Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет1/7
Дата25.02.2016
өлшемі462.5 Kb.
#21627
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих филология факультеті

Тарих кафедрасы

Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы

пәнінен оқу-әдістемелік кешен

050114 Тарих мамандығы

Семей, 2013

Құрастырушы: Мұхамеджанова Р.Ж. , тарих ғылымдарының кандидаты, тарих кафедрасының доцент қызметін атқарушы

№___хаттама «____»_____2011ж. кафедра отырысында бекітілген

Кафедра меңгерушісі, доцент _____Сайлаубай Е.Е.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде «__»__ 2011 ж. бекітілген.

№__хаттама

ОӘК төрайымы ______________ п.ғ.к., доцент Тохметова Г.М.

Тарих – филология факультетінің ғылыми кеңесінде « __» ___2011 ж. бекітілген

№____хаттама

Тарих – филология факультетінің деканы _____________



Мазмұны

1.Пән бойынша глоссарий...........................................................

2.Жұмыс бағдарламасы...............................................................

5.Дәріс сабақтарының тезистері.................................................

6.Іс-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұскаулар....

7.ОСӨЖ орындауға әдістемелік нұскау.....................................

8.СӨЖ орындауға әдістемелік нұскау......................................

9.Бақылау құралдары.................................................................

10. Әдебиеттер тізімі.............................................................

Анархия (гр. anarchic) – басшысыздық, өкіметсіздік.

Аристократия – билеушісі социумның жоғарғы, артықшылыққа ие болған тобы, бай немесе ақсүйектер. 2) билік ақсүйектер қолында болатын мемлекеттік басқару формасы.


Ассимиляция – саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде оның құрамына біртіндеп сіңіп, жқтылып кету құбылысы.
Ассимиляциялық саясат – мемлекеттердің шовинистік саясаты, қаналған халықтың ұлттық тілін, мәдениетін, дінін, күштеп тану арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік әділеттілік – қоғамдағы барлық тқлғаларға әлеуметтік топтардың саяси және экономикалық құқықтарының тең болуы, оларға бірдей мүмкіндіктер беру.
Әлеуметтік мүдде – жеке адамның немесе әлеуметтік топтың саяси, рухани және экономикалық қажеттіліктерінің жиынтығы.
Басқару әдісі – үкіметтік органдардың ұйымдық тәртібі, сондай-ақ өлкенің құрылуы, ерекшеліктері және мемлекеттің халықпен өзара қатынасы.
Бодандық – монархиялық елдің басқа елді өзіне бағынуға мәжбүр етуі.
Большевизм – саяси ой ағымы және Ленин бастаған саяси қозғалыс. РСДРП-ның (1930) II съезінде басшы органдар сайлауы кезінде Ленин жақтастары көп дауысқа ие болып, большевиктер деп атала бастады.
Билік – бедел, құқық, қанау арқылы адамдар өызметіне ықпал ету мүмкіндігі.1)беделді, күш, құқықты, жігерді қолдана отырып біреуге ықпал ету қабілеттілігі.

2)саяси үстемдік, саяси органдар жүйесі саясатты іске асыру құралы.


Бодандық – еркі жоқтық, тәуелділік.
Буржуазия - әлеуметтік топ, қоғам табы, кейінгі орта ғасыр кезеңінде пайда болды, буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде үстемдікке ие болған.
Буржуазиялық төңкерістер - әлеуметтік төңкеріс, оның негізгі мақсаты феодалдық құрылысты немесе оның қалдықтарын жою, буржуазия билігін орнату,буржуазиялық мемлекет құру.
Бюрократия – шенеуніктер билігі, билік жүйесі, ал қоғам алдындағы белгілі бір функциялар мен артықшылартарға ие билік аппараттардың көмегімен іске асырылады.
Демократия – халық билігі, саяси құрылыс, онда халық билігінің тәсілдері мен түрлері бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылады.
Национализация – жеке кәсіпорындардың мемлекет меншігіне өтуі, яғни мемлекеттің тұтастай немесе жекелеп сатып алуы.
Отаршылдық – күшті державаның өзінің аумақтық бақылауын неғұрлым әлсіз елге немесе халыққа тарататын саясаты мен тәжірибесі.
Өкіметтің бөлінісі – ешқандай мемлекеттік орган, жеке тұлға мемлекеттің тұтастығына кепілдік бере алмайды. Сондықтан үкімет үш бұтаққа бөлінген. Олар заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі.
Өркениет – материалдық және рухани мәдениеттің, қоғамдық дамуының деңгейі.
Пакт – келісім, халықаралық келісім-шарт.
Партия – ойлау жүйелері бір мақсатқа біріккен қоғамның өкілдік тобы.
Партиялық жүйе – елдегі барлық елеулі партиялар, олардың өзара қатынасы және (кейде) сайлау жүйесі.
Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, әр адамның өз Отанын қорғауы, сол үшін жанын да, қанын да береді.
Саяси тәртіп – мемлекет және қоғамда басқарудың әдісі, әрине, үкімет тарапынан. Саяси тәртіптің демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық жүйелері болады.
Саясат – қоғамда, әлеуметтік топтар арасында, ұлттар арасында маңызы зор сөз жүйесі және оны іспен қабыстыру.
Федерация – жаңа біріккен мемлекет құру мақсатындағы бірнеше мемлекеттер одағы. Оның құрамына енген мемлекеттер федерация субъектісі ретінде құқықтарының бір бөлігін сақтап қалады.
Ұлт – тарих қалыптастырған әлеуметтік жағдайы, тілі, діні, бір белгілі бір жерді мекен еткен мәдениеті, тілі бір елдің тобы.
Ұлттық мүдде – үкімет белгілейтін мемлекет мүддесі.

Ұлтсыздық – ассимиляция салдары, ұлт болмысындағы ауыр дерт, басқа ұлттармен аралас-құраластық, жақындасудың шегінен аттап, оларға сіңіп кету.
Эволюция - өрлеу, өркендеу.
Революция – 1) түпкілікті төңкеріс, бір сапалы жағдайда екіншісіне ауысуы. Ойдың, қоғамның және табиғаттың диалектикалық даму заңдылықтарының көрінуі; 2) мәдениеттегі ғылымдағы, дүниеге деген көзқарастағы, экономика мен қоғамдағы түбегейлі сапалы өзгеріс.
Репрессияқатаң жазалау шаралары, мемлекеттің оқшау ойлаушыларға қарсы әрекеті.
Реформа – қайта құру, өзара, қоғамдық өмірдің бір қырын қайта құру.Мұнда өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негізі жойылмайды.
Тарихнама – (гр. Тарихи баяндау) – арнайы тарихи ғылым. Тарихи білімін және тарих ғылымының дамуын зерттейді.
Тарих – (өткен туралы әңгіме) – табиғат пен қоғам дамуының үдерісі.
Толеранттылық – шыдамдылық.
Тоталитаризм – қоғамдық өмірдің барлық саласына бақылау орнатқан мемлекеттік билік.
Саяси элита – саяси жетекшілер тобы. Үкімет, мемлекет ісіне ықпал ететін саяси күш.

Курстың қысқаша сипаттамасы
Жоғарғы оқу орыңдары үшін бүгінгі таңда Қазакстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын жаңаша көзкарастағы ғылыми ой-пікірлер негізінде оқыту студенттер үшін аса қажет. Тәуелсіздік жолыңда ұзак күрескен халқымыздың «Қазакстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын» пәнінің оқытылуы да, оқытушыларға жүктелген міңдеттің де женіл еместігі белгілі.

Қазақстан Республикасында білім берудегі түбегейлі өзгеріс те осыны қажет етеді. Қазақстанның халықаралық катынастар жүйесінде алар орны, Ресей империясының отарына айналу кезендері, Ресейлік метрополияның отарлық саясатының мәнін ашу арылы қазақ даласында капиталистік қатынастардың қалыптасып, дамуы сияқты елеулі тарихи процестердің негізгі мазмүнын саралап түйіндеу - Қазақстан тарихы курсын өз кезеңдерімен оқытудағы күн талабындағы даекті мәселе.



Бағдарламаның негізгі мақсаты- Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи кезеңінің методологиясынан, деректемелері мен тарихнамасынан кең түрде таныса отырып, мол мағлұмат алуымен бірге, оны талдау, оны тұжырымдау мәселелері курсты окудағы басты міндеттер болмақ. Және де айтылғаңдарды белсенділікпен шешуде маңыздырақ көмегі болары айтпай-ақ түсінікті.

Пәнді оқытудын мақсаты мен міндеттері:

Студенттер Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы курсын тыңдай отырып, дәрістік, практикалык сабақтарда, СӨЖ (окытушымен бірлескен) сабақтар барысында белгілі деректерді конспектілейді.

Сондай-ақ курс бойынша алып отырған білім негіздерін өздерінін ғылыми ізденістерінің нәтижесінде шыңдай түседі және де мектептерде сабак беру кезінде жан-жакты қолдануға мүмкіндік алады. Соның барысыңда студенттер:

- Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы курсы бойынша тарихи деректер, тарихнамалық мағлұматтар алады.

-Тарихи танымдылықпен тарихи сананы қалыптастыру мен бірге тарихи тұжырымдарды жасауды үйренеді.

Тарихи деректер мен тарихи тарихнамалық аспектілерді нақтылауды үйренеді. т.б.



Пререквизиттер: курсындағы Қазақстан тарихы, Әлем тарих, коғамтану

Кореквизиттер:Қазақстан тарихы, Әлем тарихы

Постреквизиты: Қазақстан тарихы, Әлем тарихы

«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар» тарихы пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстары және олардың ерекшеліктері. Ұлт-азаттық қозғалысы қашанда және қандай жерде болмасын отарлаушы елдің саяси, экономикалық, идеологиялық, мәдени-рухани, т.б. өктемдігіне, әділетсіздігіне, зорлығына қарсы бағытталады. Қозғалысқа қатысушылардың саны, ол шарпыған аумақтың үлкен-кіші болуы көп нәрсені анықтайтыны рас, бірақ бұлар мәселенің өзегін құрай бермейді. Өйткені отарлаудың классикалық «бөліп ал да, билей бер» формуласы жұмыс істеп тұрған өлкеде байырғы халық саяси, экономикалық, аумақтық тұтастығынан айырылатыны былай тұрсын, олардың бірегей ақпараттық кеңістігі де бола бермейді. Мұның сыртында табиғи-ырғақты даму мүмкіндігіне жоғалтып, шикізат көзіне айналған отар ел көбінесе дамудың мешеу күйінде қалатындығына қоса қолда бар байланыс құралдарының қатаң бақылауда жұмыс істеуі себепті «ұзынқұлақтың» айтқанын ғана пайдалана алады екен.

Сонымен, ұлт-азаттық қозғалысы, ұлт-азаттық көтерілісі, ұлт-азаттық соғысы – осынау ұғым-түсініктер тілімізде, ділімізде, Отан тарихынан жазылған зерттеулерде берік орын тепкені ақиқат. Мұның себебі де түсінікті. Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қарсылықпен 1991 жылдың 16 желтоқсанын – мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғасырдағы Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғасыр басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300-ден астам бас көтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Басқаша айтсақ, 1731 жылы Ресей бодандығын мойындағаннан 260 жыл бойына, орта есеппен, қазақтар әр жылда 2-3 мәрте отарлық немесе тоталитарлық жүйеге қарсы шығып отырған. Әрине, бұлардың бәрін ұлт-азаттық қозғалысына, көтеріліске, соғысқа жатқызуға болмас. Діни сипатта, қысқа мерзімдік, ресми биліктің арандатуымен, тіпті қарақан басының қамын күйттеген себептерден бұрқ еткен оқиғалардың да тізімге еніп кетуі мүмкін ғой. Сондықтан да ұлт-азаттық қозғалысы, ұлт-азаттық көтерілісі, ұлт-азаттық соғысы мәртебесіне лайық құбылыс қандай өлшемдерге, көрсеткіштерге сай болуы керектігін анықтап алудың теориялық, әдістемелік, танымдық маңызы зор.

Ұлт-азаттық қозғалысының үш мәнді белгісі бар: біріншісі – қозғалысқа жалпы ұлттық идеяның тән болуы: екіншісі – қозғалыс алға қойған негізі мақсаттың анық та ашық түрде мемлекеттік билік мәселесіне келіп тірелуі; үшіншісі – қозғалыстың басында ұлт зиялыларының саяси көтергендік, қолбасшылық кемелдік, дипломатиялық әбжілдік, харизмасы өткір қасиеттері бойында бар көрнекті өкілдерінің тұруы.


Дәріс тақырыптары.

Кіріспе

1.Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы

2. Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері

3.Тарихнамасы мен деректері.



1-тақырып. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы (1773-1775жж)

Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуының алғышарттары.

2.Шаруалар көтерілісінің барысы және бағыттары.

Шаруалар көтерілісінің аяқталуы және жеңілу себептері.



2-тақырып.Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.

1.Нұралы ханмен қақтығыстары.

2.С.Датұлы алғашқы кезеңі басталу себебі.

С.Датұлы 2-ші кезеңі: барысы, аяқталуы.

3.Хиуаға ығысуы.

3-тақырып. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтеріліс.

Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің алғышарттарына сипаттама жасау.

Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің барысы.

Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің ерекшелігі және аяқталуы


4-тақырып: Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.

1.ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстандағы әкімшілік-саяси өзгертулер.

2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы.

3.Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі.

4.Қазақтардың 18-19 ғасырларда болған барлық басқа көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі.
5-тақырып.Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған көтеріліс.

Есет Көтібаров бастаған қазақтардың көтерілісі: алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.

Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған Сырдария қазақтардың көтерілісі: алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.
6-тақырып.Орал,Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістер (1867-1868жж.)

1.1867-1868 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер: алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.

2.1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс: алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.
7-тақырып. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттары, себептері.

2.Көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, басталуының сылтауы.

3.Көтерілістің басталуы, оның көрнекті басшылары мен батырлары. Жанбосынов Әбдіғафар, Амангелді Иманов, Мәмбетов Жәмеңке, Саурықов Ұзақ, Әшекеев Бекболат, Көкімбайұлы Кейкі т.б.

Көтерілістің барысы, оның негізгі ошақтары.

Көтерілістің жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары.


8-тақырып.1917 ж. Қазан төңкерісі және Ақпан төңкеріс кезіндегі Қазақстан

1.Қазан төңкерісінің қозғаушы күштері, сипаты, басталуының сылтауы.

2.Ақпан төңкерісінің қозғаушы күштері, сипаты, басталуының сылтауы.

ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

4.Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер.

9-тақырып. 1918-1920 жж. Азамат соғысы жылындағы Қазақстан.

1.Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы.

2.Қазақ кеңес республикасының құрылуы.
10-тақырып. 1931-1933жж. Абралы, Шыңғыстау, Шұбартаудағы көтерілістер.

1.1931-1932жылдардағы қуаңшылық және ашаршылық.

2.Жергілікті тұрғын халықтың мыңдаған отбасыларының республикадан тыс жерлерге қоныс аударуы.

3.Ауылдық жерлерде жасалған зорлық-зомбылықтарға қарсы наразылықтар.


11-тақырып. 1941-1945 жж. Ұлы отан соғыс жылдарындағы Қазақстан.

1.Соғыстың басталуы мен сипаты.

2.Қазақстандағы соғыс жағдайына байланысты қайта құру.

3.Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтар.

4.Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. (1946-1953жж).
12-тақырып.Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер.

1.Теміртаудағы 1959 жылғы жұмысшылар көтерілісі.

2.Жаңа өзен оқиғасы.
13-тақырып. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

1.Желтоқсан оқиғасының себебі және сылтауы.

2.Оқиға барысы. Қатысқан қайраткерлер

3.Тарихи маңызы.



Дәріс сабақтарының тезистері.
1-дәріс. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы (1773-1775жж)

1. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуының алғышарттары.

2.Шаруалар көтерілісінің барысы және бағыттары.

3. Шаруалар көтерілісінің аяқталуы және жеңілу себептері.



18 ғасырдың 1-жартысында империясының Қазақстанда, әсіресе, Кіші жүзде отарлық саясаты үдей түсті. Осы тұста Орал мен Сібір бекіністерін салу, көшіп-қонудың дәстүрлі жүйесіне нұқсан келтірді. Ресей үкіметінің Жайық пен Еділаралығында, Ертістің арғы бетінде көшіп-қонуға тыйым салуы қазақ шаруашылығына кері әсер етті. Оған қоса Батыс Қазақстанда тұз иелігін жасап, оның өнімін Жайық казак-орыс әскеріне сатып алуға міндеттеуі – Кіші жүздің батыс аймағындағы малшылардың жағдайын ауырлатты. Ресей үкіметінің заңсыз әрекетіне наразылық білдірген қазақтардың шағымына ешкім құлақ аспады. Осындай жағдай қазақтардың 1773 – 75 жылы Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына себепші болды. Көтеріліс жайындағы хабар қазақ ауылына тез тарады. Нұралы хан хатшысын Пугачевке астыртын жөнелтті. Нұралы Пугачевпен байланыс жасай отырып, бір жағынан Орынбор губернаторына көтерілісшілер отрядының орналасқан жерін, бет алысын мәлімдеп, әрі Пугачевке қарсы әскери көмек те ұсынып, екі жақты саясат ұстанды. Қазақтарды көтеріліске қатыстыруға Пугачев үлкен мән бергенімен, Нұралыны түпкілікті өз жағына қарата алмады. Сондықтан ол қазақтарға тікелей тіл қатуға ұйғарды. Орынборды қоршап тұрған кезінде оның адамдары шақыру “қағаздарын” алып, Кіші жүздің ауылдарын аралап жар салды. Пугачев оларға жер-су сыйлап, дін бостандығын беруге уәде етіп, Екатерина ІІ-нің үкіметіне қарсы бірігіп күресуге шақырды. Орынбор әкімш-нің мәлімдеуі бойынша тама, табын, жағалбайлы руларының кейбір бөліктері бірінші күннен-ақ Пугачевке қосылып, орыс бекіністеріне шабуыл жасады. 1773 жылы 7 қазанда Орынборға жасалған шабуылға 2 мың қазақ қатысып, үкімет әскеріне көп зиян шектірген. Беріш пен шеркеш руларының жасақтары Орал шебінің бекіністерінің гарнизондарына шабуыл жасаған. 1774 жылы қаңтарда А.Овчинников отрядының көтерілісшілері Гурьевті (қазіргі Атырау қаласы) алғаннан кейін, Кіші жүздің батыс жағының тұрғындарына шаруалар соғысының ықпалы күшейе түсті. Ресей әкімш. мен хандарға қарсы кейбір сұлтандар да көтерілісшілерге қосылды. Досалы сұлтан 200 адамдық қолмен баласы Сейдалыны Пугачевке аманатқа жіберді. Ол Орынбор түбіндегі соғысқа белсене қатысты. Сонымен қатар Орынбор қоршауына және Елек (Илецк) қорғанысына шабуыл жасауға Орта жүз қазақтары да араласты, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Пугачев армиясына материалдық жағынан да жәрдем көрсетті. 1774 жылы 10 сәуірде Сакмара ауд-ндағы ұрыста Пугачевтің негізгі күші жеңіліс тапты. Көтерілісшілер армиясының қалған топтары таулы башқұрт жеріне ығысты. Олар Оңтүстік Оралға келісімен көтеріліске қайта қуат бітті. Көтеріліс орталығының Оңтүстік Оралға ығысуына байланысты қазақтардың Сібір қорғандарына шабуылы жиілей түсті. Пугачев Орта жүз қазақтарын өз жағына тартып, әскер әрі ат алу ниетімен оларға үндеу жазып, өкілдерін жіберді. 1774 жылы маусымның басында Сарыторғай маңында Орта жүз старшындары бас қосып, Пугачев үндеуіне келісетіндіктері туралы ұйғарымға келді. Сол жылы Кіші жүз қазақтары Жайық бекінісіне жиі-жиі шабуыл жасады. Жекелеген жасақтар Жаңаөзен уезі менЕділ жағалауына дейін барды. Қазақтар Пугачев армиясының әскери қимылдарымен ұйымдасқан түрде байланыста болмағанымен, олардың шабуылы Ресей үкіметі әскерінің күшіне қарсы тұра білді. Бұл соғыс қазақ халқының өміріне айтарлықтай әсер етіп, Ресей үкіметінің болашақтағы отаршылдық саясатына қарсы күресіне негіз қалады
2-дәріс.Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.

1.Нұралы ханмен қақтығыстары.

2.С.Датұлы алғашқы кезеңі басталу себебі.

3. С.Датұлы 2-ші кезеңі: алғышарттары, барысы, аяқталуы.



3.Хиуаға ығысуы.

1783-1797 жылдары Кіші жүз Сырым Датұлының басшылығымен халық –азаттық көтерілісі болды. Бұл көтеріліс феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы бағытталған қозғалыс. Кіші жүздің Ресейге қосылуы қазақ қоғамының шаруашылық және мәдени дамуында елеулі тежеуші рөл атқарды. Сонымен қатар Кіші жүз патша үкіметінің отаршылдық езгісінің күшеюіне де себепші болды. Феодалдық қатынастардың одан әрі дамуы тап қайшылықтарының шиеленісуіне әкеп соқты. Осының бәрі еңбекші бұқараның наразылығын туғызды. Бұл әсіресе, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ қауымдарына аса қажетті қоныстық жерлерді пайдалану мәселелерінде байқалды. Патша үкіметінің 1756ж указы бойынша қазақ қауымдарына Жайықтың оң жақ жағалауындағы жерлерді («ішкері жақ») пайдалануға тйым салынған. Еділ (Волга) мен Жайық аралығындағы едәуір жерді 1771жылға дейін қалмақтар мекендеді олардың Жоңғарияға үдере көшуіне байланысты (1771ж) бұл жерлер босап қалды. Қазақ шонжарларының осы жерлердегі қысқы жайылымға сұраған өтініштері патша үкіметі тарапынан аяқсыз қалды. Қазақтардың «ішкері жаққа» өтуіне патша үкіметі 1782жылы ғана рұқсат берді. Кіші жүз ханы Нұралы және оның туыстары қоныстарды иемдену правосын пайдаланып, халық бұқарасына барынша қиянат жасады. Олар «ішкері жаққа» өтетін әрбір түтіннен 1 жылқы мен 1 қой алып отырды. Ал, Орал казак-орыстары старшиндармен ауыз жаласқан хан мен сұлтандар мұндай ақы төлемейтін, әрі «ішкері жаққа» өткен ауылдарды тонайтын. Мұның өзі хан тұқымының, шекаралық әкімшілік- орындарының және Орал казак-орыстары билеуші тобының пайда түсіретін табыс көзіне айналды. Бұл отырықшылдық және феодалдық езгінің ұштасқан анық аңғартады. Мұның бәрі көтерілістің шығуына себепші болды. Кіші жүздерде жер мәселесінің шиеленісумен қатар феодал, шонжарлардың өз ішінде өкімет билігі үшін тартысы да өрши түсті. Төре тұқымынан шыққан ақсүйектер билер мен батырлардың ел арасындағы ықпалының артуына қарсы болды. Патша үкіметінің қолшоқпарына айналған Кіші жүз ханы Нұралы билер мен батырлардың саяси өмірінде атқарған жұмыстарын жоққа шығаруға тырысты. Сол мақсатпен ол билер кеңесін шақырғысы, олармен санасқысы келмеді. Өз кезегінде билер мен батырлар хан мен сұлтандардың правосы мен билігіне шек қоюға ұмтылды. Бұл көтерілістің қозғаушы күші феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы күрескен шаруалар табы болды. Көтеріліске патриархалдық- феодалдық шонжарлар - билер мен батырлар да қатысты. Бірақ олар халық наразылығын өз мақсаттарына, дәлірек айтқанда , хан мен сұлтандардың билігін шектеуге пайдаланды. Сондықтан да көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар мен патриархалдық – феодалдық топтардың мүдделері бір-біріне қайшы келді. Олардың арасындағы тап қайшылығы жойылады. Көтеріліс кең көлемде өріс алғанмен, шаруалар соғысының дәрежесіне көтере алмады. Ол халық қозғалысы сипатында болды. Көтерілістің негізгі себептері мен мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің «ішкері жаққа», Жайық сыртына өтуге тиым салуы, ру басшыларының праволарына қысым жасауы, хандардың, сұлтандардың, Жайықтың казак әскерінің және патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық тонап, озбырлық жасауы болды. Көтерілістің тікелей басталуына 1783жылдың көктемінде Орал казак-орыс әскері старшиналарының Кіші жүз қауымдарының «ішкері жаққа» өткізген 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі сылтау болды. Көтеріліс алғаш ында Кіші жүз жерінің Батыс аймақтарын мекендеген Тама руын қамтып, көп ұзамай Жайық пен Жем өзендерінің аралығындағы басқа руларға да тарай бастады. Көтерілісшілер жасақтары құрылып, оларға ру старшындары басшылық етті. Бұлардың ішінде, әсіресе Байбақты руының старшины Сырым Датовтың ықпалы зор еді. Көтеріліс 1784жылға дейін Орал әскерлеріне қарсы бағытталды.мысалы, көтеріліс басшысы Сырым Датов 1783жылы Нұралы ханның ауылдарын талаған Чаганов басқарған шеп әскерлерімен соғысты. Чаганов тұтқынға алынып, Сырым оны Хиуаға құлдыққа сатып жіберді. Бірақ сол жылдың өзінде жазалаушы отряд Сырымның өзін тұтқындады. Оны Нұралы хан мал беріп құтқарып алды. Тұтқыннан босаған соң Сырым Табын руының старшины Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Орал казак-орыс әскерімен күресін қайта жалғастырды. Бірақ Сырым Нуралыны енді қолдамады. Қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісті басу үшін әскер беруін өтінді. Өйткені Сырым Датов бастаған көтеріліс халық қозғалысы 1784жылдан бастап Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталды. 1785жылдың басында Сырымның отряды 2700 адам болса, жалпы көтеріліске қатысқандардың саны 6мыңнан асты. Көтерілістің бұлайша кең жайылуынан қауіптенген патша әкімшілігі енді оны қарулы күшпен басуға кірісті. Осы мақсатпен Орынборға генерал Смирнов бастаған әскери отряд құрылып, ол 1785жылғы ақпанның орташа шеніне Елек өзеніне қарай беттеді. Ал әскери старшиналар Калпаков пен Пономарев бастаған отрядтар Оралдан Жем өзеніне бет алды. Алайда, бұл отрядтар халық қозғалысын баса алмады. Бұл кезде көтеріліске қатысқан ауылдар Жем бойынан көшіп кетті. 1785жылдың наурыз айында Сырым бастаған шағын отряд Антоновск форпосты мен Сахарная қамалына шабуыл жасады. Дегенмен, сол кездегі соғыс өнеріне сай қаруланған гарнизондарға Сырым жасақтары төтеп бере алмады. Осы кезде Назаров бастаған жазалаушы отряд Каршинск форпосты мен Сахарная қамалына жақын жерлерде көшіп жүрген Табын руының бірнеше ауылдарын тонады. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтеріліске бұрын одан тыс қауымдардың қосылуына мүмкіндік жасады. Осы жылдың орта шенінде Кіші жүздің көптеген рулары Нұралыға бағынбай , көтерілісшілер жағына шықты. Соның салдарынан Нұраы ханның өкіметі едәуір дағдарысқа ұшырады. Көтерілісшілердің хан мен сұлтандарға, патша әкімшілдігіне қарсы жүргізген күресі қалың бұқара тарапынан қолдау алып отырды. Хандық өкіметінің дәрменсіздігін жақсы түсінген жергілікті патша әкімшілдігі енді көтеріліс бастаған старшиндармен тікелей байланыс жасауға кірісті. Осы мақсатпен генерал-губернатор О. А. Игельстром көтерілісшілерге Ахун Құсайновты елші етіп жіберді. 1785ж азында көтерілісшілер қатысуымен өткен старшиндар жиналысында патша әкімшілдігінің көтерілісті тоқтату жөніндегі талаптарды талқыланды. Олар сонымен қатар генерал-губернаторға өз талаптарын білдірді. Көтеріліс басшылары қазақ қауымдарына Жайық пен Еділ аралығындағы қоныстарды беруді және Орал казак-орыс әскерлерінің жазалаушы отрядтарын жіберуді тоқтатуын талап етті. Көтеріліске қатысқандардың басты талаптарының бірі Нұралы ханды тақтан түсіру болды. Ал сол жылдың күзінде болған старшиндар жиналысы Нұралыны бұдан былай хан деп танудан бас тартқандықтарын білдірді. 1786ж апрелінде көтеріліске қатысушылардың қысымымен Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болды. Сол жылдың маусым айында Екатерина ІІ Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қойды. Осы жағдайды пайдаланған патша үкіметі енді Кіші жүзде хандық үкіметін бір жолата жоймақшы болды. Мұны Игельстром реформасы жүзеге асыруға тиісті болды. Алайда, бұдан еш нәрсеге шықпады. Оның үстіне көтеріліске қатысқан старшиндардың барлығы бірдей хандық үкіметті жоюды қолдамады. Олардың бір бөлігі Нұралыға ғана қарсы шығып, Жәдік әулетінен шыққан Қайыпты хан етіп сайлауды ұсынды. Сондықтан да Игельстром реформасына сәйкес құрылған шекаралық сот пен сот келісімін орындау ешқандай нәтиже жаңа басқару системасын орнатуға тырысқан әрекеттері сәтсіз болғаннан кейін патша үкіметі хандық билікті қайта қалпына келтіру, қазақ қоғамының жоғарғы сұлтандар тобымен арадағы одақты нығайту бағытын ұстады. Игельстромның орнына жаңадан генерал-губернатор болып сайланған А. А. Пеутлинг енді Нұралының інісі Ералы сұлтанмен байланыс жасады. Осы кезден бастап (1790ж) Орал казак-орыс әскерлері старшиндарының қазақ ауылдарына шабуыл үдей түсті. Жазалаушы отрядтардың іс-әрекетін сұлтандар қолдады. Мұның өзі халық наразылығын күшейтті. Осыған байланысты Кіші жүз ауылдарында стихиялық толқулары күшейіп, көтерілісшілер жасақтары Ойыл және Шыңғырлау өзендерінің бойында шоғырланды. Көтеріліс барысында таптық күштердің күштері барған сайын айқындала түсті. Билер мен старшиндардың кейбір топтары халық наразылығының одан әрі өріс алуынан қорқып, сұлтандармен ауыз жаласып кетті. Сөйтіп, көтерілістің негізгі қозғаушы күші болған шаруалар мен патриархалдық-феодалдық шонжарлардың мүдделері іс жүзінде қайшылыққа ұшырады.

Алайда, патриархалдық-феодалдық дәстүрлерге шырмалған, езілген халық бұқарасы «өз» феодалдарына қарсы батыл күрес жүргізе алмады. 1790ж тамызда Нұралы хан Уфа қаласында қайтыс болды. Ералы патша үкіметі әскерінің қолдауымен хан болып жарияланады (1791ж тамыз). Сұлтан тобының басшысы Ералының хан болуын халық наразылығын күшейтті. Сырым бастаған топ енді патша әскерлерімен кішігірім қақтығысулармен бас тартып, 1792ж ашық соғыс қимылдарына көшті. Патша қамалдарына шабуыл жасай бастады. Бірақ олар айтарлықтай нәтижеге жете алмады. Өйткені сол кездегі соғыс тактикасын бұрынша меңгерген қамал гарнизондарының күші қазақ жасақтарынан әлде-қайда басым болатын. Сондықтан да көтерілісшілердің 1792ж күзінде Елек қамалына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталды. Бұдан соң көтеріліс басшылары күрес әдісін өзгертіп, партизандық соғыс тәсілдерін қолдады. Олар шекаралық бекіністерге , сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға алды. 1794ж Ералы қайтыс болғаннан кейін, патша үкіметі Кіші жүз ханы етіп Нұралының баласы Есімді сайлады (1796ж). ол көтерілісті басуға бар күшін салды. Көтеріліс басшыларын патша үкіметіне ұстап берді. Сол жылдың желтоқсанында Орынбордың әскери губернаторы болып тағайындалған барон Игельстромға көтерілісті біржолата басуға бағытталға шараларды жүзеге асыру жүктелді. 1797ж наурыз айында көтерілісшілердің бір тобы хан ауылына шабуыл жасап, Есімді өлтірді. Ханның өлтірілуі феодал топтардың Сырымға қарсы шығуына себепші болды. Мәселен, Сырымға қарсы жіберілген жазалаушы отрядтың құрамына Кіші жүздің Байбақты, Алаша, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш т.б. руларының билері мен старшиндары да кірді. Есім хан өлтірілгеннен кейін, Кіші жүзде хан кеңесі құрылды. Оған Айшуақ сұлтаннан басқа 6 старшин және патша әкімшілігінің өкілі муфти Құсайынов кірді. Бұл кеңестің құрылуы сұлтандар мен ірі патриархалдық-феодалдық шонжарлардың мүдделеріне толық сай келіп, халық көтерілісін басып-жаныштауға жағдай жасады. Хан кеңесінің 1797ж тамызда болған мәжілісінде Сырым мыңға тарта адаммен келіп күресті тоқтататынын мәлімдеді. Сырым хан кеңесінің құрамына енгізілді. Осыдан кейін көп ұзамай –ақ 14жылға созылған Кіші жүз шаруаларп көтерілісі тоқталды.

Сонымен, халқымыздың тарихындағы ашылмай жатқан ақтандықтардың бірі –ұлт-азаттық көтерілістері. Бұл тұрғыдан көпшілік қауымға Сырым Датұлы, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық қозғалыстары, 1916ж ұлт-азаттық көтерілістері кеңірек таныстырылған. Алайда еш шүбә келтіруге болмайтын осы қозғалыстардың өзі де советтік дәуіріміздің белгілі бір кезеңдерінде тарих сахнасынан орынсыз ысырылды, ол жайында айтылған шындық сөз буржуазиялық-ұлтшылдықтың көрінісі ретінде ай ыпталды. Соның да салдары болуы керек, бұл аталған халық қозғалыстарының назардан қалған тұстары әлі де баршылық. Әрі Қазан төңкерісіне дейінгі бостандық, теңдік аңсаған қазақ елінің ұлт-азаттық көтерілісі, әділет жолындағы күресі осы айтылған үш кезеңмен ғана шектеліп қоймады. Оған төменгі хронологиялық тәсілмен беріліп отырған архив деректері айқын мысал.

Алдымен ауызға ілігетіні , әрине, Әлкей Марғұлан: «Әбілқайыр тұқымы патшаға қарсы күресте қазақ тарихынан ең қадірлі орын алатын көрнектісі » деп бағалаған ХҮІІІғ аяғындағы Сырым Датов бастаған айбынды қозғалыс. Оның 1780ж басталып, жиырма жылға жуық уақытты қамтығаны жұртшылыққа мәлім. Көтерілістің туу себебін Әлкей Марғұлан ертеректе жазылып, архивке тапсырылған қолжазбасында : «Бұл кезде хан мен патша халықты екі жақтап сорып, оларға жыл сайын төлейтін рамат, жасқ, салық деген нәрселер халықты мүлде бас көтертпеді. Отаршылдық талаудың өзге түрі халықты мүлде бас көтертпеді. Отаршылдық талаудың өзге түрі халық бұқарасын әбден көк иық қылып, кіші жүз қазақтары енді құлдық бұғауының астында шіруге айналды. Бұлардың ішінде халықтың еңсесіне батқаны әсіресе олардың атамекен қонысын тартып алып, өздерінің бас еркіндігіне нұқсан келтіргендік еді» деп көрсетеді.

Хан тұқымының озбырлығы күресті бейбіт түрде бастаған Сырым батырдың патшаға жөнелткен шағым хаттарына ашық айтылған. Саяси бостандықты көксеп , бір хатында: «Ханды орнынан түсіріп, әкімшілікті халықтың өз қолына беруді» талап еткен. Сонымен қатар патша үкіметінің отаршылдық іс-әрекетіне де наразылық білдіріп: «Бұл Мәзқұр Досқанов Орал қаласынан мың жарым әскермен шығып, бейбіт жатқан кінәсіз қазақ халықының екі жүз жиырма үйін шауып, оларды талан-таражға ұшыратып, 57 кісін ұстап әкетті. Алған жылқы, ту сиыр дегеннің есебі жоқ» деп жазғаны ерекше назар айдартады.

1783ж жазда көтерілісшілер Ойыл мен Жем бойын жайлап, патша ұлықтарына, өткінші саудагерлерге, хан-сұлтандарға шабуыл жасады. Сырым батыр патша әскерімен қалай қақтығысуды ақылдасу ниетімен атасына ас беруді сылтауратып, өзіне жақтас би, батырларды, халық өкілдерін жинады. Мұны алдын-ала сезген Нұралы ханның тыңшылары қарулы қолмен келіп, Сырым батырды бірнеше серігімен алдап оңаша шығарып, тұтқындап әкетеді. Ол Орынбор түрмесінде бір жыл жатып, халықтың талап етуімен бостандық алғаннан кейін күрес қайта жанданды. «Лябежный», «Руежный», «Сахарный»,т.б.қамалдарға шабуыл жасалып, өрт қойылады. Бұдан сәл ертерек Кульнев бастаған 3462 адамдық жазалаушы отряд көтерілісшілерді таппай, бейбіт ауылдарды қан қақсатып оралса, енді Орынбор мен Оралдан екі әскер шығады. Бетпе-бет қақтығыста екі жақтан да біраз шығын болып, патшаның үш офицері оққа ұшады. Осы ұрыстан соң көтерілісшілер шегініп, жазалаушы отряд қорғансыз ауылға шауып, екі жүздей ауыл мен жүзден аса кемпір-шал, бала-шағаны тұтқынға алған. Оған кектенген Сырым батыр ізінше сарбаздарын аттандырып, Орынбор мен Жайық төңірегіндегі қамалдарға шабуыл жасатқан. Осылай жалғасқан көтерілістің бірде басылып, бірде қайта өрлеп, 1798ж дейін созылғанын, олардың қолынан Нұралының баласы есім хан өлтіргені , патша үкіметінің Сырым Датовтың басына үш мың сом алтын тіккенін айғақтайтын деректер жетерлік.

Біздің Сырым батыр бастаған көтеріліске көбірек тоқталуымыздың өзіндік себебі бар. Хан-сұлтандардың шексіз билігіне, сатқындығына және патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсылық-бұдан соңғы көтерілістердің бір қатарына ортақ сипат. Мәселен, Сырым батыр бекініс-қамалдарға шабуылдап, өрт қойдыртса, кейінгілері де шекаралық аймақтарда қарулы отрядтармен қақтығысып, жалаңаш қолмен от көсегендей болды. Рас, хандыққа таласып, халық толқынысып, көтеріліс мақсатын жеке бас пайдасына бұрып әрекет етушілер де жоқ емес.

Міне, сондай қозғалыстардың біріне ХІХғ алғашқы ширегінде Қартай Нуралиев басшылық етті. Есім хан өлген соң, ел жақсылықтарының қалауы соған түсті. Ол жөнінде тарихшы А. Ф. Рязанов «Қазақ халқының қырық жылдық ұлт-азаттық күресі» (1926ж Қызылорда) атты кітабында : «Бұл өктем әрі өте қатал адам еді, оны россияның «қолжаулығы»етіп, басшылықтың талабын бұлжытпай орындату қиын болды. Игельстром Қаратай сұлтан таққа отырса, олардың тәуелсіз, күшті басқарушысына айналып , Россиядан бөлініп кетуі мүмкін екендігінен қауіптенді» деп жазды. Сөйтіп, патша үкіметі ел жақсылықтарының тілегін ескермей, ант аманаты ретінде Орынборда көп жыл тұрған, кейінгі қызметінде де сенімдерін ақтаған Айшуақты хан көтереді.

1806ж Қартай Нуралиев бірнеше мың қол жинап, патша үкіметіне қарсы көтеріліске дайындалды. Оны ұстауға Орынбордан таможнялық әкім Бекчуриннің басқаруымен Беляковтың жүздігі жіберілді олар күтпеген қарсылыққа ұшырап, құр қол қайтқан соң, Қаратайды Орынборға шақыртып, алдап қолға түсіру әрекетінен де жасап көрді. Оған да көнбеген сұлтанды ұстауға 1807ж 3артиллерия құруы, 1500 адам бар генерал-майор Герцебергтің, келер жылы 400 атты казактан жасақталған атаман Бородиннің, полковник Донсковтың, штаб-капитан Ешпанешниковтың т.б.жазалаушы отрядтары аттандырылды. Көтеріліс әр кезде әр келкі болып, 1820ж басына дейін созылды.

Іле қазақ даласында 1826-1838ж аралығында Қайып-Ғали Есімов бастаған тағы бір көтеріліс шықты. Архив деректеріне оның да ел ішінде ықпалды сұлтан болғаны айтылады. Қайып-Ғали екі рет тұтқындалып, алғашқысында сегіз айдан соң босатылған, ал екінші жолы өз жақтастарының көмегімен түрмеден қашып шығады. Оны ұстап, көтерілісті басуға 1828ж подполковник Биязновтың , бір жылдан соң 520 адамдық әскері бар атаман Бородиннің т.б. жазалаушы отрядтарын жұмсады. Қайып-Ғалиды у беріп өлтіру, алдап қолға түсіру, жанындағы серіктерін ақшаға сатып алу әрекеттері де ойластырылды. Алайда бұл әрекеттердің бәрі нәтижесіз аяқталып,жазалаушы отряд көбінесе бейбіт ауылдарды шауып , тонап қайтып жүрді. Есесіне көтерілісшілер де хан-сұлтандар ауылына, бекініс-қамалдарға шабуыл ұйымдастырды. Арада тілегін орындамаған Хиуа хандығымен де араздасып, Исатай Тайманов бастаған көтерілісшілерге көмекке ұмтылды. 1838ж Исатай мен Махамбетке қосылып, құрамында бірнеше жүздігі, Орал казк полкі, 50 жаяу солдаты, екі зеңбірегі және хан жасағы бір патша әскерімен қақтығыста жеңіліс тапты.

ХІХғ басында патшалық Россиямен қатар, қазақ жерін жаулаған Хиуа, Қоқан хандығына қарсы да ұлт-азаттық көтерілістері өріс алды. Оның бірі 1820жылдары Омар ханның салық жинаушыларына наразылық көрсеткен Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулиеата өңірінде басталды. Ұзын саны 12 мыңға жеткен көтерілісшілерге Тентек төре (Мәлік төре) басшылық етті. Оны басуға Омар хан мен үлкен жасақ жөнелткен. Екіге бөлініп , Сайрам мен Шымкентке бекінген көтерілісшілер табан тірескен ұрыстан соң күші сарқылып, амалсыз тізе бүкті.

Дәл осы кезде Жаңа Елек ауданы маңындағы шүйгінді жайылымдарын патша отаршылдары тартып алаған, табын руы қару асынып, атқа мінді. Батыр Жоламан Тіленшиевтің соңынан ерген бұл көтерілісшілер де шекаралық аймақтарға, хан-сұлтандар ауылына қатты шүйлікті. Көтеріліс, әсіресе 1835ж кең қанат жайды. Жазалаушы отрядтармен сан мәрте бетпе-бет келіп қақтығысқан Жоламан батыр өз жерінен ығыстырылып, ақыры үш жүзді түгел қамтыған Кенесары қозғалысына аттанды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет