Активті алмастыру құны – бұл активтің жалпы пайдалы әлуетін алмастыру үшін қажет құн.
Активтің құнсыздануы – ішкі немесе сыртқы факторлардың әсерінен туындаған активтің елеулі арзандауы.
Активтің құнсыздануынан болатын шығын – оны алмастыратын құннан асатын активтің баланстық құнының сомасы.
Активтің өтелетін құны – сатуға және оның тұтыну бағасына (пайдалану құндылығын) жұмсалатын шығындарды алып тастағанда активтің әділ құнының ең көп мәні.
Актуарий – сақтық (қайта сақтындыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қар жылық тұрақтылығының қажетті дең гейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру жəне қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтық сыйлықақысы мөлшерлемелерінің экономикалық-математикалық есептеулер ін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан жəне жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен табыстылығын бағалауды жүргізетін, уəкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға.
Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылған акциялардың белгілі бір санына бөлінген заңи тұлға, акциялардың саны олардың пайдадан өзінің үлесін (дивидендтерді) алу құқығын куəландырады.
Ақша – сатып алу-сатуда құн өлшемі болып табылатын жəне тауарларды айырбастау кезінде жалпыға ортақ балама рөлін атқаратын метал немесе қағаз белгілер, ерек ше тауар.
Ақшалай балама – ақшалай қаражаттардың белгілі сомасына оңай айырбасталатын және құндылықтың өзгеруінің елеусіз тәуекеліне ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді инвестициялар.
Ақшалай (монетарлы) баптар – иелікте бар ақшалай қаражат, алуға немесе тіркелген немесе анықталған сомада төлеуге жататын активтер мен міндеттемелер.
Ақшалай емес (монетарлы емес) баптар – ақшалай болып табылмайтын баптар.
Ақшалай қаражаттар – кассадағы жəне ағымдағы шоттағы ақшалар.
Достарыңызбен бөлісу: |