Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2013 жылғы 25 сәуірдегі №81-од «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 94.28 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі94.28 Kb.
Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2013 жылғы 25 сәуірдегі №81-ОД «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2013 жылғы 25 сәуірдегі №81-ОД «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа:

Нұсқаулықтың 3 қосымшасы осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«23. «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру кезеңінде:

1) «Бітіруші» ДБ қалыптастыру үшін ҰБТӨП-терді келесі құжаттармен қамтамасыз ету:

өтініш бланкілері;

орта мектептер, кәсіптік мектептер (лицейлер) және колледждер, ұлттар, азаматтық, облыстар мен аудандар анықтамалықтары (бұдан әрі – ақпараттық анықтамалық);

емтихан материалдарымен жұмыс істеу, апелляцияға өтініштер беру және қарау барысы туралы бітіруші мен ата-аналарға арналған жадынамаларды (бұдан әрі - жадынамалар);»;

47-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) Министрлік программисімен осы нұсқаулықтың 10 қосымшасына сәйкес мектеп бітірушінің мәліметтерін өзгерту журналы бойынша өзгерістерді енгізуін қадағалау;»;

48-тармақтың 2), 4), 6) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ҰҚКД өкілінен ҰТО-да арнайы пломбыланған әрбір аудиторияларға арналып, қораптарда емтихан материалдары салынған қаптарды осы нұсқаулықтың 21 қосымшасына сәйкес акт бойынша алу;

4) аудиториядан тыс тестілеу технологиясының сақталуын бақылауды іске асыру үшін Министрлік өкілдерін осы нұсқаулықтың 22 қосымшасына сәйкес бөлу (дәліз бойынша медициналық қызметкерлердің бөлмесіне дейін, әжетханаға дейін алып жүру, техникалық жабдықтардың жұмысқа жарамдылығы бойынша тексерістер);

6) мемлекеттік комиссия мүшелері және Министрлік өкілдерінің қатысуымен емтихан материалдары салынған қаптарды ашу. Қаптарды ашу кезінде оған сырттай тексеру жүргізіліп, қапты аударып, ішкі тігістері және ҰТО-ның логотипі бар мөрдің баспа-таңбасы қойылған бирка тексеріледі. Қаптарды ашар алдында Министрлік өкілдері тобының жетекшісі пломбының бүтіндігін және қаптардағы нөмірленген пломбыны ҰТО берген тізіммен салыстырады. Егер пломбы бүтін болмаса немесе пломбының нөмірі сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы ҰҚКД өкіліне айтып ескертеді және ҰТО-ға хабарлайды;

13) Министрлік өкілдерінің емтихан материалдарымен жұмыс істеуін дұрыс түсіндіруін бақылау;»;

Нұсқаулықтың 26, 27 қосымшалары осы бұйрықтың 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

52-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) Министрлік программисімен осы нұсқаулықтың 10 қосымшасына сәйкес мектеп бітірушінің мәліметтерін өзгерту журналы бойынша өзгерістерді енгізуін қадағалау;»;

53-тармақтың 3), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ҰҚКД өкілінен ҰТО-да арнайы пломбыланған әрбір аудиторияларға арналып, қораптарда емтихан материалдары салынған қаптарды осы нұсқаулықтың 21 қосымшасына сәйкес акт бойынша алу;

5) мемлекеттік комиссия мүшелерінің қатысуымен емтихан материалдары салынған қаптарды ашу. Қаптарды ашу кезінде оған сырттай тексеру жүргізіліп, қапты аударып, ішкі тігістері және ҰТО-ның логотипі бар мөрдің баспа-таңбасы қойылған бирка тексеріледі;»;

59-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

«1-1) Республикалық комиссияға өтініштерді беру;

1-2) Республикалық комиссия шешімдерін ДБ-ға енгізу;»;

65, 66 және 68-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу үшін Министрлік өкіліне тапсыру.

66. Апелляцияға өтініш берген бітірушілердің емтихан материалдарын осы нұсқаулықтың 29 қосымшасына сәйкес акт бойынша Министрлік өкілінен алу.

68. Апелляция бойынша шешім қабылдау:



  1. Республикалық комиссияға өтініштерді тапсыру;

  2. Республикалық комиссия шешімдерін ДБ-ға енгізуін қадағалау.»;

87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«87. Әрбір білім беру ұйымына келесі ақпараттар көрсетіледі: оқу орнының атауы, мекен жайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, 1-11(12) сыныптардағы оқушылар саны, оқытылатын шет тілдері, қосымша мәліметтер (оқыту тілі, «қала/ауыл» статусы, меншіктік түрі, мектептің типі мен түрі, оқушыларды ҰБТ-ға тасымалдайтын көлік түрі), бітірушілерді тестілеуге жеткізу жолы мен мектептен ҰБТӨП-ке дейінгі қашықтық.»;

89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«89. «ҰБТӨП туралы мәлімет» бөлімі келесі: орналасу және тамақтандыру орындарының саны, әжетхананың орналасу орны, металліздегіштердің түрі мен саны, ұялы телефон желісін сөндіру қондырғыларының және бейнекамералардың саны сияқты ақпараттан тұрады.»;

Нұсқаулықтың 34 қосымшасы осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

92-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ҰБТӨП жетекшісі техникалық хатшыға нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық анықтамалықтарды және бітірушілердің санына қарай өтініш бланкілері мен өтініштерді тіркеу журналын, жадынамаларды береді;»;

123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«123. ҰБТӨП ғимаратына кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған жағдайда осы нұсқаулықтың 37 қосымшасына сәйкес акт жасалады, ұсталған тұлға және орнына заңсыз тұлға кіргізуге әрекет жасаған бітіруші тестілеуге жіберілмейді.»;

134, 135-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«134. Емтихан материалдары: жауап парағы, сұрақ-кітапшасы әр бітірушіден жеке-жеке қабылданады, бітіруші Министрлік өкіліне оларды жауап беруді аяқтауына қарай немесе тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін орынында отырып тапсырады.

135. Министрлік өкілі бітірушінің жауап парағындағы барлық қызметтік секторлардың және сұрақ-кітапшасы мұқабасының толық толтырылуын тексереді, содан кейін бітіруші аудиториядан шығады.»;

163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«163. Апелляциялық комиссияның құрамы тестіленетін пәндер бойынша орта мектеп мұғалімдерінен және апелляция өтініштерін қарайтын техникалық қызметкерлерден құрылады. Бір тестіленетін пән бойынша мұғалімдер саны екеуден аспау керек.

Апелляциялық комиссияның жұмысы арнайы бөлмеде (кабинетте) асырылады . Апелляциялық комиссияның мүшелеріне ұялы телефонмен және ақпаратты берудің басқа құралдарымен қолдануға болмайды.»;

167, 168-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«167. Апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша және техникалық себептерге байланысты өтініштерді Министрлік өкілдер қабылдайды.

168. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептерге байланысты апелляцияға берілген өтініштерді апелляциялық комиссияның төрағасына беріледі және ол Министрлік программисінің өтініштерді ДБ-ға енгізуін қадағалайды.»;

171-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) бітірушілердің сұрақ-кітапшаларыннан жасалған апелляцияға өтініш берген тест тапсырмаларының көшірмесін;»;

175 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Әрбір тапсырма бойынша дәлелдемелері (толық түсініктемесі, есептің қадам бойынша шешімі) көрсетілмеген барлық тест тапсырмаларын қаралуына берілген апелляция өтініштері қарастырылмайды.»;

189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«189. Жұмыс аяқталғаннан кейін апелляциялық комиссияның төрағасы Министрлік өкіліне жауап парақтарының түпнұсқаларын береді.»;

191-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы нұсқаулықтың 46-1 қосымшасына сәйкес нысандағы лек және әліпби бойынша апелляцияға өтініштерді;»;

осы бұйрықтың 5 қосымшасына сәйкес Нұсқаулық 46-1 қосымшасымен толықтырылсын;

204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«204. ҰБТӨП жетекшілері ҰБТ сұрақ-кітапшаларын жоюды ұйымдастырады, бірақ апелляция кезінде балл қосылған, тестілеуден алып тасталған және нәтижелері жойылған, сондай-ақ баспалық ақауы бар және тестілеу кезінде қолданылмаған бітірушілердің сұрақ-кітапшалары ҰТО-ға жеткізіледі.»;

208-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«208. ҰБТ сұрақ-кітапшаларын жою туралы акттің түпнұсқасы міндетті түрде түгендеме нөмірі көрсетіле отырып, сондай-ақ жою суреті немесе бейнематериалдары ҰТО-ға жеткізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 211-тармақпен толықтырылсын:

«Тестілеу барысының жазбасы алмалы электрондық тасымалдаушы (CD/DVD-дискі, флэш-карта, сыртқы қатты дискі) арқылы ҰТО-ға жеткізіледі.».

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың орынбасары Д.С. Жаксыбековке жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған мерзімнен бастап күшіне енеді.

Директор Қ. Әбдиев

Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2015 жылдың

__________________№_______

бұйрығына 1 қосымша



Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2015 жылдың

__________________№_______

бұйрығына 2 қосымша



Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2015 жылдың

__________________№_______

бұйрығына 3 қосымша



Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2015 жылдың

__________________№_______

бұйрығына 4 қосымша



Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2015 жылдың

__________________№_______

бұйрығына 5 қосымша






Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2015 жылдың

__________________№_______

бұйрығына 6 қосымша


Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру

және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа

46-1-қосымша

Нысан
Лек бойынша түскен өтініштер тізімдемесі






ТЖК

Аты-жөні

Ескерту

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14












Апелляциялық комиссия төрағасы ________ __________________

(қолы) (аты-жөні)





Ескерту: Лек бойынша түскен өтініштер тізімдемесі әліпби бойынша толтырылады


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет