ҚЎлпыбаев с


Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық менеджменті



бет83/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

8.5. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық менеджменті

Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші субъ­ектілердің қаржысы базистік қосалқы категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс істейтін айрықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ қаржылық ресурстар қозғалысының объекті бар, субъектілердің нақтылы мүдделері жөнінде көріне­тін кез келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы ағынының бағыт­тарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл қондырмалық­тарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен және іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы іс-қимылдар арқылы жүзеге асыры­лады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп отыруы тиіс, яғни базис­тің шарттарына бағынышты болуы тиіс болғандықтан қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарушы іс-қимылдарға қаржылық менеджмент ұғымы – кәсіпорын­ның бүкіл қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорынның ақша ағыны­ның қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.


Қаржы жүйесінің бұл буынында рынок жағдайларында басқару қаржылық менеджмент деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржылық менеджменттің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржылық ресурстарды ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржылық менеджменттің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.
Қаржылық менеджмент уәждемелерге – адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.
Жалпы қаржылық менеджмент қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін – ақпаратты, жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді. Қаржылық менеджментті жүзеге асырудың шарты рыноктық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауарлар және қызметтер рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеуді заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық менеджментінің шеңбері рыноктық факторлармен анықталады, бұл қаржылық менеджментті оның жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, кәсіпорындардың қаржылық менеджменті әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу чектері және т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджерлеу6 , кепілдік-ипотекалық және трасттық операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді кіріктіреді; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржылық құралдардың жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.
Қаржылық менеджментті мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:
1) ақшалай қаражаттарды (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;
2) ақшаның қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-қимылдардың бағдарламасын жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау.
Жалпы жағдайда қаражаттарды бизнеске жұмсаудың мақсаты қолдағы қаражаттардан пайда алу болып табылады және міндетті орындау өнімді (қызметтерді) шығарылымының мүмкін болатын үлкен көлеміне жетуге (материалық өндіріс сферасында) немесе рыноктық критерийлерді қанағаттандыратын жеткілікті сапаны қамтамасыз ету кезінде шығындарды барынша азайтуға саяды.
Қаржылық менеджментте шешімдер қабылдау тәуекелдерімен, яғни жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда болуы ықтималдығымен ұшырасып отырады. Тәуекелді талдау оның көздері мен себептерін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын өлшеуден, яғни тәуекелдің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады. Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдістермен анықталады. Практикада тәуекелді бағалау үшін «леверидж (тұтқа) нәтижесі» ұғымы пайдаланылады. Жалпы леверидж операциялық левериджді (тұрақты шығындар мен жалпы пайданың ара қатынасы) және қаржылық левериджді (қарыздық қаражаттарды пайдаланудың меншікті капиталдың рентабелділігіне әсері) кіріктіреді. Қаржылық менеджментте шешімдер қабылдау тәуекелдің барлық түрін – өндірістік, коммерциялық, қаржылық тәуекелдердің үйлесуін қажет етеді.
Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік,саяси және табиғи сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар, банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының, бәсекелестер іс-қимылының өзгеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған) шешімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғат катаклизмдері, апаттар және т.б.
Қолайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны, өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға төнетін тәуекелдердің түрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын портфелін әртараптандырудың ерекше маңызы бар.
Хеджерлеудің көмегімен қаржылық тәуекелді (қатерді) барынша азайтудың техникасы қолданылады, бұл кезде негізгі келісіммен қатар үшінші тараппен қосымша мәміле жасалынады. Оның шарты мынадай: негізгі мәміледегі қаржылық ысыраптарға соқтыратын мән-жай болған кезде қатысушы зиян шеккен ысыраптарды түгел немесе ішінара бейтараптандыра отырып, қарама-қарсы мәміледе ұтады. Хеджерлеу техникасында опциондар, фьючерстер, пайыздық айырбастар (своптар) сияқты және т.б. қаржылық тетіктер пайдаланылады.
Тәуекелді азайту мен төмендетудің дәстүрлі әдісі мүліктік сақтандыру болып табылады, бұл кезде сақтандырылушыға (сақтанушыға) сақтандыру келісімшартымен сақтық оқиғасы болған кезде төленетін сақтық төлемі қамтамасыз етіледі.
Қаржылық менеджментте маңызды объект ақша ағыны – құндық (Д-Т-Д1) нысандарды жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақшалай түсіммен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржылық ресурстар), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақшалай ресурстар қамтылады. Қаражаттардың ағынында анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түсетін түсім-ақша, онан кейін кредиттік ресурстар, әртүрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, жұмыскерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, кредиттерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Қаржылық менеджментте ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік (уақытша) межелдемелері тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға айналғанға дейін қаралады. Бұл аспектіде ақшаның «уақытша құнының» барлығы есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі ақшаның сатып алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) құн келешектегі құнға компаундингілеу*7 – күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау – пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі құнының есеп-қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның құнын инфляциялық құнсыздануға төмендету қажет.
Жобаларға жұмсалатын инвестициялар нысанындағы ақшаның, ренталық төлемдердің, жүйелі жарналардың, кірістердің және басқа ақшалай операциялар есептеулерінің бір жолғы, сондай-ақ дүркін-дүркін түсулері мен төленулері жай және күрделі аннуитеттердің есеп-қисабы, «капиталды бюджеттеу», «табыстылықтың ішкі мөлшерлемесі» тәсілдері арқылы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет