Ү=C+I яғни, ұлттық табыстың пайдаланылған бөлігін тұтыну (С) және жинақ (І) шығындарының сомасына тең. Мұнда тұтыну табыстың қызметін атқарады, яғни С = С (Ү)
Ү=C+I яғни, ұлттық табыстың пайдаланылған бөлігін тұтыну (С) және жинақ (І) шығындарының сомасына тең. Мұнда тұтыну табыстың қызметін атқарады, яғни С = С (Ү).
Екінші жағынан, өндірілген ұлттық табысты былайша көрсетуге болады: Ү=C+S,мұндағы S-те (жинақ) табыс қызметін атқарады, олай болса S=S(V). Сонымен егер C+I=C+S болса, онда I=S, инвестиция қызметі r:1=1(r) болады да, ал жинақ қызметі V:S=S(V) болады.
Қоғам көлеміндегі өзара байланысты тауарлар мен қызмет көрсету нарықтарының тепе-теңдігі, яғни жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара теңдігі жинақ пен инвестицияның тепе-теңдігін сақтауды талап етеді. Инвестицияның процент қызметін, ал жинақтың табыс қызметін атқаруы тепе-теңдік мәселесін сақтауды өте қиындатады.
Инветицияның ұлғаюы ұлттық табыстың өсуі мен белгілі бір тиімділік арқылы жұмыспен толық қамтуды іс жүзіне асыруға ықпал етеді. Белгілі бір тиімділік деп отырғанымыз экономикалық теорияда – мультипликатор әсері деп аталады.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ Экономикалық өсу — əлеуметтік мəселелерді үйлесімді шешудің негізі, адамдардың тұрмыс деңгейінің көтеріліп, табыстарының молаюының қайнар көзі. Экономикалық өсу экономиканың үдемелі қозғалысын, оның алға басуын жəне дамуын көрсетеді. Экономиканың үдемелі қозғалысының тереңде жатқан себептері — ол қоғамдық өндіріс пен оның мақсаты — адамның қажеттілігін қамтамасыз ету арасындағы күрделі жəне қарама-қайшылықтарға, байланыстарға негізделген. Адамның экономикалық қажеттіліктері өндірістен туындайды. Жаңа өнім шығарып жəне оған қажеттілік туғызып, өндіріс осы қажеттіліктерді қамтамасыз етудің жағдайларын қалыптастырады. Өз жағынан қамтамасыз етілген қажеттілік пен жаңа түрлерінің туындалуы өндірісті қайталауды талап етеді. Жаңа қажеттіліктерді қанықтыру өндірісті одан ары өсірудің мейлінше жетілдірудің негізін қалайды.
Қоғамның қажеттіліктері өсіп отырады жəне сапа жағынан өзгереді. Бірінші кезекте олар халық санының өсуіне байланысты туындайды. Осымен бірге адамдардың қажеттіліктері де өседі жəне əрқилы болып қалыптасады. Қоғам өміріндегі ағымда болатын бұл объективтік үрдістерді ғылым «Қажеттіліктердің жоғарылау заңы» деп біріктіреді. Халық санының өсуіне байланысты олардың қажеттіліктерінің ұлғая түсуі жəне осы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін экономика өнім өндіруді толассыз арттырып отыруы тиіс.
Экономикалық өсу мəселелері мына бірізділікте қарастырылады: біріншіден, оның түсінігі мен мəнін анықтау; екіншіден, оны талдаудың болашақ моделін жасау; үшіншіден, оның төңірегіндегі тұжырымдау мен ойларға қысқа шолу жəне де оған ынталандырудың жүйелік шараларын қалыптастыру.
Экономикалық өсу екі өзара байланысты тəсілмен анықталады жəне өлшенеді: белгілі бір кезеңдегі жалпы ұлттық өнімнің немесе таза ұлттық өнімнің ұлғаюы жəне сол көрсеткіштердің жан басына шаққандағы көлемінің өсуі.
Қай елдің болмасын экономикалық өсуі алты негізгі факторлармен анықталады. Олардың төртеуі экономиканың өсуге деген физикалық қабілеттілігіне байланысты. Бұл, əдетте, ұсыныс факторлары деп аталатын — табиғи ресурстардың саны мен сапасы, негізгі капиталдың көлемі жəне технологиясы. Ал бесінші — сұраныс факторы. Ол шығыс деңгейін жоғарылата отырып, ресурстарды пайдалану көлемін кеңейту арқылы елдің экономикасының өндірістік əлеуетін жүзеге асырады. Алтыншысы — ресурстарды өнім өндірушілер арасында өзара бөлу факторы, оларды пайдалы өнімнің барынша толық пайдаға асыруы. Экономикалық өсуге əсер ететін ұсыныс, сұраныс факторы өзара байланысты. Бұл факторлардың өзара əрекеттестігін тұтыну жəне инвестициялық тауарлардың өсу арасындағы өзара тəуелділігінен көруге болады. Оны белгілі табиғи, еңбек ресурстарының саны мен сапасы, негiзгi капитал мен технологиялық əлеуетнегізінде өндірілген өнімнің барынша көп нұсқаларының болуын мейлінше қамтып көрсетеді. Əйтсе де өз өндірістік əлеуетін толық пайдалану мүмкіндіктері сұраныс жəне ұсыныс факторларымен шектеледі.
Экономикалық өсу факторларын АҚШ жəне Еуропа елдерінде жүргізілген зерттеулер еңбек өнімділігін көтерудің жалпы ұлттық өнімнің өсуіне еңбек шығынын өсіруден əлдеқайда жоғары əсер ететінін көрсетті. Бірақ, еңбек тиімділігін көтеру оңай емес. Оған техникалық прогресс, қормен қаруландырудың өсуі, жұмыс күшінің сапасын жақсарту, еңбек ресурстарын төменгі өнімділікті салалардан жоғарғы өнімділікті салаларға ауыстыру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан да еңбек өнімділігі мен нақты өнімнің өсуін табиғи үрдіс деп қарауға болмайды.