Луганск ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебінің тезистері Ауылдық округінің жалпы сипаттамасы



Дата25.02.2016
өлшемі33 Kb.
#23762
Луганск ауылдық округі әкімінің

2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебінің тезистері
Ауылдық округінің жалпы сипаттамасы

Тұрғындардың жалпы саны 2285 адамды құрайды.

Әкімшілік-аумақтық құрылымға 3 елді мекен кіреді: Луганск ауылы, Богдановка ауылы, Аққұдық ауылы.

Аграрлы-өнеркәсіптік кешен

Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндеумен «Луганск» ӨК айналысады.

Ауылдық округте мал басының саны көбеюде. 01.01.2015 жылғы жағдай бойынша ІҚМ -8164 бас, оның ішінде сиыр- 2081бас, жылқы -1284 бас, қой - 2325 бас, шошқа – 666 бас, құс -6364басты құрайды.

Құқықтық тәртіп, құқық бұзушылықты алдын алу

Луганск ауылдық округінде 10 адамнан тұратын «Сақшы» құрылды.

Әкімшілік ғимараты ішінде мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттері және шекті шыдамдылық бойынша ақпарат орналастырылған.

Округті абаттандыру.

«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Луганск ауылының көшелерін жарықтандыруға қосымша 2279,0 мың теңге бөлініп, 41 шам орнатылды: Луганск ауылында –27 шам, Богдановка ауылында – 11 шам, Аққұдық ауылында –3 шам.

Әкімшілік балансында 18,1 км ауылішілік жолдар бар, оның ішінде ұзындығы 6,3 км ауылішілік жолды асфальтпен жабуды қажет етеді.

Әлеуметтік саланы дамыту.

Луганск ауылдық округі 1 автобус маршрутымен қамтамасыз етілген. Павлодар аудандық «Казпочта» АҚ филиалы 3 елді мекенге қызмет көрсетеді.

Луганск ауылдық округі аумағында 3 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс жасайды: 1 дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП , 1 медицианлық пункт.

Білім беру жүйесі.

Округте 3 жалпы білім беру мектептері бар, «Луганск» ӨК-нің 1 балабақшасы, және 2 шағын орталық бар.

Округ бойынша 6 мәдениет мекемесі бар: 1 мәдениет үйі ( «Луганск» ӨК), 2 үйірме мекемесі, 3 ауылдық кітапхана.

Бұдан бұрынғы есеп беру кездесулерінде болған халықтың ескертулері мен ұсыныстарын орындау.

Луганск ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесуінде тұрғындар қойған сұрақтар:



  1. К.О.Байзаков: Қосымша жарықтандыру шамдарын орнатуға бола

ма?

Аққұдық ауылында 3 қосымша жарықтандыру шамдары орнатылған.

  1. В.Р.Добрыдник:Луганск ауылының Ленин көшесіндегі жолын

Жөндеу қажет.

2015 жылға Луганск ауылының Ленин көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет