- Экономикада логистиканың кең қолданылуы ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдарына сәйкес келеді, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндіріс пен айналым аясындағы материалдық және олармен байланысты ақпараттық, қаржылық ағымдарды тиімді басқару жүйесі ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар, экономикада логистиканың кеңінен қолданылуы байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен де байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалдық ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік береді.
Мысалы, Жапонияның «Тойота» фирмасында логистикалық қағида негізінде ұйымдастырылған өндіріс айналым құралдарының айналыс жылдамдығы көбейіп, шығын көлемін әлдеқайда төмендетуге мүмкіндік берген. АҚШ автомобиль фирмаларында шығарылатын бір автомобильге шаққандағы бөлшектер қоры 500 американ долларын құраса, «Тойота» фирмасында бұл көрсеткіш өндірісті логистика негізінде ұйымдастырудың арқасында 77 долларға шыққан. - Мысалы, Жапонияның «Тойота» фирмасында логистикалық қағида негізінде ұйымдастырылған өндіріс айналым құралдарының айналыс жылдамдығы көбейіп, шығын көлемін әлдеқайда төмендетуге мүмкіндік берген. АҚШ автомобиль фирмаларында шығарылатын бір автомобильге шаққандағы бөлшектер қоры 500 американ долларын құраса, «Тойота» фирмасында бұл көрсеткіш өндірісті логистика негізінде ұйымдастырудың арқасында 77 долларға шыққан.
Жалпы логистиканы экономика саласында қолданылуы өндіріс тиімділігін арттыруға бағыттайды. Себебі, логистиканы қолдану өндіріс және айналым салаларында төменгідей мүмкіндіктерге жетелейді: - Жалпы логистиканы экономика саласында қолданылуы өндіріс тиімділігін арттыруға бағыттайды. Себебі, логистиканы қолдану өндіріс және айналым салаларында төменгідей мүмкіндіктерге жетелейді:
- -материалдық ағымдар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды төмендетуге;
- -логистикалық тізбек бойындағы тауарлар қозғалысының уақытын қысқартуға;
- -тасымалдау шығындарын төмендетуге;
- -қол еңбегінің шығындарын және жүк операцияларының (оталарының) сәйкес шығындарын қысқартуға.
Достарыңызбен бөлісу: |