ҚЎлпыбаев с


Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы



бет173/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

15.4. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы

Рыноктық экономикада әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарында экономикалық және әлеуметтік қызметті неғұрлым кең ырықтандыру арқылы оларды дамытудың өзіндік ұйымдық-экономикалық әдістері кең тараған. Бұл әдістер еркін немесе арнаулы экономикалық аймақтар түрінде экономиканы дамытудың рыноктық жолын таңдап алған елдерде кеңінен дамыған. Экономикалық қызмет еркіндігінің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан атауларда: еркін сауда аймағы, еркін кеден аймағы, қосалқы аймақ және т.с.с. нұсқалар болуы мүмкін; экономикалық ырықтандырудың шекті нұсқасы оффшорлық аймақ немесе аумақ болып табылады.


Арнаулы (еркін) экономикалық аймақ (АЭА) – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасының шектеулі аумағы.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 2001-2008 жылдар кезеңінде құрылған
6 арнаулы экономикалық аймақ жұмыс істейді: «Ақтау теңіз порты», «Астана – жаңа қала», Инновациялық технолориялар паркі (бұрынғы «Алатау Ақпараттық технологиялар паркі»), «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және «Бурабай».
Арнаулы экономикалық аймақтар экономиканың салаларын дамыту және қолдау, өңірлерді жедел дамыту және әлеуметтік проблемаларды шешу, кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру, инвестицияларды, технологияларды және қазіргі заманғы менеджментті тарту тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатында құрылады.
Арнаулы экономикалық аймақтар жиырма бес жылға дейінгі мерзімге құрылады.
АЭА-ны құру өңір экономикасын сауықтыруға, маңызды микроэкономикалық міндеттерді шешуге – өндірісті тұрақтандыруға және оны ұлғайтуға, шаруашылықты жаңғыртуға, ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен толықтыруға бағытталған. Қосымша шетелдік капитал мен озық технологияны тарта отырып, халықтың жұмыспен қамтылуын кеңейтуге, жергілікті жұмыс күшінің біліктілігін арттыруға, маркетинг және менеджмент саласында тәжірибе алуға мүмкіндік туады.
АЭА аумағында отандық және шетелдік заңи тұлғалар мен азаматтардың шаруашылық, қаржылық және өзге қызметінің кез келген түріне (заңнамамен тыйым салынған түрлерінен басқасы) рұқсат етіледі. Отандық заңи тұлғалар (энергетикалық және көлік жүйелеріне жататындарынан басқасы) аймақта дербес және ведомстволық бағыныштығына қарамастан тәуелсіз ұйымдар болып табылады. Аймақтан тыс орналасқан заңи тұлғалар аймақ аумағында өздерінің филиалдары мен жаңа кәсіпорындарын құра алады.
Қазақстанда АЭА жұмысының тәжірибесі бар: тіпті 1992 жылы әр түрлі облыстарда бірнеше аймақтар құрылған болатын, бірақ олардың жұмыс істеуі тауар-ақша ауқымының қозғалысына толық бақылаудың жоғалуы және әкімшілік-аумақтық бөліністердің экономикалық дербестігін алуы тұрғысынан орталық билікті қанағаттандырмады – аймақтар таратылды.
1996 жылдан АЭА-ның (Қызылорда, Ақмола, Лисаков) іс-әрекетін жаңғырту өңірлерді дамытудың бұл тиімді жолының жұмыс істеу тетіктерін жақсартуға мүмкіндік берді, бірақ 1998 жылдың аяғынан бастап басқару мен қаржыны орталықтандыруға белгіленген бетбұрыс бұл аймақтардың өмір сүруін алдын ала шешті. Қазіргі кақытта Қазақстанда АЭА Ақтауда «Морпорт Актау» ЖШС «АЗСТ», Оңтүстік Қазақстан облысында және Астанада жұмыс істейді, олар қысқа мерзім ішінде бірқатар жаңа өндірістер құруға мүмкіндік берді. Астана қаласында оның мемлекет астанасы ретіндегі айрықша мәртебесіне байланысты салықтарды бөлу, өндірістік-техникалық арналым заттары мен тауарлары импортының жеңілдетілген режімі сақталынған. Елде ақпараттық технологиялардың жаңа экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы саласын құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлуетін неғұрлым толық пайдалану мақсатында 2013 жылғы қазанның 1-іне дейінгі кезеңге «Ақпараттық технологиялар» паркі арнаулы экономикалық аймағы құрылған.
Бұл мысалдардан арнаулы экономикалық аймақтардағы шаруашылық жүргізуді экономикалық-құқықтық реттеу тәртібін бақылап отыруға болады.
Арнаулы экономикалық аймақ орталық атқарушы биліктің жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының ұсыныстарына негізделген шешімдері бойынша құрылады. Басқару үшін билік пен басқарудың республикалық және жергілікті органдарының, АЭА аумағында тіркелген отандық және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерінен Әкімшілік кеңес құрылады, кеңесті төраға басқарады, оны Президент тағайындайды және қызметінен босатады. Аймақтың Әкімшілік кеңесі егер кәсіпорындар мен ұйымдардың оперативтік шаруашылық-қаржылық қызметі аймақты белгіленген құқықтық режімге қайшы келмесе оған араласпайды. Жалпы аймақтың Әкімшілік кеңесіне шетелдік капиталды тарту, ағымдағы және келешек кезеңге арналған аймақты дамытудың бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жөнінде кең өкілеттіктер берілген; ол аймақтағы қаржы­лық, кредиттік, кедендік саясатты анықтайды; тауарлардың, қызметтердің, табиғат ресурстарының экспорты мен импортын лицензиялау мен үлестеуді жүзеге асырады; салықтар мен басқа төлемдерді өндіріп алады, бағалы қағаздар шығарады; жерді, жер қойнауын, басқа табиғат ресурстарын, негізгі капиталдарды жалға береді; қаржы рыногы мен оның инфрақұрылымын ұйымдастырады.
Аймақтың отандық және шетелдік заңи тұлғаларының аймақтың аумағынан тысқары жерлеріндегі әріптестерімен кредиттік-есеп айырысу операциялары корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы ұлттық валютада жүзеге асырылады.
Әкімшілік кеңестің салық службасы аймақ аумағынағы салықтық операциялардың барлық түрлерін жүзеге асырады.
Арнаулы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
АЭА Әкімшілік кеңесі қаржылық қорды, ал аймақ шекараларының әкімшілік-аумақтық бөліністер шекарасымен тоқайласқан жағдайда бюджетті қалыптастырады, ол сонымен бірге әкімшілік аумақтық бөліністің бюджеті болып табылады. Қор (бюджет) аймақ аумағында тіркелген заңи және жеке тұлғалардан алынатын салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер есебінен құрылады. Арнаулы қорларға түсетін түсімдер АЭА қаржылық қорын (бюджетін) қалыптастырудың көзі бола алмайды.
Қаржылық қордың (бюджеттің) жоғарғы бюджетпен өзара қарым-қатынасы АЭА-ның қаржылық қорына (бюджетіне) түсетін кірістердің жалпы сомасынан аударылатын аударымдардың ұзақ мерзімді тұрлаулы нормативі арқылы анықталады.
Аймақтың Әкімшілік кеңесі мақсатты қаржылық қорларды, соның ішінде АЭА-ның экономикалық және әлеуметтік қорын құра алады, сонымен бірге бос бюджеттік қаражаттар, салықтық емес сипаттағы аударымдар мен алымдар есебінен оларды қалыптастырудың көздерін анықтай алады.
Аймақ аумағында салық салу елдің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. АЭА аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асырушы заңи ұйымдардан алынатын корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі кәдуілігі мөлшерлемеден төмен белгіленеді.
АЭА аумағында еркін кеден аумағының режімі іс-әрекет етеді.
Егер АЭА-ның құқықтық режімі өзгерсе немесе ол мезгілінен бұрын таратылса, онда аймақ аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асырып жатқан шаруашылық жүргізуші субъектілерге мұндай қызметті инвестициялар салынған мезетке сай келетін жағдайда жалғастыра беру құқығы кепілдендіріледі. Мұндай құқық АЭА құрылған мерзімінің аяғына дейін іс-әрекет етеді, бірақ ол 10 жылдан аспауы тиіс; мерзім айтылған құқықтық режімді жою немесе өзгерту күнінен есептеледі.
Сөйтіп, АЭА-да бизнестің барлық сфераларындағы сан алуан кәсіпкерлік қызметті өрістеу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Басқа мемлекеттердегі АЭА-ның жұмыс істеу практикасы әлемдік экономикада болып жатқан өзгерістерді белсенді қабылдай отырып, аймақтардың құрылымы өздігінше дамуға қабілетті екенін және өз кезегінде өз мемлекетінің экономикасына оңтайлы әсер ететінін көрсетіп отыр. Бірлескен кәсіпорындар жұмысының тәжірибесі бар, жоғарғы дайындықтың жобалары бар, инфрақұрылым мен көлік жүйелері дамыған, шет мемлекеттермен шекарасы бар аймақтар неғұрлым тиімдірек болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет