Катодтық люминесценция – люминофорды электрондар шоғымен (катод сәулесімен) қоздыру нәтижесінде пайда болатын люминесценция; радиолюминесценцияның бір түрі. Электрондар шоғының алғашқы атауы – катод сәулелері. “Катодтық люминесценция” термині осыдан шыққан. Газдардың, молек. кристалдардың, органикалық люминофорлардың, кристалдық фосфорлардың Катодтық люминесценциялану қабілеті бар. Электрондар шоғының әсеріне сезімтал әрі жеткілікті дәрежеде жарық бере алатын кристалдық фосфорлар – катодтық люминофорлар ретінде қолданылады. Катодтық люминесценция байқалу үшін бөлініп шығатын электрондардың энергиясы кристалды фосфорлардың иондалу потенциалынан 1,5 есе артық болуының өзі жеткілікті. Катодтық люминесценцияны қоздыру үшін, әдетте, 100 эВ-тен жоғары энергиясы бар электрондар шоғы пайдаланылады. Катодтық люминесценцияның спектрі фотолюминесценция спектріне ұқсас болып келеді және оның пайдалы әсер коэффициенті электрондар шоғы энергиясының 1 – 10%-іне дейін жетеді. Мұнда электрондар шоғы энергиясының негізгі бөлігі жылуға айналады. Катодтық люминесценция вакуумдық электроникада (теледидарлардың, осциллографтардың, электронды оптикалық түрлендіргіштердің, тағы басқа экрандарын жарықтандыру үшін) қолданылады. Катодтық люминесценция құбылысы электрондар шоғымен қоздырылатын лазерлерді жасаудың негізіне алынған. LiSO4 × H2O, LiNaSO4 және LiKSO4 кристалдардың төменгі энергетикалық релаксация механизмі зерттеліп, рентгенлюменсцениясы және термоқұлшындырылған люминесценция (ТҚЛ) спектрлері өлшенді. Оксианиондық кристалдар үшін сипатты қасиет, ол тордағы металл және оттегі атомдардың кристалографиялық қатынастарының эквивалентті еместігі. Мысалы, Na2 SO4 құрамында натрии және оттегінің екі екіден эквиваленті емес торлары бар. Нитриттер және нитраттар иондық немесе молекулалық қасиетті кристалдар ретінде жүреді де, иондық-молекулалық материалдарға жататыны [1] белгілі. LiSO4 × H2O, LiNaSO4 және LiKSO4 кристалдардың төменгі энергетикалық релаксация механизмі зерттеліп, рентгенлюменсцениясы және термоқұлшындырылған люминесценция (ТҚЛ) спектрлері өлшенді. Оксианиондық кристалдар үшін сипатты қасиет, ол тордағы металл және оттегі атомдардың кристалографиялық қатынастарының эквивалентті еместігі. Мысалы, Na2 SO4 құрамында натрии және оттегінің екі екіден эквиваленті емес торлары бар. Нитриттер және нитраттар иондық немесе молекулалық қасиетті кристалдар ретінде жүреді де, иондық-молекулалық материалдарға жататыны [1] белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |