Негізгі бөлім
2.1. «Абай жолы» романындағы үйленуге қатысты салт-дәстүрлер. М.Әуезов қазақ қанымен біте қайнасып кеткен ең ұлы дәстүрлеріміздің бірі той жасау салтын өз шығармаларынан қалыс қалдырмаған-ды. «Той дегенде домалайды қу бастар» деген сөз нағыз қазақ жұртына айтылғандай. Әрине ,қазақтың тойы ешкашан да бітпесін. Бұл тойда халқымыз бар жиған тергенін өзінің жақындыры, ұл- қыздары, бауырлары, туыстары үшін аямай шашып, есесіне жарты ғұмырларына жетерліктей қуаныш шаттыққа бөленіп, бір марқайып қалары һақ. Ауыз толтыра айта берсек шашымыздың түгі жетпестей болар еді. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында Абайдың Ділдәмен отау құруы да бірнеше салт-дәстүр арқылы көрініс табады.
Осыдан он жыл бұрын Алшынбай ауылына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділдәні Абайға айттырған уақытта, бас құда Құнанбайға кит деп, Алшынбай ауылы күміс таратқан .(М.Әуезов.Абай жолы.Роман-эпопея.1.2 – кітап.179 б.)
Достарыңызбен бөлісу: |