ҚЎлпыбаев с


сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы



бет243/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

21.2 сызба. Бағалы қағаздардың сыныптамасы

Экономикалық табиғаты бойынша
Үлестік (акция)
Борыштық (облигация, банк сертификаты, ипотекалық куәлік)
Бағалы қағаздарға құқықтарды беру әдісі бойынша
Атаулы (тиісті реестрге жазбаны енгізгеннен кейін құқық ауысады)
Ордерлік (бағалы қағаздың сырт жағынан алдыңғы иегердің табыстама жазбасы жасалынғаннан кейін құқық ауысады)
Ұсынбалық (бағалы қағазды қарапайым табыстау жолымен құқық ауысады)
Шығарылым нысаны бойынша
Құжаттамалық (қағаздық)
Құжаттамалықсыз (дематериалданылған)
Айналыс мезгілі бойынша
ұзақ мерзімді ( 5 жылдан 25 жылға дейін)
орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін)
қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
мерзімсіз
Айналыс аумағы бойынша
Өңірлік (облыс, қала, аудан шектерінде)
Ұлттық (республика шегінде)
Халықаралық (халықаралық рыноктарда)
Эмитенттер бойынша
Мемлекеттік (үкіметтік) – (МҚМ, ҰЖО, Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары)
Биліктің жергілікті органдарының бағалы қағаздары
Корпоративтік ( акциялар, мемлекеттік емес заңи тұлғалардың облигациялары)
Шетелдік (шетелдік инвесторлардың бағалы қағаздары)
Табыстарды төлеу әдісі бойынша
Тұрақты табысы бар бағалы қағаздар (акция), соның ішінде тіркелген табысы бар (артықшылықты акциялар)
Біржолғы табысы бар бағалы қағаздар (купонсыз облигация – МҚМ) және тұрақты табысы бар (тоқсан сайын, жарты жылдық, жылдық)
Эмиссия нысандары бойынша
Эмиссиялық (акциялар, облигациялар) жаппай таралыммен (тиражбен) жүзеге асырылады және уәкілетті органда тіркеуге жатады
Эмиссиялық емес (вексель, коносамент) біржолғы тәртіппен шығарылады және уәкілетті органда тіркеуге жатпайды.

Бағалы қағаздар рыноктық шаруашылық жүйесiнде ақшаны жұмылдыру, жұмcay және айырбастау үдерiсiндегi ыңғайлы әpi тиiмдi құрал рөлiн атқарады. Халыққа белгiлi бiр кәсiпорынның табыстарына оpтaқтacуғa мүмкiндiк бере отырып, бағалы қағаздар iскерлiк белсендiлiктi арттыра түседi және ұлттық байлықты басқаруды жеңiлдетедi.


Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдeттe нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелерiне дивидендтер немесе пайыздар түрiнде табыстар төлеу, сондай-aқ бұл құжaттapдaн туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру (табыстау) мүмкiндiгi қарастырылады.
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлiнедi. Құжатсыз бағалы қағаздың өмip сүруiнiң классикалық нысаны – қағаздық нысан, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрiнде өмip сүредi. Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерiнiң, ең алдымен эмuссиялық бағалы қағаздардың қызметтiң құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.
Қазақстанда «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңға сәйкес бір шығарылым шектерінде біртекті белгілер мен реквизиттерге ие болатын, осы шығарылымға арналған бірыңғай шарттар негіздемесінде орналастырылатын және айналыстағы бағалы қағаздар – эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылады. Олар мемлекеттiк және мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып бөлiнедi. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаз – Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттiк емес ұйымдap шығаратын акциялар, облигациялар және өзге бағалы қағаздар. Көпшілікке танымал баяндауда бұл – корпоративтік бағалы қағаздар.
Инвестuциялық (капиталдық) бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектi болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлiк өзара шарттар және басқалары).
Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа рыноктарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көpceтeтiн бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесiн, инвестициялық және кредиттiк тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қоpғay кепілдікктерін және басқа факторларды ескере отырып қоp бағалы қағаздары үш топқа бөлiнедi: мемлекеттiк, муниципалдық және мемлекеттiк емес.
Мемлекеттiк бағалы қағаздар – бұл мемлекеттiк iшкi борыштың болуының нысаны; эмитентi мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттiк бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен мін­деттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға билiктiң жергiлiктi органдарының борышқорлық мiндеттемелерi жатады.
Мемлекеттiк емес бағалы қағаздар корпоративтiк және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келедi. Корпоративтiк бағалы қағаздар болып кәсiпорындардың, ұйымдapдың, банктердiң борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.
Егер бағалы қағаздар кейiн салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулi мезгiлге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар облигациялар, банк сертификаттары, векселдер* және басқалары. Иеленушiлiк бағалы қағаздар тиiстi активтерге меншiк құқығын бередi. Бұлар акциялар, вappaнттap, конocaмeнттep және басқалары.
Қазiргi әлемдік практикада өмip cүpeтiн бағалы қағаздар негiзгi және туынды болып бөлiнедi. Жалпы бағалы қағаздарды екі негізгі категорияға – үлестік (акциялар) және борышқорлық (облигациялар) бағалы қағаздарға бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет