Ұлттық ойындар – халық педагогоикаының құрамдас бөлігі


Қозғалыс ойындарын жіктелуі



бет4/6
Дата25.04.2023
өлшемі0.6 Mb.
#472700
1   2   3   4   5   6
Сейлбек Н.С.

1.3 Қозғалыс ойындарын жіктелуі
Біз жоғарыда қозғалыс ойындарын халық педагогикасының құрамдас бөлімі екенін дәлелдейтін бірнеше тұжырымды дәлелдер келтіре отырып өз пікірімізді ашып айттық. Ендігі жерде қозғалыс ойындарының әлеуметтік-педагогикалық маңызы туралы ілімнің дамуы туралы әлемдік ой-пікірдің ғасырлар түкпірінен орын алатындығы туралы адам баласының үздік ойлы саңлақтары ойынға соқпай, ойын туралы ой бөліспей, ойынның адам әрекетінің басты атрибуты екенін айтпай кетпегендігі жөнінде сөз етпекпіз. Ойын атаулы, оның ішінде қозғалыс ойындары – жастықтың символы. Олай болса дүниеге келген әрбір адамның сәби шағынан қарттыққа дейін ұзақ, өмір жолындағы жан серігі. Адамды адамдық дәрежеге жеткенге дейін дене, ой, ес, қиялын шынықтырып жаттықтырушы, ой-арманын ұштап қанағаттандырушы - өмір серігі. Жақсы мен жаманды, оң мен солды, әділдікпен әділетсіздікті айыра білуге жетекші. Адамның әр кезде жанында жадында жүретін ақылшы – серігі. Сондықтан ол өзінің табиғатынан әр кезде де әлеуметтік, әр кезде де оқытушы-педагог рөлін атқаратыны сөзсіз. Ол дүниеге келген сәбидің жанынан екі елі қалмайтын көлеңкесі іспеттес. Бала оған саналы, санасыз түрде әр кез мұқтаж болып келеді. Осы мұқтаждықты айқын бағалай алмаған көптеген ғалымдар дүниеде идеялар күресін қоздырып бүтін дүниені екі ұдай күрес аренасына бөлген кезде материализм мен идеялизмнің күрес аренасына айналдырған, ұзақ дәуірге ұластырып келеді. Біз ішінара бұл мәселелер туралы пікірімізді айта отырғанмен негізгі мәселе қозғалыс ойындарының әлеуметтік-педагогикалық қоғамдық, жалпы әлемдік құбылыс екеніне басқа көңіл бөліп пікір өрбітпекпіз.
Қозғалыс ойындарының әлеуметтік-педагогикалық маңызы туралы пікірді біз тек қазақ айналасында ой қозғаумен шектелуден аулақпыз. Олай болатыны ойын әр кезде, әр уақытта жалпы әлемдік маңызға ие болып қала бермек. Ойында шекара деген жоқ. Ойнаушының көңіліне қонса болды, тіл білуді қажетсінбей-ақ ойнай береді. Қазақ халқының рухани мұралары кезінде қағазға түспей ауызша айтылып, ауыздан-ауызға ілініп, көпшіліктің құлағына жетіп игілігіне айналған. Ойын туралы пікіріде қағазға түспей ауызша айтылып келе-келе ұмыт болған. Бүгінгі жұртқа ол пікірлер емес, ойынның өзі қажет болды. Сондықтан сонау орта ғасырлардан бастап қазақтар туралы батыс пен шығыстың жазбаларында айтыла қалса, ол халықтың этнографиялық мәліметтерінде, қозғалыс ойындары, ойын-сауықтары туралы айтылмай, ескерілмей кетпейді. Бұл қозғалыс ойындарының әлеуметтік негіздері мен мәні туралы мәліметтер бергенімен педагогикалық тұрғыдан толық мәлімет бермейді. Соларды оқи отырып біз ескі жазбалардың қарапайым, ашық-жарқын пікірлерінен көшпенділер өмірінде, тұрмысында ойын-сауықтарының үлкен тәрбиелік рөлі атқарғандығының куәгері боламыз. Олай болса қозғалыс ойындардың әлеуметтік педагогикалық маңызы туралы ой-пікірді кең мағынада алып қарауды мақсат етеміз.
Бұлай дейтініміз бүгінгі мәдениеттің негіздерін анықтаған анықтауға ниет білдірген (қайта өрлеу кезеңінен бергі дәуірден адам баласының зиялы қауымы мәдениеттің көне нұсқаларының бастауларын көне грек мәдениетінен тарататыны белгілі. Сондықтан қозғалыс ойындарының әлеуметтік-педагогикалық маңызы туралы көне грек ойшылдарының пікірінен ілгері пікір айтқан ойшылдар некен саяқ кездеседі. Олай болса, бүгінгі жұртшылыққа қозғалыс ойындарының тіпті, ойын атаулының адам өмірінен, әлеуметтік ортадан қандай орын алатынын, оның маңызын айтып жеткізудің өзі қиындыққа соғар еді.
Гректерде халық жиналатын орынды «Агон» деп атаған. Бұл орындар грек мәдениетінің көпшілікке тарауына жол табатын үлкен жарыс аренасы болуымен бірге, «Агонда» көпшілік халық ойындарымен бірге олимпиядалық жарыстар өткізілген. Ойындардың мұндай жарыс пен бәсеке ретінде өтетін түрлері гректерде мол болған (Пификалық, Истимикалық, Немейкалық, Панафиналық т.б.). Осы ойындарға қатынасып жеңіске жеткендерді қаһарман ретінде қабылдаған. Солардың ерлікке тең жанқиярлықпен еткен еңбегін жеңіс тұғырына көтерілгенге дейін төккен терін паш ету дәстүрге айналған. Оларды жастарға үлгі өнеге етіп ұсынған. Тәрбие құралына айналдырған. Оларды ел есінде мәңгі қалдыру ниетімен, сол заманның шебер мүсіншілері жасаған тамаша мүсіндері, біздің заманымызға дейін жетіп, күні бүгінге дейін әлемнің таңдамалы мұражайларының сәні мен салтанатына айналуда.
Халық жиылатын орындар жарыс алаңы ғана болып қоймай барлық өнер атаулының, сол өнерге деген құштарлықтың қайнап тұрған қазанындай – тәрбие орны да болған. «Агондар» гимнастикалық (әртүрлі дене жаттықтыру ойындары мен физкультуралық жарыстар), ат ойындары (салт атпен жүру және екі доңғалақты арбамен жарысу) және музыкалық (музыка, поэзия және би өнері жарыстары) болып өткізілетін болған.
Қорыта айтқанда, осының бәрінің бастау алатын жері, түп негізгі сол бір қарапайым халық ойындарының негізінде туып өрбуі, құлаш жайып үлкен маңызға ие болуы барлық мәдени, әдеби туынды мен өнер атаулының, тіпті жаңалықтың жаршысы, солардың халық санасына жол табатын орынын туғызуға мұрындық болар үлгісін беруі ойынның тәрбие жұмысындағы алғашқы екенін дәлелдеп жатуды қажет етпейтінін көрсетеді.
Біздің пікірімізше, ойын – барлық өнердің бастауы, адам баласының мәдени өнері бүгінгідей жіктеліп, сараланып, бір-бірінен әліде ажыратылмай тұрған кезде оның жалпы аты біздің халықтың тілімен айтқанда «Ойын-сауық» деп аталған. Ал ертедегі гректер олмпиядалық ойында барлығының алды санап, оның құрметіне жыл санауды бастаған. Пифагоршілер математикалық ғылыммен айналысу нәтежесінде олимпиядалық жыл санауды бірінші болып бастады және сол тұрғыда тәрбиеленіп, оны барлық заттардың бастамасы болды деп білді, - деп жазды Аристотель.
Сондай-ақ өз заманы үшін олимпиядалық ойынға қатынасу правосын жеңіп алу, оған әзірленудің үлкен-үлкен тәрбиелік, әрі білімдік мәні болған. Олимпиядаға қатынасуға құқық алған жастар көп еңбектеніп тер төгіп, оған мұқият әзірлікпен келетін. Осы әзірліктің үстінде аз қиыншылықта кездеспейтін. Әсіресе көп еңбектеніп, тер төгуге тура келетін.
«Барлық бәсекелестерін жарыста жеңіп, олимпияда жеңімпазы атану үшін, көп күш жұмсап уақыт тауып, ұзақ жаттығуды талап еткен».
Ал ойынға алғаш рет қатысқалы отырған жастар үшін ол үлкен сын, сыннан мүддірмей өтіп, жеңіске жету үшін білгір жаттықтырушы мамандардан сабақ алып, солардың басшылығымен күрделі әзірліктен өтетін болған. «Олимпиядалық стадиондағы жарысқа тұңғыш қатысушылар Олимпиядадағы ойын басталардан бір ай бұрын келіп, тәжірибелі жаттықтырушының басшылығымен ерекше әзірліктен өтетін болған. Өзіміз көріп отырғандай лимпиядалық ойынға қатынасу оп-оңай нәрсе болмаған, әлеумет алдында жеңімпаз атану ілуде біреудің ғана қолынан келген. Осыны бұл жерде еске алуымыздың себебі: ертедегі грецияда қозғалыс ойындарға көп көңіл бөліп, осының нәтежиесінде бүкіл әлеуметтік-қоғамдық тәрбие жұмысын жүргізуді мақсат еткен. Ойын арқылы тәрбие беретін ерекше гимнастикалық мектептер ашып онда балалар мен жастарды тәрбиелеудің тиімді түрлерін іздестірген. Балаларды алты жастан бастап салт атпен жүре білуге, садақ тартып, ата білуге сол кезде соғыста қолданылатын қару-жарақтармен пайдалана білуге үйреткен. Осы жерде еске алатын бір мәселе, ежелгі қазақтардың өмірінде баланың аяғы шыққанға (жүруге жарағанша) дейін-ақ ат сауырында болатыны туралы әдебиеттерде мәліметтер өте көп. Мысалы, Қобыланды секілді қас батырлары алты жасында бөтен ел, жат жұртқа тайсалмай барып, үлкендермен бірдей талаптарды орындап Құртқа сынды сұлуды қалыңдық етіп еліне алып қайтуы Қобыланды ғайыптан пайда болған жоқ, оқыған үйренген – Естеміс секілді тәлімгері бар, бүгінгіше жаттықтырушысы. Заман талабынан туған ертегіден шындыққа бір табан жақын. Бұл оқиға әр жұртта әлеуметтік-педагогикалық талғам-талаптар әр дәуірде, әр қырынан қойылып, әр халықтың өз әдеп-ғұрпы, дәстүрі арқылы адамның алдына қойылатын талаппен ұштасып, астасып жатқан.
Грециядағы гимнастикалық мектептердің алдына қойған мақсаттары жастарды ер жүрек, төзімді, батыл, өжет етіп тәрбиелеумен бірге аса қажеттісі олардың қимыл жылдамдығын сырқы әсерге, қарсы әсерлену, әрекет нәтижелігі тиімділігін дамытуды көздеген. Осы тұрғыдан қарай отырып гинастикалық мектептерде жаттығу халық ойындарымен өте тығыз байланыстырыла жүргізіліп отырған. Лукцияның айтуынша осының нәтижесінде өте маңызды екі мақсатқа – оларды батылдылыққа және кауіпті жағдайдан тайсалмайтын жанқиярлыққа сондай-ақ олардың денсаулығының молдығы мен күш-қуатының молдығына жетіскен. Ал мектептегі сабақтың бір бөлігі түрлі жарыстарға әзірлену жұмыстарына арналса, сабақтың жарыс негізіне арналып ұйымдастырылып отырған. Өте ертедегі Эллиндік кезеңнен бізге жеткен мәліметтер бойынша мектеп аралық жарыстарда өткізіліп тұрған.
Қозғалыс ойындарының барлық өнер атаулының бастамасы, оның жіктеліп әлі жетіліп жеке салаларға бөлінбей тұрған кезеңіндегі жиынтық көрінісі, жастарды тәрбилеудің бірден-бір тиімді орыны болды деген пікірімізді өткен параграфта «Махабхарата», «Рамаяна» секілді ғасырлар түкпірінен бізге жетіп отырған үнді халқының көне эпостарының мысал келтіре отырып айтқан болатынбыз.
Жалпақ жұртқа жайылған, елдің бәрін қамтитын мектебі жоқ көшпелі елде, қозғалыс ойындарына әлеуметтік-педагогикалық тәрбие негіздерінің болуына қозғалыс өкілдерінің бәрі мүдделі болған. Олай болатыны, ұлы дүбір тойлармен ас беру рәсімдері алдын ала белгіленіп, күн ілгері халыққа жарияланып қойылатын. Үлкен тойлар мен ас беру бүкіл қазақ жерін қамтитын ұлы дүбір уақиға болса, кем дегенде бір жыл бұрын жарияланған. Оны жариялау, елге естіртіп құлақтандыруды «сауға айту» деген. Қазақта «сауға айту» рәсімі кезінде бір жүйеге келтірілген. Қазақ жерінің бұл хабар беру жүйесі бойынша, ол шеті мен бұл шетіне хабар бір жұмада жеткен үлгерген. Орталықтан берген хабар алдымен әр ру басына жеткізілген, ал олар басқаларға жеткізген. Ру басыларының, байлар мен балалардың кермелерінде қысы-жазы жаратылған аттар үнемі байлауда тұрған. Хабар алған адам, келген жаңалықты, жарлықты дереу басқаларға жеткізген. Осындай сатыла, арқылы ел тез арада жаңалықтан құлағдар болып отырған. Сондықтан қозғалыс ойындарының түр-түрі өтілетін орынға мұқият әзірліктің ортасында ең алдымен жастар жүретін. Ол әзірліктен жас балаларда шет қалмайтын. әзірлікке белсенді қатынасатын немесе көрермен ретіндегі көпшіліктің өзі де жас өспірімдер мен жастардан тұратын.
Ал жарысқа әзірліктің өзі жастар үшін бір мектеп өткенмен тең еді. Әзірлік үстінде тек үйрену ғана емес, іздену, ақыл-ойды шыңдау, адам арасындағы қатынастың тиімді жолдарын іздеу секілді адамның өмір танымын, ел мен елдің арасындағы байланыс секілді аса қажетті істері де атқарады.
Қозғалыс ойындарының тууы да, дамуы да әлеуметтік. Өйткені оны туғызушыда іске қосып керегіне жаратушы да әлеумет. Ойын әлеуметтік ортада ғана, өзін жасап, өмірге әкелушілерінің қажетін өтей алады. Осы қажеттілікті адам баласының өзі көздеген мақсатына жеткізу үшін онымен айналысушылар көпшілік халық алдына алып шығып көрсету үшін оны өңдеп, қырлап, шыңдай түседі. Ол үшін ол ақыл, қайрат жұмсайды. Ойынды ойдағыдай шығару үшін жаттығады, тер төгеді, үлкен еңбек мектебінен өтеді. Бұл жағынан алып қарағанда ол мектептің қызметін атқарады. Бүгін біз осындай ойынның былайғы жұртқа көріне бермейтін ішкі астарын аздап қана ашып айтсақ – ол әлеуметтік-педагогикалық негізі болып шығады. Ойынның бұл көзге көрінбейтін қасиеттері, бүгінгі жастардың да өзіндік дара қасиеттерін, ерекшеліктерін айқындай түсетін, өмірден өз орнын табатын, өз-өзінің сенімі мол әлеумет қажетін өтей алатын азамат болып тәрбиеленуіне, оны жетілдіре түсуге өз үлесін қосары анық.
Біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасыр бұрын Афинада тұңғыш педагогикалық теория жасауға алғашқы қадамдар жасайды. Ол сол кездің озық ойлы азаматтарының әлеуметтік-педагогикалық ақыл-ойдың қоғам өміріне аса қажетті қызметі жайында ой толғаныстарынан, жеке пікірлерінен қоғамдық ойды қозғаушы ретіндегі қызметі айта қаларлық зор еді. Бұл идеялар мен ой толғаулар біздің эрамызға дейін IV ғасырда өмір сүрген Платон мен Аристотельді, олардың өлмес мұраларын дүниеге әкелді. Олар өхдерінің философилық, әлеуметтік-педагогикалық еңбектерінде мемлекет, оның саясаты туралы айта отырып, сол еңбектерінде өмірдің әр түрлі мәселелерін сөз етумен бірге, адамға, оның әлеуметтік өміріне қатынасты қозғалыс ойынының алатын рөлі туралы мәселе тоқтамай өткен емес.
Платон өзінің «Мемлекет» деген еңбегінде балаларды ойын арқылы оқытуды талап етеді. Ол осы ойларын «Саясат» деген еңбегінде кең дамыта түседі. «Менің тұжырымдауымша, адам қандайда болмасын бір үздік кісі болуы үшін, кішкентайыннан-ақ, ермек үшін болса да, шындап болса да соған қатынасы бардың барлығынада қалайда жаттыға беруі керек. Мысалы, кімде кім жақсы дихан немесе құрлысшы болғысы келсе, ол ең алдымен ойын арқылы: біріншіден, жерді өңдеуді, екіншіден, қандай болса да балаға лайық құрлыс көтеруі керек. Тәрбиешілер оларға шындыққа жанасымы бар кішкене еңбек құралдарын беруі керек. Оларды қажетті өлшеу жұмыстарын үйрететін және құрлысшыларға қажетті өлшеу жұмыстарын үйрететін және онымен қалай пайдалануды көрсететін, жауынгерге салт жерде білуді және басқаша айтқанда осының бәрі де ойын арқылы болсын. Ол осы ойын арқылы баланың талғамы мен икемділігін келешек іс әрекетінің негізіне орай бағалап оның сол салада толысып жетістікке жетуіне мүмкіншілік жасауы керек. Білім берудегі ең қажетті нәрсе деп біздің мойындайтынымыз – ойнап жүрген баланың жан сезіміне, оның ер жеткен кезінде өзінің таңдап алған ісіне сүйіспеншілікпен қарауына, сол істің нағыз білгірі болып шығуына тәрбие арқылы ықпал ету».
Ертедегі грек ойшылдары мен жазушылары, тарихшылары Геродот, Сократ, Платон, Аристотель, Луиян, Плутарх, Аристофон т.б. өздерінің шығармаларында балаларды дене, рухани, әскери жағынан тәрбиелеу мәселелеріне баса көңіл бөліп, оның әлеуметтік-педагогикалық негіздерін дәлелдейтін көптеген пікірлер жазып қалдырды [14].
Платонның пікірінше ойынның қоғам өміріне алатын қызметі орасан зор. Біздің бүгінгі түсінігіміз бойынша айтар болсақ ол әлеуметтік-педагогикалық, тәрбиенің қайнар көздерінің бірі. Ойынға мән бермегенмен дүниеге күн сайын келіп жататын жаңа ұрпақ өзіне тән өзіндік мүддеге сай жаңалықпен келіп, күні өткен ескіге қарсы іштей қайшылыққа ұшырайтынын айтады. Осындай қарама-қайшылықтың күресінің нәтижесінде жаңалықтың мерейі үстем болатынын көреміз. Платон еңбектерімен таныса отырып біз ойынның қоғамдық-әлеуметтік рөлін ғана біліп қоймай, оның тәрбиелік-әлеуметтік жете түсінігінің куәгері боламыз. Платон былай дейді: «Бірде-бір мемлекетте балалар ойынының сипаты саясатқа турасын айтқанда мемлекет саясатының тұрақтылығына аса зор ықпал жасайтына иланбайтынына мен сенемін... Балалар ойыны өзгере қалса, жұрттың барлығы оны тек ойын деп қана ойлайды, осыдан барып аса зор және өте күрделі зияндық әрекет пайда болатынын түсінбейді. Сондықтан олар бұл өзгеріске болғысы келмейді, керсінше оған жол береді, олармен бірігіп кетеді. Сонымен ойынға жаңалық кіргізумен бала, бұрынғы балаларға қарағанда басқаша бола бастайтынын, ал басқа болумен бірге басқа өмірге ұмтылатындығын, ал басқа өмірге ұмтылумен бірге, басқа қоғамды және басқа саясатты тілейтінін есепке алмайды».
Ойынның көздейтін шын мақсаты мен орындайтын міндеті туралы өз пікірін іркілмей, өз замандастарының алдына жайып салған Платон, кезінде қоғамның дамуы туралы қағидалардыойынан гөрі басқадан іздейтін адам етінде өз дәуірінің мүддесін көбірек жоқтаған, соны түсінбеушілерді айыптаған адам ретінде көрінетінін байқаймыз.
Бүгінгілер үшін ең маңыздысы ерте ғасырлардағы ойшылдардың кезінде, бүгін қозғалыс ойнына айналған, балалар ойынына үлкен мән беріп, оны тек дене тәрбиесі ғана етер әсері мен қажеттігін айтып және біліп қана қоймай, баланың рухани дамуына әсері арқылы бүкіл қоғамдық психологияға тигізер ықпалын, сол арқылы қоғамдық ақыл ойдың дамуына тигізер пайдасын көрсетуі, сөз жоқ әлі өз маңызын жойған жоқ.
Көне грек драматургі «Камедияның атасы» Аристофон «Бқозғалыстар» деген шығармасында, негізгі кейіпкері Степсияттың аузына мынандай сөз салады: ол өзі аса ұғымтал, тіпті кішкентайынан-ақ кеме құрастырып, желімдеп үй жасады, ағаштан арба ойып, қабы,ынан басқа істеді. Ерте дүние ойшылдарының балаларға ойыншық жасап беру идеясын көтерген Аристотель пікірлерін көркем әдебиетте жаңғырту еді.
Бұл пікірлерге сүйеніп отыруымыздың себебі, ойынның адам баласымен бірге жасасып, тарих қойнауынан бастау алатын болса екіншіден ойын тек дене жаттықтырушысы ған емес, ақыл-ой жатықтырушысы екнін, олай болса, ойын әлеуметтік құбылыс, ол тәрбие құралы болумен педагогикалық ақыл-ойдың жетекшісі рөлінде атқарғандығы болса керек. Осыны ескріп біз тарих ұойнауынан тек аса көрнекті және қажетті ұлылардың ұлағатты пікірлеріне ғана тоқталуды жөн көрдік.
Көне дәуір ғалымдарынан кейін педагогикалық ақыл-ойды ойынның әлеуметтік-педагогикалық пайдалы әсері туралы айта жүрерліктей құнды пікір айтушылар мен тұжырым жасаушылар болған жоқ.
Педагогика ілімінің дамуына негіз боларлықтай, оның кейінгі дамуына үлкен ықпал жасаған, біздің заманымыздың бірінші ғасырында өмір сүрген Италия педагогі Квинтилиан болды. Ол ойынды оқу процесінде пайдалану туралы тұңғыш рет ғылыми негізі бар пікір айтты. Ойын балалардың сегектігін туғызып көңілсіз, тұйық балалардың бас ерекшелігіне қарай оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, ғылымды құмарта үйренуіне мүмкіндік жасауға болатындығын айтты. Квинтилиан ойынды риторика сабағында пайдаланып, оның жатымды жақтары туралы осы күнге дейін құнын жоймаған пікірлерін қалдырды. Ойынды асыра бағалап қиянатта жасауға болмайтынын ескертті.
Одан кейінгі дәуірдегі әлеуметтік-педагогикалық ой-пікірлерге зер салсақ, Квинтилианнан кейін қозғалыс ойындары туралы, оның қоғамдық әлеуметтік-педагогикалық негіздері туралы мәселені кездестіреміз.
Бұл кез ақыл-оймен санада, тіпті қоғамдық-әлеуметтік көрністердің қай саласында болмасын, дін иелері зор ықпалға ие болып тұрған дәуірде көпшілік болып көңіл көтеру көріністеріне тиым салынған кезбен тұспа-тұс келеді.
Бұндай кертартпа көзқарастарды, біз қазақ халқының сол кездегі өмірінен де кездестіреміз. Мұны ел аузында сақталып келген мақал-мәтел, сөз тікестеріннен де кездестіруге болады. Мысалы, «Баланың ойны, басқаның жыны», «Ойының осылғыр» т.б. бірақ халық бұқарасы қозғалыс ойындарынын жадынан бірде шығарып көрген жоқ. Оның әлеуметтік-педагогикалық рөлін анық-айқын түсінеді. Оның қоғам үшін пайдалы тәрбиелік негіздерін оймен болжап білді. Соның нәтижесінде қозғалыс ойындарының алуан түрлері өмірге келді.
Орта ғасырда өмір сүрген итальян гуманист-педагогі В.Ф.Фельбтрэ (1378-1446) ойынның әлеуметтік-педагогикалық маңызын қайта жаңғыртып, білімдік-тәрбиелік мәніне қайта оралды. Ол ойын арқылы балаларды сауаттылыққа үйретуді, арифметика мен әдебиетті оқыту әдісін жақсартуға пайдалануды ұсынады. Осы мақсатпен қала сыртынан «Қуаныш үйі» деген атпен мектеп ашып, онда жүргізілетін сабақтарды ойын пайдалану арқылы оқыту әдістеріне көп көңіл бөлді [15].
XVIII ғасырда педагогикалық ілімде ойынға терең мән, мағына беріп қарауда социалист-утопистер мен гуманист-педагогтар үлкен рөл атқарды. Солардың ішінде аса көрнектілері Ш.Фурье (1772-1837), ойынның әлеуметтік-педагогикалық, тәжірбиелік маңызын жоғары бағалай отырып, ойын сабақтарын ұйымдастыру жас жеткіншектерді еңбекке баулудың құралы деп бағалады. Роберт Оуэн (1771-1858) ойын алаңын ұйымдастырды «Сәбилер үшін» ашты, мұнда тәрбие жұмысы ойын арқылы жүргізілді [16].
Француз педагогі Ж.Ж.Руссо (1712-1878) баланың жан-жақты дамуынада ойынның алатын орны туралы алғашқы пікір айтушылардың бірі болды. Ол ойын баланы ойлауға ұйретеді, оның сезімін оятып, еркін шыңдап, мінезіне, ақыл-ой мен іс-әрекетіне әсер ететіні туралы пікір дамытты.
Неміс философы Иманули Кант (1724-1804) ойының адамның дене, адамгершілік және эстетикалық тәрбиесіне тигізер пайдасы бар деп білді [17].
XVIII ғасырда өмір сүріп, халық ағарту саласында белгілі рөл атқарған орыс педагогі Новиков И.М (1744-1804) ойынның адамгершілік тәрбиесімен дене тәрбиесіндегі маңызы мен бірге баланың дамуына етер әсері туралы пікір айтты. Украин педагогі Сковорода Г.С. (1722-1794) ойынды баланы мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі көзі деп есептеді [18].
Ойынның тәрбие жұмысында әлеуметтік-педагогикалық құрал екендігі жөніндегі кейінгі педагогтардың үздік ойлы өкілдері одан әрі дамытып, кеңейте түсті. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында өмір сүрген итальян педагогі Д.А.Колоцца ойынның оқу тәрбие жұмыстарындағы орыны туралы пікірді одан әрі дамыта түсті. Ол ойынды қаншама жоғары бағалап, ақыл-ой тәрбиесінде оның әлеутеттік-педагогикалық құндылығын көрсетіп, оның бала бойындағы ерік-қайрат, адамгершілік әдеттік қалыптастырудағы рөлін қанша жеткізсе айтса да, теориялық жағынан келгенде солғын тартып, әрі серілік күй кешті.
Бұдан кейінгі кезеңдерде ойын әрекетері теориялық жағынан да, тәжірбиелік жағынан да шет елдер педагогтары мен психологтарының назарынан тыс қалып көрген жоқ.
Орыс революцияшыл-демократары Белинский В.Г (1811-1848), Чернышевский Н.Г. (1828-1889), Добролюбов Н.А. т.б. ойынды халық педагогикасынан бөле қарамай, оны әлеуметтік тұрғыдан бағалап алдыңғы қатарлы көзқараста болды. Ойын теориясының дамуына үлес қосып, ойынның негізгі маңызын түсініп, балалар ойнындағы жасандылыққа қарсы шықты.
Қозғалыс ойындарының мектептегі педагогикалық іс-әрекеттің керегіне жарату туралы пікірді тыңғылықты қоя білген. Г.А.Покровскийдің еңбегі аз емес. Балаларды жан-жақты тәрбиелеу әдісін іздестіру барысында Покровский бірден бір тиімді құрал деп қозғалыс ойындарына көңіл аударып, оны балаларды тәрбиелеуде әрі тартымды, таңдаулы тәрбие құралы деп білді. Қозғалыс ойындары дене тәрбиесінің, таптырмайтын құралы, біздің халықтың мінез-құлықын қалыптастырып, оны айқындай түсетінін көрсетті. Ол өз еңбектерінде басқада халықтардың ойындарын жинап, зерттеу, оларды өзінің жинақтарына енгізіп, ол туралы өз пікірін білдіре отыруды да естен шығармады. Ол ойынды интерноционалдық тәрбиенің құралы деп білді. Қозғалыс ойындарын уағыздаушы болды. Покровский өзінің жинағына қазақтың қозғалыс ойындарында енгізіп, оның әлеуметтік-тәрбиелік, білімдік жағының өзіне тән ерекшелігін ескере білді [19].
Орыс халқының ұлы педагогі К.Д.Ушинский балаға берілетін білім тәрбие ең алдымен ойын арқылы іске асатын айтып, оған үлкен мән берді. Ойын үстінде балалардың ұжымдық мінез-құлқы пайда болып қалыптасатынын айтты. «Көпшілік бала қатынасатын ойындар олардың қоғамдық қатынастарын дамытып, бір-бірімен байланыстарын нығайтады, - деп атап көрсетті.
«...Ойынның бала қабілетін дамытуға үлкен ықпалы бар, олай болса, оның келешек тағдырына да ықпалы бар деген сөз», - деп жазды К.Д.Ушинский. ол ойынның әлеуметтік педагогикалық негіздерін көре білді. Оны мектептерде пән ретінде, әрі теориялық, әрі тәжірбиелік істерде пайдалануды ұсынды. «Біздің балалар ойынына күрделі маңыз беретініміз сонша, егерде осы салада не ерлер не әйелдер семинариясы ашыла қалса, балалар ойынын теориялық және тәжірбиелік жағынан оқыту жұмысын басты пәндердің бірі етер едік», -дейді.
Н.И.Пирагов (1810-1881) ойынды оқу-тәрбиеде пайдалануды жақтап, оны алғашқы білім берудің күшті құралы деп атады. Балалар ойынын жоққа шығару пайдаланбау тәрбиешілердің әлсіздігі деп білді.
Жедел қимылды ойындарды дене шынықтыру сабақтарына пайдалануды П.Ф.Лесгафт (1837-1909) ұсынды. Ол ауыр гимнастикалық жаттығулардан сақтандырды, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды пайдалануды орынды деп білді. Лесгафт ойынның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай отырып, ойын арқылы тәрбиелеуді, әсіресе, жастарды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен жолдастық қатынас орнатуға, шыншылдыққа баулуға, ойын барысында өздері реттеп отыруы керек деді. Қабылдаған ойын ережесінің нақты орындалуын да, қадағалауды да өздері шешуін ескертті.
Ойынды ғылыми жолмен зерттеу мәселесі ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында басталды. Бұл істі алғаш қолға алған немәс ғалымы психолог және философ, бала ойындарының ірі зертеушісі Карл Гросс болды. Гросстың еңбегі жарық көргенге дейін ойын әрекеті адамның аса күрделі іс-әрекетінің бірі екенін және ол арқылы баланың психикасын білу және оның адамның дамуы үшін қажетті компаненттердің қатарына жататынын түсінудің реті ешкімнің де ойына келмеген болатын. К.Гросс ойын балада тұқым қуалаушылықтың негізінде пайда болатын, жас жануарлар секілді, өздерінің енесіне берілетін инстинктті жаттығу арқылы өз бойында бекіту, сөйтіп өмір сүруге әзірлену деп түсіндірді. Батыстық ойынды әлеуметтік педагогикалық жағынан зерттеушілері К.Гросстың бұл пікірін өз еңбектерінде одан әрі дамытып бекіте түсті.
Бірақ шет ел педагогтары мен психологтары бала психикасының дамуы туралы натуралистік концепцияны ауқымынан аса алмады. Ойынның пайда болуы жөніндегі зерттеуде қоғамдық ой-пікірді дамыту көзделсе де, сайып келгенде натуралистік бағыттан айыға алмады.
Біздің бұл жерде айтарымыз ойын туралы әр түрлі пікірлердің пайда болуы, қоғамдық таптар мен топтарға бөлу тұрғысындағы идеологиялық күрестің әсерәнен туындауы мүмкін. әсіресе идеологияның салқыны қозғалыс ойындарында қамтып адам баласының қай-қайсына болсада қызмет ететіні туралы идеяны желеу етіп таптық көзқараспен шендестіру ғылымды таптық күрестің аренасына айналдыру ниеті оның кең өріс алып бір бағытта дамуына едәуір бөгет болды.
Алайда осы өте күрделі теорилық мәселелерді шешуге алыс шетел психологтары мен педагогтары өз мүмкіншіліктеріне қарай ат салысты.
Олар ойын теориясына түзетулер енгізіп толықтырулар жасады, жеке бөлімдерін дамытты, дегенмен негізгі және басты мәселеде К.Гросстың бағытынан аса алмады.
Амирикан философы Герберт Спенсер ойынды өсіп келе жатқан бала организімінен артық қуатты бөліп шығаруының бір жолы десе, Бюллер ойынға тартатын бірден бір әрекет – организмнің функционалдық қанағаттанушылыққа ұмтылуы, ал Дьюидің дәлелдеуінше ойын баланың мінез-құлық түрлерін танытатын инстиктің негізінде қабылданған еліктеуі мен машықтануы дегенді дәлелдеді.
Голландия психологі Бойтендайк өзінің зерттеулерінде Гросстың биологиялық, натуралистік концепциясының шегінен шығуды көздеген ойынның негізі мен маңызы жайында жаңа бағыт ұстауға тырысты. Сөйтіп Бойтендайк Гросстың ойынның негізінде инстинкт жатады деген пікіріне теріске шығара отырып, жаттығу мен ойынды ажырата қарауды ұсынды. Ойын балалықтың маңызын түсіндіреді деген Гросс пікіріне қарсы – жанды нәрсе ойнайтындықтан бала болып есептелмейді, керсінше оның ойнайтыны ол әлі бала, - деді. Ойынның маңызы туралы мәселеге келгенде ол ойын келешек үшін ғана емес баланың бүгінгі, осы қазіргі өмірі үшін ғана емес баланың бүгінгі, қазіргі өмірі маңызына тоқталады. Десекте, Бойтендайк З.Фрейдтің елігу теориясының шегінен шыға алмады. Бұл теория оған үлкен әсер етті, ойынның өзі елігу формасы ретінде қаралды, бала динамикасы мен ойын затының ерекшелігі осы жағдайда туғызатын көрініс деп есептеді.
Дегенмен алыс шет елдегі педагогтар мен психологтар бала ойынының пайда болуының әлеуметтік-педагогикалық, қоғамдық мазмұны мен оның инстинктивтік, биологиялық ара қайшылықтарын шешіп бере алмады. Осы қайшылықтарды шешуге үміт білдіріп В.Штерн өзінің конвергенция теориясын жасап, былай деп жазды: «Бұл жерде біздің алдымызда туа біткен және қабылданған конвергенцияға типтік мысал бола алатын: бізді қоршаған ортаның сыртқы факторы бірден-бір ойын үлгісін және оның мүмкін болғандай материалын береді. Не нәрсе еліктеуге қызмет етсе, бірақ ойын инстинкті оның ішкі факторын анықтайды, қашанда және қалай алғанда да одан нағыз еліктеу шығады. Ойын теориясының осы маңызды мәселесін шешуге тырысқан В.Штерннен кейін ешкім болған жоқ.
Дегенмен Швейцария психологі Жан Пиаже ойын теориясын көңіл бөліп бақылаулар, эксперименталдық зертеулер жүргізіп, бірталай материалдар жинақталды. Ж. Пиаже ойынды бала организіміне диагностикалық, теропептік құрал ретінде («ойын теропиясы») пайдалануды ұсынды: ойын генетикасын зерттеп зор көңіл бөлді, балалардың символдық ойынына айтарлыұтай көңіл бөле отырып, балалар ойынының бірталай категорияларын есептеп шығарып алды және сюжеттік-рольдік ойындарына мүлде көңіл бөлмеді.
Таяу шет елдерде, оның ішінде Ресейде, ойын туралы ғылыми пікір айтқан Г.В.Плеханов болды. Г.В.Плеханов көркем өнердің пайда болуы туралы мәселені зерттеу барысында, ойынды материалистік тұрғыдан талдай келіп, ойынның еңбекке қатынасы туралы мәселені, соның негізінде қоса қарастырылды. Г.В.плеханов «Ойын еңбектенал көркем өнер пайдалы заттар жасайтын өндірістен ерте пайда болған деген Бюхерді қатты сынай отырып... Ойын еңбектің туындысы, одан уақыт жағынан да арыда тұр» - деген анықтама берді. Бұл пікірді кейінгі ұрпақ материалистік тұрғыдан, біздің елдерде, дұрыс деп қабылдады. Қалай болғанда да қозғалыс ойындары, тіпті ойын атаулы ақыл ойдағы әсіресе идеологиялық анықтауға онша икемделе бермейді. Ойын адам баласымен дүниеге бірге келген, олай болса ол әлеуметтік құбылыс ол адам баласының ермегі ғана емес, ақыл-ой, дене жаттықтырушысы – бұл жағынан ол әлеуметтік-педагогикалық қызметті атқарады. Ойын таптар мен топтарға қанша ажыратсаңда ажырамайтын жалпы әлеуметтік рөлге ие.
Бұл жағынан келгенде, жалпы өзінің қасиеті жағынан ойын атаулы, халықтар арасындағы түсініктің кілті. Бұл тұрғыдан ол интернационалдық рөл атқарады. Ол адам баласының тарихында татулықтың дәнекері болған. Таптырмайтын халықтық дипломатияның мінндетінде атқарады.
Қозғалыс ойындары туралы, тіпті жалпы ойын туралы, оның әлеуметтік-педагогикалық маңызы туралы айтқанда, әлем ғалымдарының көзқарастары бір арнаға тоғысып, бір жерден шыға берді деп айтсақ шындықты бұрмалағандық болып шығар еді. Біз жоғарыда ойын теориясы туралы көзқарастың түрліше болғанын айттық. Сол секілді орта ғасырларда, діни көзқарастар үстемдік алып тұрған кездерде, тек ойын ғана емес, жалпы ойын-сауық атаулыға да қарсы күрес жүрді. Біздің заманымыздың екінші ғасырының басынан бастап, қайта өрлеу заманына дейін ойынға қарсы дін иелерінің күрескені сонша, бүкіл әлемдік деңгейде, пікір айтып ойын атаулының әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізі деп пікір айту түгілі, ол туралы ауыз ашып пікір айтуға тиым салынғандығы анық байқалды. Олай дейтініміз қайта өрлеу заманына дейін әсіресе Еуропа еледерінің әдеби-мәдени, ғылыми, әдеби мұраларынан ойынның тәрбиедегі алатын орны түгілі, жалпы ойын туралы бірде-бір айтарлықтай жатымды пікір кездеспейді. Өйткені аталып отырған кезеңде, әсіресе христиан дін басшылары шіркеу иелері ойынға мүлде тиым салған. Соның салдарынан қозғалыс ойындары Еуропа халықтарының арасында, оларға көршілес, таяу жатқан елдерде онша дами қоймағанға ұқсайды. Бұл халықтарда кездесетін қозғалыс ойындары бұдан бұрынғы дәуірлерде өркендеп, дамыған кездегі бастаулардан нәр алады. Ал ойынның әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізі туралы пікірге арқау болатын, ақыл-ойдың дамуына негіз. Соурат, Платон, Аристотель заманынан бастау алады. Ал шығыс елдерінде, Орта Азия, Қазақстан секілді елдерде жағдай мүлдем басқаша. Оның үстіне, Қазақстан секілді дінің ықпалы күшті болмаған елдерді, жартылай көшпелі елде, қозғалыс ойындарының әлеуметтік әсері күшті болды. Ол тек көңіл көтеру құралы емес өмір сүру, дүниені танып, білу, ақыл-ойдың, дене мүшелерінің дамуына, еңбекке баулу заңын үйрену секілді адамның өмір сүру қажеттігін жасайтын әрекеттің жаттықтырушысы ретінде рөлі зор болды. Біз бұл саладағы ой-пікірімізді кейінірек арнайы параграфтарда өрістете жазамыз дген ойдамыз.
Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде мүлік иелері мен ауқаттылар әсіресе құмарлық ойындарды өмірге көп әкелгенге ұқсайды. Олай дейтініміз бұл құбылыс әдеби өмірден орын алып, ол ауыз әдебиеті туындыларынан да, сол секілді көркем жазба әдебиет туындыларынан да орын алды. Солардан бірер мысал келтірсек жоғарыда біз атап өткен үнді халқының халық эпосы «Махабхаратада» ел билеушісі екі топ өкілдері Пандавтар мен Кауравтар арасында туындаған егестерін құмарлық ойындар арқылы шешуге тырысуы. Соның аяғы ел ішінде бүлікке айналып оларды қолдаушы қалың бұқараның қаны төгілгендігі баяндалады. Ал ескі Рим тарихына үңілсек «бестаспен» ойналатын құмарлық ойындар туралы мәліметке кездесеміз.
Орыс халқының ұлы ақыны А.С.Пушкин «Қарғаның мәткесі» құмарлық туралы жақсы жазылған. Ақын өз шығармасында қоғамдық қатынастардың барлық жат формаларына, тамырын кең жайып, бұқарахалықтың алау-арбауға салып, олардың ақыл-ойын негізгі бағыт бағдардан аулақтатып, уландыруға тырысқан әрекеттеріне қарсы бітіспейтін күрес, наразылығын білдіреді. Бұл кезде ойынның әлеуметтік негізін үстем күштер өз пайдасына жаратқысы келсе кейбіреулер оны қара басының қамы, табыстың көзіне айналдырғысы келді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХғасырдың бас кезінде Маркстік көзқарас дамып, идеология дәрежесіне дейін көтерілген кезде ойын саясат құралына айналды. Таптық қоғам туралы теориялық қоғамды бітіспейтін екі ұдай жіке бөліп, буржуазия мен полетариат таптары туралы, дүниені осы таптардың күрес аренасына айналдырған кезде, ойын балардың ақыл-ой, дене жаттықтырушысы ғана емес қоғамды таптық күрес аренасынан шығарылып, қоғамның екі ұдай күрес мүддесіне қызмет ететін, болашақ күрескерлерді тәрбиелейтін тәрбие мектебі қызмет ететін, идеологиялық тартыс әрекетіне жұмылдырды.
Бұл кезде батыстағы елеулі педагогтар мен психологтар ойынның туа бітетіндігі туралы идеяны көтеріп, өздерін ойынды басқару мүмкіншіліктерінен айырылды. Бала ойынына араласпау туралы мәселені уағыздап және оны педагогикалық ықпалдан тыс дегенді дәлелдеуге тырысты.
Француз психологі А.Валлон ойынды баланың еркін әрекеті деп біліп, оған педагогикалық жағынан басшылық қарсы болды. «әрекет пайдалы бола бастағанмен және мақсатқа жетудің негізгі құралына айналудан бастап-ақ өзінің тартымды әсері мен ойын белгісінен айырлады, - дейді ол. В.Аренс «ойын деп біз әдетте ешқандай белгілі бір тәжіриебиелік мақсат көздемейтін, тек қана біздің алдануымыз үшін уақыт өткізумізге қызмет ететін әрекетті айтамыз»(38), - деп жазды.
Ойын туралы осындай керегар пікірлерге қарамастан, буржуазияның белсенді өкілдері сол ойын арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты шовеизм рухында тәрбиелеу мен милитаризмнің уымен уландыруға тырысты. Дүние дүзілік бірінші соғыс қарсаңында әр елдің билеушісі топтары жас ұрпақтың санасын билеп алуға, оларды өзгелерге қарсы жұсайтын қаруына айналдыруға тырысты. Сол кезде, өз өкілдері теріске шығарып отырған, ойынан әлеуметтік нышан танып, оны өз мақсаттарына жұмсауды ойластырды. Сөйтіп, ХХ ғасырдың басында алдымен Англияда балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық қозғалыс формалары ретінде байсқауттар ұйымы («жасөспірім барлаушылар») пайда болды. Ол ұйымның негізін салушы генерал Бадан-Пауль еді. «Ол ұйымның айрықша заңдары, әскери дерлік тәртібі болды. Бадан-пауль ол ұйымның жастар үшін аса тартымды формаларын: ойындар, жорықтар, балалар әрекетінің әр алуан түрлерін тапты. Соғыс кезінде скауттар тылда байланыс қызметіне, жараланғандарға жәрдем беруге пайдаланды. Мұндай ұйым 1910 жылы Ресей империясында да құрылды.
1917 жылдың аяғына дейін50 мыңға жуық жастарды қамтыды. Ойын арқылы құрылған осы жастар ұйымы арқылы сол кездегі билеуші топ жастардың бойына шовенистік, ұлы державалық идеяны сіңірді. Сол кездегі билеуші топтың мүддесін қорғайтын, сенімді қызметші, айтқанды сөзсіз орындайтын адамдарды тәрбиелеу міндеті тұрды. Осыдан көріп отырғанымыздай ойын еріккеннің ермегі емес, ол әлеуметтік-педагогикалық тәрбие құралы.
Қарапайым көзбен қарағанда қозғалыс ойындарын баланың еркін әрекеті деп түсінуге болады. Ойынның қозғалыс деп айтылуының астарында түрлі мағына жатыр. Олай болатыны: біріншіден, біздің ойымызша, қозғалыс ойындары әр қозғалыстың ерекшелігін даралап көрсететін қозғалысқа тән қасиеттерді, ашық айтып көрсете алатын негізге бейімделген; екіншіден, қозғалыс ойындар қозғалыс әдет-ғұрыптарды салт- сананы, дәстүрді өз бойына берік сіңірген, сол арқылы жас ұрпақ, ана сүтімен қозғалысқа тән қасиеттерді ойын барысында еркін меңгеріп, бойына жастайынан дарытуға мүмкіншілік алады,үшіншіден, қозғалыс ойындарының бойына қозғалысқа тән психологиялық негіздер толық топтасқан, өйткені ол өмір барысында ата ұрпақтың өмір, тұрмыс, еңбек тәжіриебесінің көрінісі, жастар соларды өздерінше қайталай, толықтыра отырып, өнеге, үлгі, тәлім-тәрбие ала отырып қозғалыстың өкілі ретінде қалыптасады; төртіншіден, қозғалыс ойындарының бойына қозғалысқа тән өмір ортасы шаруашылығы, қоршаған ортаңа тән қалыптасқан өзара қарым-қатынасы, әлеуметтік болмысы сіңіскен, жас жеткіншектердің бойына ойын үстінде бұны ешкім үйретпей-ақ, ұғындырмай-ақ бойларына ерте сіңісіп өз қозғалысының өкілі ретінде қалыптасады, бесіншіден, қозғалыс ойындарығасырлыр бойы қалыптасқан дәстүр жалғасы ретінде әлеуметтік-педагогикалық тәрбие құрлы ретінде қоғамдық рөл атқара отырып, ол ешуақытта жастарға өзінің осы функциясын ашық түрде білдірмейді, ол ешуақытта мен сені ойнатамын, қозғалыс үлгіге тәрбиелеймін деп шақырмайды, бұл қызметін ол ешқандай жарияламай-ақ мысқылдап жасөспірімдердің бойына сіңіре біледі. Бұл жағынан келгенде қозғалыс ойындары өзінің әлеуметтік-педагогикалық негізде таптырмайтын интернационалдық тәрбие құралы болып табылады. Айта кететін бір жай, мұның бәрі мен сендерді интернационалдық тәрбиеге тәрбиелеймін деп жар салып, әшекейлемей-ақ, ескертпей-ақ іске асырады. Мұның қарапайымдылығы, басқаларды да еліктіріп, бойға сіңімділігі сондай, ойынға қатынасушылар оны өздеріде абайламай қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет