М. ӘУезов атындағы ОҢТҮстік қазақстан



бет1/6
Дата12.07.2016
өлшемі2.31 Mb.
#195485
  1   2   3   4   5   6
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





ШЫМКЕНТ




М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН мемлекеттік университеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ОҚМУ) – білім, гуманитарлық ғылым, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету және ветеринария бағыттары бойынша мамандықтар дайындайтын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін Қазақстан Республикасындағы ірі және көп салалы жоғары оқу орны.

Университеттің құрамында күндізгі бөлімде оқытатын 4-жоғары мектеп: «Химиялық инженерия және биотехнология», «Тоқыма және тамақ инженериясы», «Ауылшаруашылық ғылымдары» және «Ақпараттық технология және энергетика», 9-факультет: «Құрылыс және көлік», «Механика және мұнайгаз ісі», «Экономика және қаржы», «Заңтану және халықаралық қатынастар», «Педагогика және мәдениет», «Филология», «Жаратылыстану-педагогикалық», «Дене тәрбиесі және спорт», сыртқы бөлімде оқытатын «Кешкі және қашықтықтан оқыту» факультеттері бар. Сондай-ақ, «Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және дайындық» факультеті, «Қоғамдық кәсіптер» факультеті, әскери кафедра, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы жұмыс атқарады.

Қазіргі кезде университетте 1600-ден астам профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады, оның ішінде 2 ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, 1 ҚР ҰИА корреспондент мүшесі, 1 Халықаралық ақпараттық академиясының мүшесі, 3 академик, 126 ғылым докторлары мен профессорлар, 600-ден астам ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етеді.

Университеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі үлгідегі 16 оқу ғимаратынан, 3 спорт кешенінен, 6 студенттер жатақханасынан, 12 спортзалдармен, «Машат» сауықтыру орталығынан, жеңіл атлетикалық манежден, сондай-ақ үлкен және кіші жүзу бассейндерінен тұрады. Университет 526 оқу аудиторияларымен жабдықталған, оның ішінде: 135 лабораториялық аудиториялар, 76 компьютерлік сыныптар, 2 лингафонды кабинетпен, 9 мультимедиялық сыныптармен, 108 интерактивті тақтайшалар орналасқан кабинеттермен қамтамасыз етілген. Оқу процесінде 3000-нан аса компьютерлер қолданылады, олардың 85% - жаңа үлгідегі компьютерлер, 2800 ден астамы Интернет желісіне қосылған.

Университетте 86 мамандық бойынша 14571 студент білім алуда. Олардың ішінде 6493 студент – мемлекеттік білім беру гранты бойынша, 8078 ақылы негізде оқиды. Магистратурада 61, PhD докторантурасында 14 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындалады. 2015 жылы университет 1254 грантты ұтып алып, гранттар саны бойынша Қазақстан Республикасында 4-ші орынды иеленді.

Біздің жоғарғы оқу орны спорттық элитаны да дайындайды. Университетте 21 спорттық секция бар. Спорттық элитаны дайындауға «Сұңқар» спорт клубында 19 жаттықтырушы, оның ішінде 5 ҚР еңбегі сіңген және 11 жоғары дәрежелі жаттықтырушылар мен 5 халықаралық дәрежедегі төрешілер бар.

ОҚМУ өз түлектерінің спорттық жетістіктерімен мақтана алады. Олардың қатарында Б.Саттарханов, М.Дильдабеков, А.Юсупова, Т.Хромова, Б.Ахметов, Т.Бочарова, О.Довгун, Б.Домбай бар. Пекин олимпиадасына университеттің он түлегі қатысып, Е.Шалыгина мен Е.Шыналиев қола жүлдегерінің иесі атанды.

ОҚМУ-дың 4 студенті Лондон Олимпиадасына бару үшін лицензия алды. Олар еркін күрес бойынша еңбегі сіңген спорт шебері Елена Шалыгина, дзю-до күресі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александра Подрядова, оқ ату бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ангелина Мищук, таэквондо бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Мамаев.

Жыл сайын университеттің Ғылыми Кеңесі ҚР құрама командасы мүшелерінің студент-спортшыларын оқыту үшін грант бөледі. Бүгінгі күнде олардың саны - 50. 2013 жылғы Қазан қаласындағы Дүниежүзілік универсиада қорытындысы бойынша университетіміздің 5 студенті 1 алтын, 4 қола медальді жеңіп алды.

ОҚМУ Германиялық ASIIN (Accreditation Agency Specialised in Accrediting Degree Programmes in Engineering, Informatics, the Natural Sciences and Mathematics) агенттігінде бакалавриат пен магистратураның келесі білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуден өткізіп, техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлелдеген Қазақстандық алғашқы жоғары оқу орны болып табылады. Халықаралық аккредиттеуден өткен мамандықтардың тізімі: 5В060600-Химия; 5В060800-Экология; 5В070100-Биотехнология; 5В070200-Автоматтандыру және басқару; 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; 5В071800-Электр энергетикасы; 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 5В072000-Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы; 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы; 5В072600-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы; 5В072700-Азық-түлік тағамдарының технологиясы; 5В073300-Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы; 6М060600-Химия; 6М060800-Экология; 6М070100-Биотехнология; 6М070200-Автоматтандыру және басқару; 6М070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; 6М071800-Электр энергетикасы; 6М072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 6М072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы; 6М072600-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы; 6М073300-Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы.

Аккредиттеудің нәтижесінде ТМД елдерінің ішінен М.Әуезов атындағы ОҚМУ химия саласындағы 4 білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы болып "Евробакалавр" сапа белгісіне, инженерлік саладағы 6 білім беру бағдарламасы EUR-ACE® белгісіне және информатика саласындағы 2 білім беру бағдарламасы Euro-inf® сапа белгісіне ие болды.

Сонымен бірге, университеттің 103 білім беру бағдарламасының ішінде 56 – бакалавриат, 40 – магистратура, 7 – PhD докторантура білім беру бағдарламалары Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігiмен (БСҚА) аккредиттелді.

Академиялық ұтқырлық Болон процесінің міндетті параметрлерінің бірі ретінде Қазақстанның Еуропалық жоғары білім беру кеңістігіне енуінде басты рөл атқарады. Университетте академиялық ұтқырлық ішкі және сыртқы, жазғы семестр, халықаралық машықтану және іс-тәжірибеден өту арқылы жүзеге асырылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша барлық ақпарат www.academ mobility. kz университет сайтында орналасқан. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарына, сыртқы академиялық ұтқырлық аясында білім алушылар шетелдік жоғары оқу орындарына Австрия, Франция, Люксембург, Германия, Чехия, Испания, Польша, Латвия, Литва, Венгрия, Малайзия, Қытай, Туркия, АҚШ, Ресей және т.б. елдерге оқуға жіберіледі.


«ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ» жоғары мектебі



Шифр

Мамандықтың атауы

Таңдау пәні

Бейіндік пәні

1

5В060600

*Химия (ғылыми)

Мамандандырылуы:

  1. Аналитикалық химия;

  2. Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптау;

  3. Өнеркәсіп және азық-түлік тауарларының сараптамасы;

  4. Сирек элементтер химиясы

химия

химия

2

5В060800

*Экология

биология

биология

3

5В070100

*Биотехнология

биология

биология

4

5В070900

Металлургия

физика

математика

5

5В072000

*Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Мамандандырылуы:

  1. Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы;

  2. Плазмохимиялық және электрохимиялық үрдістердің технологиясы;

  3. Нанотехнология;

  4. Ядролық-химиялық технология;

  5. Электрохимиялық өндірістер технологиясы.

химия

химия

6

5В072100

*Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Мамандандырылуы:

  1. Мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы;

  2. Мұнайхимия өндірісінің технологиясы;

  3. Көмірсутектерді, шикізаттарды дайындау, өндіру және тасымалдау процестерінің химиялық технологиясы.

химия

химия

7

5В075300

*Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

химия

математика



«ТОҚЫМА ЖӘНЕ ТАМАҚ ИНЖЕНЕРИЯСЫ» жоғары мектебі



Шифр

Мамандықтың атауы

Таңдау пәні

Бейіндік пәні

1

5В072600

*Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы

Мамандандырылуы:

  1. Тігін бұйымдарының технологиясы;

  2. Тігін бұйымдарын конструкциялау;

  3. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын көркемдік безендіру және модельдеу;

  4. Тері және үлбір (мех) бұйымдарының технологиясы;

  5. Тері және үлбір (мех) бұйымдарын конструкциялау.

физика

физика

2

5В072700

*Азық-түлік тағамдары технологиясы

Мамандандырылуы:

  1. Ет және балық өнімдерінің технологиялары;

  2. Сүт және сүт өнімдерінің технологиялары;

  3. Консервілер және тағамдық концентраттар технологиясы;

  4. Майлар және өсімдік майларының технологиялары.

химия

химия

3

5В072800

*Өңдеу өндірісінің технологиясы

Мамандандырылуы:

  1. Астықты өңдеу және сақтау технологиясы;

  2. Нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы;

  3. Қант сақтайтын шикізаттарды өңдеу және сақтау технологиясы;

  4. Ашыту және шарап жасау технологиясы.

химия

химия

4

5В073300

*Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалауы

Мамандандырылуы:

  1. Табиғи және химиялық талшықтар өндірісінің технологиясы және жабдықтары;

  2. Өңдеу өндірісінің технологиясы және құрал-жабдықтары;

  3. Иірімжіп өндірісінің технологиясы;

  4. Мата өндірісінің технологиясы;

  5. Мата технологиясы.

физика

математика



«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» жоғары мектебі



Шифр

Мамандықтың атауы

Таңдау пәні

Бейіндік пәні

1

5В060100

Математика (ғылыми)

физика

математика

2

5В070200

*Автоматтандыру және басқару

физика

математика

3

5В070300

*Ақпараттық жүйелер

физика

математика

4

5В070400

*Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

физика

математика

5

5В070500

Математикалық және компьютерлік модельдеу

физика

математика

6

5В071700

Жылу энергетикасы

физика

математика

7

5В071800

*Электр энергетикасы

физика

математика

8

5В071900

*Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

физика

математика



«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ» жоғары мектебі



Шифр

Мамандықтың атауы

Таңдау пәні

Бейіндік пәні

1

5В080100

Агрономия

биология

биология

2

5В080200

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

биология

биология

3

5В080500

Су ресурстары және суды пайдалану

география

география

4

5В080600

Аграрлық техника және технология

физика

математика

5

5В080800

Топырақтану және агрохимия

биология

биология

6

5В090300

Жерге орналастыру

география

математика

7

5В090700

Кадастр

география

география

8

5В120100

Ветеринарлық медицина

биология

биология





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет