Жауабы.: 48 км/сағ
95. 3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз.
Шешімі: 3, 7, 9 деген цифрларды алып тастасақ. 2854106 шығады.
96. 3 кәмпит және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4 кәмпит және 1 шоколад 27 теңге тұрады. 1 кәмпит қанша теңге тұрады? 1 шоколад қанша теңге тұрады? Жауабы: 1 кәмпит - 5тг, 1 шоколад - 7тг
97. Глобуста 17 параллель және 24 мередиана сызылған. Глобустың беті неше бөлікке бөлінген?
Шешімі: 18*24=432
98. 5 - ке бөлгенде қалдығы 4, 7 - ге бөлгенде қалдығы 6, 9 - ға бөлгенде қалдығы 8 - ге тең болатын ең кіші натурал санды тап.
Шешімі: Егер бұл сан 1 - ге үлкен болса, ол 5, 7, 9 - ға да бөлінетін болады. 5, 7, 9 - дың ең кіші ортақ еселігі: 315. 1 - ді алып тастасақ 314 шығады..
99. Бір - біріне тең төрт бөлікке бөл.
Шешімі: Алдымен әр шаршыны 4 бөлікке бөліп тастаймыз. Сонда бізде 12 тең бөлік пайда болады. Ал 12 - ні 4 бөлу оңай.
100. Цифрларының көбейтіндісі 132 - ге тең болатын натурал сан бар ма? Жауабыңды дәлелде.
Шешімі: Ондай сан жоқ. 132 - нің бөлгіштерінің арасында 11 деген сан бар.
Достарыңызбен бөлісу: |