «хирург» (В), «халықты құқықтық қорғау» (А) және «еңбекшілерді құқықтық қорғау» (В). Логикада ұғымдарды текке және түрге бөлу салыстырмалы тұрғыда қарастырылады.
Бұлай бөлу бағыныңқы қатынасындағы жеке алынған тек екі ұғымды ғана бөлуге қатысты болады.
Үш не одан да көбірек ұғымдарға қатысты болғанда, яғни неғұрлым күрделі жағдайларда тек пен түр орындарын ауыстырады. Бір ғана ұғым бір қатынаста тектік, басқасында түрлік және керісінше бола алады. Сонымен, «жидектер» ұғымы «ананас» ұғымына қатысты тектік, ал жалпы «жеміс» ұғымында түрлік болады.
Ішінара үйлесетін қатынасқа көлемдері бір-біріне тек жартылай ғана енетін ұғымдар жатады.
Мысалдар, «заңгер» (А) және «спортшы» (В), «жұмыс істеушілер» (А) және «зейнеткерлер» (В), «хаттамалар» (А) және «заң құжаттары» (В) — барлық осындай жұптар қиылысатын ұғымдар.



Сыйыспалы ұғымдар қандай қатынаста екенін анықтау үшін төмендегідей екі сұрақ қою керек:


1. Барлық А В болып табыла ма?
2. Барлық В А болып табыла ма?
Егер біз екі сұраққа да «иә» деп жауап берсек, онда теңмаңыздылық қатынасын аламыз. Егер біз екі сұраққа да «жоқ» деп жауап берсек, онда біз қиылысатын қатынасты аламыз.
Мысалы, «еркек» және «ұл» деген екі ұғымның қатынасын қарастырайық. Еркек деген түсініктен бүкіл ерлер жынысын ұғамыз.
Барлық еркектер біреудің ұлы болып табыла ма? — Иә.
Барлық ұлдар ерлер жынысына жата ма? — Иә. Демек, біз теңмаңыздылық қатынасын алдық.
Мысалы, енді «еркек» және «әке» ұғымдарының қатынасын қарастырамыз.
Кез келген еркек әке болып табыла ма? — Жоқ.
Кез келген әке еркек болып табыла ма? — Иә.
Біз бағыныңқы қатынасын алдық. Өйткені мұнда «әке» ұғымы «еркек» ұғымына бағынады.
Мұндай бөлуді төмендегідей бейнелеуге болады:

Сыйыспалы ұғымдар



Теңмаңыздылық бағынышты ішінара үйлесу

Сыйыспайтын қатынас типтері: қатар бағыныңқы және қарама-қарсы, қайшылықты қатынастар. Қатар бағыныңқы (координация) — бұл екі немесе бірнеше ұғымдар арасындағы қатынас, олар бір-бірін кесімді түрде жоққа шығарады, бірақ неғұрлым ортақ (тектік) ұғымдарға жатады. Бұл бір тек түрлері ғана.


Мысалы, «ұрлық», «тонау» және «қарақшылық» талан-тараж түрлері немесе «университет», «академия», «институт» жоғарғы оқу орындарының түрлері боп табылады. Олар жекелеген қиылыспайтын дөңгелектер арқылы оларды біріктіретін бір үлкен шеңбер ішінде бейнеленеді.



Қарама-қарсы қатынасқа түрі және тегі бір, бірақ қандай да біреуі бір белгілерді қамтып, ал басқасы сол белгілерді тек қана терістеп қана қоймай, оларды басқалармен алмастыратын екі ұғым көлемдері жатады.


Қарама-қарсы қатынаста болатын екі ұғым кейбір сапалардың ең соңғы дәрежесін көрсетеді, яғни полюстердегідей, бірақ тектік ұғым көлемін олар толығымен қамтымайды. Бұл ұғымдарды графикалық түрде былай бейнелейді:
Мысалы, «дана» — «ақымақ», «биік үй» — «аласа үй», «сарандық» — «жомарттық».
Аристотель өз кезінде рақымшылдық — бұл жанның кейбір сапалары дамуының ең соңғы дәрежелерінің дәл ортасы деген теорияны ойлап тапты. Сонда, мысалы, адамдардың қорқақтық және көзсіз ерлік сияқты қарама-қарсы сапалары, рақымшылдық — жаужүректілікті тудырады, ал сараңдық (молшылық) және малшашпақтық (жетіспеушілік) сияқты қарама-қарсы ұғымдар арасында ортасы болып — жомарттық жатыр.
Логикадағы қатынастардың ең маңыздыларының бірі - қайшылық болып есептеледі.
Қайшылық қатынасына (контрадикторлық) бір тектің түрі болып табылатын екі ұғым жатады. Мұнда сонымен бірге бір ұғым кейбір белгілерді нұсқаса, ал басқа белгілері оны жоққа шығарады, бірақ оларды басқа нәрсемен алмастырмайды. Бұл әдетте тектік ұғымның көлемін толығымен қамтитын оң және теріс ұғымдар. Графикалық түрде олар былай бейнеленеді:

Мысалы, «дені сау адам» және «ауру адам», «қасақана жасалған қылмыс» және «абайсыз жасалған қылмыс».
Қайшылық қатынасын ежелгі латын формуласы арқылы «tertium non datur» — «үшіншісі берілмеген» деп көрсетуге болады.
Логика заңдарының ішіндегі негізгілерінің бірі— кейінірек зерттелетін қайшылықсыз заңы.
Сонымен, ұғымдар арасындағы қатынастардың негізгі түрлерін қарастырдық, бірақ бірнеше ұғымдар арасындағы қатынастарды анықтау анағұрлым күрделірек.
Мысалы, «ұжымдық шешім» (А), «өзгермейтін шешім» (В), «дұрыс емес шешім» (С), «бірауыздан қабылданған шешім» (Д) ұғымдарының қандай қатынаста болатынын анықтау қажет.
Ол сұлба түрінде мынандай болады:



4.Ұғымдармен логикалық операциялар

Біз бұған дейін мазмұн мен көлем ұғымдардың маңызды логикалық сипаттамасы болатынын айтып өттік. Бірақ та олар ұғымның сөздік қауашағында жасырын қалып қоятындықтан, оларды ойлау тәжірибесінде ашуға тура келеді.


Ұғымдармен операциялар жүргізу кезінде олардың, атап айтқанда анықтау, бөлу, шектеу, жалпылау сияқты сан алуан түрлері қолданылады, сондай-ақ ұғымдар көлемімен және кластарымен де түрлі операциялар жасалады.

4.1.Ұғымдарды анықтау


Адамдармен араласудағы, даудағы, зерттеудегі түсініспеушіліктен сақтаудың ең сенімді тәсілдерінің бірі — анықтау немесе дефиниция. Анықтаудың мақсаты — қолданылатын ұғымдардың мазмұнын нақтылау болып табылады. Ол - қолданылатын ұғымның айқындылығын, бірмәнділігін, анықтылығын қамтамасыз ететін маңызды логикалық құралдардың бірі. Нағыз жалпы мағынада анықтау — бұл ұғым мазмұнын ашатын логикалық операция.


Ұғымды анықтау дегеніміз — оның мазмұнына енетін белгілерін айқындау, нені білдіретінін көрсету, соңында «бұл не нәрсе?» немесе «бұл сөз нені білдіреді?» деген сауалдарға жауап беру. Мысалы, термометрді анықтай келе, біз біріншіден, оның аспап, екіншіден оның көмегімен температура өлшенетінін дәлелдейміз. «Термин» ұғымына анықтама беруде біз ғылымда, техникада және өнерде қолданылатын бұл сөздің не сөз тіркесінің дәл мағынасы бар дейміз.
Кез келген анықтама маңызды екі міндетті орындауы шарт:
1) барлық басқа нәрселерден анықтап отырған нәрсені айыруы;
2) нәрсенің мәнін ашуы.
«Анықтау» сөзі термин ретінде арнайы мағынада сот тәжірибесінде жиі қолданылады. Егер іс сот арқылы бірінші сатымен өз мәнінде шешілмесе, онда соттың қаулысы анықтама формасында шығарылады (жалпы сипаттама түрінде). Сондай-ақ, егер азаматтық істі қарау кезіңде заңның немесе жалпы өмір сүру ережесінің жекелеген қызметкерлер немесе азаматтар тарапынан бұзылуын тапса, сот жеке анықтама шығара алады. Сондықтан «анықтау» терминінің мағынасын заң тұрғысынан алғанда ұғымдарды анықтаудың логикалық операцияларымен шатастыруға болмайды.
Анықтаманың өзіндік құрылымы оның табиғатына, функцияларына қатысты болады. Ол өзара тығыз байланысты екі элементтен: анықталатын және анықтаушы ұғымдардан тұрады.
Aнықталатын ұғымның анықтамасында ашылатын не нәрсе — термин бе әлде нәрсе ме, сол аталады.
Символикалық түрде олар латын тілінің Definiendum (анықталатын деген) — Dfd деген белгісімен таңбаланады.
Анықтама мазмұнын құрайтын жалпы және мәнді белгілер анықтаушы қызметін атқарады. Ол латын тілінің Definiens сөзінен қысқартылып, Dfn түрінде белгіленеді.
Ұғымдар арасындағы мұндай логикалық байланыс қазақ тілінде «болып табылады», «білдіреді, көрсетеді», «дегеніміз» сөздері, сызықша т.б. көмегімен беріледі.
Бәрінен бұрын анықтама операциясындағы тәжірибеде іске асырылатын нақты формалар мен жоғарыда қарастырылған міндеттерді шешуге қол жеткізетін амалдардың көптүрлілігі таңқалдырады. Сондай-ақ, әртүрлі ұғымдарға қарағанда алуан түрлі анықтамалар көп болса да, бәрібір оларды кейбір жалпы белгілеріне қарай анықтамалар түрі деп аталатын түрлі топтарға біріктіруге болады.
Логикада анықтамаларды ең алдымен номиналдық және реалдық деп ажыратады. Анықтамаларды бұлай ажырату сол анықталатын ұғымға деген біздің қатынасымызбен тығыз байланысты.
Номиналдық анықтамада (латынша nonem — есім) біз өзімізге немесе басқаларға бұрын таныс емес терминнің мәнін ашуға тырысамыз немесе сол ұғымды алмастыратындай белгі енгіземіз (әдетте олар өз құрамына «аталады», «белгіленеді» және т.б. сөздерді кіргізеді).
Мысалы, заңнамадан алынған мына анықтаманың номиналдық екені айқын аңғарылады: «Ұжымдық ұйымдасу азаматтық құқық субъектісі ретінде заңды тұлға деп аталады». Мұнда «заңды тұлға» терминінің мағынасы алғаш рет енгізіліп тұр.
Реалдық деп бұл анықтамаға дейін мазмұны мен көлемі туралы бізде түсінік болған ұғымның анықтамасы аталады.
Бізге күнделікті өмірде кездесетін және гуманитарлық пәндердегі анықтамалардың басым көпшілігі реалдық анықтамалар тобына жатады.
Ұғымдардың көлемі мен мазмұны туралы біздің (мүмкін кейде онша анық емес) түсінігіміз бар әрі біз оларды неғұрлым қысқа және дәл терминдермен беруге тырысамыз.
Мұнымен қатар логика анық және көмескі анықтамалар арасындағы айырмашылықтарды да көрсетеді. Оларды ажыратудың негізгі критерийлері айқын анықтамаға тән, көмескі анықтамада жоқ Dfd және Dfn теңдігі болып есептеледі.
Алдымен айқын анықтаманы қарастырамыз, олардың ішінде ең көп тарағаны - тектүрлік анықтамалар, логикада оны, дәлірек айтсақ ең жақын тектік және түрлік ерекшелік арқылы анықтау дейді. Ол тектүрлік қатынастың әмбебап сипатымен түсіндіріледі. Анықтаманың бұл формасының ойлап табылуы логика мамандарының көзқарасы бойынша адамзат ақыл-ойының көрнекті жетістігі болып табылатыны күмәнсіз, өйткені бұл нәрсенің анықтығын айқындаудың неғұрлым ұтымды тәсілі. Оның бейнесі небәрі екі-ақ тәсілде жеткілікті сомдалады.
Мысалы, «Қосымша куә— кылмыстық-іс жүргізу заңымен қарастырылған жағдайдағы өндірісте тексеруге қатысуға, тінтуге, суырып алуға ?, тануға, куә болуға және басқа тергеу әрекеттеріне шақырылған адам». Мұнда ең алдымен анықталатын ұғым — ең жақын тектік ұғым «тұлғаға» жақындастырылады, яғни ол кез келген адам болуы мүмкін. Ал содан соң түрлік ерекшелігі, яғни осы адамның тікелей функциялары көрсетіледі.
Тектүрлік қатынастың символикалық құрылымы анағұрлым нақтырақ белгіленеді. Егер жалпы анықтамада біз Dfd = Dfn формуласын құрайтын екі элементті көрсетсек, онда тектүрлік анықтамаларды мына формула түрінде беруге болады: А = Вс, мұнда А — анықталатын ұғым, ал Вс — анықтайтын ұғым, бұл жерде В — жақынырақ тектік ұғым, ал с — түрлік ерекшелік.
Тектүрлік анықтамаларының бірі болып құралас белгі ретіңде құрылымына түзілу немесе осы нәрсенің пайда болу амалын кіргізетін генетикалық (генезис — «шығу тегі» деген грек сөзінен) анықтама жатады.
Мысалы, юриспруденцияда салт - құқықтың бір көзі болып табылады. Бұл ұғымға энциклопедияда берілген: «Салт — бұл ұзақ уақыт бойы қолданылу нәтижесінде қалыптасқан тәртіп ережесі» деген анықтама генетикалық болып табылады.
Логиканың кейбір оқулықтарында мұнымен бірге тектүрлік анықтамалардың басқа да түрлері (мәндік, функционалдық, құрылымдық) тура мағынасында сирек қолданылады, сондықтан біз оларды қарастырмауды жөн көрдік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет