110
Байланысқан реттеу жүйелері мен байланыспаған реттеудің тәуелді
жүйелері, яғни реттелетін шамалар бір-бірімен байланысқан барлық жүйелер
көпбайланысты реттеу жүйесі деп аталады. Бұл жүйелерге келесідей анықтама
берілуі мүмкін.
Көпбайланысты деп
бір- бірімен реттеуші объект, реттегіш немесе
жүктеме арқылы байланысқан бірнеше реттелетін шамалары бар автоматты
реттеу жүйелерін айтамыз.
Байланысты реттеу жүйелеріндегі реттегіштер арасындағы байланыстар
әртүрлі түрде тұрғызылуы мүмкін. Бұл байланыстар шамалардың кезкелгені
өзгерген кезде олардың арасында тұрақты қатынасты қамтамасыз ете алады,
барлық реттелетін шамалардың кезкелгені
өзгерген кезде реттеу
автономдығын қамтамасыз ете отырып өзгермейтіндігін де қамтамасыз ете
алады.
Автономды реттеу жүйесі депреттеу процесінде бір реттелетін шаманың
өзгерісі басқа реттелетін шамалардың өзгеруін тудырмайтын реттегіштер
арасындағы байланыстары бар көпбайланысты жүйені айтамыз.
Көпбайланысты жүйелерді бір реттелетін шамасы бар жүйелердің
қарапайым қосындысы ретінде қарастыруға болмайды. Көпбайланысты
жүйелерге арнайы теория өңделіп шығарылған, онда осындай жүйелерді
зерттеудің арнайы әдістері ұсынылады. Көпбайланысты жүйелерді
зерттеу
негізінде қойылған принциптерді қарастырайық.
Көпбайланысты автоматты реттеу жүйе объектілерінде әрбір реттелетін
шамасы бойынша өзінің жеке шығысы болады. Кіріс саны шығыс санынан
кіші болуы тиіс, кейбір жағдайларда кірістер шығысқа қарағанда көп болуы
мүмкін, әрбір реттелетін шама бойынша өзінің реттеу жүйесі пайда болады
және осы кезде әрбір реттелетін шамаға
бір орындаушы орган мен бір
реттегіш сәйкес келуі тиіс. Реттелетін объект санымен қатар сыртқы әсерлерге
душар болады, олар барлық немесе тек кейбір реттелетін шамаға әсер етеді.
Одан бөлек, көпбайланысты жүйенің барлық реттелетін шамалары бір-бірімен
өзара әрекет етеді. Көпбайланысты жүйелердегі реттеу процесінің
математикалық бейнесі жеткілікті күрделі болып шығады. Математикалық
өрнектерін біршама жеңілдету үшін дифференциалды теңдеулер жүйесінің
матрицалық түрде жазылуы қолданылады.
Көпбайланысты жүйенің жалпы түрдегісін қарастырайық, онда үш
реттелетін шама жүзеге асырылады. 7.1 суретте реттелетін объектінің
матрицалық түрдегі теңдеуі берілген.
3
2
1
,
,
Достарыңызбен бөлісу: