ҚЎлпыбаев с



бет70/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу үдерісінде, коммерциялық несиелендіру кезінде қалыптасады);
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан жұмыскерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге жұмыскерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпенбюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюталық қорлар мен ресурстарды қалыптастырғанда;
банктермен (қаржылық қатынастардың бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдарымен – мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен – ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары);
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржылық жарналарды (салымдарды) төлеу кезінде, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы каржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
1) қаржылық қатынастардың көп қырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты катынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар – бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі
*Финансы. Учебник под ред. М.В. Романовского и др. – М.: Перспектива, «Юнитим», 2008.
сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құндық нысандардың тұрақты ауысымы болып отырады. Шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақшалай нысанда болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің бастапқы негізі болып табылады.
Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер) өндіріп, сату кезінде қаржылық ресурстарды (өнімді, жұмысты, қызметтерді өткізуден түсетін түсім-ақша; кәсіпорынның жалпы және таза табыстары) жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық (қаржылық немесе ақшалай) қатынастарды айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет