Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекiту туралы


Бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды пайдаланудың тәртiбi



бет8/13
Дата26.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#159353
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды пайдаланудың тәртiбi

      362. Ұйым мұрағаты ақпараттық iс-шаралар, көрмелер ұйымдастырған кезде, бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды пайдалануды, сондай-ақ оларды жариялауды ұйымдастырады. Жұмысты жеке және басқа ұйымдармен немесе мемлекеттiк мұрағатпен бiрлесiп жүргiзедi. Көрмелерде құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн пайдаланады, альбомдар, плакаттар, диаграммалар дайындайды.


      363. Ұйым мұрағаты бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесе отырып тақырыбын, көлемiн және құжаттарды дайындаудың мерзiмiн анықтайды, тақырыбы мен мерзiмiн ұйым басшысы бекiтедi. Бұқаралық ақпарат құралдары үшiн дайындалған, ұйым мұрағатында қалған, мақалалар және басқа да баспа нысандары даналарында пайдаланған құжаттардың iздестiру деректерi, сондай-ақ жарияланымның күнi мен орны көрсетiледi.
      364. Ұйым мұрағаты жеке немесе өзге де ұйымдармен бiрлесе отырып құжатты жарияланымдарды дайындау бойынша жұмыс жүргiзедi. Бұл жұмыстың ең көп таралған түрi құжаттардың журнал және газет жарияланымдарын дайындау болып табылады. Жекелеген жағдайларда құжаттар жинағы шығарылуы мүмкiн. Құжаттар жинағын дайындау кезiнде тиiстi мемлекеттiк мұрағаттар қызметiнiң қағидаларын басшылыққа алу қажет.

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын


және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық
және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы,
есепке алуы және пайдалануы қағидаларына
1-қосымша

Ұйымның ведомстволық немесе жеке мұрағаты туралы үлгiлiк ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйым қызметiнде пайда болған тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар және белгiленген тәртiппен Ұлттық мұрағат қоры құрамына енгiзiлген құжаттар, халықтың тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылады және оларды Қазақстан Республикасының ұлттық игiлiгi ретiнде мемлекет қорғайды.


      Көрсетiлген құжаттар мемлекеттiк мұрағаттың тұрақты сақтауына тапсырылғанға дейiн ұйымда уақытша сақталады.
      2. Ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарының сақталуын, есепке алынуын, iрiктелуiн, реттiлiгiн және пайдаланылуын, оларды тиiстi мемлекеттiк мұрағаттарға тұрақты сақтауға уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етедi.
      Ведомстволық мұрағаттардағы Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған құжаттардың уақытша сақтаудың шектiк мерзiмi уәкiлеттi органмен, жеке мұрағаттарда – құжаттың иесi және уәкiлеттi орган арасындағы мемлекетке құжаттарға иелiк ету құқығын беру, оларды сақтау мен пайдалану туралы шартпен анықталады.
      Мұрағаттық құжаттарды мемлекеттiк сақтауға дайындауға, тасымалдауға, тапсыруға байланысты барлық жұмыстар ұйымның күшiмен және есебiнен жүзеге асырылады.
      Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған құжаттарды жоғалтқаны және бүлдiргенi үшiн ұйымның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      3. Ұйымда Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын, сонымен қатар, оның құрамына жатқызылмаған құжаттарды жинақтау, уақытша сақтау және пайдалану мақсатында ведомстволық немесе жеке мұрағат (бұдан әрi – ұйым мұрағаты) құрылады.
      Ұйым, ұйым мұрағатын қажеттi бөлмелермен, жабдықтармен және кадрлармен қамтамасыз етедi.
      4. Ұйым мұрағаты, ұйымның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде ұйымдастырушылық-құқықтық негiзде қызмет атқарады.
      5. Ұйым мұрағаты өз қызметiнде Қазақстан Республикасының мұрағат iсi жөнiндегi заңнамалық және заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiн, жоғары тұрған орган басшыларының және ұйым басшысының бұйрықтарын (өкiмдерiн), жергiлiктi атқарушы органның, тиiстi мемлекеттiк мұрағаттың нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарын және Ұйымның мұрағаты туралы ереженi басшылыққа алады.
      6. Ұйымның мұрағаты туралы Ереже осы аталмыш Үлгiлiк ережелердiң негiзiнде әзiрленедi және тиiстi жергiлiктi атқарушы органмен (республикалық мемлекеттiк мұрағатпен) келiсе отырып ұйым басшысы бекiтедi.
      7. Ұйым мұрағаты өз қызметiн ұйым басшысы бекiткен жоспар бойынша жүргiзедi және өз жұмысы туралы есеп бередi.
      8. Ұйым мұрағатының қызметiне бақылауды ұйым басшысы жүзеге асырады.
      9. Ұйым мұрағатына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылықты тиiстi мемлекеттiк мұрағат жүзеге асырады.

2. Ұйым мұрағаты құжаттарының құрамы

      10. Ұйым мұрағатына:


      1) ұйымның тұрақты, уақытша (10 жылдан астам), уақытша (10 жылға дейiнгiнi қоса алғандағы) сақталатын iс жүргiзуi аяқталған басқарушылық құжаттары, жеке құрам бойынша құжаттары;
      2) алдыңғы ұйым қызметiнде пайда болған тұрақты, уақытша (10 жылдан астам), уақытша (10 жылға дейiнгiнi қоса алғандағы) сақталатын құжаттары, жеке құрам бойынша құжаттары;
      3) ұйым мұрағатының толықтыру көзi болып табылатын өзге ұйымдар қызметiнде пайда болған тұрақты, уақытша (10 жылдан астам), уақытша (10 жылға дейiнгiнi қоса алғандағы) сақталатын құжаттары, жеке құрам бойынша құжаттары;
      4) жеке тектiк құжаттары;
      5) ұйым немесе өзге ұйым қызметiне пайда болған басқа да, соның iшiнде ақпараты дәстүрлi және электрондық тасығыштардағы дыбыс-бейне жазу және ғылыми-техникалық құжаттама;
      6) құрылымдық бөлiмшелерден және өзге ұйымдардан келiп түскен құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппараттың элементтерi;
      7) ведомстволық баспа басылымдары келiп түседi.

3. Ұйым мұрағатының негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      11. Ұйым мұрағатының негiзгi мiндеттерi:


      1) құрамы осы Үлгiлiк ереженiң 2-бөлiмiнде қарастырылған құжаттарды жинау;
      2) ұйым мұрағатында уақытша сақталатын құжаттар құндылығына сараптама жүргiзудiң сапасын, сақталуын, есепке алынуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      3) Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған құжаттарды мемлекеттiк мұрағаттың тұрақты сақтауына дайындау және тапсыру;
      4) ұйымдағы iс жүргiзу мен мұрағат iсiн жетiлдiру саласында әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру болып табылады.
      12. Ұйым мұрағаты жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) ұйым мұрағаттың толықтыру көзi болып табылатын ұйымдардың және/немесе құрылымдық бөлiмшелердiң тiзiмiн жүргiзудi;
      2) ұйым мұрағаттың толықтыру көзi болып табылатын ұйымның, сонымен қатар, өзге жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын белгiленген тәртiппен уақытша сақтауға қабылдауды;
      3) ұйымның орталық сараптау комиссиясының (бұдан әрi – ОСК) немесе сараптау комиссиясының (бұдан әрi – СК) жұмысына қатысуды;
      4) ұйым мұрағатына уақытша сақтауға құжаттар тапсыру кезiнде құрылымдық бөлiмшелерге құжаттар құндылығына сараптама жүргiзуде әдiстемелiк көмек көрсетудi;
      5) ұйым мұрағатында уақытша сақталатын құжаттар құндылығына сараптама жүргiзедi, тұрақты, уақытша (10 жылдан астам) сақталатын, жеке құрам бойынша жиынтық iстер тiзiмдемесiне және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актiлерге бөлiмдер құрастырады және белгiленген тәртiппен көрсетiлген iстер тiзiмдемесi мен актiнi келiсуге және бекiтуге берудi;
      6) мемлекеттiк сақтауға жататын ғылыми-техникалық құжаттама, жобалар, проблемалар тiзбесiн құрастыруға қатысуды;
      7) дыбыс-бейне жазу және ғылыми-техникалық құжаттаманың құндылығына сараптама жүргiзедi, тұрақты сақталатын iстердiң (құжаттардың) тиiстi тiзiмдемесiн және ғылыми-тарихи құндылығы жоқ және практикалық мәнiн жоғалтқан құжаттарды жоюға бөлу туралы актiнi құрастырады, белгiленген тәртiппен аталмыш тiзiмдеме мен актiнi келiсуге және бекiтуге берудi;
      8) жеке тектiк құжаттарымен қажеттi жұмыстар кешенiн жүргiзедi;
      9) сақтауға қабылданған құжаттарды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      10) аса құнды құжаттарды анықтайды, осы құжаттарды және олардың сақтандыру көшiрмелерiн есепке алуды ұйымдастырады;
      11) уақытша сақтаудағы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының саны мен құрамы туралы паспорттық есептiк мәлiметтердi жыл сайын құрастырады және үш жылда бiр рет тиiстi мемлекеттiк мұрағатқа жiбередi;
      12) тиiстi мемлекеттiк мұрағатқа тұрақты сақтауға бұрын тапсырылған құжаттардың ғылыми-анықтамалық аппаратымен сабақтастығын ескере отырып сақтаудағы құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат құрады және жүргiзедi;
      13) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын тиiстi мемлекеттiк мұрағатқа тұрақты сақтауға әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен тапсыруды жүзеге асырады;
      14) ғылыми және практикалық мақсатта өткендi шолудың құжатты ақпаратын пайдалануды жүзеге асырады;
      15) ұйымда iстердi қалыптастырудың, ресiмдеудiң және жедел сақтаудың дұрыстығына тексерудi жүзеге асырады;
      16) ұйым аумақтық органдар және/немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар мұрағаты қызметкерлерiнiң бiлiктiлiктерiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысады.

4. Ұйым мұрағатының құқығы

      13. Ұйым мұрағаты жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн:


      1) белгiленген тәртiппен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiне, ұйымның құрылымдық бөлiмшелерiне, аумақтық органдардың және/немесе ведомстволық бағынысты ұйымдардың мұрағаттарына, өз құзыретi шегiнде нұсқау беруге;
      2) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнен, ұйымның құрылымдық бөлiмшелерiнен, аумақтық органдар және/немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар мұрағаттарынан оның жұмысы үшiн қажеттi мәлiметтердi сұрауға құқылы.

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын


және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық
және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы,
есепке алуы және пайдалануы қағидаларына
2-қосымша

Ұйымның орталық сараптау комиссиясы (сараптау комиссиясы) туралы үлгiлiк ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Орталық сараптау комиссиясы (бұдан әрi – ОСК) аумақтық органдары және/немесе ведомстволық бағынысты ұйымдары бар мемлекеттiк органдарда, облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, Қазақстан Республикасының астанасында) филиалдары бар мемлекеттiк емес ұйымдарда құрылады.


      Сараптау комиссиясы (бұдан әрi – СК) жекелеген ұйымдарда құрылады.
      2. ОСК (СК) кеңесшi орган болып табылады. Оның шешiмi белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органмен (жергiлiктi атқарушы органмен, республикалық мемлекеттiк мұрағатпен) келiсе (бекiту) отырып, ұйым басшысы бекiткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Ұйым басшысының бiр орынбасарының төрағалық етуiмен, мамандардан жасақталған ОСК (СК) құрамы басшының бұйрығымен (өкiмiмен) бекiтiледi. Комиссия құрамына мiндеттi түрде басқаруды құжаттамалық ету қызметiнiң және ұйым мұрағатының басшылары мiндеттi түрде ендiрiледi.
      4. ОСК (СК) өз қызметiнде Қазақстан Республикасының басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағат iсi саласындағы заңнамалық және заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiмен, ұйым басшысының бұйрықтарымен (өкiмдерiмен) және комиссия туралы ереженi басшылыққа алады.
      5. ОСК (СК) туралы ереже ұйым басшысымен, жергiлiктi атқарушы органның (республикалық мемлекеттiк мұрағаттың) келiсiмi бойынша бекiтiледi.

2. ОСК (СК) мiндеттерi және функциялары

      6. ОСК (СК) негiзгi мiндеттерi:


      1) ұйымда iс жүргiзу мен мұрағат iсiн жетiлдiру жөнiдегi әдiстемелiк және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) құжаттарды ұйым мұрағаттарында одан әрi сақтау, есепке алу және пайдалану мақсаттарымен олардың өңделуiн ұйымдастыру және нәтижелерiн қарастыру болып табылады.
      7. Негiзгi мiндеттерге сәйкес ОСК (СК) мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) iс жүргiзу және мұрағат iсiнiң мәселелерi бойынша ұсыныстарды әзiрлейдi;
      2) құжаттардың құндылығына сараптама жасауды ұйымдастырады;
      3) құжаттама жасау мен құжаттаманы басқару жөнiндегi қағидаларды (ведомстволық, салалық, ұйымның);
      үлгiлiк iстер номенклатурасын, ұйымның iстер номенклатурасын;
      сақтау мерзiмдерi көрсетiлген салалық (ведомстволық) құжаттар тiзбесiн;
      iс жүргiзу және мұрағат iсiн жүргiзу мәселелерi бойынша салалық (ведомстволық) әдiстемелiк құжаттарды;
      қолданыстағы тiзбеде ескерiлмеген құжаттарының сақтау мерзiмдерiн және жекелеген құжаттардың сақтау мерзiмдерiн өзгерту туралы ұсыныстарын;
      тұрақты уақытша (10 жылдан жоғары) сақталатын iстердiң жиынтық тiзiмдемесiнiң жылдық бөлiмдерiн, жеке құрам бойынша iстердi және сақтауға жатпайтын iстердi жоюға бөлу туралы акттердi;
      дыбыс-бейне жазу және ғылыми-техникалық құжаттаманың, ғылыми-тарихи құндылығы мен практикалық мәнiн жоғалтқан құжаттарын жоюға бөлу туралы актiсiн;
      сақтандыру қорының аса құнды iстерi мен құжаттарының тiзiмдемелерiн;
      iздестiру жолдары тамамдалған, табылмаған iстер туралы актiнi;
      iстердiң түзетiлмейтiн зақымданулары туралы актiнi келiсу туралы шешiм шығарады.

3. ОСК (СК) жұмысының тәртiбi

      8. ОСК (СК) құзыретiне жататын мәселелер, қажеттiлiгiне қарай, жылына кем дегенде екi рет өткiзiлетiн отырыстарда қаралады.


      9. ОСК (СК) шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады.
      10. ОСК (СК) отырыстары хаттамаланады, отырыстардың хаттамаларына комиссия төрағасы, хатшысы қол қояды және мемлекеттiк органның (ұйымның) басшысы бекiтедi.
      11. ОСК (СК) iс жүргiзуiн жүргiзу және оның құжаттарын жедел сақтау комиссия хатшысына жүктеледi.
      12. Ұйым қызметкерлерiнiң ОСК-дегi (СК-дегi) жұмысы жылдық жоспарда көзделедi және қосымша ақы төлеуге жатпайды.

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын


және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық
және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы,
есепке алуы және пайдалануы қағидаларына
3-қосымша

Тұрақты сақталатын iстер тiзiмдемесiнiң нысаны

Бекiтiлген

Бекiтемiн

Жергiлiктi атқарушы органның (республикалық мемлекеттiк мұрағаттың) СТК
_____ жылғы ______ № ___
хаттамасымен

Ұйым басшысы
лауазымның атауы
________ Қолының толық жазылуы
(жеке қолы)

Күнi


№ ___ қор
№ ____ тiзiмдеме
тұрақты сақталатын iстер _________________________________
                              (ұйымның ресми атауы)

______________ жылдар (ға)



Бөлiмнiң атауы (ұйымның құрылымдық бөлiмшесi)

Р/с №№

Iстiң индексi

Iстiң (томның, бөлiмнiң) тақырыбы

Iстiң (томның, бөлiмнiң) уақыты

Iстегi (томдағы, бөлiмдегi) парақтар саны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6



















      Жиынтық тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне ________________№ __ iстер
                                    (санмен және жазбаша)
енгiзiлдi

№ __, оның iшiнде:


арнайы нөмiрлер:
қалып кеткен нөмiрлер:

Жиынтық тiзiмдеменiң бөлiмiн                   Қолының толық


құрастырушының лауазым атауы _____________     жазылуы
                              (жеке қолы)

Күнi


Ұйымның ОСК (СК)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен
келiсiлдi

Форматы А4 (210Х297)

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын
және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық
және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы,
есепке алуы және пайдалануы қағидаларына
4-қосымша

Тұрақты сақталатын бейнеқұжаттардың iстер тiзiмдемесiнiң нысаны

Бекiтiлген

Бекiтемiн

Жергiлiктi атқарушы органның (республикалық мемлекеттiк мұрағаттың) СТК
_____ жылғы ______ № ___
хаттамасымен

Ұйым басшысы
лауазымның атауы
________ Қолының толық жазылуы
(жеке қолы)

Күнi


№ ___ Тiзiмдеме

______________________________________________


(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар (ға)

Есепке алу бiрлiгiнiң нөмiрi

Сақтау бiрлiгiнiң нөмiрi

Индекс, өндiрiстiк нөмiр

Құжаттың тақырыбы

Авторы

Шығарманы орындаушы

Тiлi






















1

2

3

4

5

6

7

кестенiң жалғасы

Жазу, қайта жазу уақыты

бейнежазбаның хронометражы

Жазбаның түрi мен форматы

Сақтау бiрлiгiнiң саны

Iлеспелi құжаттама мәтiнiнiң құрамы

Ескертпе










түпнұсқа

көшiрме







8

9

10

11

12

13

14

      Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн сақтау бiрлiгi енгiзiлдi  (санмен және жазбаша)

оның iшiнде:

арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.

Тiзiмдеменi құрастырушының


лауазымының атауы            _________ Қолының толық жазылуы
                              (қолы)

Күнi


Ұйымның ОСК (СК)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен
келiсiлдi

Форматы А4 (210Х297)

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын
және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық
және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы,
есепке алуы және пайдалануы қағидаларына
5-қосымша

Тұрақты сақталатын киноқұжаттардың iстер тiзiмдемесiнiң нысаны

Бекiтiлген

Бекiтемiн

Жергiлiктi атқарушы органның (республикалық мемлекеттiк мұрағаттың) СТК
_____ жылғы ______ № ___
хаттамасымен

Ұйым басшысы
лауазымның атауы
________ Қолының толық жазылуы
(жеке қолы)

Күнi


№ ___ Тiзiмдеме

______________________________________________


(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар (ға)

Есепке алу бiрлiгiнiң нөмiрi

Сақтау бiрлiгiнiң нөмiрi

Индекс, өндiрiстiк нөмiр (ұйымдағы есепке алу нөмiрi)

Құжаттың тақырыбы

Авторы

Түсiрiлiмнiң, дайындықтың уақыты

Вариант (үнсiз, дыбысты, а/б, түрлi-түстi., форматы, тiлi)

Сақтау мерзiмiнiң/метраждың саны

негатив

1

2

3

4

5

6

7

8

      кестенiң жалғасы

Сақтау мерзiмiнiң/метраждың саны

Iлеспелi құжаттама мәтiнiнiң құрамы

Ескертпе

Дубль-негатив

Фонограмма (негатив)

Магниттiк фонограмма магнитная (негiзгi, бiрiктiрiлген)

Аралық позитив

Позитив

Бекiтiлген роликтер түрлi-түстi төлқұжаттар

9

10

11

12

13

14

15

16

      Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн сақтау бiрлiгi енгiзiлдi  (санмен және жазбаша)

оның iшiнде:

арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.

Тiзiмдеменi құрастырушының


лауазымының атауы            _________ Қолының толық жазылуы
                              (қолы)

Күнi


Ұйымның ОСК (СК)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен
келiсiлдi

Форматы А4 (210Х297)

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын
және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық
және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы,
есепке алуы және пайдалануы қағидаларына
6-қосымша

Магниттiк жазбадағы үнқұжаттардың iстер тiзiмдемесiнiң нысаны

Бекiтiлген

Бекiтемiн

Жергiлiктi атқарушы органның (республикалық мемлекеттiк мұрағаттың) СТК
_____ жылғы ______ № ___
хаттамасымен

Ұйым басшысы
лауазымның атауы
________ Қолының толық жазылуы
(жеке қолы)

Күнi


№ ___ Тiзiмдеме

______________________________________________


(ұйымның ресми атауы көрсетiлген тiзiмдеменiң атауы)
______ жылдар (ға)

Есепке алу бiрлiгiнiң нөмiрi

Сақтау бiрлiгiнiң нөмiрi

Индекс, өндiрiстiк нөмiр

Құжаттың тақырыбы

Авторы

Шығарманы орындаушы

Тiлi

Жазу,қайта жазудың уақыты

























1

2

3

4

5

6

7

8

      кестенiң жалғасы

Жазу, қайта жазудыңжерi

Жазу, қайта жазудың уақыты

бейнежазбаның хронометражы

Жазбаның түрi мен форматы

Сақтау бiрлiгiнiң саны

Iлеспелi құжаттама мәтiнiнiң құрамы

Ескертпе

түпнұсқа

көшiрме

9

10

11

12

13

14

15

16

      Тiзiмдеменiң бұл бөлiмiне _________________ № __ -ден № ___ -ге дейiн сақтау бiрлiгi енгiзiлдi  (санмен және жазбаша)

оның iшiнде:

арнайы нөмiрлер ________
қалып кеткен нөмiрлер _______ және оларға қатысты iлеспе құжаттаманың мәтiнi.

Тiзiмдеменi құрастырушының


лауазымының атауы            _________ Қолының толық жазылуы
                              (қолы)

Күнi


Ұйымның ОСК (СК)
____жылғы ___ _________
№ ____ хаттамасымен
келiсiлдi

Форматы А4 (210Х297)

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын
және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық
және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы,
есепке алуы және пайдалануы қағидаларына
7-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет