Люминесценция



бет5/8
Дата22.10.2022
өлшемі0.71 Mb.
#463239
1   2   3   4   5   6   7   8
Срсп алиса

Люминесценттік талдау деп заттарға ультракүлгін рентген гамма сәулелерімен және электрондар ағынымен әсер еткенде олардан оптикалық сәулеленудің (люминесценттік жарқырау) пайда болуын айтады. Бұл әдіспен кез келген заттың сапасын бүлдірмей, оны өте тез анықтауға болады.

Люминесценттік талдау субъективті және объективті болып екіге бөлінеді. Ультракүлгін сәуле түсіргеннен кейін зат люминесценттік жарқырайды. Осы жарқырауды адам көзімен көріп бағалайтын болса, онда оны субъективті деп, ал құрылғы (мысалы фотоэлемент) арқылы бақыланса, онда - объективті деп атайды.

Люминесценттік талдау субъективті және объективті болып екіге бөлінеді. Ультракүлгін сәуле түсіргеннен кейін зат люминесценттік жарқырайды. Осы жарқырауды адам көзімен көріп бағалайтын болса, онда оны субъективті деп, ал құрылғы (мысалы фотоэлемент) арқылы бақыланса, онда - объективті деп атайды.

Катодтық люминесценция – люминофорды электрондар шоғымен (катод сәулесімен) қоздыру нәтижесінде пайда болатын люминесценция; радиолюминесценцияның бір түрі. Электрондар шоғының алғашқы атауы – катод сәулелері. “Катодтық люминесценция” термині осыдан шыққан. Газдардың, молек. кристалдардың, органикалық люминофорлардың, кристалдық фосфорлардың Катодтық люминесценциялану қабілеті бар. Электрондар шоғының әсеріне сезімтал әрі жеткілікті дәрежеде жарық бере алатын кристалдық фосфорлар – катодтық люминофорлар ретінде қолданылады. Катодтық люминесценция байқалу үшін бөлініп шығатын электрондардың энергиясы кристалды фосфорлардың иондалу потенциалынан 1,5 есе артық болуының өзі жеткілікті. Катодтық люминесценцияны қоздыру үшін, әдетте, 100 эВ-тен жоғары энергиясы бар электрондар шоғы пайдаланылады. Катодтық люминесценцияның спектрі фотолюминесценция спектріне ұқсас болып келеді және оның пайдалы әсер коэффициенті электрондар шоғы энергиясының 1 – 10%-іне дейін жетеді. Мұнда электрондар шоғы энергиясының негізгі бөлігі жылуға айналады. Катодтық люминесценция вакуумдық электроникада (теледидарлардың, осциллографтардың, электронды оптикалық түрлендіргіштердің, тағы басқа экрандарын жарықтандыру үшін) қолданылады. Катодтық люминесценция құбылысы электрондар шоғымен қоздырылатын лазерлерді жасаудың негізіне алынған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет