Ұлттық тәлім-тәрбие әдіс-тәсілдері һәм методикалық нұсқаулар


Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі



бет7/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#133927
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі


Министр Бірғаным Әйтімова ханымға !

Құрметті Бірғаным Әйтімқызы !


Кең байтақ тәуелсіз республикамыздың мұғалім-педагогтары мен оқушы-жастары Сізді көрнекті мемлекет қайраткері ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақтың тағдыры һәм болашағын ойлайтын, жанашыр, қамқоршы тұлға ретінде таниды.

Қазақстандағы білім мен тәрбие жүйесі жаңа заман талабына сай, ғаламдық жаһандану кеңістігіне бейімделіп, ауқымды модернизациялар мен жаңа неопедагогикалық-неопсихологиялық технологияларды барынша ендіруді қажет етіп жатқан күрделі кезеңде – Сіздің еліміздің білім жүйесін басқару тізгінін қолға алғаныңыз баршамызды қуантты.

Бүгінде, республикамыздағы білім беру жүйесінің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында атап көрсеткендей, айтарлықтай үлкен жетістіктерге жетіп жатқанын атап өтумен қатар, оқу-тәрбие жұмыстарында кездесіп жатқан біраз мәселелерге жауап іздеу мақсатында Сізге жүгінуді жөн көрдік.

Ойымыздағы күрделі мәселені Сізге баяндау, өзімнің жеке мүддеммен байланысты емес екенін айтқым келеді. Менің жеткізейін деген ой-арманым, ұрпақ тағдырын ойлап жүрген әріптестеріммен қатар, мыңдаған ұстаз-тәлімгерлер мен оқушылардың Сізге айтайын деген, жеткізе алмаған мұң-мұқтаждары мен талап-тілектері деп қабылдаңыз.

Мен 1980 жылдан бері ұстаздық-тәрбиешілік қызметпен айналысып келемін. Ауыл және қала мектептерінде сабақ берумен қатар, ұлттық тәрбие ісімен айналыстым. 1986-1988 жылдары Қазақстан жастар Одағы нұсқауымен (бұрынғы – Қазақстан ЛКЖО) Бүкілодақтық «Артек» пионер лагерінде тәлімгер болып қызмет атқардым. Кейін Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының аспирантурасын тәмәмдап, оқушылар ұжымында халық педагогикасы құндылықтары негізінде ұлттық тәлім-тәрбие беру мәселелері жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына ден қойдым.

1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарақол ауылындағы орта мектепте аға пионервожатый болып жұмыс істеп жүрген жылдары, оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру мақсатында жазылған «Атамекен» бағдарламасы – көптеген ұстаз-тәрбиешілердің арасынан қолдау тауып, республика мектептеріне кеңінен таралды. Бағдарлама жобасы – Республикалық «Жұлдыз-88» пионер активистерінің жиынында, Республикалық жастар институтында (1989) қазақ мектептерінде жұмыс істейтін пионервожатыйлар семинарында, ҮІІ Республикалық Қазақстан пионерлерінің слетінде (1990) және Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігінің І Құрылтайында (1991) талқыланып, оны мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асыру жөнінде шешім қабылданған болатын.

Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру мақсатында Республикалық «Ұлан» газетінің жанынан (1990) «Алау» штабы құрылған болатын. Штабтың негізгі жұмыстары – мектептегі пионер жұмысына халық педагогикасы материалдарын пайдалана отырып, ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп оқушылары лидерлері мен пионервожатыйлардың белсенділігі мен мәртебесін арттыру және пионер жұмысының ұлттық ерекшелігін айқындау мақсатында қазақ тілінде әдістемелік оқулықтар мен нұсқаулар шығару болды.

Аталмыш ауқымды шараларға Б.Әуезова, Б.Бақтыбаева, З.Қарабекова (Оңтүстік Қазақстан), Б.Сүйеубаева, М.Маханов, Н.Есбосынова (Қызылорда), Қ.Өскенбаева, А.Қайырболатқызы (Астана), Г.Хасенова, Т.Смағұлова, Н.Еженханова (Шығыс Қазақстан), Б.Сейілханова, Г.Мұхамеджанова (Алматы облысы), Б.Ахметова, М.Шермұхамбетова (Алматы), Л.Аппазова, А.Әбішева (Қостанай), Қ.Исин, А.Уәлиева (Ақмола), О.Нұрғалиева, Ю.Өтешова, А.Жұманиязов (Атырау), С.Ғайнушева, Н.Шхан (Батыс Қазақстан), Г.Донбаева, Н.Сырғабаева, Ж.Сейдеева (Жамбыл), Г.Серікбаева, С.Сенкібаев, Б.Сағындыққызы (Солтүстік Қазақстан), Қ.Нығыманова, А.Жәкенова (Қарағанды), А.Қорғанбаев, А.Қаплиева (Ақтөбе), Р.Сламбекова (Павлодар) және шет елдердегі қазақтар диаспораларындағы мектептерден Н.Баринова, М.Ахметова (Ресей), Қ.Жұмағалиұлы (Қытай), Ә.Ашайұлы (Монғолия), Б.Нұрмағамбетова (Өзбекстан) және басқа ұстаздар мен оқушылар ат салысты.

Мектептегі оқушылар ұжымында ұлттық тәлім-тәрбие жұмыстарын 1990 жылдан бастап, мектеп педагогтары мен оқушыларының қолдауымен құрылған бірнеше қоғамдық ұйымдар өз мойындарына алып, бүгінге дейін жемісті еңбек атқарып келді. Оларға Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі (1990), Қазақстан балалар мен пионер ұйымдарының Одағы (1992), Республикалық «Болашақ» оқушылар ұйымы (1998), Республикалық «Жұлдыз» балалар мен оқушылар ұйымдарының Одағы (1993), Қазақстан скауттарының ұйымы (1998), аймақтық «Мың бала» оқушылар қозғалысы (Алматы-Талдықорған) және басқа қоғамдық ұйымдар жатады.

Аталмыш ұйымдар ҚР «Азаматтық кодексі», «ҚР қоғамдық бірлестіктер», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңдарына және өздері қабылдаған ұйым Жарғысының талаптарына сәйкес әрекет жасайды.

1990 жылдың басында Қазақстан мектептерінде оқушылар ұйымының құрылуы аса қажет болғаны рас. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейін оқушылардың қоғамдық ұйымдарының белсенділіктері арта түсті.

Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік кеңістікте өзінің дербес геосаясатын, әлеуметтік-экономикалық реформасын жүргізуі – жаңадан құрылған оқушылар ұйымдарының мәртебесін арттырды. Әсіресе, Қызылорда, Қостанай (Торғай), Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында мектеп оқушыларының ерікті түрде құрылған «Атамекен» оқушылар ұйымы – қазақ халық педагогикасының асыл мұралары негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алды. Атамекеншілдердің бұл бастамалары республика көлеміне кең таралып, ҮІІ Республикалық пионерлер слетінің (5 қараша 1990 жыл) шешімімен қабылданды.

1992 жылы өткен кезектен тыс ҮІІІ Республикалық пионерлер слеті – мектептегі оқушылар ұжымдарында ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға арналған «Кәусар бұлақ» (З.Ахметова), «Жұлдыз» (Д.Шайменова, Е.Дмитриенко) бағдарламаларын қабылдады.

1993 жылдан басталған Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар білім жүйесіне де өзінің әсерін тигізді. Осыған орай мектептегі оқушылар ұйымдары да өздері қабылдаған Жарғыдағы міндет-мақсаттарды өз деңгейінде толығынан жүзеге асыруға мүмкіндіктері шамалы болды. Үкіметтік органдар мен мемлекеттік білім басқармаларының оқушылар ұйымдарының қайта жаңғыруына қажетті жағдайда қамқорлық жасауы бәсеңдеді. Дегенмен, қоғамда қалыптасқан аталмыш мәселелерге қарамастан мектеп жанынан құрылған оқушылар ұйымдары, тәжірибелі ұстаз-тәрбиешілердің көмегімен, балалар ұжымдары арасында тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, балалар өмірі мен тұрмысының қызықты болуына барлық шығармашылық-педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып қызмет атқарды. Оқушылар ұйымдарының тағдыры мен болашағына деген жауапкершілігіміз бен қамқорлығымыздың қандай деңгейде екеніне көз жеткізу – 1992 жылдан бері Республикалық оқушылар слетінің өткізілмей келгендігінен байқауымызға болады.

Демек, осыншама қиындықтарға қарамастан мектепте қызықты іс-шараларды ұйымдастыруды мақсат етіп, бүгінгі таңға дейін азды-көпті тәжірибелер жинақтап келген оқушылар ұйымдарының мәртебесін көтеру – бүгінде басты талаптың бірі болғаны абзал.

Оқушылар ұйымдарының мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуы – жергілікті жерлерде құрылған оқушылар ұжымының басқару жүйесі – оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өміршең, шығармашыл және белсенді ұйым ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Өзін-өзі басқару жүйесінің мектеп өмірінде өзінің лайықты орнын алып, қоғамдық қажеттілікке айналуы - әр ұжым мүшесінің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына, өзінің танымдық, шығармашылық, өнери, техникалық дағдылары мен қабілеттерінің ашылуына зор мүмкіндік туғызатыны анық.



Сондықтан, осы кезге дейін жинақталып келген оқушылар ұйымдарының тәжірибелерін пайдалана және талдай отырып жаңа үлгідегі «Қазақстан оқушылар Ассамблеясы» атты оқушылар ұйымының моделін жасау қажет деп санаймыз. Біздің ойымызша жаңа ұйым мектептегі оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жүйесінің пәрменді жүргізілуін қамтамасыз ету барысында мынадай қағидаларға негізделуі керек:

  • Мектептегі оқушылар ұжымдарындағы өзін-өзі басқару жүйесінің демократиялық қағидаларға сүйенуі;

  • Оқушылар ұжымында ұлттық тәлім-тәрбие құндылықтарын пайдалану мен жүзеге асыруда «Атамекен», «Кәусар бұлақ», «Дәстүр», «Елім-ай», «Атакәсіп», «Алтын көмбе», «Жұлдыз», «Болашақ», «Балбөбек» және ҚР білім және ғылым министрлігі мақұлдаған бағдарламаларға негізделе отырып жүргізу;

  • Мемлекеттің білім және тәрбие саясатына қатысты қаулы-қарарлары заңдарының орындалуына ұйытқы болу, қолдау көрсетіп ат салысу;

  • Қазақстандық патриотизм идеясын қалыптастыру; ҚР Президентін, ҚР Конституциясын, ҚР Мемлекеттік рәміздері мен ҚР Заңдарын құрметтеу мен дәріптеуге бағытталған тәлім-тәрбиелік іс-шаралар атқару;

  • Ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани-мәдени құндылықтарды жас жеткіншек бойында қалыптастыру;

  • Қазақстан халықтарының достығы мен татулығын нығайту;

  • Әрбір жас жеткіншектің санасында өз елі мен мемлекетіне, мемлекеттік рәміздерге, тіл мен рухани құндылықтарға деген ерекше сезім қалыптастыру;

  • Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі арқылы әр ұжым мүшесінің мақсат-мүдделерінің орындалуын қамтамасыз ету;

  • Оқушылар мен мұғалім-педагогтар арасындағы педагогикалық ынтымақтастықты сақтау мен дамыту;

  • Ата-аналар және жұртшылық арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты нығайту;

  • Оқушылар ұжымының беделін арттыру;

Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару жүйесін мектеп және басқа педагогикалық қауымдастықпен бірлесе отырып ұйымдастыру және оның тиімділігін арттыру мақсатында мынадай талаптар орындалуы керек:

  • Оқушылар ұйымы (Қазақстан оқушылар Ассамблеясы - ҚОА) – балалар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен құрылған қоғамдық бірлестігі ретінде ҚР білім және ғылым министрлігінің құжаттары негізінде мемлекеттік тіркеуден өтуі керек;

  • ҚОА-ның қоғамдық ұйым ретіндегі мәртебесі ҚР білім және ғылым министрлігінің келісімімен ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс;

ҚОА-ның құрамына Қазақстандағы барлық балалар мен жасөспірімдер ұйымдары ұжымды түрде мүше болып кіреді. Ұжымдық мүшелікке қабылданған бірлестіктің іс-әрекетіне ҚОА-ның жоғары органдары заңсыз араласпайды.

Ұжымдық мүшелер:

  • ҚОА-ның Жарғысында көрсетілген барлық талаптарды орындайды;

  • ҚР Заңдарына және ҚОА Жарғысына қайшы келмейтін әрекеттер жасайды, өздерінің арнайы бағдарламаларын иеленеді;

  • ҚОА-ның құрамынан шығу құқын сақтайды;

ҚОА Республикалық Құрылтайы (Слеті) – барлық Қазақстан оқушыларына ортақ киім үлгісін, төсбелгісін, галстугын, елтаңбасын, Туын, ҚОА мүшелігіне салтанатты түрде қабылдау Антын және басқа да рәміздік белгілерін қабылдап, бекітеді.

ҚОА ұжымдық мүшелері:

  • ҚОА Құрылтайы бекіткен салтанатты рәміздерді арнайы Ереже талаптарына сай өткізеді;

  • Жоғарыда айтылған рәміздерден басқа өздерінің төсбелгісін иеленеді;

Жоғарыда айтылған және аталмыш ұйым жұмысын одан ары жақсарту барысында қалыптасатын озық идеялар мен тәжірибелер арқылы біз – мектептегі оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару жүйесінің дұрыс жолға қойылуына мүмкіндік аламыз.

Жас ұрпақтың танымдық-интеллектуалдық, мәдени-өнери және басқа рухани дүниелеріне ұлттық тәлім-тәрбие құндылықтарының ықпал еткен салыстырмалы көрсеткіштер жиынтығы

    1. - 2004 жылдар аралықтары)



Жылдар


Негізгі

Нысандар


1984


1985

1986


1987

1988


1989

1990


1991

1992


1993

1994


1995

1996


1997

1998


1999

2000


2001

2002


2003

Халықаралық оқушылар Олимпиадасы

ның

жүлдегерлері





1



1

2



1

2

4

7

Оқушылар және студент жастар арасынан жас айтыскер ақындардың тәрбиеленіп шығуы




12

13

18

41

59

52

78

125

118

177

Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің өсуі және ұрпақ жандүниесіне әсер етуі



3145

3142

3138

3151

3149

3155

3161

3163

3172

3175

Мемлекеттік емес оқу орындарының ашылуы (орта және жоғары білім

беру )



1

2

5

5

12

75

80

72

69

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру бағдарламаларының даму тенденциясы




1


2


3


10


21


21


15


9

Жаңа буындағы оқулықтардың шығуы












3


12


28


31


18


13


9

Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін оқушылардың тәрбиелену көрсеткіштері

2 млн.


688 мың

2 млн.


681 мың

2 млн. 675 мың


2 млн.


921 мың

2 млн


928 мың

2 млн.


982 мың

3 млн 124 мың


3 млн. 154 мың


3 млн. 145 мың



3

млн.



174 мың

Оқушылардың әлемдік деңгейде спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болу көрсеткіштері




3


2





1


4


11


14


9


24


25

Ауыл мектебі оқушыларының компьютерлік білімдері мен халықаралық деңгейдегі жетістіктері











1


2


3


3


9


7


6

Өнер және басқа салалар бойынша оқушылардың халықаралық сайыстар мен көрмелерде жүлделі орындарға ие болу көрсеткіштері

1







1

5

10

17

25

24

34


Аса, қадірлі Бірғаным Әйтімқызы !

Жоғарыда келтірген мағлұматтар көп жылғы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде талданып-сараланып келді. Жинақталған материалдар бүгінгі таңда мектептегі оқушылар ұйымының жалпы қалыптасуы мен дамуы жөніндегі мониторингтің жасалуын және оның динамикалық тенденциясының қоғамдағы орны мен рөлі туралы ғылыми болжам жасауға негіз болады деп есептейміз.

Қазақстан мектептерінде әрекет етіп жатқан барлық оқушылар мен балалар ұйымдарының бастарын біріктіретін ерекше мәртебесі бар оқушылардың заман талабына сай жаңа қоғамдық бірлестігін құратын уақыт жетті деп санаймыз. Мен өзім көп жыл басқарған Республикалық «Атамекен» оқушылар ұйымының мүшелері де осындай шешімге келді.

1989 жылы «Атамекен» бағдарламасын мектептегі тәрбие жұмыстарына кешенді тұрғыда ендіруді мақсат еткен оқушылар мен ұстаз-тәлімгерлердің бастамасы ретінде пайда болған (Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолақ-қорған ауылында Балатай Әуезованың басқаруымен 1990 жылдың 15 мамырында өткен тұңғыш Құрылтай) «Атамекен» оқушылар ұйымы – негізінен ауылды жерлердегі қазақ тілінде оқытылатын мектептерді қамтыды.

1992 жылы Қазақстанның солтүстік өңіріндегі орыс тілінде оқытылатын мектептерде аймақтық «Жұлдыз» оқушылар ұйымы (Д.Шайменова, Е.А.Дмитриенко) құрылып, «Жұлдыз» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізе бастады. Осылайша Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын мектептерде екі ұйым пайда болды. Сол жылдары республикада қайта құрылған Қазақстан балалар мен пионер ұйымдары Одағы (Б.Жаңабаев), Республикалық «Болашақ» оқушылар ұйымы (С.Қалиев, С.Иманбаева) және басқа ұйымдар – қоғамда қалыптасқан проблемаларды шешудің жолын іздестіруді мақсат етті.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда мектептегі оқушылар ұйымының тағдыры көптеген ұстаз-тәлімгерлер мен педагог-ғалымдардың және бұрынғы пионер мен комсомол қызметкерлері ардагерлерінің алаңдаушылығын білдіруде. Оған республика мектептерінде өз бетінше әрекет етіп жатқан оқушылар мен балалар ұйымдарының әрекеттерін мемлекеттік органдар тарапынан бақылау мен оңтайлы реттеу саясатының жасалмай келгендегі негіз болды деп санаймыз.

Бүгінде, тәуелсіз Қазақстан мемлекеті жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген, өркениетті демократиялық құқықтық қоғам орнату жолына бағыт алған өтпелі кезеңде – мемлекеттің жастар ісі жөніндегі саясатының бірі – мектеп жасындағы жеткіншектер тәрбиесіне арналуы қажет деп санаймыз. Саяси өмірімізде мемлекеттік тұтастығымыз бен көпұлтты татулығымыз бен Конституциялық құрылымымызға қайшы келетін, жалған идеологияларға негізделген саяси-қоғамдық ұйымдардың (шовинистік, діни-секталық, террористік, нәсілдік т.б) жастар мен балалар ұйымдарын құруды мақсат еткен тұстардың белең алып жатқаны анық.

Сондықтан, жоғарыда айтылған келеңсіз жайттардың алдын-алу мақсатында және оқушыларды қоғамда қалыптасқан түрлі кесепаттардан (нашақорлық, зорлық-зомбылық, қатыгездік т.б) сақтау мен қорғау үшін, жалпықазақстандық патриотизм идеясын нығайту үшін және жас жеткіншектердің әлеуметтік құқықтарын қорғау үшін жаңа ұйым – Қазақстан оқушылар Ассамблеясын құру керек деп есептейміз. Оқушылардың жаңа ұйымын құрудың қажеттілігі мен маңыздылығы Алматы қаласы № 49 орта мектепте, Көкшетау қаласындағы №3 М.Ғабдуллин атындағы орта мектепте, Павлодар қаласындағы №23 орта мектепте, Астана қаласындағы № 21 орта мектепте, Ақтөбе қаласындағы № 34 орта мектепте жүргізілген эксперименттік – бақылау жұмыстарының нәтижелері дәлелдей түседі.

Осы орайда, аталған мәселелердің оңтайлы жолын іздестіру мақсатында төмендегідей бағыт-бағдарларды ұсынамыз:



  • Қазақстандағы барлық оқушылар мен балалар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтетін Қазақстан оқушыларының І Республикалық слетін шақыру;

  • Республикалық слетті шақыру жөніндегі ұйымдастыру Алқасын ҚР білім және ғылым Министрлігі жанынан құру;

  • Қазақстан оқушылар Ассамблеясы Жарғысының жобасын көпшілік қауымға кеңінен таныстыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау;

  • Слет делегаттарының ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған Ашық хатының жобасын жасау;

  • Слетке қатысушы республикамыздың облыстарынан келген өкілдері атынан 2030 жылы ғұмыр кешетін жас ұрпақтарға арналған Аманат хат жолдау;

  • Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясы жанынан оқушылар мен балалар ұйымдарындағы тәрбие мәселелері жөнінде ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізетін зертхана ашу;

  • Оқушылар ұжымында заман талаптарына сай тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға арналған авторлық және мемлекеттік бағдарламалардың мониторингісін жасау;

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының «Балалар құқын қорғау» Конвенциясына және ҚР Заңдары мен үкімет қаулыларына сәйкес (1989) балалар мен жасөспірімдер мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік деңгейде Алқалы жиын өткізу;

  • «Балалар мен жасөспірімдердің құқы туралы мемлекеттік саясат» атты ҚР Заңы жобасын дайындау және ҚР Парламентіне ұсыну;

  • Республикалық «Оқжетпес», «Балдәурен» және аймақаралық «Жұлдыз» оқушы балалардың емдеу-сауықтыру орталығының жұмысын одан ары жандандыру мен жақсарту шараларын қарастыру;

  • Ауылды жерлердегі мектеп оқушыларының танымдық, шығармашылық, техникалық білім алу мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру;

  • Қазақстан оқушылар Ассамблеясының мәртебесін халықаралық деңгейге көтеру мақсатында нақты іс-шаралар атқару;

  • Оқушылар ұйымдарының жетекшілері тәлімгер-вожатыйлардың педагогикалық мәртебесін көтеру жөнінде игі істерді жүзеге асыру;

  • Оқушылар ұйымдарының лидерлерін дайындау мақсатында жыл сайын шығармашылық-әдістемелік және тәжірибе алмасу жиындарын өткізу;

  • Республикалық масштабтағы қайырымдылық, экологиялық, өлкетанушылық, тарихи-археологиялық экспедициялар мен балалардың техникалық (компьютерлік жобалар, дизайн т.б), мәдени-шығармашылық, өнери-дәстүрлік, әдеби-музыкалық фестивалдар ұйымдастыру;

  • Жыл сайын дәстүрлі «Менің елім - Қазақстан» және «Алтын сақа» және басқа оқушылардың республикалық танымдық-этнографиялық ойын-сайыстарын өткізу;

Ізгі ниетпен:

Мұхамедрахим Қыдырбайұлы Құрсабаев, 20қараша 2005 жыл
ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОДАҒЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

СОЮЗ ДЕТСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ КАЗАХСТАНА

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ЦЕНТР ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ

(жоба-проект)
Редакциялық Алқа // Редакционная коллегия Мынбаев А., Загайнова В.И.,

Кұрсабаев М.Қ., Лепешев А., Дмитриенко Е.А.,

2006-2007 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жинағы // План основных мероприятии на 2006 2007 г.г:, Әдістемелік нұсқау // Методическое пособие (қазақ және орыс тілдерінде).– Астана, 2007



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет