89
режимдегі берілген дәлділігі мен сапа көрсеткіштерін қамтамасыз ететін,
оның жеке буындарының параметрлер мәні мен құрылымдық сұлбасын
таңдап алуды айтамыз.
Автоматты реттеу жүйесін синтездеу кезінде құрылымдық сұлбасы мен
оның жеке буындар параметрлерін таңдап алуда әрқашанда күрделі шектеулер
болады. Өзгермейтін берілгендер, әдетте реттелетін объектінің сипаттамалары
болып табылады. Жүйеге кіретін элементтер таңдап алуда толығымен немесе
біразы шектелген (орындаушы элементтер, күшеткіштер, бергіштер және т.б.).
Автоматты реттеу жүйесі өзгеретін және өзгермейтін
бөліктерге бөлінуі
мүмкін, соның ішінде өзгеретіні болып түзеткіш құрылғылары жатады.
Іс жүзінде автоматты реттеу жүйесі синтездеу орнатылған режимдегі
берілген дәлдікке жету үшін жүйенің жалпы күшейту коэффициентін таңдап
алу мен өтпелі процестің берілген сапа көрсткіштерін қамтамасыз ету үшін
түзетуші құрылғыны синтездеуге алып келеді.
Қазіргі уақытта сызықты автоматты реттеу жүйесін синтездеудің
бірнеше әдістері бар. Егер синтездеу кезінде сапа көрсеткіштерінің санын
шектеу қажет болса, онда параметрлерін таңдап алу үшін түбірлерді үйлестіру
әдісін немесе беріліс функциясының нөлдері мен полюстерін үйлестіру әдісін,
интегралды бағалау әдісін қолдануға (пайдалануға) болады (жоғарыда).
Автоматты реттеу жүйелерін синтездеу сұрақтары (мәселелері) тәжірибе
есептерін шешу кезінде қолданылатын арнайы
монографияларда жеке-жеке
қарастырылады. Автоматты реттеу жүйелерін синтездеудің есептеу
әдістерінің мүмкіндіктерін асыра бағалаудың қажеті жоқ. Жүйенің қиындығы
- оған кіретін элементтер мен реттеуші объектінің дәл сипаттамаларының жоқ
болу салдарынан түзетуші құрылғы параметрлерінің тек бағытталған мәндерін
алуға болады. Ақырында осы параметрлердің мәндері жүйені жұмыс істеу
шарттарында жайластыру мен күйге келтіру процесінде орнатылады.
Қондырғыны жаңа, әлі даярланбаған жабдықтарды пайдаланып жобалау
кезінде жобалаушы өзінің бұйрығын реттеу объектісі мен басқа элементтердің
сипаттамасына ие емес. Мұндай жағдайларда автоматты реттеу жүйесінің тек
жалпы құрылымдық сұлбасы ғана құрылады. Содан кейін түсірмелі-
жайластыру кезеңінде жеке элементтердің және егер мүмкін болса жүйенің
толық сипаттамалары тәжірибе жүзінде алынады, түзеткіш
құрылғылардың
параметрлері есептеледі және соңғы күйге келтіру процесінде айқындалады.
Бірақ жүйені синтездеудің есептеу әдістерін, олар шектеулі түрде
берілсе де, жете бағаламаған жөн. Берілген сапа көрсеткіштері бар автоматты
реттеу жүйесін тәжірибе жолымен есептеулерсіз алу іс жүзінде мүмкін
еместігін нақты меңгерген жөн.
Барлық автоматты реттеу жүйелерін екі топқа бөлуге болады:
1) жылдам әрекет етуші, онда реттегіш элементтері мен реттеу
объектісінің уақыт тұрақтыларының реті беріледі (жылдамдық, жиілік, кернеу
реттегіштері, қадағалау жүйелері);
2)
баяу әрекет етушілер, ондағы объектінің уақыт тұрақтысының мәні
бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін (әртүрлі технолгиялық процестер).
90
Екінші топтағы жүйелердегі реттегіштегі өтпелі процестерді елемеуге
болады. Жүйе теңдеулері осыған сәйкес және сәйкесінше барлық зерттеулер
жеңілдетіледі.
Кейінгі параграфтарда бірінші топтағы жүйелерге тиісті түзеткіш
құрылғыларды синтездеу
мәселелері қарастырылған, ол өте күрделі болып
табылады. Екінші топты жүйелердегі түзеткіш құрылғыларды синтездеу
мәселелері қарастырылған, ол өте күрделі болып табылады.
Екінші топты
жүйелердегі түзеткіш құрылғыларды синтездеу де сол әдістермен орындалуы
мүмкін, бірақ теңдеудің реті жоғары болмағандықтан есептеу күрделілігі өте
аз болады.
Логарифмді жиілікті сипаттама әдісімен синтездеу.
Түзеткіш құрылғыларды логарифмді жиіліктік сипаттама көмегімен
синтездеу әдісін В.В. Солодовников ұсынған еді.
Түзеткіш құрылғыларды осы әдіске сәйкес таңдап алу келесі ретпен
жүзеге асырылады. Ажыратылған түзетілмеген жүйенің логарифмді
амплитуда-фазалық жиіліктік сипаттамалары тұрғызылады.
Сол графикке
жүйеге сәйкес келетін берілген техникалық талаптарға жауап беретін
логарифмді амплитудалы жиіліктік сипаттамасы тұрғызылады, олар әртүрлі
болуы мүмкін, бірақ жалпы түрде мына көрсеткіштерден тұрады:
- жүйе астатизмінің реті (жүйеге кіретін интегралдаушы үзбелердің
саны);
- сатылы әсерден пайда болатын қайта реттеудің максималды шамасы,
%;
- сатылы әсерден пайда болатын өтпелі процестің максимал уақыты
0
Достарыңызбен бөлісу: