«Ұлттық ДӘСТҮР – Қазіргі қазақ руханиятының Өзегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы



Pdf көрінісі
бет24/37
Дата29.02.2024
өлшемі1.26 Mb.
#493209
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
ғylymi-maqalalar-20.06.2022-3

ӘОЖ 82-1/-9 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ САҚТАУ 
 
Жеткизгенова Ә. Т. 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ., Қазақстан 
Аңдатпа. Мақалада қазақ халқының Тәуелсіз мемлекет болу жолындағы Алаш 
қайраткерлерінің тарихи-тағлымдық қызметіне талдау жасалады.
Түйін сөздер: Тәуелсіздік, Алаш қайраткерлері, рухани жаңғыру, азаттық идеясы, 
мемлекеттік мәртебе. 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: 
рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, 


80 
әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі 
қалуға тиіс. 
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен 
Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани 
мәдениетіміздің бір парасы ғана. 
Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын 
рухани коды болады. 
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. 
Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. 
Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни 
болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, 
аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан 
анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден 
қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты 
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-
рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деп рухани жаңғыру 
қағидаттарын генетикалық негізімізді сақтай отырып, ұлттық санамыздың аясында саралау 
арқылы мемлекетіміздің іргесін бекітіп, рухын асқақтатындығын атап көрсеткен болатын. 
Аталмыш мақаланың «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты үшінші бөлімінде «Ұлттық 
жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. ....ұлттық код, ұлттық 
мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деген тұжырымы Алаш арыстары 
арман еткен ұлт тәуелсіздігін сақтау мен алдыңғы қатарлы ел сапына қосылу үлгілеріне 
қосқан мәдени, рухани құндылықтар туралы ойлы пікірлерімен астасып жатыр. 
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде саяси тұрғыдан шыңдала түсіп, ұлт болашағының 
көлеңкелі тұстарын көріп ширыққын Алаш азаматтарының арман-тілегін жұптаған ұлттық 
идея жарыққа шыққан болатын. Осы идеяның жетіліп, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу 
үшін аса қажеттілігі жоғарылығын бүкіл жан-дүниесімен, сана-сезімімен сауатты ұғына 
алған Алаш қайраткерлері бар мүмкіндігін жұмсап, айрықша еңбек етті. 
Еліміздің осы бір алмағайып тұсының айтулы кезеңіндегі Алаш арыстарының жан 
аямай еткен елеулі еңбектерінің маңызы жөнінде елбасымыз Н.Назарбаев: «ХХ ғасырдың 
алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі Алаш партиясының алатын 
орны мен қызметін зерттеу Отандық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені 
кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған қағидалары күні бүгінге дейін өз 
маңызын сақтап отыр» - деп, айқын да ашық көрсетті.
Алаш зиялылары азаттық идеяларымен толыққанды дәрежеде ұлт мүддесіне қызмет 
ету мақсатында алмағайып уақытқа қарамастан, сол кезеңдік руханият мәселелерін күн 
тәртібінен түсірмей, көпшілікті ақпараттандыру мәселесін мерзімдік баспасөздер арқылы 
жүзеге асырып, рухани құндылықтарын сақтап қалуға, дәстүрлі желі сабақтастығын үзбеуге 
үздіксіз қызмет еткені белгілі. 
«Алашорда үкіметінің іс қимылдары қазақ халқының саяси жағынан да, білім-ілім 
жағынан да, мәдени-әдеби жағынан да өзін-өзі басқара алатын әлеуетті ұлт екендігін 
байқатты. Ел басқарудың, ғылыми мектеп қалыптастырудың, әскер жасақтаудың
шаруашылық жүргізудің, өнер игерудің үлгілерін көрсетті. Қозғалыс тұсында қазақ қазақ 
зиялылыраның бірнеше толқыны қалыптасты. 1920 ж. 5 наурызында Әскери-революциялық 
комитет Алашорданы таратуға арнайы шешім қабылдағанға дейін Алаш қозғалысы ұлт-
азаттық қозғалыс ретінде біртұтас мақсатты саяси, әлеуметтік, мәдени үдеріс болды. Қазақ 
мемлекетін құру сәтсіздікке ұшырағанымен, Алаш қозғалысының азаттық идеялары, 
мәдени, ғылыми басқа да дәстүрлері кеңестік жылдардың өзінде қазақ қоғамында өмір сүріп 
жатты. Осы ұлттық тарихымыздағы ең ірі, ең ұзақ, ұлт-азаттық қозғалыс мұраттары 
тәуелсіздік жылында қайтадан жаңғырды». 
Қазақ халқының мемлекет мәртебесін алып, тәуелсіз түрде салтанатты көш түзеу 
бақытына ие болғандығы арқасында, халқымыздың ұлттық құндылықтарын шынайы 


81 
тарихи танымда танып білу мүмкіндігі айқындалды. Алаштануға қатысты келелі ой түзіп, 
салиқалы пікір айтқызып, түйінді тұжырымдар жасататын мәселелер қозғалып, талқыға 
түсіп, өзектілігі айқындалып, ғылыми айналымға енгізілді. Алаштық идея, алаштық таным 
деген тіркестер ұлтын сүйген жанның көкейіне мықтап түйіліп, жүрек төріне тұрақты 
орнықты. «Алты алаштың баласымыз...» делінетін жолдар тек жаттанды, ұйқастық 
мағынамен емес, әрбір қазақтың санасында сайрап тұрған ұлттық ұғым болып қалыптасты.
Елім, жерім, отаным деп ұлт болашағын байыпты бағамдап, ел келешегін 
бүтіндікпен, бейбітшілікпен ойлаған әрбір қазақ азаматының жүрегінің терең түкпірінен 
орын тепкен ойдың Алаш идеясы екендігіне толық мойын бұрдық. 
Қазақ идеологиясы үшін темірқазық болып келетін «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – 
Алаш» - деген ұранға лайық қасиет, киесі жоғары қастерлі сөздің бағасы артты, айрықша 
құрметпен аталды. Сондықтан ұлтымыздың тұтастығын сақтауға ұлттық сананың негізі 
болып тұрған Алащтық идея қазіргі таңда ел тарихына, ел ертеңіне, қазақ халқының рухани 
байлығының өшпей, өркендей түсуіне қызмет етуін тоқтатқан емес. Ұлтжанды 
азаматтардың жүрегі мен санасында өміршеңдігін жоғалтпай, соқпақ жолдан сарабдал 
ойларға негіз бола сара жолға түскен Алаш идеясының жарқын бір көрінісі елбасымыздың 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында сабақтастық жалғай, тін 
таратқанын айтуға болады. 
Алаш қайраткерлері туған халқының отаршылық езгіге қарсы тұра алатын қабілет-
қарымын ашуда олардың саяси санасын, құқықтық сауатын ашпаса, өзге ел қатарынан 
қалып қоятындықтарын саналы түрде ұғына отырып, қазақ халқының ұлттық санасын 
оятуда, білімі мен білігін жетілдіріп, мәдениеті мен руханиятын дамыту қажеттігін өздері 
тамаша түсіне алған және айналасындағыларға осы мәселені өзекті етіп түсіндіре алған 
зиялы қауым еді. Олардың қай-қайсысы да ел руханиятының назардан тыс қалмауы 
жолында қазақ халқының мәдени, әдеби бай мұраларын жете зерделей отырып, насихаттау, 
таныстыру жұмыстарын жандандыра жүргізген еді. Туған елінің, сол елді атамекен еткен 
қазақ халқының рухани кеңістігінің тар шеңберде қалып қоймай, дамып, жетіліп, өзге 
жұрттың да жетістігі бар жетелі дүниелерінен таныстығы болғанын қалап, озық еңбектерін 
қазақ тіліне тіліне аударып, халқына пайдасы тиер тұстарын қармап, шығармашылық 
табысы мол жұмыстар атқарды.
Осы орайда алаш руханияты көсемдерінің қазақ жерінде ұлттық идеяны ұстану 
жолынан айнымай, ақ жол, адал қадаммен алда жүруі жөнінде Н.Ә. Назарбаев: «ХХ 
ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі 
жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі 
тарабынан шыққан, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ қоғамындағы зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты 
сипаты болғанын атап айтқан абзал» - деп атап көрсеткен болатын [2].
Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев алаш 
идеясының маңызын оның халықтығында, бай руханиятында екенін: «Алаш идеясы бұл 
белгілі бір топтың еркімен өмірге келген жасанды, сондықтан да өткінші құбылыс емес. Ол 
ұлтпен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір 
сүру концепциясы. Алаш идеясын өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған 
большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, 
қайта күш алуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды.
Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекеттік. Құрметті Әлихан Бөкейханов 
айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық. Кез-келген болашағынан үміті бар ұлт 
үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы – 
Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден 
орынды. Ал оның ішкі әлеуметтік мазмұны, демократиялық принциптерге сүйенген 
қоғамды халықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін 
ұмытпағанымыз жөн» [3] деп түйінді ой айтқан болатын.


82 
Міне, ғалым нұсқаған өміршең идея тудырып, ұлт өмірінен тамыр алған 
құндылықтар жиынтығын саралаған, ұлттың өмір сүру концепциясын айқындаған Алаш 
арыстарының армандарын асқақтата жалғап, қазіргі таңдағы осы өзектілікті нақтырақ 
айқындауға жол ашып, бағыт-бағдар беріп отырған елбасымыздың «Болашаққа бағдар: 
рухани жаңғыру» мақаласындағы ой өрімдерімен тығыз байланыса сабақтасатындығына 
қапысыз көз жеткізеді. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» // Егемен Қазақстан. 12 
сәуір, 2017 жыл.
2. Назарбаев. Н.Ә. Тарих толқынында.-Алматы, 1999. 
3. Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде», «Алаш 
қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» 
халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Семей, 2008. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет