Ұлттық байланыс операторының құрылу тарихы Қазақстан телекоммуникацияның өзіндік саласының қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты



жүктеу 228.26 Kb.
Дата11.06.2016
өлшемі228.26 Kb.
ЫДЫРЫС Е.Ж.

Қорқыт Ата Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, э.ғ.к.


«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ-НЫҢ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҮЛГІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫ
Ұлттық байланыс операторының құрылу тарихы Қазақстан телекоммуникацияның өзіндік саласының қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты.

Қазақстан телекоммуникациясының жеткізу нүктесі, 1862 жылы Верный мен Пішпек қалаларын байланыстырған телеграф желісі болды. Сол кезеңде Қазақстан қалалары мен жалпы барлық өңірін қоршаған ортамен тез байланыстыратын жалғыз тиімді құрал болды. Келесі жылы телеграф желісі бойынша байланыс Верный қаласы мен Жетісу – Жәркент, Лепсі, Сергиопол, Қапал уездік қалалары арасында, ал содан кейін батыста – Ташкентте және солтүстікте – Семей мен Омбыда орнатылды.

Сол кезде көпшілікке қолжетімді бола бермейтін телефон байланысы да дамып келе жатты. Революцияға дейінгі кезеңде Қазақстан телефон абоненттерінің жалпы саны мыңнан аспайтын еді. Өзінің желілік торабы бар қалалық телефон станциялары Верный, Қызылорда, Қостанай, Семей, Орал, Павлодар, Петропавловск қалаларында болды. Мысалы, Петропавловскідегі станцияны 1909 жылы Ericsson фирмасы жөндеген болатын. Станцияда жергілікті қоректендіру жүйесімен сол фирманың коммутаторы қолданылды. Абоненттік желі ретінде әуе арқылы болат сымдар қолданылды, ал желілер бір сымды болды және көшелердің арасында бағандарға ілінді. Кейбір басқа қалаларда Siemens фирмасының (осы күнге дейін “Қазақтелеком” АҚ серіктестерінің бірі болып табылады) жабдықтары пайдаланылды.

Сөйтіп, империя кезеңінде Қазақстанда телекоммуникацияны дамыту үшін негізі салынды. Кез келген төңкеріс кезінде (ал ондайлар Қазақстан қалаларында азаматтық қозғалыс кезінде аз болған жоқ) жеңіп шыққан жақ байланыс торабын басып алуға тырысқаны белгілі [15, 34 б.].

Қазақстанның байланысы мен телекоммуникациясын дамыту үшін кеңес кезеңі ерекше табысты болды. Кеңес үкіметі нақты орнағаннан кейін бүлінген телеграф пен телефон шаруашылығын қалпына келтіру мәселесі қозғалды, оларсыз Қазақстанның елеулі аумағында болып жатқан экономикалық және саяси үдерістерді дұрыс басқару мүмкін емес еді. Ең алдымен, дұрыс телеграф байланысын қалпына келтіру қажет болды.

КСРО жалпы нашар материалдық жағдайына қарамастан, телеграф байланысы біртіндеп қалпына келтірілді, көнерген Морзе жүйесінің аппараты қазіргі заманның әріп басушы құрылғыларымен біртіндеп ауыстырылды. Телеграфты ауыстыру жылына 1,3 миллион жеделхатқа жетті. Күндізгі және түнгі уақыттағы шұғыл жеделхаттардың жаңа түрлері пайда болды.

Ақырындап телефондандырумен байланысты жағдай жақсы жағына қарай ауыса бастады. Үкімет қолдан жасалған бес коммутатор сатып алуға қаражат бөлді, желі шаруашылығына арналған метиз шығаруды ұйымдастырды, еліміздің әр түрлі қалаларынан жөнделген жабдықтардың бірнеше жиынтығын алды. Телефон станциясы қалаларда ғана емес, сондай-ақ аудан орталықтарында да орнатылды.

1934 жылы Алматының поштамп, телеграф, қалааралық, халықаралық телефон станциялары орналасқан Алматы Байланыс үйінің құрылысы аяқталған кезде өте маңызды оқиға болды. 1934 жылдың наурызында телеграф құрамында алғашқы қалааралық телефон станциясы ұйымдастырылды, ол кейіннен өз алдына кәсіпорын болды. 1939 жылы алғашқы рет қазақстандық телеграф желісі бойынша фотобейне – қазақтың ұлы ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың портреті жіберілген болатын.

1943 жылдың наурызында Қарағанды мен Ақмола арасында Алматы жоғары жиілікті телефон байланысы ұйымдастырылды. Содан кейін осы желі Мәскеуге дейін тартылды. Сол кездегі осы қуаттылығы жоғары Алматы – Мәскеу телеграф магистралінде жалпы алғанда 5 мың км асатын мыс сым тартылды.

Саланың нақты дамуы соғыстан кейінгі жылдары ғана жаңғыра бастады. 1945-1946 жылдары Алматыдан Семейге дейін және одан әрі Новосибирскіге дейінгі жолдар арқылы түрлі-түсті металдан телефон торлары тартыла бастады. Осы кезеңде Алматы – Ташкент учаскесінде қолданыстағы торапты нығайту жүзеге асырылды, ол Алматы мен Жамбыл, Шымкент, Ташкент және Мәскеу арасындағы сөйлесу сапасының жақсаруына мүмкіндік берді.

Алпысыншы жылдары жеті факсимильді байланысты енгізу басталды, соның көмегімен байланыс желісі арқылы құжаттарды сурет, фото, сызбалар мен газеттерді жіберу жүзеге асырылды. 1970 жылдың сәуірінде Мәскеуден Алматыға дейін, алғашқы газет жолдары фототелеграф арқылы жіберілді. Енді қазақстандықтардың мәскеуліктермен бірге күнбе күн, сағатпа сағат нөмірлерін алып отырған баспа органы “Правда” болды.

1955 жылдың ақпанында Қазақ КСР Байланыс министрлігі құрылды және соның көмегімен Қарағанды, Целиноград, Көкшетау арқылы Алматыдан Петропавловскіге дейін магистральды кәбіл тартуға қол жеткізілді. Бар-жоғы 15 жылдың ішінде тың жерді игеру басталғаннан кейін аймақтарда 91 % ауыл кеңесі, 99,5% совхоз, 99,8% колхоз телефондандырылды. 1970 жылы барлық совхоз, колхоздар мен ауыл кеңестерін телефондандыру аяқталды. Бұл барлық желіні бірыңғай автоматтандыруға ауыстыруға мүмкіндік берді. Автоматты қызмет көрсету әдісіне қалааралық байланыс та көшірілді.

80-ші жылдары жер асты магистральдарының белсенді құрылысы басталды. 1990 жылы республикада 1 милллион 250 мың пәтер телефондары жұмыс істеді немесе 100 отбасына шаққанда 28 телефоннан келді.

КСРО тарағаннан кейін сала жаңа жағдайға тап болды. Оның кері салдарын болдырмау мақсатында, Қазақ КСР Министрлер кабинеті 1991 жылдың 29 қарашасында “Телеарна, радио мен телефон байланысын қарқынмен дамыту үшін Қазақ КСР-да байланыс құралдары өндірісін дамыту жөніндегі шаралар туралы” қаулы қабылдады. Барлық қиыншылықтарға қарамастан, саланың техникалық және кадрлық әлеуеттілігін сақтау, инвестицияны тарту, шетел серіктестерімен алғашқы қарым-қатынасты орнату, бізге жат көрінетін технологиялық жаңалықтарды енгізу үшін көп жұмыс жасалды.

Күн тәртібінде, қазіргі заманның нарық талаптары мен соңғы технология жетістіктеріне жауап беретін деңгейде саланың жұмысын ұйымдастыра алатын, көптеген дүние жүзі елдерінде қолданып жүрген түрде ұлттық телекоммуникация компаниясын құру мәселесі тұрды.

Қабылданған шаралар кері үдерісті тоқтатуға және болашақ жұмысының негізін қалауға мүмкіндік берді. Көптеген жұмысты жүзеге аысру қажет болды. Телекоммуникация саласының «белгілі» болып ғана қалмай, маңызды проблемаларды шешіп қана қоймай, қазақстандықтарды күнделікті байланыс қызметімен қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ анағұрлым жаңа белестерге шығуы қажет болды.

Қазақстан дүние жүзілік экономикаға шыға бастады. Мұндай міндеттер, бүгінгі күнді ғана емес, ертеңгі күнді де қанағаттандыратын және халықаралық контекске жазылған телекоммуникацияның серпінмен дамып келе жатқан құрылымы ішкі және сыртқы нарық қажеттілігіне қазіргі заманға сай және қабілетті икемдей алатын иелігінде тиімді құралы болғанда ғана толығымен жүзеге асырылады. Алғашқы кезекте, еліміз үшін аса маңызы бар, Қазақстанды маңызды транзиттік торап ретінде растау мүмкіндігі бар, Ресей мен алыс шетелдердің ұқсас тораптарымен табысты бесекелесе алатын жобаларды жүзеге асыру міндеті тұрды [16, 47 б.].

Қаржы қаражатын, кадр әлеуеттілігн, технологиялық мүмкіндіктерді байланыстыру, телекоммуникация саласында бірыңғай ұлттық саясатты әзірлеу, стратегиялық және тактикалық міндеттерді дұрыс жоспарлау, оларды кезең-кезеңмен, барынша тиімді және ең аз шығынмен шешу қажет болды. Осылай ғана сала Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған қазақстандық экономиканы жаңғырту жоспарларын жүзеге асыруға өзінің үлесін жетістікпен қоса алды.

Басқа сөзбен айтқанда, телекоммуникация саласындағы ұлттық операторды – компания құру қажеттілігі туралы мәселе туындады. Бұл 1994 жылы болды. 1994 жылдың 17 маусымы күні – “Қазақтелеком” ҰАК компаниясының құрылған күні, оның атымен біздің еліміздегі телекоммуникация саласының тағдыры байланысты. Бұл сала бойынша еліміздің көптеген көрсеткіштермен жоғары орындарға шығуына мүмкіндік берген біздің экономикамыздың стратегиялық маңызды облыстарының бірі болуға алғашқы қадам болды. Бүгінгі күні «Қазақтелеком» компаниясынсыз және ол ұсынатын байланыс қызметінсіз біздің қоғамның өмірі мүмкін еместігі баршамызға белгілі [1].

«Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы – Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы өз тарихын 1920 жылы Бүкіл Одақтық Атқару комитетінің Халықтық Комиссарлар Кеңесінің Декретімен Кеңестік Социалистік Қырғыз автономиялық республикасы құрылған күннен басталады.

Республика құрылуымен бірге жергілікті байланыс мекемелерін қалыптастыру жұмыстары басталды. Сол кезеңде Перовскіде, қазіргі Қызылордада «Эриксон» фирмасының коммутаторлық қондырғысы - 30 номерлі қалалық телефон станциясы іске қосылды.

1939 жылы бірінші қалааралық №39 байланыс желісі пайдалануға берілді.

1952 жылы облыс аймағында №132 екінші магистральдық байланыс желісі алғаш рет В-12-2 қондырғысымен тығыздалып, Қызылорда – Ташкент және Қызылорда – Орынбор бағытында қалааралық байланыс арналарын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. 1941 жылдың басында облыс бойынша орнатылған сиымдылығы 1270 номерлі барлығы 10 телефон станциясы, оның ішінде 3 - ЦБ, 7 – МБ болды. Соғыстан кейінгі жылдары облыстың байланыс саласын дамытуғы аса көңіл бөлінді. 1967 жылдың 1 қаңтарына ауылдық телефон жүйесінде жалпы сиымдылығы 1010 номерлі 28, қалалық телефон жүйесінде жалпы сиымдылығы 7940 номерлді 10 телефон станциясы орнатылды.

Моралды тозығы жеткен қондырғыларды жаңғыртуға бағытталған техникалық саясаттың нәтижесінде барлық қолмен басқарылатын телефон станциялары автоматты станцияларға ауыстырылды. Күрделі салымдарды көбейтудің нәтижесінде 85 ауылдық автоматты станциясы салынып, 78 кеңшар және 13 ұжымшардың ішкі өндірістік телефон байланысы жаңартылды.

1994 жылдың бірінші қаңтарына облыста жалпы сиымдылығы 15600 номерлі 122 телефон станциясы болып, телефон тығыздылығы 100 адамға 6,4 болды.

ТМД барлық елдеріндегідей, мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдардың бас кезінде көптеген ауыртпашылық Қызылорда облысының телекоммуникация жүйесіне де әсерін тигізді. Ондаған АТС жабылып, немесе жойылып кетті. Дегенмен, егеменді Қазақстанның жаңа даму жолында Қызылорда облысының байланыс саласында да ауқымды өзгерістер болды. ДМС-100/200 үлгідегі қалааралық автоматты телефон станциясы пайдалануға берілді. Құрылысты қаржыландыру (1995 – 1999 ж.ж. ҚОТД Бас директоры) өзара келісім шартпен «Оңтүстікмұнайгаз» АҚ-нан несие алу Бас директор Ю.К.Лавасас жеке еңбегінің арқасында іске асты. Сол кезеңде Жосалы аудан орталығында 2300 номерлі ДРХ-4 станциясы орнатылып, барлық аудан орталықтарындағы АТС-ге АОН және АЗТС қондырғыларымен жасақталып, қалааралық және халықаралық байланысқа шығуды қамтамасыз етті. «Қазақтелеком» ААҚ-ның бағдарламасына сәйкес Ұлттық ақпараттық супермагистраль талшықты оптикалық байланыс желісінің батыс желісінің тартылуына байланысты аймақтық желілердегі аналогты станцияларды санды жүйеге ауыстыруға оңтайландыру жұмыс жоспары жасалды.

«Қазақтелеком» ААҚ-ы директорлар Кеңесінің шешімімен Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясы таратылып (орталығы Шымкент қаласы), Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы құрылды. 2002 жылы қазан айында «Қазақтелеком» ААҚ филиалы есебінде ҚОТД Әділет орындарынан есепті тіркеуден өткізілді.

2003 жылы ҚОТД құрамына жеті құрылым кірді:

Бас мекеменің құрылымы;

Арал АТТ;

Қазалы АТТ;

Қармақшы АТТ;

Жалағаш БТТ;

Шиелі АТТ;

Жаңақорған АТТ;

Соңғы кезеңдерде Қызылорда облысы телекоммуникация жүйесінің желілі-кабель шаруашылығын жаңартуда кешенді шаралар атқарылды. Біріншіден, Ұлттық ақпараттық супермагистраль талшықты оптикалық байланыс желісі батыс бөлігінің облыс аймағындағы құрылысын аяқтап пайдалануға тапсыру. Облысымыздың географиялық орналасу ерекшелігін айта кету керек: барлық аудан орталықтары өтетін магистральдың бойына орналасқан және спнды ағымға қосылды. Жоғары жылдамдықтағы магистраль арқылы қазіргі заман тарату жүйелерін пайдаланып Қызылорда облысы жоғарғы сапалы санды арналар арқылы ТМД және әлемнің көптеген елдерімен байланыс орнатты. Санды арналардың пайдалануға берілуімен қатар бірмезгілде деректер беру қызметі енгізіліп, қондырғылары орнатылды.

2003 жылы Қызылорда ОТД смар-карта пайдаланып жергілікті, сонымен қатар қалааралық және халықаралық байланыс қызметін көрсететін әмбебап таксофондар, желі сиымдылығы жетіспеген жағдайларда жаңа абоненттерді тез және тиімді қосу мәселесін шешуге, қала маңындағы қашық орналасқан абоненттерді қосу арналған РСМ абоненттік тығыздау қондырғылары орнату жұмыстары жандандырылды.

2003 жылы «Қазақтелеком» ААҚ-ның Жоба комитеті екі кезеңнен тұратын, облыс орталығының телекоммуникация желісін жаңарту жобасын бекітті:

2004 жылғы есептелген бірінші кезең:

- санды қондырғылар орнатуға АТС -3, 4 және 6 бөлмелерін қайта икемдеу;

- сиымдылығы 3500№ АТС-23, сиымдылығы 3200№ АТС-24 және сиымдылығы 900№ АТС-265 қондырғыларын орнату;

- тасымалдау SDH сақинасының құрылысы;

2004 жылға есептелген екінші кезең:

- жалпы сиымдылығы 6400№ қашықтан қол жеткізім абоненттік блоктарының сегізін орнату және сынақтан өткізу;

- магистральды кабелдерді қайта қосып және бұрынғы абоненттерді жаңа станцияға қайта қосу;

- жаңартылған АТС-23, 24 және 26 желілік жүйесінің құрылысын жүргізу.

Телекоммуникация нарығын либерализациялау жағдайында Қызылорда облысының тұрғындарына сапалы байланыс ұсыну, әр түрлі деңгейдегі тұтынушылардың талаптарын ескере отырып барлық көрсетілетін қызмет түрлерін дамытуға қуатты негіз жасау бірінші жоспарда тұрды. Бұл міндеттер Бас директор С.Балтабайұлының басшылығымен телекоммуникация желісін дамыту, инновациялық технологияларды енгізу, сапа менеджментін жақсарту және жетілдіру арқылы шешілуде. 2004 жылдың басына Қызылорда қаласының телефон желісі сын көтермейтін жағдайда болып және қайта құруды талап етті. Сандық деңгейі 11% құрады.

2004 жылдан бастап Қызылорда облысының телекоммуникация желісін жаңғырту жобасын іске асыруға үлкен инвестиция бөліне бсатады. Бұнымен қатар бірнеше бағыттарда жұмыстар жасала бастады. Біріншіден, ең маңыздысы – желіні жаңарту. Облыс орталығында екі жыл көлемінде жалпы сиымдылығы 22000 №№ аналогты АТС-23, 24, 27 станцияларын санды жүйеге ауыстыру және мультисервистік қолжеткізім жүйелерін орнату, тасымалдау сақинасы құрылысының үлкен көлемдегі жұмыстары жасалды.

2006 жылдың ортасында аналогты АТС-3,4,7 станцияларының абоненттері санды станцияларға және мультисервистік жүйелерге қосылып, Жобаның бірінші кезеңі аяқталып, тұтынушыларға сапалы және телекоммуникация қызметінің кеңейтілген түрлері көрсетілді. Келесі екі жылдың көлемінде Жобаның екінші кезеңін іске асыру жұмыстары басталды – 2006 жылы аналогты АТС-25 станциясын СС-08 станциясына ауыстыру және екі SDH тасымалдау сақинасының, МСАД құрылысы, 2007 жылы соңғы аналогты АТС-22 станциясын ауыстыру және Тасбөгет қыстағындағы АТС СС-08 ауыстыру жұмытары жасалды. Жүйеге енгізілген мультисервистік қондырғылар АТМ технологиясымен емес, ІР технология негізінде жасалды.

Деректерді беру және Интернет жүйесіне шығу қызметінің сапасын арттыру мақсатында 2005 жылы Metro Ethernet жобасымен 1764 портты ПД қондырғысы пайлануға берілді. Бұл, қалада локальды жүйе ұйымдастырылып, ADSL, HDSL технологиясымен жоғарға жылдамдықтағы деректерді беру қызметін көрсетуге мүмкіндік жасады. Барлық аудан орталықтарында «Сайлау» жобасымен деректерді беру қондырғылары пайдалануға беріліп, қазіргі уақытта абоненттерге қымет көрсетуге пайдаланып отыр. Бүгінгі күні кеңжолақты Интернетке шығу қондырғыларының орнатылған сиымдылығы 3528 портты құрайды.

Облыстың аудан орталықтарында да жаңарту жұмытары жасалды. 2005 жылы Ара қаласында аналогты АТСКУ санды жүйеге, 2006 жылы Шиелі және Айтеке-би қыстағындағы ДРХ-4 станциялары жетілдірілген СС-08 станцияларына ауыстырылып, Қазалы қаласында, Жаңақорған, Жосалы, Сексеуіл қыстақтарына қосымша санды жүйедегі АТС орнатылды. 2007 жылы аудан орталықтарында талшықты оптикалық желілер құрылысы жүргізіліп және Арал қаласы мен Шиелі қыстағында абоненттік қолжеткізім қондырғылары орнатылды.

Тағы бір мағызды бағыт – ауылдық елді мекендерді телефондандыру болды. Мемлекеттің 2004 – 2010 жылдары ауылдық елді мекендерді дамыту бағдарламасына сәйкес, Қызылорда облысының ауылдық елді мекендерінің телефонмен қамтылу деңгейі 2004 жылдың соңына 49% болып, телефондандырылатын облыстардың тізіміне енгізілді. Ауылдық елді мекендердегі телефон желісінің сандық жүйедегі деңгейі 2005 жылдың басына жалпы сиымдылықтың 27% құрады.

Бағдарлама бойынша жалпы 273 ауылдық елді мекендердің 2005 жылы қаралған 134 ауылдың 32-і телефондандырылды. 2006 жылы ОТД қаржысымен 3 ауылға, 2007 жылы 57 елді мекенге телефон орнатылды. 2007 жылдың соңына ауылдық елді мекендерді телефондандыру 86% құрады. Үш жыл ішінде облыстың 287 мектебінің 272 Интернет жүйесіне қосылып, немесе 95% болды.

Үш жыл көлемінде филиалдың өз қаржысымен ауылдық елді мекендердің жүйесін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Тозығы жеткен АТСК-50/200 станциялары ауыстырылып, станция араларында кабельді және радиорелейлік желілер, антенналар орнату құрылыстары жүргізілді. Жалпы 51 санды АТС-тер, 18 санды радиорелейлік станциялар, көптеген санды тасымалдау қондырғылары орнатылды. Жосалы ауданы орталығында 50 м. мұнара құрылысыының жұмысы жасалып, соның негізінде Қармақшы ауданының үш елді мекеніне жаңарту жұмытары жасалып, болашақта ауданның барлық елді мекендерін радио жеткізілім қондырғысымен қамтамасыз ету мүмкіншілігін жасады.

Жаңақорған ауданының Бесарық торабын жаңартуда үлкен көлемдегі жұмытар жасалды. Аудан әкімшілігімен ОТД есебіне 46 м. мұнараны ақысыз алу жұмыстары жүргізіліп, соның арқасында жеті елді мекенге санды АТС-тер мен радиорелейлік қондырғылар орнатылды, бұл болашақта тағы да алты елді мекенді радиоқондырғысымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды. 2004 – 2007 жылдардың күрделі салым қаржысын табысты игеру негізінде 2007 жылдың соңына санды жүйеге ауысу деңгейін 2004 жылмен салыстырғанда:

- облыс бойынша 32% 97%;

- Қызылорда қаласы бойынша 11% 100%;

- СТС бойынша 27% 94% жеткізілді.

2004 жылы облыс бойынша желінің орнатылған сиымдылығы 49702 нөмірден 2007 жылы 92350 нөмірге өсті.

Ұшқыштық жобалар да табысты енгізілді. Облыстың 68 мектебінің қатысумен өткен Интерактивті сабақ табысты өткізіліп, «Электронды Мемлекет» жүйесі пайдалануға берілді. Тұтынушыларға жоғары деңгейдегі қызмет көрсету үшін екінші деңгейдегі банкалар мен кіші және орта бизнес субьектілерімен жұмыс жасалды. Тек бір жылдың ішінде олардың саны үш есе өсті.

Қызылорда қаласының желі шаруашылығын нормалық талаптарға сәйкестеу үшін Басқарма Шешімімен 100 млн. теңге бөлініп, ол 2005-2007 жылдары толығымен игерілді. Жиырма шкафтық аудандардың тарату желілерін қалпына келтіру, кабельдердің көрсеткіштерін норма талаптарына келтіру, 30 шақырым телефон құбырлары жөнделді.

Барлық жасалып жатқан шаралар тиіді қызмет көрсету, сонымен қатар бүгінгі уақыт талабына сай қызмет көрсетуге бағытталды.

Қорыта айтқанда «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация нарығында қалыпты жағдайын сақтап қалумен бірге, облыс өңірінде байланыс қызметін көрсетуде көш басшы болып отыр. «Қазақтелеком» АҚ-ның облыстағы байланыс қызметінің нарығында үлесі 93% құрап, «Транстелеком» АҚ-ның үлесі 6,2%, «Астел» АҚ-ның үлесі - 0,3%, «Нұрсат» АҚ-ның үлесі 0,5% құрап отыр.

Бүгінгі күні ҚОТД құрамына сегіз құрылымдық бөлімше кіреді:

Бас құрылым;

Арал АТТ;

Қазалы АТТ;

Қармақшы АТТ;

Жалағаш АТТ;

Сырдария АТТ;

Шиелі АТТ;

Жаңақорған АТТ.

Кеңейтілген сервис орталығы (КСО) корпоративтік клиенттер үшін телекоммуникация қызметтерінің толық спектрін беру жөніндегі жұмыстарды орындайды.

КСО ең бірінші міндеті клиенттерге жоғары дәрежеде және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, ұзақ мерзімдік серіктестік қарым-қатынас жасау, клиенттің проблемасын жедел және білікті шешу, өз клиенттеріне бір оператордан барлық қажет телекоммуникация қызметтерін ұсыну болып табылады.

Барлық санатты клиенттер үшін компаниямен ынтымақтастықты барынша жеңіл және тиімді ететін өзінің дербес менеджері бөлінген.

Бизнес-клиенттермен жұмыс істеу кезінде барлық қызметтердің өзара іс-әрекет ететін тәртіптеме әзірленген, оған сәйкес негізгі назар техникалық және сервистік қызмет көрсетуді жақсартуға, ірі клиенттерге дер кезінде және сапалы қызмет ұсынуға бөлінетін болады.

Біздің тұтынушыларымыздың қажеттіліктері мен білімінің арқасында, жоғары білікті мамандармен, үнемі жаңа технологияларды тұрақты енгізуге және компанияның серіктестігін дамуытуға, компания алдында тұрған мақсатымызға жететінімізге сенімдіміз.

Байланыс қызметін тұтынушылар және сұраныстарды тұрақты зерттеуге негізделген біздің маркетингілік стратегиямыз компанияның өз абоненттеріне қазақстандық нарықта қызмет құндылықтары мен телефондық мінездемелерінің бірлесуіне үлкен жылдамдықты рұқсат алуға және берілгендерді жіберуге көмектесіп жатыр.

Қызылорда ОТД КСО-да 2 мыңнан аса тұтынушы ұйым бар. Олардың ішінде: АО "Петро Казахстан Кумколь Ресорсез", АО "Тургай Петролеум", ТОО СП "Казгермунай", ТОО Буровая Компания "Великая стена", ТОО "КНЛК Интернешнл Казахстан", ТОО "РМЗ_Шапагат", көптеген үлкен фирмалар және кішігірім ұйымдар бар. Басқа операторлардан айырмашылығы , біз тек үлкен жоғары табысты тұтынушылармен ғана емес, сонымен қатар бюджет саласындағы ұйымдармен, жалпы білім беретін мекемелермен, шағын жеке кәсіпорындармен және де көптеген басқа ұйымдармен жұмыс жасаймыз [1].

Компанияның миссиясы.

Өзгеру, таң қалдыру және үміттену арқылы әркімнің өмірінің таптырмайтын бір бөлігі болу!

Топ Миссиясында келесі түсініктер шешуші болып табылады:

Болу – оның стратегиясына сәйкес Топтың өзгеруінің негізін қалау;

таптырмайтын – инновациядағы көшбасшы, баға, география және қызметтер кешені есебінен нарықта бірегей ұсыныс жасау арқылы бәсекелестікте болу;

үйреншікті – қолайлы, қол жетімді, тұрақты;

өмірдің бір бөлігі– қарым-қатынас, ақпаратты алу және алмасу, білімді басқару, көңіл жадырататын және әлеуметтік бағыт ортасын құру;

әркімді – барлық сегменттер, саралау арқылы жол табу;

өзгере отырып– Компанияның технологиялардың, нарықтың, сұраныстың және бәсекелестік ортаның өзгеруіне уақытында және икемді әрекет ету құрылымы мен үрдістері;

таң қалдыра – ерекше клиенттік тәжірибеге қол жеткізу;

үміттенуден де асу – қажеттілікті қалыптастыру және қанағаттандыру, инновациядағы көшбасшылық.

Болашақты болжау.

Қазақстан нарығында және шет елде өз акционерлері үшін құнды құратын инфокоммуникация нарығындағы ірі аймақты шоғырланған оператор ретінде:

- ҚР инфокоммуникация нарығында барлық шешуші сегменттерде жетекші ұстанымдарды қалыптастыру және нығайту;

- өнімдер жиынын кеңейту;

- бизнес географиясын кеңейту және бар елдердегі телекоммуникация нарығындағы көшбасшылық ұстанымдарға ие болу;

- инфокоммуникация саласында жаңа әлемдік технологияларды және бизнес-үдерістерді үздіксіз және көшбасшы болу кепілі ретінде ендіру;

- компанияның клиенттік топтарының байланыс қызметіне барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын толық инфокоммуникация шешімдері арқасында ҚР телекоммуникациялық нарығында көшбасшы позициясын алып оны ұстап қалу;

- топпен өз еншілес компаниялары үшін құрылатын қосымша құнын, ерекше түрде қызмет тиімділігін арттыру және корпоративтік басқаруды жетілдіруді арттыру саласында пайдалану;

- өзгеру, таң қалдыру және үміттену арқылы әркімнің өмірінің таптырмайтын бір бөлігі болу

Стратегияның негізгі жағдайлары.

Стратегияның негізгі мақсаты болып Топ құнының ұзақ мерзімді артуы болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету Топтың ішкі және сыртқы қызметіндегі қажетті бағыттарды келісімделген дамытумен қамтамасыз етіледі.

Топтың негізгі мақсатына жетуге тікелей үлесті төменде көрсетілген нарықтар синергиясын іске асырумен бекітілген және келісілген ҚР инфокоммуникацияның шешуші нарығындағы жетекші позицияларды қалыптастыру және бекітудің стратегиялық бағыттары болып табылады:

- нарықта ұтқыр байланысты бекіту;

- нарықта тіркелген байланысты дамыту;

- контент және қосымшаларды ұсыну нарығында көшбасшы болу;

- нарықта корпоративтік инфокоммуникациялық қызметтерді дамыту;

- көтерме телекоммуникациялық нарығында нығаю.

2020 жылға қарай ұтқыр байланыстың жоғары бәсекелестік нарығында Топ өз позициясын нығайтуды жоспарлап отыр және осы бағытта қазіргі заманға сай технологиялар негізінде ұтқыр байланыстың қазіргі заманға сай қызметтерді ұсыну бойынша шешуші бағдарламаларды жүзеге асыруды, сәйкесті шеткі абоненттік құрылғыларды ендіруге ықпал ету арқылы тұтынушылық сұранысты ынталандыруды және ұтқыр кеңжолақты қатынау нарығында өзіндік құнын төмендетуді қарастырып отыр.

Тіркелген байланыс нарығындағы өсу негізі тіркелген кеңжолақты қатынаудан жылына 9% елеулі арттыру тренді, сондай-ақ қосылған құн салығымен қазіргі заманғы қызметтерін үлесін арттыру құрылымын, бастысы конвергентті тіркелген және ұтқыр қатынау негізінде контент пен қосымшаларды өзгерту болып отыр. Осы бағытта Топты дамыту тіркелген байланыстың қолданыстағы қызметтерін дамыту, ең бастысы қазіргі заманғы талшықты-оптикалық технологиялар базасында, Интернетке жоғары жылдамдықты тіркелген қатынауды ұсынуды қоса алғанда, арналарды жалдау және резервтеу, тіркелген қатынауда негізделген жеке виртуалды желілерді (IP VPN) және қызметтер пакетін ұсынуды қарастырады.

Жетекші аналитикалық агенттіктердің болжамы операторлардың контент және қосымшалар нарығында 2014 жылдың аяғында өсуге одан әрі тенденциясын сақтай отырып кірістер үлесін 20-25% дейін елеулі арттыруды белгілейді. Контент және қосымшалар нарығында жеміске жетудің жолы қазіргі кезде едәуір артып отырған ақылы теледидар қызметі болып табылады. Бұдан басқа, тіркелген және ұтқыр байланыс қызметіне сұраныстың синергетикалық арттыру, сондай-ақ клиенттердің жылы шырайлы көзқарасының артуы бөлігінде осы бизнестің маңызы зор. Контент және қосымшаларды ұсыну нарығында көшбасшылық орын алу, контент пен қосымшалардың қолданыстағы қызметтерін дамыту, сондай-ақ жаңа қызметтерді іске қосу бастапқы кезеңде инвестицияның ең аз деңгейімен нарыққа қызметтерді жеткілікті тез енгізуді қамтамасыз ету контент пен қосымшалардың бәсекелістікке қабілетті портфелін қалыптастыру шешуші бағдарламаларын жүзеге асыруды қарастырады.

Корпоративтік инфокоммуникациялық қызметтер нарығы соңғы жылдары тұрақты түрде өсіп келеді және жетекші аналитикалық агенттіктер оның әрі қарай тұрақты дамуын болжап отыр, ИТ және мемлекеттік, қаржы және басқа секторларда дамып келеді. Осы нарықтың жоғары потенциалын сондай-ақ Топтың корпоративтік инфокоммуникациялық қызметтер саласында берік бәсекелестік ұстанымын есепке ала отырып, осы бағыт Топ үшін болашағы бар бағыт болып табылады. Нарықта ИКТ дамыту қызметтер мен шешімдердің бәсекеге қабілетті портфелін қалыптастыру шешуші бағдарламаларын жүзеге асыруды, ҚР инфокоммуникациялық қызметтерін жетекші жеткізуші ретінде санау, мемлекеттің инфокоммуникациялық технологиялары саласын дамыту бойынша мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеуін, корпоративті инфокоммуникациялық қызметтермен жеке, сондай-ақ мемлекеттік компанияларды қамтамасыз етуді қарастырып отыр.

Көтерме телекоммуникациялық нарығының халықаралық сегментінде кіріс дауыс трафигінен кірістердің төмендеуі және транзиттік сыйымдылықтардан ұсынудан кірістердің өсуі байқалып келеді. Осыған байланысты, Топтың көтерме нарығының халықаралық операторлық сегментінде Еуропа-Орталық Азия және Еуропа-Оңтүстік-Шығыс Азия бағытында транзит қызметтерін көрсету болып табылады. Топтың бірінші бағыты бойынша тарихи трафик транзиті қызметтерін жеткізуші болып табылады және бәсекелестік артып отырған жағдайда және нарықтың шектелуіне байланысты көшбасшылықты сақтап қалу стратегиясы таңдалған. Еуропа-Оңтүстік-Шығыс Азия бағытындағы нарығының жоғары көлемі және өсу қарқыны бар. Осыған байланысты, жоғары бәсекелестікке қарамастан осы бағыт бойынша мақсатты стратегиясы ретінде осы нарыққа шығу және нығаю болып табылады. Осыны іске асыру үшін Топ осы бағытқа шығуды және нығайтуды жеделдету қажет және қызметті көрсетуге және оның өзіндік құнына транзит қызметін көрсетудің барлық бағытында транзит қызметін белгіленген сапа деңгейін (SLA) белгілеумен ұсынуды қамтамасыз ету және Топтың магистральді тасымалдау желісін қажетті түрде кеңейуін уақытында қамтамасыз ету қажет.

ҚР инфокоммуникациялық шешуші нарығын қалыптастыру және нығайту бойынша стратегиялық мақсатына жету өзара байланысқан және бір-бірінен жеке қарастырылмайды, осыған байланысты ерекше назар олардың арасындағы синергия потенциалын іске асыруға бөлінген. Синергия потенциалының негізі қызметтерді пакеттеу және шоғырландыру, оларды конвергенцияда ұсыну болып табылады. Қосымша синергетикалық әсер барлық көрсетіліп жатқан қызметтер түрлеріне Топтың барлық сату арналарын және қызмет көрсетуін пайдалану және бір ізге салу арқылы, сондай-ақ нарықтың барлық түрлерінің қажеттілігін есепке алумен өнімдік портфельді келісімделген қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

Дәстүрлі нарықта бәсекелестік өсіп жатқанын есепке ала отырып, Топқа жаңа нарықтарды дамыту қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ барлық осы нарықта жұмыс үшін әдәуір өзгертулерді енгізу қажеттілігі және оларды синергия әсеріне жеткізу үшін Топқа клиентке қарай бағытталу және активтерді басқаруды жүзеге асыру үшін күш салу қажет.

Клиенттерге бағытталу әлеуетін жүзеге асыру клиенттер туралы білімін жақсарту, бәсекелестік деңгейіне және төлемге қабілетті сұранысқа сәйкес келетін қызметтердің өнімдік портфелін қалыптастыру, қызметтерді жекешелендірудің икемді және қолайлы мүмкіндігін ұсыну, сатулар үшін жауапкершілікті орталықтандыру деңгейін арттыру және клиентке нарық пен технологияларға қарамастан қызмет көрсету, Топтың олармен өзара әрекеттесу барлық аспектілерін клиенттермен қабылдауын жақсарту, клиенттер адалдығы деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдармен іскери қарым-қатынасты дамыту. Клиентке бағытталудың негізгі мақсаты болып сәйкесті шығындарды алып тастағанда ұзақ мерзімді келешекте кірістерді арттыру болып табылады.

Активтерді басқару әлеуетін жүзеге асыру қосылуды жүргізу арқылы және активтерді шоғырландырудың терең деңгейін орындаумен қамтамасыз етіледі. Ұтқыр байланыс нарығында Топтың бар болуын кеңейту өз компаниялары базасында инфрақұрылымды құру жолымен жүргізу орынды. Көтерме телекоммуникация нарығында халықаралық сегментті бекіту үшін шетел елдері аумағында дұрыс активтерді сатып алу қажет, брініші кезекте Ресейде. Бизнестің осындай бағыттарын дамыту, мысалы тіркелген кеңжолақты қатынау, корпоративтік ИКТ нарығы және контентет пен қосымшалар, қосылу бөлігінде, яғни Топтың өз активтері базасында инфрақұрылымды құрумен бірлесе компаниямен алу құрама жолдарды қолдану арқылы орынды.

Топ ҚР ірі телекоммуникациялық операторы бола отырып, ҚР инфокоммуникациясының әлеуметі қажетті саласы жағдайына елеулі әсер етеді және қоғам алдында Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікте (КӘЖ), ол Топтың дамуының сәйкесті стратегиялық бағытымен қолданады. Сонымен қатар, пайдаланушылар қолданатын интернет-трафик пен контенттің өзіндік құнын төмендетуге назар аударылады, қазақстандық контент пен қосымшалар өндірісі көлемінің артуы есебінен, олардың отандық өндірушілеріне көмек көрсетілді.

Топтың нарығын мемлекеттік органдар жағынан жоғары деңгейде реттеуге байланысты, ҚР инфокоммуникациялық қызметтер нарығында Топтың ерекше жағдайына және стратегиямен қарастырылған жаңа қызмет түрлерін көрсету үшін жаңа лицензияларды алу қажеттілігіне байланысты, ҚР реттейтін органдарымен өзара әрекеттесуге ерекше назар бөлінеді.

Бұл өзараәрекеттесу салалық қызметтің қолайлы нормативті-құқықтық реттеуіне қол жеткізуге, әлеуметтік міндеттерді шешу кезінде қолайлы кірістерді қамтамасыз ету, Топқа әлеуметтік жүктемені өтеу ретінде преференцияны қамтамасыз ету [1].

Жоғарыда көрсетілген барлық стратегиялық шешімдердің негізі Топты басқаруды жетілдіру және технологиялық дамуы болып табылады.

Топты басқаруын жетілдіруін дамытудың стратегиялық бағыты конвергенция мен шоғырланудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, клиентке бағытталу және жоғары тиімділігін қамтамасыз етуімен негізделеді. Қайта құру Топты басқару механизмін кешенді дамыту жолымен және бизнес-процестерді жетілдіру арқылы жүзеге асады. Топты басқару механизмінің мақсатты жағдайы келесі сипаттамаларға ие: Топ аясында бірыңғайланған, өзара шоғырланған, икемді, тиімді, орталықтандырылып әдіснама және құралмен қамтамасыз етілген. Топты қайта құру барысында, қызмет тиімділігі мен инвесторлар сенімділігін арттыруға бағытталған корпоративтік басқаруды жетілдіруге ерекше көңіл бөлінген.

Технологиялық дамудың стратегиялық бағыты байланыс желілерін дамыту, операциялық қызметті қолдау жүйесін және бизнес-шешімдерді қолдау, контент және қосымшалар технологияларын, корпоративтік ИКТ және басқарудың корпоративтік жүйесін дамыту.

Байланыс желілерін дамытуға тасымалдау желісі, зияткерлік тірек желісі, қатынау желісі жатады және технологияларды таңдау үрдісі және желілерді жоспарлауды, құрылыс және қызмет көрсету тиімділігін қамтамасыз етуге негізделген. Операциялық қызметтің қолдау жүйелерін дамытудың негізгі міндеті талап етілетін сапа деңгейі және байланыс желілері, ИКТ қызметтерін көрсету инфрақұрылымы, сондай-ақ контент және қосымшалар саласында қызметтер көрсетуге инфрақұрылым сенімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бизнес-шешімдерді қолдау жүйесін дамыту әртүрлі деңгейдегі менеджерлерді шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Осы ақпаратқа қойылатын негізгі талап оның сенімді, уақытында алынғандығы, сондай-ақ бөлшектеудің сәйкесті деңгейі жатады.

Контент және қосымшалар технологияларын енгізу шешуші салалары жеткізушілер мен серіктестермен өзара әрекеттесу үшін қажетті инфрақұрылымды, сондай-ақ контент пен қосымшалар нарығында құндылықтарды құру үшін, агрегация мен таратуды қоса алғанда қамтамасыз ету жатады. ИКТ инфрақұрылымын дамытуға жүйелік шоғырландыру, корпоративтік инфокоммуникациялық шешімдерге, байланыс желілері инфрақұрылымын, есептеу қуаттылығын, деректерді сақтау жүйесі және сервис түріндегі («бұлтты» шешімдер) корпоративтік инфокоммуникациялық қызметтер нарығында қажетті басқа ресурстарды техникалық қызмет көрсету жолымен қол жеткізіледі.

Стратегия іргетасы инновация әлеуетін жүзеге асыруды дамыту стратегиялық бағыты болып табылады, оның аясында инновацияны басқару және инновациялық ойлауды қалыптастыруды дамыту жүргізіледі. Инновацияны әзірлеу және енгізу бизнес-модельдер мен өнімдерде, Топты және басқару механизмі, технологияларды қайта құруда, сондай-ақ қауіпсіздікті, энерго- және ресурсжинақтауға жинақталады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының ресми сайты



2. «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы – Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясының ресми сайты



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет