«Ұлттық құндылықтар – Ұлттық мүдде, Талап, Ар-ұят» құндылықтар круизы


«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»



бет6/9
Дата29.03.2024
өлшемі1.07 Mb.
#496964
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Амирханова И. ұлттық мүдде круиз

2.«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген адамзатты сүю қағидасына ұмтылады. Данышпан оларды «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі – бос» деп бірлікке, өзара сүйіспеншілікке үйретеді.

2. «Еңбек адам» ілімі


1. «Еңбек адамы» деген кім?
2. Еңбекке қатысты бірнеше мақал мәтел айт.
1. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып қоғам үшін, мемлекет үшін, ел үшін жұмыс істейтін өзінің кәсібін терең меңгерген адам.. .
2. «Адамды адам еткен, еңбек», «Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін, жоқшылық деген жебірді жермен жексен ететін», «Еңбегіне қарай - құрмет, жасына қарай - ізет»т.б..

3.«Адал адам» ілімі


1 . «Адал адам» іліміндегі адалдық өлшемі қандай?
2. Адалдық туралы бірнеше мақал айту
1. Адал — араб тілінде "рұқсат етілген", "таза" деген мағына береді. Адал адам— ешкімнің ақысын жеп, жібін аттамай, өз еңбегімен дүние жинап, күн көріп жатқан, гайбат сойлемейтін, кісіге қиянат қылмайтын жан; Адалдық — адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірін бейнелейтін моральдық қасиет. Ол шыншылдық, әділдік, принциптілік, алған міндеттемелерінен жалған сөйлеп, жалтармаушылық, уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттерді қамтиды.
2. «Адал еңбекпен мал іздемек-адал адамның ісі» Абай, «Адалдық –ардың ісі» т.б.
4. «Әділетті Қазақстан» идеясы
1.«Әділетті Қазақстан» идеясы туралы баяндаманың авторы кім?
2. Осы идеядағы егіз құндылықты атаңыз.
1. 2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ» -деген еді.
2. «Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды.Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды».
5. Әл-Фараби ( Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки) «Парасатты адам» ілімі
1. Әл-Фарабиді қандай тұлға ретінде танимыз?
2 .Әл-Фарабидің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері”еңбектерінің идеясы қандай?
1.“Әлемнің 2-ұстазы”, ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
2. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. трактаттарында рухани жоғарғы мақсат нышандарын - жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенеді.
6. Ж.Баласағұн ілімі
1. Ж.Баласағұн қандай ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан?
2. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» трактаты қандай қызмет атқарды?
1. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.
2. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» трактаты 1069-1070 жылдары жазылған саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактаты елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Бұл шығарманың ең басты идеясы негізгі төрт ұстанымға негізделген: Бірі оның – шындық жолы, әділет. Екіншісі – құт пен ырыс, дәулет.Үшіншісі – Ақыл менен парасат.Төртіншісі – ұстамдылық, қанағат.
7. Қожа Ахмет Ясауи
1.Қожа Ахмет Ясауидің еңбегі «Диуани хикмет» қай жылы жеке кітап болып басылып шықты?
2. Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы кім? 
1. «Диуани хикмет» шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады.
Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек.
2. Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстанбаб болып саналады.

8. Шәкәрім Құдайбердіұлы ілімі


1. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Ұждан» атты әңгімесінде қандай сөз философиясын енгізді?
2.Шәкәрім Құдайбердіұлының  философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Ар-ұждан» туралы шығармаларын ата.
1. Шәкәрім Құдайбердіұлы қазаққа «ұждан» философиясын тұңғыш енгізген. Ақын Ар, ұят, ынсап, мейірім мәселелерін философиялық логикада қарастырған.
2. Шәкәрім Құдайбердіұлының«Ар-ұждан» туралы шығармалары «Үш анық», «Мұсылмандық шарты»

9. А.Байтұрсынов ілімі


1. А.Байтұрсынов тұлғасын тарихтан кім ретінде танисың?
2. А.Байтұрсыновтың қазақ тілінің оқыту әдістемесі туралы  оқулықтары мен тың еңбектерін ата. 
1.Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
2.«Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектері «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет