П
Пруденциялық норматив – жинақтаушы зейнетақы қорының жəне зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар; уəкілетті орган белгілеген жəне лицензият сақтауға тиіс нормалардың қаржылық көрсеткіші.
Р
Роялти – мыналар үшін: пайдалы қазындыларды өндіру жəне техногендік құралымдарды қайта өңдеу үдерісінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етілімді, патенттерді, сызбаларды немесе моделдерді, тауар таңбаларын немесе басқа осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркəсіп жабдықтарын, соның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер келісімшарттары бойынша жалға алынатын теңіз жəне əуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; ноу-хауды пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем.
Рыноктық белгіленген баға – сатудан алына алатын немесе белсенді рынокта қаржылық құралдарды сатып алу кезінде төленуі тиіс ақшалай қаражаттардың сомасы.
С
Секвестр – бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тыйым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нəтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі.
Салық агенті – төлем көзінен ұсталатын салықты есептеу, ұстау жəне аудару жөніндегі міндет жүктелетін дара кəсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, заңи тұлға, оның ішінде заңи тұлға-бейрезидент.
Салық берешегі – бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ əкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды.
Салық режімі – салықты жəне бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |