ҚЎлпыбаев с



бет169/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

15.2.Жергілікті бюджеттердің
кірістері мен шығыстары


Жергілікті бюджетер (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған қаржылық ресурстар болып табылады.
Жергілікті бюджеттердің құрылымы мен бөлімдері республикалық бюджет­тің құрылымы мен бөлімдеріне ұқсас және мынадай бөлімдерден тұрады:
«Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне», «Қазақстан Респуб­ликасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды кіріктіреді (сызбаны қараңыз):


15.1 сызба. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер



Облыстық бюджетке түсетін түсімдер



Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне түсетін түсімдер

Салықтар

1. Жеке табыс салығы.
2. Әлеуметтік салық.

1. Жеке табыс салығы.
2. Әлеуметтік салық.
3. Жеке және заңи тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық.
4. Жер салығы.
5. Бірыңғай жер салығы.
6.Көлік құралдарына салынатын салық.
7. Тіркелген салық.
8. Акциздер.

Төлемдер, алымдар

1. Облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүргені үшін алым және бұл жолдардың бөлінген белдеуіне сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы.



1. Республикалық, аудандық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүргені үшін алым және бұл жолдардың бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.
2. Мемлекеттік баж.
3. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым және басқа алымдар.

2. Қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы.
3. Жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.
4. Орманды пайдаланғаны үшін төлем.
5. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
6. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем.




7. Дара кәсіпкерлерді және тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін төлем.
8. қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
9. аукциондардан алынатын алым және басқа да төлемдер мен алымдар.

Салықтық емес түсімдер

1. Коммуналдық меншіктен түсетін түсімдер.
2. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер.
3. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшалай түсімдер.
4. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу және басқадай салықтық емес түсімдер.
5. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша.

Басқадай түсімдер

1. Облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер.
2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен трансферттер.
3. Республикалық бюджеттен трансферттер.



1. Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер.
2. Жер учаскелерін жалдау құқығын және жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.
3. Бюджеттегі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер. Республикалық бюджеттен
трансферттер.

4. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын сатудан түсетін түсімдер.

Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, жергілікті атқарушы орган­ның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.


Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджет­тері кірістерінің негізін аумақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық­тың салықтық түсімдері (40,9%) құрап отыр (15.1 -кестені қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет