Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық



бет4/9
Дата17.07.2016
өлшемі351.5 Kb.
#206416
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Министрлік өкілінің функциялары





  1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

  1. ҰТО-да тестілеу технологиясы бойынша оқытудан өту және нормативтік құқықтық актілерді алу;

  2. ҰТО-дан осы нұсқаулықтың 17 қосымшасына сәйкес акт бойынша сертификаттарды және мемлекеттік комиссия төрағасының конвертке салынып, бекітілген паролін алу және ҰБТӨП-ке жеткізу;

  3. Министрлік өкілі мен программисінің жұмыс орындарының дайындығын;

осы нұсқаулықтың 18 қосымшасына сәйкес әрбір лек бойынша ҰБТӨП-тің өтініш журналын;

аудиториялардың емтиханға дайындығын;

техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын;

апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін;

медициналық қызметкерлердің тізімін және олардың құжаттарын;

ҰБТӨП орналасқан жоғары оқу орнының (бұдан әрі – ЖОО) немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен расталған осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес акт жасай отырып, тестілеу өткізуге дейінгі аудиторияларды;



    1. Ереженің 1 қосымшасына сәйкес, құқық қорғау органы өкілдерімен бірге мемлекеттік комиссия жүзеге асыратын тестілеу басталғанға дейін ғимаратты тексеру актісін;

    2. тестілеу технологиясын қорғау мақсатында техникалық құралдардың (ұялы байланыс телефондарының сигналдарын сөндіру құралдары және бейне бақылау камераларының, металіздегіштердің) дайындығын тексереді;

ғимараттың емтихан өткізуге дайындығын осы нұсқаулықтың 8,9 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тексеру;

рұқсаттамалардың түбіртектерімен бірге аудиториялық тізімді тексеру;



  1. емтихан материалдарының жеткендігін және қоймада бар екендігін анықтау үшін ҰҚКД-мен байланысу;

  2. Министрлік программисінің сканерді тексеріп, осы нұсқаулықтың 19 қосымшасына сәйкес есебін жасауын қадағалайды. Есеп ҰБТӨП орналасқан ЖОО-ның немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен расталады;

  3. тестілеуді өткізуге қажетті бағдарламаларды орнатуды бақылау;

6-1) Министрлік программисімен осы нұсқаулықтың 10 қосымшасына сәйкес мектеп бітірушінің мәліметтерін өзгерту журналы бойынша өзгерістерді енгізуін қадағалау;

  1. емтихан қарсаңында әрбір аудитория үшін осы нұсқаулықтың 20 қосымшасына сәйкес отырғызу парағын шығарып, сейфке сақтап қою;

  1. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

  1. тестілеу процесін бақылау және басқару;

  2. осы нұсқаулықтың 12 тарауына сәйкес кеезкшінің функциясын атқару;

  3. ҰҚКД өкілінен ҰТО-да арнайы пломбыланған әрбір аудиторияларға арналып, қораптарда емтихан материалдары салынған қаптарды осы нұсқаулықтың 21 қосымшасына сәйкес акт бойынша алу;

  4. тестілеу кезінде бақылаушы ретінде қатысатын ата-аналар құрамын анықтау және аудиторияларда жақын туысқандары отырмауын ескере отырып, оларды аудиториялар бойынша бөлу;

  5. мемлекеттік комиссия мүшелерінің қатысуымен емтихан материалдары салынған қаптарды ашу. Қаптарды ашу кезінде оған сырттай тексеру жүргізіліп, қапты аударып, ішкі тігістері және ҰТО-ның логотипі бар мөрдің баспа-таңбасы қойылған бирка тексеріледі;

  6. бітірушіден тыйым салынған заттар табылған және аудиторияда тәртіп бұзған жағдайда, Ереженің 10 қосымшасына сәйкес акт жасай отырып, бітірушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдау;

  7. мемлекеттік комиссия төрағасымен бірлесе отырып, штаттан тыс жағдайлар (бітірушіде емтиханға кіру рұқсаттамасының немесе жеке куәлігінің болмауы, тестілеуге өтініш беру кезінде тестілеу тілінің дұрыс көрсетілмеуі, белгілі бір себептерге байланысты тестілеу күнін ауыстыру, бөтен тұлға, мүдделі тұлғалар тарапынан бітірушіге көмек көрсету, тестілеуге мүдделі тұлғаның кіруі, мүдделі тұлғалар тарапынан қысым көрсету) бойынша шешімдер қабылдайды;

  8. тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда Ереженің 11 қосымшасына сәйкес акт жасай отырып, бітірушінің жұмысын өңдемеу туралы шешім қабылдайды;

  9. тестілеу нәтижелерін өңдеуді ұйымдастыру;

  10. дұрыс жауаптар кодын ашуды ұйымдастыру;

  11. дұрыс жауаптар кодын ашу және оны көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру;

  12. ҰБТ-ның емтихан ведомостарын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.

  1. Апелляцияны өткізу кезеңінде:

  1. осы нұсқаулықтың 26, 27 қосымшаларына сәйкес апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру;

  2. апелляциялық комиссияның жұмысы үшін қажетті емтихан материалдарымен қамтамасыз ету;

  3. апелляция нәтижесін ДБ-ға енгізуді бақылау;

  4. апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.

  1. Cертификаттарды басып шығару кезеңінде:

1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастыру;

2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП жетекшісіне беру.



  1. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңі:

  1. ҰТО-ны телекоммуникация құралдары арқылы тестілеудің әрбір кезеңі аяқталғандығын хабардар ету;

  2. ҰБТӨП жетекшісіне әрбір лектің сұрақ-кітапшаларын жою үшін беру;

  3. сұрақ-кітапшаларды жоюға қатысу;

  4. ҰТО-ға осы нұсқаулықтың 28 қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындау және жіберу;

  5. ҰТО-ға осы нұсқаулықтың 5 қосымшасына сәйкес атқарылған жұмыстар жөнінде есепті қағаз және электрондық тасымалдағышта беру.



      1. Министрлік программисінің функциялары




  1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңдері:

  1. ҰТО-да «Министрлік программисі», «Сертификат» АЖО-ларымен жұмыс жасау бойынша дайындықтан өту;

  2. тестілеуді өткізуді қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны ҰТО-дан электрондық тасымалдағышта алу;

  3. ҰБТӨП-те жұмысқа арнайы бөлінген техникалық құралдарды дайындау;

  4. сканер және басқа да техникалардың дайындығын тексеру;

  5. сканерді тексеру үшін бақылауға арналған жауап парақтарын сканерден өткізу;

  6. тестілеуді өткізуді қамтамасыз ететін бағдарламаны орнату. Бұл бағдарлама «Бітіруші» АЖО-сы қондырылған компьютерге орналастырылады;

  7. ҰБТӨП-тің ерекшелігіне қарай қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны орнату;

  8. ҰБТӨП инженерінен «Бітіруші» ДБ қабылдау;

  9. өзгерістер журналы бойынша ДБ-ға түзетулер енгізу;

  10. «Бітіруші»ДБ жабу;

  11. лектің отырғызу парағын басып шығару (тестілеу болатын күннен бір күн бұрын кешкісін). Отырғызу парағы отыру орнының нөмірі бойынша реттелген. Бітіруші орнының нөмірі отырғызу парағын шығару кезде кездейсоқ анықталады. Бұл рәсім тек қана 1 рет орындалады. Отырғызу парағын басып шығару үшін ҰТО-дан пароль сұралынады;

  12. Министрлік өкілдері үшін қажетті актілерді, яғни осы нұсқаулықтың 23 және 29 қосымшаларына сәйкес актілерін басып шығару;

  13. осы нұсқаулықтың 7, 18, 26, 27, 30, 31 қосымшаларына сәйкес қажетті нысандарды басып шығару.

  1. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

  1. сканерлеу үшін ҰТО-дан нұсқалар файлын қабылдап алу;

  2. жауап парақтарын сканерден өткізу үшін Министрлік өкілінен қабылдап алу;

  3. тестілеу нәтижелерін өңдеу;

  4. дұрыс жауаптар кодын ашу және басып шығару;

  5. емтихан ведомостарын басып шығару;

  6. ҰБТ-ның статистикалық деректерін күн сайын және талап етілген ақпаратты телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отыру.

  1. Апелляцияны өткізу кезеңінде:

1) апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу;

1-1) Республикалық комиссияға өтініштерді беру;

1-2) Республикалық комиссия шешімдерін ДБ-ға енгізу;

2) апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізу;

3) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын басып шығару.


  1. Сертификаттарды басып шығару кезеңінде:

1) сертификаттарды басуға арналған бағдарламаны орнату;

2) сертификаттар файлын қалыптастыру;

3) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығару;

4) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін Министрлік өкіліне беру.



  1. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңінде:

1) осы нұсқаулықтың 32 қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындау және ҰТО-ға тапсыру;

2) қорытынды мәліметтерді ҰТО-ға жіберу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет