Лондон, Ұлыбритания



Дата07.07.2016
өлшемі32.3 Kb.
#181990

энергетикА БІРІНШІ вице-министрІ ҰЗАҚБАЙ Қарабалин каспий техниКАЛЫҚ конференциЯСЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛАДЫ

Лондон, Ұлыбритания (2014 жылғы 18 қыркүйек) – Мұнай-газ өнеркәсібінің инженерлер қоғамы (SPE) Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесі (ЕКТКВ) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалиннің бірлескен төрағалығымен өтетінін хабарлайды.

Бірінші вице-министр Қарабалин Астана қаласында қарашаның 12-сі мен 14-і аралығында өтетін конференцияның ашылуында Shell, Қазмұнайгаз, KAZENERGY, KPO, TCO, NCOC, Chevron және ExxonMobil компанияларының басқа да жоғары лауазымды қонақтарымен бірге сөз сөйлейді.


Бірінші вице-министр Ұ.С. Қарабалин: «Өзекті мәселелер бойынша кәсіби тәжірибе алмасу платформасын құрып алмай тиімді технологиялық дамуға қол жеткізу мүмкін емес. Мұнай-газ өнеркәсібінің инженерлер қоғамы сияқты беделді ұйымның Астанада өткізетін Каспий техникалық конференциясы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ерекше оқиға болып табылады.»
Shell Қазақстан компаниясының Төрағасы және вице-президенті Кемпбелл Кир: «Қарабалин мырзаның осы рөлді атқаруы біз үшін үлкен мәртебе. Қазіргі уақытта, үкіметте қызмет ете жүріп ол индустриядағы өзінің көпжылғы тәжірибесін қолданып отыр, осының өзі геологиялық барлау және өндіру саласында жұмыс істеп жатқан елдер үшін нақты саяси шеңбер құрады. Мен оның Қазақстанда және оның барлық өңірлерінде осы саланы әрі қарай дамыту туралы келелі ойларын естиміз деп ойлаймын».
Shell компаниясы конференцияда Қазақстан Энергетика министрлігімен және KAZENERGY қауымдастығымен бірлесіп қарсы алушы тарап болады. Конференция Қазақстандағы және жалпы Каспий өңіріндегі геологиялық барлау және мұнай өндіру саласындағы мәселелерге бағытталатын төрт панельдік сессиядан тұрады. Қаралатын мәселелер мыналарды қамтиды: қазақстандық ұзақ мерзімді технологиялық даму стратегиясы, мұнай және газ тасымалдаудағы өңірлік технологиялық мәселелер, жергілікті әлеуетті және технологиялық инновацияларды және ынтымақтастықты құру .
Конференция өтетін күндері Каспий өңірінің ең күрделі тақырыптарын талқылауға бағытталған 18 сессиядан тұратын мазмұны кең техникалық бағдарлама жоспарланып отыр. Талқыланатын тақырыптар:

  • Ұңғымаларды бұрғылау және игеру

  • резервуарлардың сипаттамасы және динамикасы

  • резервуарларды басқару

  • ұңғымаларды механикаландырып пайдалану

  • қоршаған ортаны қорғау

  • мұнай өндіруді арттыру/мұнай өндіруді интенсификациялау

  • біріктірілген геологиялық барлау

  • ұңғыма ішіндегі жұмыстар

Шараға халықаралық және ұлттық компанияларды, ресми тұлғаларды және мемлекеттік билік өкілдерін, сервистік компанияларды және басқаларды қоса алғанда, мұнай-газ саласының 500-ден астам кәсіпқойлары қатысады.


Конференцияға тіркелу үшін www.spe.org/events/ctce/2014/ сілтемесіне кіруіңізге болады
Мұнай-газ өнеркәсібінің инженерлер қоғамы туралы (SPE)
Мұнай-газ өнеркәсібінің инженерлер қоғамы энергия ресурстарын игеру және өндірумен айналысатын әлемнің 135 еліндегі 124 000 мүшені қамтиды. Ұйымның міндеті қоғамдық әл-ауқатты жоғарылату үшін, сонымен қатар мамандардың техникалық және кәсіби біліктілігін дамытуға мүмкіндік жасау үшін мұнай және газды барлау және өндіру және оларға байланысты технологиялар саласындағы техникалық білімді жинау, тарату және бөлісу.
БАҚ үшін байланысу мәліметтері
Әлия Боранбаева
E-mail: a.boranbayeva@bcmpublicrelations.com

Tel.: + 44 78 525 11 315 / +7 707 16 11 315          

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет