Ұлт азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай жерлестеріміз Тоқаш Бокин, Әліби Жанкелдин, Аманкелді Иманов сынды азат етуші ұлтжанды тұлғалар жайында тарих пәнінің мұғалімі Муканова Рышан семинар сабақ өткізді. Мақсаты



Дата15.06.2016
өлшемі22.46 Kb.
#136319
Ұлт - азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай жерлестеріміз Тоқаш Бокин, Әліби Жанкелдин, Аманкелді Иманов сынды азат етуші ұлтжанды тұлғалар жайында тарих пәнінің мұғалімі Муканова Рышан семинар сабақ өткізді .

Мақсаты: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын айтып, оның ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсету, қазақ қоғамының түрлі топтары назарын жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету. Оқушылардың 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс туралы айтып, тарихи мәліметтерді пайдалану.

«Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз » - дегендей, өз Отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, «Бабалар ерлігі -ұрпаққа үлгі» -деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.

Тоқаш Бокиннің өмірі жайлы интербелсенді тақтадат слайд көрсетілді. Оқушылар өздігінен ізденген мәліметтер бойынша қосымша түсінік берді.

Тоқаш Бокин (1890- 1918ж.ж) –Жетісуда Совет өкіметін орнатуға және оны нығайтуға белсене қатысушы. Жетісу ( қазіргі Алматы облысы), Верный уезінің 6- ауылында көшпелі кедей шаруа семьясында туған. Т. Бокин жайында презентация жасап, оны өздері қорғап берді. Интернет желісінен мәліметтер әкеліп, өз ойларын ортаға салды.1967 жылы Алматыда ескерткіш орнатылғаны, Алматының бір көшесі, Іле ауданының бір ауылы Т.Бокин есімен аталатыны айтып өтті.



Әліби Жанкельдин жайлы оқушыларды таныстырылымдар мен бейнебаяндар көрсетілді . Онда Әліби Жангельдин (1884-1953ж.ж) Торғай облысы, Жанкелдин ауданында дүниеге келген.Қазақстанда кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы. Қазақстанның мемлекет қайраткері жайында айтып, түсіндіріп өтті. 1938 жылдан Қаз. КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.РК (б) П XIII- сьезінің делегаты (1924) Ленин орденімен, Қызыл Ту орденімен марапатталған. Торғай облысының бір ауданы, ауылы Әліби Жанкелдин есімімен аталғаны жайында өз пікірлерін ортаға салды.





Азат етуші ұлтжанды тұлға Аманкелді Иманов өмірбаянына шолу жасады. Бұнда Аманкелді Иманов (1873-1919ж.ж)- қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт -азаттықкөтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3- ауылында кедей шаруа отбасында туған. Оқушыларға презентация көрсетіп, Аманкелдінің туған ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың есімімен аталады, Алматы қаласы және бірсыпыра аудан, облыс орталықтарында батырдаң ескерткіш мүсіні орнатылғаны, Жамбыл Жабаев, Аманкелдінің бұрынғы сарбазы, халық ақыны О. Шипин т.б. ақындар батврға арнап өлең, поэмалар жазғаны жайында айтып өтті. Жазушы Ғ. Мүсірепов «Амангелді» пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Халық суретшілері Ә.Қастеев ( «Аманкелді » портреті, «Аманкелді шабуылы»), «Торғай жорығы» пен Қ. Телжанов ( «Аманкелді қызыл атты әскер») Аманкелді образын тартымды бейнеленгені жайында ой бөлісті.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет