Абай дәстүрін жалғастырған Алаш ақындары: Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан – әдебиетіміздің шоқтығы биік тұлғалары. Ғасыр басында шығармашылық дарашылдығымен, айрықша ақындық тұлғасымен көзге түскен ұлттық поэзиямыздың ірі өкілдерінің Абай дәстүрін қабылдап, әрқайсысы өз шығармашылығында ақын үлгісін жасампаздықпен дамытқан шеберліктерін ұлттық лириканың даму поэтикасы контекстінде ашуға тырыстық. Алаш әдебиетіндегі Абай дәстүрін зерттеу барысында, оларға ортақ мына мәселелерді анықтадық: 1. Алаш ақындары поэзиясымен Абайдың азаматтық сарыны, қоғамдық пікірлері, саяси-әлеуметтік көзқарастары ұштасып жатыр; 2. Абайдың халқым, елім, жұртым деп соққан жүрегіндегі ұлтжандылық, азаматтық үні Алаш ақындары поэзиясында өрістей түсіп, өлеңдері ХХ ғасыр басында қазақ еліне ұран болып тарады; 3. Абай поэзиясында сөз болып, ащы сынға ұшырайтын қазақ халқының отаршылдық езгіде отырған ауыр тағдыры Алаш арыстарының шығармаларында өткір әшкереленіп, халқының қамы үшін зар шегеді, осы бұғаудан шығуға жол іздейді. - Абай дәстүрін жалғастырған Алаш ақындары: Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан – әдебиетіміздің шоқтығы биік тұлғалары. Ғасыр басында шығармашылық дарашылдығымен, айрықша ақындық тұлғасымен көзге түскен ұлттық поэзиямыздың ірі өкілдерінің Абай дәстүрін қабылдап, әрқайсысы өз шығармашылығында ақын үлгісін жасампаздықпен дамытқан шеберліктерін ұлттық лириканың даму поэтикасы контекстінде ашуға тырыстық. Алаш әдебиетіндегі Абай дәстүрін зерттеу барысында, оларға ортақ мына мәселелерді анықтадық: 1. Алаш ақындары поэзиясымен Абайдың азаматтық сарыны, қоғамдық пікірлері, саяси-әлеуметтік көзқарастары ұштасып жатыр; 2. Абайдың халқым, елім, жұртым деп соққан жүрегіндегі ұлтжандылық, азаматтық үні Алаш ақындары поэзиясында өрістей түсіп, өлеңдері ХХ ғасыр басында қазақ еліне ұран болып тарады; 3. Абай поэзиясында сөз болып, ащы сынға ұшырайтын қазақ халқының отаршылдық езгіде отырған ауыр тағдыры Алаш арыстарының шығармаларында өткір әшкереленіп, халқының қамы үшін зар шегеді, осы бұғаудан шығуға жол іздейді.
- Қазақ әдебиеттану ғылымында жалпы қазақ лирикасының даму сипатын айқындау мен зерттелу тарихы өте әріден басталады. Қазақ топырағында дүниеге келген асқан өнер данасы Әбунәсір Әл-Фарабидің поэзия туралы еңбектері ұлттық лирикамыздың бұлақ бастауы саналмаса да жалпы өлең-сөздің әлемдік мәдениеттегі «жалпы ақындық өнер хақындағы аса бағалы байыптаулар болып табылады».
- Қазіргі қазақ лирикасының зерттелуіне XX ғасыр бедерінде көз салсақ, М.Дулатовтың Абайға арналған екі мақаласы («Уақыт», 1908, «Қазақ», 1914), А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» («Қазақ», 1913), «Әдебиет танытқыш» (Ташкент, 1926), С.Торайғыровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Өлең һәм айтушылары» («Айқап», 1913), М.Жұмабаевтың «Ақан сері» («Сана», 1923), Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» («ЛЖ», 1923), М.Әуезовпен бірігіп жазылған «Абайдан соңғы ақыңдар» («Абай», 1918), М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы», (Қызылорда, 1927) сынды еңбектерін алғашқы қайнар бұлақ бастаулар есебінде танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: |